А) Са атомының электрондық құрылысы?Ә)Табиғаттағы кальций қосылыстарының айналымы?В)Са химиялық қасиеттері?
Тапсырма: «Сәйкестік табу»
Қосылыстар-------------------------------------Формуласы
1Кальций гидроксиді-------------------А. СaCO₃
2. Кальций гипохлориді---------------Б. СаО
3. Кальций карбонаты.-----------------В. Са(СІО)₂
4. Алебастер--------------------------------С. Са(ОН)₂
5. Кальций оксиді------------------------Д.СаSО₄ • 0, 5Н₂О
6. Ғаныш-------------------------------------Е. СаSО₄ • 2Н₂О
Зерттеу нәтижелері:
1 сынауық | 2 сынауық | 3 сынауық | |
Судың түрлері | Кран суы | Қайнаған су | Қар |
Нәтижесі | Кермекті суда сабын ерімейді | Сабын аздап ериді | Жұмсақ суда жақсы ериді |
Табиғатта таза су кездеспейді: оның құрамында қандай да бөгде зат болады. Табиғи су топырақпен жанасқанда одан гидрокарбонаттар мен басқа тұздарды шаяды. Мұндай суды кермек су деп атайды!
Суда Ca(HCО3)2 және Mg(HCO3)2 гидрокарбонаттары болғанда уақытша кермектік болады. Сондықтан кейде оны карбонаттық кермектік деп атайды Уақытша кермектікті суды қайнату арқылы жоюға болады.
Судың тұрақты кермектігі кальций мен магнийдің басқа еритін тұздарының қатысында пайда болады. Тұрақты кермектік суды қайнату арқылы жойылмайды, бірақ әк суын немесе соданы қосқанда барлық Ca²+ және Mg²+ катиондары СaCO3, MgCO3 түрінде тұнбаға түседі.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.