Презентация по истории на тему "Алихан Бокейханов"

  • Презентации учебные
  • pptx
  • 21.04.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Презентацию подготовила в честь 100-летия партии "Алаш" и правительства "Алашорда". Лидером этой партии был Алихан Бокейханов. Он и казахская интеллигенция боролись за независимость нашего государства. Принадлежал к потомкам казахских «чингизидов» торе. Окончил Омское техническое училище, затем экономический факультет Петербургского лесного института. Занимался статистикой. Сотрудничал с газетой «Семипалатинские областные ведомости»Презентацию подготовила в честь 100-летия партии "Алаш" и правительства "Алашорда". Лидером этой партии был Алихан Бокейханов. Он и казахская интеллигенция боролись за независимость нашего государства. Принадлежал к потомкам казахских «чингизидов» торе. Окончил Омское техническое училище, затем экономический факультет Петербургского лесного института. Занимался статистикой. Сотрудничал с газетой «Семипалатинские областные ведомости»
Иконка файла материала Алихан Бокейханов презентация.pptx
Тәуелсіздік  жаршысы, ұлт көсемі                         «Бостандыққа апаратын жалғыз жол –                                                  ұлттық ынтымақ қана.»                                                                                                                                                                                                                                                   Әлихан Бөкейханов
Әлихан  Нұрмұхамедұлы  Бөкейхан ­ көрнекті  қоғам және мемлекет  қайраткері, ұлт­азаттық  және Алаш қозғалысының  жетекшісі, Алашорда  автономиялы үкіметінің  төрағасы, публицист,  ғалым, аудармашы.
•     Ол құрған Алашорда үкіметінің ғұмыры ұзақ  болған жоқ. Бірақ сол аз уақыттың өзінде талай  дүниенің басын қайырды. Қазақтың қазақ  екендігін, азат ел бола алатындығын  көрсетті.Әлихан Бөкейхан – қазақтың басын  бiрiктiрiп, ерiктi ел болуын көксеп, сол мақсатқа  жету жолына өз бойындағы бар қасиетiн: ақыл­ ойын, өнер­бiлiмiн, жiгер­қайратын, бар саналы  өмiрiн арнаған адам.
•   «Мен Кеңес өкіметін  жақтырмадым, бірақ  мойындадым!».Бұл –«халық  жауы» деген нақақтан­нақақ  айыппен өлім жазасына кесілген  адамның ақтық сөзі болатын.  Кеңес өкіметі алдында ол өзін  айыптымын деп мойындамады  да, өзін ешбір жазықсыз ату  жазасына кескен заңсыз биліктен  кешірім өтініп жалынып­ жалбарынбады да.
«Алаш» қозғалысы мен оның көсемі Әлихан  Бөкейхановтың 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне  дейін, яғни отаршыл патшалық самодержавие  тұсында қандай қиян­кескі күрес жүргізгенін  мынадай фактіден байқауға болады. 1917 жылғы  төңкеріске дейінгі және одан кейінгі кезеңде бір  Әлиханның өзі 7 рет тұтқындалып, бірнеше  тәуліктен 4 және 8 айға дейін түрмеде отырып  шығып, 2 рет саяси айдауда болды. Оның ішінде  Самарада 8 жылын өткізсе, Мәскеуде шым­шытырық  оқиғалар мен қиян­кескі күреске толы ғұмырының  ақырғы 15 жылын сарп етті.
•       Алаш зиялыларының ұлт мүддесі жолындағы қызметтері сан  қырлы. Қазақ ұлтының тарихи санасын көтеру жолында аянбай қызмет  етті. Ә. Бөкейханов Ресей императорлық география қоғамының  қызметіне қызу араласты. 1896 жылы оның Батыс­Сібір бөлімінің  мүшесі болды, ал 1901 жылы оның басқару комитетіне сайланды.  Оның тарих саласында жазып қалдырған «Исторические судьбы  Киргизского края и культурные его успехи» атты алғашқы еңбегі 1903  жылы «Россия. Полное географическое описание нашего отечества»  деген көп томды альманахтың 17­ші томына еніп, Санкт­Петерборда  жарық көрді.
•    Әлихан Бөкейхан сол кезеңдегі  қоғамдық­саяси ахуалды өте терең әрі  жақсы түсінген: «Қазақ жерінде қоныс  аударушы орыс шаруалары мен орыс  казактарының саны басым әрі олардың  қолында қару бар. Және билікте  солардың жағында. Біз әуелі оларды  ішке тартып, біз сендерді ешқайда  қумаймыз, сендерге жаулығымыз жоқ,  бірігіп мемлекет құрайық, бірлесіп  әрекет етейік деп оларға түсіндірейік.  Сосын барып, тәуелсіздікті  жариялайық»,­ деген.
• «Алаш» ұстанымы ­ халық  ұстанымы, ұлт үстанымы.  Қазақ қанша өмір сүрсе  «Алаш» сонымен бірге өмір  сүретін болады. «Алаш»  идеясы ­ халықтың  құндылықтарын сақтау, оны  ұрпаққа жеткізу идеясы. Ал  біз үшін ең үлкен  құндылығымыз ол біздің  атамекеніміз ­ қазақ жері,  оның асты­үсті байлығы.
• Алаш зиялылары Еуразия  кеңістігіндегі Қазақ Елінің  мәртебесі биік болып, әлемдік  өркениеттен өзіне тиесілі  орынды иеленуі үшін өз  өмірлерін арнады.
Назарларыңызға  рахмет!!!