Презентация по казахскому языку на тему«Отбасы ."тренинг (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)
Оценка 4.7

Презентация по казахскому языку на тему«Отбасы ."тренинг (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)

Оценка 4.7
Работа с родителями +1
docx
воспитательная работа +1
9 кл
10.01.2018
Презентация по казахскому языку на тему«Отбасы ."тренинг  (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)
Тақырыбы: Отбасы Мақсаты: ата – анамен баланың дұрыс қарым – қатынас орнатуы. Материалдар: карточка, магнитофон,ақ қағаз А4, қалам, түрлі журналдар, желім, қайшы, плакат. 1. «Менің есімімді ата» жаттығуы. Мақсаты: топты таныстыру, бір – бірімен жақындастыру. Уақыты: 10 минут. Нұсқау: Қазір мына көңілді доп сендердің қолдарыңа тиеді. Бұл доп келген адам өз есімдерін айтуы тиіс. Доп барлығына тиген соң, доп бір қайта айналады. Сол кезде әрбір қатысушы тренингте қолданатылатын есімін айтуы тиіс. Жаттығуды талдауы: Бұл жаттығу қандай сезімдерді тудырды? Қалай ойлайсыздар, біз не үшін бұл жаттығуды бірінші жүргіздік? Сіздер тренингке қандай тілектер айтар едіңдер? 2. «Мен болашақ әкемін» жаттығуы. Мақсаты: баланың ата –ана ролін сезініп, болашаққа көз жүгіртіп, ой салуы. Нұсқау: «Жанұя неге керек?», «Перзент неге керек?» , «Баланы жазалау қажет пе?», «Егер баланың сабағы нашар, тәртібі қиын болса, балаңды қалай тәрбиелер едің?» - деген сұрақтар қойылады, соған жауап берулерің қажет. Ортақ шеңберлерде пікір алысу. - Өздеріңді жаңа рольде қалай сезіндіңдер? - Қай сұраққа оңай жауап таптыңдар? - Кімге қиын болды? 3. Рольдер ойыны – «Қатынастар». Қатынас орната білу нәтижелі сұхбат үшін қажет. Адам бұндай қасиетпен бірге жаралмайды, бұл қасиетті дайындық арқылы қалыптастыру қажет. Қазіргі жаттығу соған арналады. Тапсырма: Жұбыңмен тез қарым – қатынас орнату үшін оның әңгімесін қолдау керек. Бәрі дұрыс шеңбер құрап отырады. Ортаға екі адам шақырылады. Олар бір – біріне қарап тұрады. 1. Сіздің алдыңызда бұрын көрмеген адам тұр. Бірақ ол сізге ұнап қалды, әрі сіз онымен танысқыңыз келеді. Аз уақыт ойланып сөз бастайсыз. 2. Анаңызбен келіспей қалдыңыз, сізге нан сатып алып кел – деді, ал сіз теледидарда қызықты фильм көріп жатырсыз, сіздің іс - әрекетіңіз? 3. Сізге біраз ақша керек (екі видеокассета сатып алмақшысыз» Ата – анаңызбен сөйлесуіңіз қажет. 4. «Бақытты отбасы » коллаж. Нұсқау: Түрлі журналдармен, түрлі –түсті суреттерді алып, 3 топқа бөлініп, суреттермен плакатқа өз көзқарастарың бойынша «бақытты отбасын» бейнелеу қажет. Талдау : - Қай топтың отбасы бейнесі жақсы шықты? - Бейнелеу уақытында қандай көңіл – күйде болдыңдар? - Қай топтың бейнеленген отбасы ұнады? 4. «Қос шеңбер» жаттығуы. Тапсырма: өзіңізді бағалай білу сезімін нығайту, қандай да болсын жағдайда бөгде адамның жүзіне бірқалыпты қарау. Жұп – жұпқа бөлініңіздер. Ара қашықтық жарым метр. Қазір 3 минут бойында бір - біріңе бір қалыпты қарап тұрасыздар. Қарсыңыздағы адамды зерттеуге тырысу керек. Ол қандай? Өзіңнің көңіл-күйіңе, сезіміңе көңіл аудар. Жұп ауыстыру (3-4 рет). Рахмет. Жұптарыңа ризашылық білдіріңдер. Кімге бұл жаттығуды орындау қиын соқты? Кімге оңай болды? 5. Күн қорытындысы жаттығуы. Мақсаты: өткен тренинг туралы топ қатысушыларынан қайтымды байланысты алу. Уақыты: 10 минут. Нұсқау : Жайлы отырыңдар, қазір біз бір- бірімізге жұмсақ ойыншық беріп, бүгінгі сабақ туралы әсерлеріңізбен бөлісеміз. Кімде , -кім сөйлегісі келсе, өз ойын бөліскісі келсе, мүмкіндік беру қажет. Талдау: Сіздерге алғашқы трениг күні не әкеледі? Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? Өзіңізге қандай жаңалықтар аштыңыздар? Нені болашақта қолданар едіңіздер? Тақырыбы: Топтың ұйымшылдығын арттыру. тренингі. Материалдар: карточка, магнитофон,ақ қағаз А4, қалам, түрлі журналдар, желім, қайшы, плакат. 1.«Менің есімімді ата» жаттығуы. Мақсаты: топты таныстыру, бір – бірімен жақындастыру. Уақыты: 10 минут. Нұсқау: Қазір мына көңілді доп сендердің қолдарыңа тиеді. Бұл доп келген адам өз есімдерін айтуы тиіс. Доп барлығына тиген соң, доп бір қайта айналады. Сол кезде әрбір қатысушы тренингте қолданатылатын есімін айтуы тиіс. Жаттығуды талдауы: Бұл жаттығу қандай сезімдерді тудырды? Қалай ойлайсыздар, біз не үшін бұл жаттығуды бірінші жүргіздік? Сіздер тренингке қандай тілектер айтар едіңдер? 2.«Көпір» жаттығуы. Мақсаты: Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын жасау. Барысы: Ортаға бір сызық сызылады. Сол сызықтың екі бала қарама –қарсы жүреді, екеуі сәлемдесіп, сызықтан шықпастан, келісіп, сызықтың аяғына дейін жүріп өтуі тиіс. Соңында қандай көңіл- күйде болғанымен бөліседі. 3.«Жар» жаттығуы. Мақсаты: Қарым – қатынасын нығайту, ұйымшылдыққа үйрету, жанашырлық сезімін дамыту. Барысы: Ортаға бір сызық сызылады. Сызықтың оң жағында 4 – 5 бала тізбектеліп тұрады, ал сол жағынан бір бала балалардың қолдарынан ұстап, аяқ ұшымен жүріп өтуі қажет. Соңында балалар мен жар шетінен жүріп өткен бала алған әсерлерімен бөліседі. 4.«Алтын,қара орындық» жаттығуы. Мақсаты: Ұйымшылдығын арттыру. Нұсқау: Қазір біздің алдымызға орындыққа отырған адам өз шешімін табады. Егер «алтын орындық» десе ол туралы тек жақсы пікірлер айтылуы тиіс. Егер «қара орындық» десе өз кемшіліктері жөнінде естілді. Қане кім шығады? (Қол көтергендерге жақын барып қай орындықты таңдайтындарын білу қажет). Алтын орындық бәрі үшін, қара орындық тек өз қалауы бойынша. Жаттығу біткен соң жүргізуші: «Арамызда бір – бірімізге деген сенушілік бары қандай керемет. Бір – бірімізге жақсы нәрселерді де, көңілсіз жәйттерді де айта аламыз». 5. Рольдер ойыны – «Қатынастар». Қатынас орната білу нәтижелі сұхбат үшін қажет. Адам бұндай қасиетпен бірге жаралмайды, бұл қасиетті дайындық арқылы қалыптастыру қажет. Қазіргі жаттығу соған арналады. Тапсырма: Жұбыңмен тез қарым – қатынас орнату үшін оның әңгімесін қолдау керек. Бәрі дұоыс шеңбер құрап отырады. Ортаға екі адам шақырылады. Олар бір – біріне қарап тұрады. 5. Сіздің алдыңызда бұрын көрмеген адам тұр. Бірақ ол сізге ұнап қалды, әрі сіз онымен танысқыңыз келеді. Аз уақыт ойланып сөз бастайсыз. 6. Анаңызбен келіспей қалдыңыз, сізге нан сатып алып кел – деді, ал сіз теледидарда қызықты фильм көріп жатырсыз, сіздің іс - әрекетіңіз? 7. Сізге біраз ақша керек (екі видеокассета сатып алмақшысыз» Ата – анаңызбен сөйлесуіңіз қажет. 6.«Көзсіз қатар» жаттығуы. Мақсаты: Белсенділерді анықтау. Жүргізуші қатысамын деушілерді (8-10 адам) шақырады. Жүргізуші ойынға қатысуларыңызға болады дейді.Қатысушылардың көздері матамен таңылады. Содан соң «зағиптарды» жан – жаққа апарып тұрғызады. Жүргізуші: « Мені естіп тұрсыңдар ма? Енді менің алдыма келіп бір қатарға бойларыңды түзеп тұрыңдар!» Әдетте жаттығудың орындалуына 10 – 15 минут керек. Жүргізуші: Менің алдымда дұрыс тұрғандарыңа сенімдісіңдер ме? Егер дұрыс тұрмаса «зағиптар» қайтадан бастайды. Көздері шешілмейді. Қатарға бойларын дұрыс түзеп тұрғанға дейін қайталана береді. Дұрыс нәтижеге жеткенде көздері шешіледі. Жүргізуші: Қалай қимыл - әрекет жасадыңдар? Кім жетекші бола білді? Жетекшіге қол шапалақ! Ортақ шеңбер. Пікір алмасу. Қорытынды сөз. 7. Күн қорытындысы жаттығуы. Мақсаты: өткен тренинг туралы топ қатысушыларынан қайтымды байланысты алу. Уақыты: 10 минут. Нұсқау : Жайлы отырыңдар, қазір біз бір - бірімізге жұмсақ ойыншық беріп, бүгінгі сабақ туралы әсерлеріңізбен бөлісеміз. Кімде , -кім сөйлегісі келсе, өз ойын бөліскісі келсе, мүмкіндік беру қажет. Талдау: Сіздерге алғашқы тренинг күні не әкеледі? Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? Өзіңізге қандай жаңалықтар аштыңыздар? Нені болашақта қолданар едіңіздер?
кітапхана.docx
САБАҚ: Қазақ тілі  Сабақ   Күні:  Сынып:  5­сынып  Бөлім атауы:  Сабақтың тақырыбы Сабақтың түрі Жүзеге асатын оқу  мақсаттары  Сабақтың мақсаты Жетістік критерий­ лері: Дескриптор Тілдік міндеттер Құндылықтар  Осыған дейін меңгерілген білім Мектеп: №110 З.Хусанов атындағы ЖОМ Мұғалімнің аты­жөні: Cалметова Гулчехра Қатысқан оқушылар саны:  Қатыспағандар: Әлемдегі ірі кітапханалар Ірі кітапханалар Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы. А5 Сенімді және еркін жауап беру Оқылым материалдары бойынша  негізгі ақпаратты сақтай отырып,  жинақы мәтін  жазу. Барлық оқушылар:  Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлем үлгілерін қолдану  негізінде ірі кітапханалар жай­ лы толық ақпарат бере білуге үйрету.  Лексикалық тақырып аясында болымсыз етістік тудыратын ­атын, ­етін, ­йтын, ­йтін, ­ар, ­ер, ­р, ­мақ, ­мек, ­пақ, ­пек, ­бақ, ­бек  жұрнақтары мен емес көмекші етістігін  меңгерту..  Көптеген оқушылар: презентация бойынша берілген сұрақтарды адам  бойындағы қасиеттермен байланыстыра отырып дәлелді түрде жауап  береді Кейбір оқушылар:  Диалогты сауатты құра алады Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпарат  береді, сыныптастарымен тілдеседі.Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы ірі кітапхана­ ларды  басқаларға таныстырады, сипаттайды.Оқушының жоғарғы  жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды,  қарапайым үлгілер арқылы Сөйлесімге келеді.  Берілген суреттер мен сөздерді байланыстырады  Ойын жүйелі жеткізеді  Сұрақтарға дәлелді жауап береді  Диалогты сауатты құрады Талап, еңбек, терең ой,қанағат, рахым, ғылым, жетістік «Адам болып туған соң,  Адам болып өлу лазым».  «Өз қадірің ­ өз байлығың». Болымды, болымсыз етістіктер  Жоспарланатын уақыт Сабақтың басы  3 минут Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс­әрекеттер Дереккөздер Сәлемдесу. Сыныппен амандасу. Сыныпты төменде берілген суреттер  арқылы мозайка әдісімен топқа бөлу Мына берілген суреттер мен сөздердің арасында қандай  байланыс бар? Үлестірме  материалдары Суреттер бойынша әңгіме Сабақтың ортасы 10 минут https://prezi.co m/paab­ wr5s8yf/prese ntation/  Мұғалім  оқушылардың  жаңа  сабаққа  деген  қызығушылығын ояту   мақсатында   «Галереяны   шарлау»   әдісін   қолданып, тақтаға   тақырыпқа   қатысты   суреттер   іледі.   Суреттердің астында   Мұғалім   шәкірттерді   оқу   мақсатымен   және   бағалау критерийлерімен таныстырады Топтық жұмыс. https://prezi.com/paab­wr5s8yf/presentation/  (Презентация мәтіні оқушыларға таратылып беріледі).  Тапсырма. Оқушылар презентациямен танысқаннан кейін  берілген сұрақтарға  жауап береді? ­ Мәтінмен танысу алдында біз сендермен жаңа сөздермен  жұмыс жүргіземіз.  Мұғалім оқиды,оқушылар хормен қайталайды.  Кілт­ключ  Кітапхана қоры­библиотечный фонд  инабатты­вежливый  өз істерін­ свои обязанности  келіп тұрамын­прихожу  жүйелі­системный  анықтама­ справка  дайындалуға­готовиться  пайдалануға­пользоваться  керекті­ нужные  «Көп ойлан, жақсы сөйле – пайдалы болсын» 1. Сөздікпен  жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы­ рыпқа  қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады.  Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.2. Мәтіналды  жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға  ма­ шықтандыру  үшін  1­тапсырманы орындатады.Ә)  Оқылым. Жазылым. Сөйлесім. Оқулықтағы 2­тапсырманы  орындатады.Б) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 3­ 20 минут тапсырманы орындата­ ды.3. Тілдік бағдар. Болымсыз  етістік тудыратын ­атын, ­етін, ­йтын, ­йтін, ­ар, ­ер, ­р, ­мақ, ­мек, ­пақ, ­пек, ­бақ, ­бек  жұрнақтары мен емес көмекші етістігін меңгертеді.4.  Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4­тапсырманы  орындатады.Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты  қабылдауға ма­ шықтандыру үшін 5, 7­тапсырманы   орындатады. Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру  үшін 6­тапсырманы  орындатады. 5. Сергіту сәті. «Әлемдегі ірі кітапханалар»Тыңдалым.  Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды,  қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу  жүргізеді.Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.Оқылым.  Жазылым. Тілдесім. Әр суретке жазбаша сұрақ дайындайды, диалог құрады.Оқылым. Жазылым. Болымсыз етістік  тудыратын ­ған, ­ген, ­қан, ­ген жұрнақтары мен «емес»  көмекші етіс­ тігін пайдаланып, сөздерді болымсыз етістікке  айналдырады.Болымсыз етістік тудыратын ­атын, ­етін, ­йтын, ­йтін, ­ар, ­ер, ­р, ­мақ, ­мек, ­пақ, ­пек, ­бақ, ­бек жұрнақтары мен емес көмекші етістігін  меңгереді.Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды, дұрыс оқуға машықтанады.Айтылым. Кестедегі ақпараттың мәтінге сәйкестігін тексереді, бір  сөйлемге әртүрлі сұрақ қояды.Жазылым. Мәтінде айтылған  кітапхана­ лар туралы ақпаратты салыстырады. Сабақтың соңы Бағалау критерийлері 7 мин Сенімді және еркін  жауап береді Дескрипторлар Ойын жүйелі жеткізеді Берілген суреттер мен сөздерді  байланыстырады Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 9­ тапсырманы орындатады.Оқулықтағы  10­тапсырманы  орындатады. Топтық жұмыс. «Сөзтізбек» ойынын ұйымдастырады. Мұғалім оқушыларды үш топқа бөледі, тақырыпқа қатысты бір сөз береЖазылым.   Айтылым.   Болымсыз   етістіктерді   табады, жасалу   жолдарын   түсіндіреді,   болымды   етістікке   айнал­ дырады.Диалог   құрады.Әр   оқушы   берілген   сөзге   бір   сөз қосып, соңында тақырыпқа қатысты бір мәтін құрастырады Бағалау   критерийлері   бойынша   оқушылар   бір­бірінің жұмысын тексереді.  Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» Сұрақтарға дәлелді жауап береді Диалогты сауатты құрады  Қосымша ақпарат Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?   Бағалау – Оқушылардың  ақпаратты қаншалықты  меңгергенін қалай  тексересіз?  Пәнаралық байланыс  Қауіпсіздік ережелері  АКТ­мен байланыс  Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Берілетін тапсырма, күтілетін  нәтиже, қолдау, берілетін уақыт,  қолданатын дерек көздеріне  Тапсырмалардың өзара   байланысты  болуына  баса   назар аударылады. Пәнаралық  байланыс –  тарих, география. Отбасы құндылықтары. байланысты бөліп оқыту.  Топта бірлесіп оқыту. Оқушының барлығы Оқушылардың  көбісі  Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары  жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?  Сыныптағы оқу атмосферасы   қандай болды? Дифференциацияны  жүзеге асыру қолымнан келді ме?  Мен жоспарланғануақытымды  ұстандым ба? Мен жоспарыма  қандай өзгерістер енгіздім және  неліктен?   Жұмыс нәтижесі жетістік  критерийлері арқылы  бағаланады. Отан – отбасынан  басталады. Интерактивті тақта сабақ  материалдарын  демонстрациялау  мақсатында қолданылады. Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды  жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген  сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап  беріңіз.  Сабақ/оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік  танытты.  Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері  жүзеге асты.   Келесі   сабақта   креативтілік   принципін   қолдануға   болады. Оқушылар   отбасындағы   қандай     заманауи   дәстүр   мен мерекелерді енгізуге/өзгертуге болады деген сұрақ төңірегінде ойланады. Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: таңдалған ресурс көздері 2:топтық жұмыс Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға  қатысты)? 1: жұптық жұмыс формасын қолдану 2: мәтінді бөліп беру Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу  үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? Төл және төлеу сөзін жазуда қойылатын тыныс белгілері бойынша тәжірибе жұмысына көбірек көңіл  бөлу.

Презентация по казахскому языку на тему«Отбасы ."тренинг (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)

Презентация по казахскому языку на тему«Отбасы ."тренинг  (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)

Презентация по казахскому языку на тему«Отбасы ."тренинг (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)

Презентация по казахскому языку на тему«Отбасы ."тренинг  (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)

Презентация по казахскому языку на тему«Отбасы ."тренинг (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)

Презентация по казахскому языку на тему«Отбасы ."тренинг  (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)

Презентация по казахскому языку на тему«Отбасы ."тренинг (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)

Презентация по казахскому языку на тему«Отбасы ."тренинг  (9-сынып,қазақ тілі мен әдебиеті)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.01.2018