Пр.работа № 2 по дисциплине Теплотех.оборудование для казахских групп

  • docx
  • 04.11.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала № 2 тәжірибелік жұмыс +.docx

№ 2 Тәжірибелік жұмыс

 

Тақырыбы: Секциялық жылу алмастырғыштың құралымдық есебі

 

Жұмыстың мақсаты: Секциялық жылу алмастырғыштың есептеу тәртібін, нені табу және қалай анықтау керек екенін үйрену.

 

Тапсырма. Секциялық жылу алмастырғыштың тізбектей қосылған секциялардың стандартты  ұзындығын, корпусының диаметрін анықтау. Есептеуге қажетті мәліметтер Қосымша 20 алынады.

 

Теориялық бөлім

 

Секциялық жылу алмастырғыштар бірнеше тізбектей қосылған секциялардан тұратын, түтікті аппараттың бір түрі, оның әрбір секциясы қапты түтікті жылу алмастырғышты білдіреді. Секциялық жылу алмастырғышта сұйықтың бірдей шығындарында құбырлар мен құбыраралық  кеңістіктегі жылу тасымалдағыштың қозғалыс жылдамдығы   үлкен мәнде бірдей болады, бұл әдеттегі түтікті жылу алмастырғышпен салыстырғанда жылу беру коэффициенті жоғаы мәнге ие болады. Секциялық жылуалмастырғыштың кемшілігіне қыздыру бетінің қымбат болуы, яғни секцияларға бөлінгенде – жеке элементтеріне атап айтқанда, құбырлы торлар, фланецтік қосылыстар, ауысымды камералар, қарымталауыштар, т.б. көп болуына қаражатты көп қажет етеді. Барлық секциялық жылуалмастырғыштардың меншікті параметрі белгілі бір мәнге ие болады м. Секциялық жылу алмастырғыштың сыртқы қабын ұзындығы 4 м, ішкі диаметрі 50-ден 305 мм дейін болатын құбырлардан дайындайды. Секциядағы құбырлардың саны 4-тен 151-ге дейін болады, қыздыру беті 0,75-тен 26 м2 дейін болады, диаметрі 16/14 мм болатын жез құбырлар болады. Меншікті құрылымдық салмағы 50-80 кг/м2 .

Секциялық жылу алмастырғыштың белгілі өлшемдерін және түрін таңдап алу үшін келесі бастапқы мәліметтер болуы керек: жылу тасымалдағыштардың біріншілік (қыздырылушы) шығынның  және екіншілік (қыздырылатын)   есептік эквиваленті,  біріншілік (қыздырылушы) жылу тасымалдағыштың жылу алмастырғыштан кіре берістегі температуралар  және , және екіншілік (қыздырылатын)   және ; біріншілік жылу тасымалдағыштың  және екіншілік жылу тасымалдағыштың  ағындардағы есептік арындары.

Есептеу тәртібі. Өлшемсіз меншікті жылулық жүктемені анықтау:

 

 

 

.

 

Жылу алмастырғыштың параметрін анықтау:

 

  

 

Жылу алмастырғыштың секциясының қосындылық ұзындығын есептеу:

 

l = Ф/Фу.

 

Қыздырғыштың минимал секция санын есептейміз. Әдетте ұзындығы 4м болатын секцияға қарап есептейді, сондықтан секцияның санын  n=l/4.

Жылу тасымалдағыштың ағынына секцияның нақты, максимал гидравликалық кедергісін анықтау керек, бұл ағын түтіктер ішінде sтр ,  және құбыр аралық кеңістік арқылы sмт  өтеді:

 

 

 

мұндағы, ,  – түтіктер арқылы және құбыр аралық кеңістікт арқылы өтетін ағындардың арыны, м; ,  – түтіктер арқылы және құбыр аралық кеңістіктер арқылы өтетін ағындардың көлемдік шығыны, м3/с.

         Бұл есептерді шешу үшін қосымша 20 кестесі қолданылады. Онда секциялық жылу алмастырғыштың барлық өлшемдері келтірілген.

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1.     Секциялық жылу алмастырғыштар

2.     Секциялық жылу алмастырғыштың жұмыс істеу принципі

3.     Жылу алмастырғыштар түрлері

4.     Секциялық жылу алмастырғышты есептеу тәртібі

5.     Есептеуді орындау үшін қандай мағлұматтар керек?

6.     Жылу алмастырғыштың параметрі деген қандай шама?

7.     Жылулық жүктеме деген не?

8.     Жылу алмастырғыштың максимал гидравликалық кедергісі

9.     Жылу беріліс коэффициентінің формуласы қандай?

10.  Температуралардың максимал айырмасы