Психологиялық тренинг "Қарым-қатынас тренингі"
Оценка 4.7

Психологиялық тренинг "Қарым-қатынас тренингі"

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
6 кл—7 кл
13.05.2019
Психологиялық тренинг "Қарым-қатынас тренингі"
Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушылар арасында достық, ынтымақтастық сезімін қалыптастыру, сыныпта жағымды психологиялық ахуалдың орнауына жағдай жасау. Оқушылардың бір-біріне деген жағымды қарым-қатынастың қалыптасуына әсер ету. Оқушылардың адамгершілік қарым-қатынастарын қалыптастастыру арқылы тұлғаның өсуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне және жетілдіруіне ынталандыру. Тренинг барысында түрлі ойындар мен жаттығулар ойнатылады.
Қарым-қатынас тренингі.docx
«Қарым­ қатынас» тренингі. Мақсаты: Оқушыларды бір­біріне деген түсіністікке, достыққа,  жолдастыққа, қарым­қатынастың қалыптасуына әсер ету. Міндеті: оқушылардың бір­біріне деген қарым­қатынасын жақсарту,  адамгершілік қатынастарын қалыптастыру арқылы тұлғаның өсуіне, өзін­өзі  тәрбиелеуіне және жетілуге ынталандыру. Нысаны: 6­сыныптар Тренинг жүрісі: Қайырлы күн, оқушылар! Бүгін біз сіздің сыныпқа сәті түсіп, тренинг өткізбекшіміз. Сіздер жалпы тренингке қатысып көрдіңіздер ме?  Қатысып көрмесеңдер сіздерге үлкен мүмкіндік туып отыр. Бүгін біз сіздің  топтың бағалауы арқылы өзіңді жақсы түсінуге мүмкіндік алып қана қоймай,  бұл тренинг сіздің бір­біріңіздің арасында түсіністік, жолдастық, достық  қарым­қатынастың қалыптасуына әсерін тигізеді деп ойлаймыз. Жалпы тренингімізді қарым­қатынас дегеніміз не деген сұрақтан бастасақ?  Ия, дұрыс айтасыңдар,өзгелермен қарым қатынас жасау­бұл тіршілікке аса  маңызды ақпарат алу деген сөз. Әрине қарым­қатынас ақпарат алумен  шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсекте, лекция тыңдасақ да, телефонмен хабарлассақ та, дос­жаранмен сөйлессек те – осының бәрі қарым­қатынастың сан алуан қыры. Солай емеспе келісесіңдер  ме? Ендеше бұл ұғымды түсіну үшін, біз алғашқы ойынымызға кезек берейік: «Көңіл­күй» жаттығуы. Жүргізуші: бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені  көрсетіңдер десем, соны бет­әлпеттеріңмен бейнелеулерің керек.  Қабағы түйілген, ашулы адамның кейіпі;  Қасқырдан қорықан қоянның;  Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсетіңіз;  Ұядан тұсіп қалған балапанның бейнесін көрсетіңіз;  Мысықтан қорыққан тышқанның;  Жәй күліп тұрған қыздың бейнесі;  Қатты күліп тұрған қыздың бейнесі;  Иттен қорыққан баланың бейнесі;  Жылап тұрған баланың бейнесін көрсетіңіз. «Кім жоғын табу» ойыны. Ойыншылардың барлығы көздерін жұмуы керек. Осы уақытта жүргізуші бір  баланың иығынан түртеді, ол дыбыссыз жәй кетіп қалады. Жүргізуші белгі  бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенін тауып алуы керек. Кім  жоғын ең бірінші кім тауып алса, сол жеңімпаз болады. Ойын есте ұстау  қабілетін және бақылауды тексереді. «Тазару» Реалаксация. Өзіңізді жас баланың кейіпінде елестетіңіз. Жақындап көзіне терең үңіліңіз.  Көздің тереңдігіндегі мұңды көруге тырысыңыз, өйткені бұл сізге деген  махаббат мұңы. Әлгі кішкентай баланы өзіңізге жақын тартып, кеудеңізге  қысыңыз. Сондай жақсы көретініңізді айтыңыз. Оның ақылына бас иетініңізді,  қателіктер жіберсе де, жөндей білетін жан екеніңізді айтыңыз. Шындығында,  бәрі де қателеседі. Қандайда бір көмек керек болса, қасынан  табылатыныңызды айтыңыз. Енді осы баланы кішірейтіңіз, бұршақтай болып  кішірейгенде қолыңызға алыңыз да, жүрегіңізге басыңыз, онда бүкіл әлемді  тазартатын махаббат бар. Денеңізге жылу тарап, мамыражай рахатты сезініңіз. Өміріңіздің басқа жақсы арнаға бұрылғаны деп біліңіз. «Тірек нүктесі» ойыны. Мақсаты: оқушылардың тіл байлығын дамытумен қатар бір­бірімен жақсы  қарым­қатынасын жақсартып, еркін сөйлеуге дамыту. Барысы: Әр оқушы өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттерін тіке, сеніммен  айту қажет. Алайда сіздер «бірақ», «егерде», «мүмкін» деген сөздерді қоспай  айтулары керек. Көрермендер қатысушыларға өз пікірін айтуға құқы  жоқ.Оқушы бойындағы аталған жақсы қасиеттерге, яғни тірек нүктелеріне,  күшті жақтарына түсінік беру міндетті емес. Оған сенудің өзі жеткілікті. «Жақсы тілектер» ойыны. Мына менің қолымдағы сиқырлы гүл, яғни бұл гүлге жақсы тілектер  сыйласаңыз олда сізге өз жүрек жылы сөздерін тілейді. Ендеше барлығымыз  бір­бірімізге жақсы тілектер тілейік. Мен қазір мына гүлді сол жақтағы  оқушыға өз жақсы тілегімді айтып беремін, сол жағыма беруімнің себебі, адам баласының жүрегі сол жағында  болғандықтан мен өзімнің жүрек жылы сөзім және тілегімді білдіремін. Ойын  осылай жалғасады. «Сыйлық» жаттығуы. Мақсаты: Жағымды көңіл ­ күй орнату. Өзгелерді қуанта білу сезімін  қалыптастыру. Топтағы қатысушылардың әрқайсысы бір­біріне сыйлық  сыйлайды. Сыйлықты сыйлау былай басталады: «Менің сізге сыйлығым ­ ...»  Неге сыйлаймын? Не үшін? – деген сұрақтарға жауап беріледі.Тренинг  рефлексиямен аяқталады.

Психологиялық тренинг "Қарым-қатынас тренингі"

Психологиялық тренинг "Қарым-қатынас тренингі"

Психологиялық тренинг "Қарым-қатынас тренингі"

Психологиялық тренинг "Қарым-қатынас тренингі"

Психологиялық тренинг "Қарым-қатынас тренингі"

Психологиялық тренинг "Қарым-қатынас тренингі"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.05.2019