Разработка открытого урока по предмету "Детские болезни"
Оценка 4.7

Разработка открытого урока по предмету "Детские болезни"

Оценка 4.7
doc
05.02.2020
Разработка открытого урока по предмету "Детские болезни"
Ашық сабақ. Жаңа туылған бала.doc

 

                        Тәжірбиелік ашық сабақтың әдістемелік талдауы

Тақырыбы: «Жаңа туылған бала, анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері, күтімі»               

Пәні: «Педеатрия»

Мамандығы: 0401002 «Емдеу ісі»

Курсы: ІІІ

Құрастырылған: «Педиатрия» пәнінің оқытушысы Қосанова С.А.

                                   

 

Сабақтың жоспары:

Пәні: «Педиатрия»

Тобы: 32ФКБ ІІІ-топша

Табақтың тақырыбы: Жаңа туылған бала, анатомиялық физиологиялық ерекшеліктері, күтімі.

Өтілу түрі: Білім мен іскерлікті жетілдіретін тәжірбиелік сабақ.

Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру техналогиясы

Мақсаттары:

1.Білімділік: Жаңа туылған мерзіміне жетіп туылған бала белгілері, физиологиялық жағдайлар, ол жағдайлардың күтімін білу.

2.Дағды-машығын ұйымдастыру: Мерзіміне жетіп туылған баланың жоғарғы тыныс жолдарын тазалау, гонобленнорея профелактикасын жүргізу, антропометрия жасау, жөргектеу әдістерін меңгеру.

3.Тәрбиелік: Жаңа туған азамат өмірі үшін жауапкершілікке, алғашқы күндердегі күтімнің маңыздылығын ұғындыру.

Мамандығына қойылатын талаптар:

1.Не білу керек:  Мерзіміне жетіп туылған баланың көрсеткіштері, Алгар шкаласы. Алгар шкаласымен бағалау, физиологиялық жағдайларды білу керек.

2.Не жасай білу керек:  Жоғарғы тыныс жолдарын тазалау, гонобленнория профилактикасын өткізу, антропометрия жағдайларды жасау, жөргектеуді.

3. Пән аралық байланыс «Миіркеш ісінің негіздері», «Қалыпты анатомия», «Фармакалогия»

Сабақтың жабдықталуы: Бой, самақ өлшегіш, жөргектеу столы, жөргекше, жөргектер, дәрілік препараттар, шырыш сорғыш, тамызғыш.

Үлестіріліп берілетін материалдар: Микротаблицалар, тестік бақылау, карточкалары, ситуациялық есептер.

Техникалық оқу құралы: Бейне көрініс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Жаңа туылған бала, күту, тамақтандыру  ерекшеліктері

І-вариант

1.Мерзімі жетіп туылған бала белгілері:

А) Дауысы қатты шығады

Б) Құлақ қалқаны жұмсақ, басына жабысып тұрады

В) Тері асты май қабаты нашар дамығын

Г) Терісі қызғылт, жұмсақ, түкті

2.Мерзімі жетіп туылған бала салмағы, бойы:

А) 40-50см, 2800-2500гр.

Б) 45-56см, 2500-6000гр.

В) 62-65см, 2000-2500гр.

3.ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРҒА ЖАТАДЫ:

А) Транзитарлық гипертермия

Б) Гипергликемия

В) Физиологиялық салмақ кемуі

Г) Гипохромды анемия

4. Жаңа туылған балаға қажет сүт мөлшері анықталады:

А) Көлемдік әдіс бойынша

Б) А:Ф: Тур формуласымен

5.Физиологиялық сарғаюға тән:

А)Бауырдың дамып жетілмегендігінен

Б)Туылған соң 2-3 күннен кейн пайда болады

В)Алғашқы сағаттарда туылған соң пайда болады

Г)Терісін сұйық маймен сылау керек

6.Транзитарлық қызбаға тән:

А)3-4 күні дене қызуы 39-40°С дейін көтерілуі

Б)Тері, шырышты қабат сарғаюы

В) Сұйықтың аз болуы және бөлме температурасының жоғары болуынан

Г) Салмағы 300-400 гр кемиді....

7. Жыныс мөлшеріндегі өзгерістерге тән:

А) жөргекте қоныр-қызғылт дақтар болуы

Б) сүт бездерінің ісінуі, ұма ісінуі

В) терінің қалыптан тыс қызаруы

8. Жаңа туылған баланың жүрек соғысыныңжиелігі:

А) 60-80рет 1минут ішінде

Б) 100-110рет

В) 120-140рет

Г) 180-160рет

9. БЦЖ вакцинасы егіледі:

А) 1 ай

Б) 2-3-4 ай

В) 3-5 күн

Г) 1жаста

10. Алғашқы патронаж мерзімі:

А) 20күн

Б) 1ай

В) алғашқы 3күн

Г) 10күн

11. жаңа туылған баланың тыныс алу жиілігі

А) 16-20 рет 1 минут ішінде

Б) 20-25 рет

В) 40-60 рер                            Г) 80 рет

Тақырыбы: ЖАҢА ТУЫЛҒАН БАЛАНЫ КҮТУ, ТАМАҚТАНДЫРУ
                                            ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

                                      ІІ-вариант

1.      Мерзімі жетіп туылған бала белгілері:

А) қимылы пысық

Б) теріс қызғылт, шалбарланған

В) тері асты май қабаты жақсы дамыған

2. Мерзіміжетіп туылған бала салмағы, бойы:

А) 62-65см 2000-2500гр

Б) 45-56см 2500-6000гр

В) 42-45см 1800-2500гр

3. Физиологиялықжағдайларға детеді:

А) гипотрофия

Б) жыныс мүшелеріндегі өзгерістер

В) гипогликемия

Г) бүйрек инфаркты

4. Жаңа туылған балаға қажет сүт мөлшері анықталады:

А) А.Ф. Тур формасымен

Б) көлемдік әдіс бойынша

5. Физиолигиялық қызаруға тән:

А) Терісінің сарғаюы.

Б) Теріге қалыптан тыс қан кернеуі

В) 2-3 күнге созылады

6. Физиологиялық салмақ кемуіне тән:

А) дене температурасы 39-40С көтерілді

Б) туылған соң 3-4 күннен кейін салмағы 150-300гр. Кемиді

В) ана сүтінің аздаға, сұйықтық көп бөлінуі

Г) жергөкте қоңыр қызғылт дақтар қалады

7. Бүйректің несеп қышқылының әсерінен болған инфаркты:

А) терінің қабыршықтануы

Б) жөргекте қоңыр, қызғылт дақтар пайда болуы.

В) маймен жиі сылау кежет

Г) сұйықтық мөлшерін көбейту қажет

8. Жаңа туылған баланың тыныс алу жиілігі:

А) 16-20 рет 1 минут ішінде

Б) 20-25 рет

В) 40-60 рет

Г) 80 рет

9. БЦЖ вакцинасы егіледі:

А) 3-5 күн

Б) 1 айда

В) 20 күнде

Г) 6 айда

10. Жаңа туылған баланың жүрек соғысының жиілігі:

А) 160-140 рет 1 минутта

Б) 120-140 рет

В) 100-110 рет

11. Алғашқы патронаж мерзімі:

А) 10 кңүн

Б) алғашқы 3 күн

В) 3 айда

Г) 1 айда

І нұсқаның кілті                        ІІ нұсқаның кілті

1.      а,г                                             1. в

2.      б                                               2. б

3.      а,в                                            3. б,г

4.      б                                               4. а

5.      а,б                                            5. б

6.      а,в                                            6. б

7.      б                                               7. б

8.      в                                               8. в

9.      в                                               9. а

10.  в                                               10. б

11.  в                                               11. Б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Баланы жөргектеу

Жаңа туған баланы жөргектеудің 3 түрі бар:

         А) жабық жөргектеу (қолмен)

         Б) ашық жөргектеу (қолсыз)

         В) кең жөргектеу

Әзірле: 2 жөргекті, 1 жылы, 1 жұқа, 1 жылы және 1 жұқа арты ашық көйлекті, жаялықша.

А) ЖАБЫҚ ЖӨРГЕКТЕУ:

   1. Балаға 2 алды ашық көйлек кигіз: жұқасын ашық жағымен артына, жылысын ашық жағымен алдына қаратып.

   2. Жөргектеу үстелін 0,5% хлорамин ерітіндісімен сүртіп, жылы жөргектіжай, оның үстіне жұқа жөргек, сосын үш бұрышты кеуде асты жаялықшасын сал.

   3. Баланы жатқызып кеуде асты жаялықшасының бұрышын баланың аяғының арасынан өткіз, 2ұшын денесінің айналасына (кеуде асты жаялықшасы арты ашық көйлектердің астынан өтуі керек).

   4. баланың басына орамал құсатын жұқа жөргек ора.

   5. Оң қолымен жұқа жөргектің жоғары сол жақ шетін алып баланың астына бастырып орап, жөргектің төменгі жағын екі аяғының ортасына өткіз. Сол қолмен жөргектің оң жақ бұрышын алып баланың астына бастырып ора.

   6. Жөргектің төменгі жағын жазып конвертіне жоғары котеріп жап.

   7. Жылы жөргекке де осы әдіспен ора, баланың мойнының дұрыс жабылуын қадағала.

Бұл әдістің кемшіліктері:

1.      Баланың дем алуын қиындатады.

2.      Қан айналуын қиындатады.

3.      Баланың қимылын шектейді.

Б)  Ашық жөргектеу:

      1.   Баланы киіндір.

      2.   Жөргектер баланың қолтығының тұсында болуы керек.

      3.   Жоғарыдағы әдіспен баланың қолын бос қолдарын, қолтығынан төмен жөргекте.

В)  Кең жөргектеу:

      Баланың дем алуына қиындык тудырмайды, ұршық сүйектің дамуына жақсы    мүмкілдік жасайды.

1.      Жөргектеу үстеліне жылы жөргекті төсе:

2.      Жұқа жөргекті бүктеп кеуде асты жаялықшасын жаса: төртке бүкте (тұйығы сол жақта,төрт бұрышы оң жақ жоғарыда болса) үш бұрышын басын қалын, жоғарғы бұрышын солға қарай тартып соз. Сонда бір үшбұрыш, бір шаршы болады. Үшбұрыштың астына келтіріп аударып, шаршыны бірнеше қабаттан бүкте.

3.      Осы кеуде асты жаялықшасына баланы ора.

4.      Оның астынан жұқа, содан соң жылы жөргекпен ора.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша№3                         Агропометрия жасау

                        Баланың салмағын өлшеу.

Әзірле: 1. Медециналық табақты, таразыны, таза жөргекті

             2.1% хлорамин ерітіндісін. 2 жасқа дейінгі баланың салмағы медециналық таразымен өлшенеді. Баланың салмағын табудың алдында таразыны жөндеп алу керек.

1.      Таразының табағын 1% хлорамин ерітіндісімен сүрт.

2.      Килограмдық және грамдық тастарды «0»-ге әкеліп қой.

3.      Кілтті ашып, салмақ қарсылығын бұрап, рычагтарды теңестіріп, қарама-қарсы қой.

4.      Кілтті жап.

5.      Таразының табақшасына жөргекті жайып қой

6.      Баланы еппен, басын табақшаның кең жағына келтіріп сал.

7.      Кілтті ашып, кг және гр тастарды жылжытып, рычагтарды теңестір.

8.      Кілтті жауып, баланы таразыдан ал.

9.      Баланың салмағының көрсеткішін кг және гр тастардың сол жағынан анықта.

 

                                       Баланың бойын өлшеу

Әзірле: Көлденең бой өлшегіші, 1% хлорамин ерітіндісін таза жөргекті.

1 жасқа дейінгі баланың бойы көлденең өлшегішпен айқындалады.

1.      Баланың бойын айқындар алдында бой өлшегіштің үстін 1% хлорамин ертіндісімен сүрт.

2.      Таза жөргек төсе.

3.      Баланың басын қозғалмайтын планкаға тіреп, көмекшіге ұстатып қой.

4.      Баланың тізесін бір қолыңмен басып тұр.

5.      Екінші қолыңмен жылжымалы планканы баланың табанына әкеліп тіре.

6.      Шкакладан корсеткішті анықта.

                       Баланың кеуде айналымын өлшеу.

Әзірле: сантиметрлік лентамен.

1.      Сантиметрлік лентаны ал.

2.      Лентаны екі жауырының төменгі бұрыштарынан және емшек үстінен өткіз.

3.      Баланың қолдарын төмен түсір.

4.      См.Лентаның түйіскен жерінен кеуде айналамының көрсеткішін анықта

Бас айналымын өлше

Әзірле: Сантиметрлік лентаны

1.      Сантиметрлік лентаны ал.

2.      Лентаны қарақұс сүйегінің дөңесі және қас үсті дөңестері арқылы өткіз..

3.      См лентаның түйіскен жерінен көрсеткішін анықта.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Кіндік қалдығының күтімі

Әзірле: Залалсыздандырылғын пинцетті, мақта шариктерін, 96% спиртті, залалсыздандырылған лигатураларды.

1.      Қолыңды мұқият ағынды жылы сумен сабындап жуу.

2.      Қолдың саусақтарын спиртке малынған мақта тампондарымен сүрт.

3.      Кіндік қалдығын 96% спиртке малынған мақта шаригімен төменнен жоғары қарай сүрт

4.      Бұрын салынған лигатураны тазартып, тартылмаса астынан жаңа лигатура салып жақсылап байла.

Кіндік жарасының күтімі

Әзірле: Залалсыздандырылған мақта шариктерін, мақта оралған таяқшаларын, 3% H2O2, 2% бриллиант жасылы, 5% перманганат калий ерітіндісін

1.      Қолыңды мұқият ағынды жылы сумен сабындап жуу.

2.      Саусақтарыңды спиртпен сүрт

3.      Кіндік жарасын сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен аш.

4.      Оң қолымен залалсыздандырылған мақта шаригін 5% калий перманганатына немесе 2% бриллиант жасыл ерітіндісіне бақтырып, кіндік жарасын күйдір.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша№2

    Есеп№5

1)      Баланың бойын өлшеу үшін керекті құралдар

А) см.лепта                Б) Салмақ өлшегіш құралдар                     В) Жаялық

Г) Клеенка                 Д) горизантальды бой өлшегіш құрал       ж) дез. Ерітінді            Д

2. Баланың салмағын өлшеу үшін керек заттар:

А)см.дента                 Б)дез.ерітінді                         В) жаялық

Г)клеенка                   Д) салмақ өлшейтін құрал                                                  б,в,д

3. Баланың басының айналасын өлшеу үшін мыналарды ал

А)жаялық                  Б)клеенка                  В)см.лента                 Г)дез.ерітінді             в

   Есеп№6

1.Баланың физикалық өсуі үшін қажет факторлар

А)ауа              Б)су                 В)дәрілер                   Г)витаминдер

Д)күн сәулесі                        Ж)ет тағамы                                                             а,б,д

2.Шынықтыру ережелері

А)күн ара жасау                    Б)жеңіл киіндір                    В)ұйықтар алдында

Г)бірте-бірте күрделенту                Д)баланың жасына сәйкес дәрігер тағайындайды   б,г,д

3.Массаж түрлері

А)сылау                     Б)жүгіру                    в)сипау                      Г)таңертенгілік гимнастика

Д)жүзу                       Ж)уқалау                                                                              а,в,ж

4. 3 айлық балаға жасалатын жаттығулар

А)ішін сипау             Б)Аяқтарын бүгіп, жазу                   В)отырып-тұру

Г)ішіне аунату                                                                                             а,б,г

    Есеп№7

1.7айлық баланың ой-өрісінің жетілу көрсеткіштері

А)салмағы10кг         Б)бойы-80см                         В)еңбектейді             Г) отырады

Д) ойыншық ұстайды                                                                                 в,г,д

2.9 айлық баланың көрсеткіштері

А)салмағы-5кг          Б)бойы-50см             В)отырмайды                        Г)еңбектейді

Д)мойнын ұстайды                                                                                                 г,д,ж

3.Центильді таблицамен анықта: балаға-5ай, салмағы-7500гр, физикалық дамуын анықта

   Есеп№8

1.Баланың дұрыс өсуі үшін ақыл-кеңес беру

А)күнде суға түсіру              Б)массажды туа сала жасау            В)тері қыртыстарын майлау

Г)күнге шығару                    Д)бөлмені желдетіп түрі                             а,в,г

2.Жастан асқан баланы шынықтыру әдістері:

А)суықтан сақтандыру        Б)қозғалыс ойындары                     В)күнге қыздыру

Г)бассинге түсіру                 Д)таза ауада серуендеу                               б,г,д

3.Ауа ваннасын жасау

А)бөлме Т-37°                       Б)6айдан басталады             В)бөлме Т-22°

Г)2-3 аптадан басталады                 Д)баланы шешіндіргенде 10мин бастайды

Ж)әуелі 1-2 мин бірте – бірте 15 мин жеткізеді                                       в,г,д

4.Күн ваннасын жасау

А)таңертеңгілік 9-11сағ Аралығында жасалады

Б)бала бас киімін кимеу керек

В)бірнеше минуттан бастап 10мин, жеткізеді                                         а,в

 

 

 

 

 

 

                   Қосымша№1

                        Есеп№1

Балаға 2ай, туғандағы салмағы 3кг 100гр, бойы – 50см, қазіргі бойы мен салмағын анықта. Ой өрісін бағала

                        Есеп№2

Балаға 6ай, туғандағы салмағы 2кг 500гр, бойы-48см, қазіргі бойы мен салмағын, ой өрісін бағала

                       Есеп№3

Балаға 12 ай. Бойы мен салмағы қанша? Не істей алады?

                      Есеп№4

Бала 6 жаста. Бойы мен салмағы қанша.

 

Есептердің жауабы:

№1

Салмағы болу керек-4500гр

Бойы болу керек-56см

№2

Салмағы болу керек-6800гр

Бойы болу керек-64см

№3

Салмағы боу керек-10кг

Бойы болу керек -75см

Жүреді,сөйлейді

№4

Салмағы болу керек-22кг

Бойы болу керек-105см

С+2хн꞊                                              С-бойы

Б+5хн꞊                                                Б-бойы

                                                             Н-жасы

 

 

 

Қосымша№3

№1. Жаңа бала 4 күндік. Жалпы жағдайы жаман емес. Бірақ, тері қабаты, көзі, шырышы қабаттары сарғайған. Туылған кездегі салмағы 3250гр. Дене терісі таза еді. Дене терісінің сарғаюы, туылған соң, 2күннен кейін басталады. Ішкі органдар бойынша өзгешелік жоқ

1.Не жайлы ойлайсыз?

2.Қандай күтім қажет?

3.Баланың бойын өлшеуді көрсет

№2. Сіз жаңа туылған балаларды перзентханадан шығаруға дайындалу кезінде баланың салмағын өлшей отырып, туылғандағы салмағынан 185гр. кем  екендігін байқадыңыз. Баланың жасы 7 күндік. Туылғандағы салмағы 3370гр.

1.Не жайлы ойлайсыз?

2.Балаға қандай күтім қажет?

3.Баланың салмағын өлшеуді көрсет

№3 Сіз балалар бөлімінде еңбек етесіз. Бала 3 күндік. Бала кіші дәретке отырғаннан кейін жөргегінде қызыл-қоңыр дақ пайда болады. Баланың емуі, жалпы жағдайы жаман емес. Ішкі органдар бойынша өзгерістер байқалмайды.

1.Не жайлы ойлайсыз

2.Балаға қандай күтім қажет

3.Баланың кеуде, бас айналымын өлшеуді қажет

 

ЖАҢА ТУҒАН ЖӘНЕ ШАЛА ТУҒАН БАЛА

 КҮТУ ЖӘНЕ  ТАМАҚТАНДЫРУ ӘДІСТЕРІ

Жаңа туған бала. Күтім ерекшеліктері. Тамақтандыру.

Мерзімі жетіп туған бала құрсақтағы дамудың 39-40 аптасы (280күні) өткеннен кейін дүниеге келеді, оның салмағы 2500 грамнан, бойы 45см артық болады.

Мезгілінде дүниеге келген баланың белгілері:

1.Дауысы қатты шығады

2.Қимылдары пысық

3.Бойы 45-56 см

4.Салмағы 2500-4000гр

5.Терісі жұмсақ, түкті, қызғылт

6.Тері асты майлы қабаты жақсы дамыған

7.Құлақ қалқаны қалпына келіп тұрады

8. кіндік сақинасы төстің семсер тәрізді өсігі мен шат сүйектердің қосылыс аралығының дәл ортасында орналасқан.

9.Еркек балалардың екі жұмыртқасы да ұманың ішінде, ал қыз балалардың жыныстық еріндері кіші жыныстық еріндерін жауып тұрады.

Жаңа туылған медециналық көмекті ұйымдастыру

Акушерлік стационарда босанар алдындағы палата және босанатын залы бар физиологиялық және обсервациялық босану бөлімшелері қарастырылған. Босанатын залда, әр бір босанушыға 7кв. метрден келетін босанатын бөлмелер болады. Әйелдер босанатын бөлмеде нәрестені орайтын стол, күту заттарын (ауызы кең тығыз тығындалған банкада 95% этил спирті, 5% калий перманганаты ерітіндісі, сиымдылығы 30 мл-ге дейін ішінде стерильді өсімдік майы бар шыны, пайдаланған заттарды салатын лоток), қоятын тумбочка болуы керек. Жеке тумбочкаға медециналық таразы орналастырылады..

Жаңа туылған нәрестелерге жедел көмек көрсету үшін ранимация бөлмесі немесе ранимациялық бұрыш бөлінеді. Соңғысын ранемация бөлмесінде, немесе босану залында орналастыруға болады. оның жабдықтары: жылытылатын ранимациялық стол, электросорғыш, диаметрі 2,5-4,5мм интубациялық трубкалар (полихлорвинилді, резиналы), ауызды, жұтқыншақты, асқазанды тазөалайтын полихлорвинилді зондтар. Зонд ұзындығы 30см-ден кем болмауы тиіс. (Шарьер шкаласымен №6-8) Трубкада үштік және көру трубкасы болады. балаларға арналған ларингоскоп, ӨЖЖ (ИВЛ)-өкпені жасанды желдетуге арналған аппараттар .

 

 

 

 


Тәжірбиелік ашық сабақтың әдістемелік талдауы

Тәжірбиелік ашық сабақтың әдістемелік талдауы

Тақырыбы: Жаңа туылған бала, күту, тамақтандыру ерекшеліктері І-вариант 1

Тақырыбы: Жаңа туылған бала, күту, тамақтандыру ерекшеліктері І-вариант 1

Тақырыбы: ЖАҢА ТУЫЛҒАН БАЛАНЫ КҮТУ,

Тақырыбы: ЖАҢА ТУЫЛҒАН БАЛАНЫ КҮТУ,

Б

Б

Баланы жөргектеу Жаңа туған баланы жөргектеудің 3 түрі бар:

Баланы жөргектеу Жаңа туған баланы жөргектеудің 3 түрі бар:

Агропометрия жасау

Агропометрия жасау

Кіндік қалдығының күтімі Әзірле:

Кіндік қалдығының күтімі Әзірле:

Есеп№5 1) Баланың бойын өлшеу үшін керекті құралдар

Есеп№5 1) Баланың бойын өлшеу үшін керекті құралдар

Есеп№1 Балаға 2ай, туғандағы салмағы 3кг 100гр, бойы – 50см, қазіргі бойы мен салмағын анықта

Есеп№1 Балаға 2ай, туғандағы салмағы 3кг 100гр, бойы – 50см, қазіргі бойы мен салмағын анықта

ЖАҢА ТУҒАН ЖӘНЕ ШАЛА ТУҒАН БАЛА

ЖАҢА ТУҒАН ЖӘНЕ ШАЛА ТУҒАН БАЛА
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.02.2020