урок на тему радио и телевидение для учащихся 6 классов по казахскому языку. На уроке учащиеся делятся на три группы, урок проходит в виде соревнования.все этапы урока соблюдены, оценивание учащихся через использование цветовых стикеров.Интервью с редакторами известных радио и телепрограмм
Сабақ тақырыбы.docx
Сабақ тақырыбы: Радио және теледидар
Жалпы мақсаты: Радио мен теледидардың қазіргі заманда адамзатқа маңыздылығын
түсіндіру.
Міндеттері: Оқушылардың өзіндік пікірін қорғай білуге,өзгенің жауабын бағалай білуге
дағдыландыру. Топта жұмыс жасай білу дағдысын игеру . Сөздік қорын молайту, сауатты
жазуға дағдыландыру. Тақырыпты тереңдей ашып, шапшаң ойлануға, ұтымды жауап беруге,
сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін ұштау.
Оқыту нәтижесі: Сыни тұрғыдан ойлауға, өз өзін бағалауға,ойын еркін жеткізе білуге
қалыптастыру.
Негізгі идеялар: Өз ойын басқа оқушылардың ойларымен ұштастыра білу, жұмыс барысында
алмаса білу.
Психологиялық дайындық: Шеңберге тұрып, бір – бірімен казақша, қытайша және нигерияша
амандасады.(2 мин)
Топқа бөлу:Қазақ теледидар арналарының аттарымен бөлу. «Хабар», «КТК», «Қазақстан
Атырау» "(2мин)
Әр топтан сарапшы тағайындалады және бағалау парақтарына жинаған ұпайларын тіркеп
отырады. Сабақ соңында санап бағалайды.
1 Тапсырма: Өткен сабақтарды қайталау. Блум кубигі арқылы үй жұмысын тексеру және
өтілген тақырыптарды қайталау. (5мин)
Оқушылар: Сұрақтарға жауап береді.
Мұғалім: Стикерлер арқылы бағалайды. Қызыл 5 балл, сары – 4 балл, жасыл – 3 балл.
Ресурстар: оқулық және дәптер.
2 тапсырма: Үш топқа өзара сұхбаттасу. "Жұптық жұмыс"(5мин)
1 –топ. Радиожанрлардың қай түрі ұнайды және себебін айту?
2 топ. Қандай радиодан немесе теледидардан жаңалықтарды
тыңдағанды ұнатасыңдар?
3 – топ. Үйде радионың күнде қосылып тұрғанын ұнатасың ба?
Оқушылар: Өз ойларын бірлесе отырып ұштастырады.Әуелі екі оқушы, кейін топпен.
Мұғалім: Бақылайды және смайликпен бағалайды.
3 тапсырма:Әр топ өз көзқарастарын жазу және рөлдік ойын арқылы дәлелдеу. (7мин)
1топ теледидар адамды еріншектікке апарады.
2топ теледидар белгілі әртістермен танысуға мүмкіндік туғызады.
3 топ теледидар жастарды жақсы жаққа тәрбиелейді.
Оқушылар: бір бірімен ақылдасып, көрініс арқылы ойын жеткізеді.
Мұғалім: топтарды жетонмен бағалайды.
Ресурстар:А3, маркерлер, стикерлер.
Сергіту сәті: бейнетаспа арқылы "қаражорға" билету(3мин)
4 тапсырма: Фонетикалық талдау(математикалық)(5мин)
1 топ көрермен
2 топ радиосықақ.
3 топ теледидар.
Оқушылар: Бірлесіп талдау жасап, дәптерлеріне жазып, кейін флипчартқа жазады.
Мұғалім:Дұрыс жауапқа смайлик береді.
Ресурстар:А3, маркер, оқулық.
5 тапсырма: "Синквейн" (Жаңалық) (Жүргізуші) (Жазушы ) (5мин)
Мұғалім: тексереді,стикермен бағалайды.
6 тапсырма: Жарнама дайындау. Әр топ өз телеарнасын жарнамалайды.(7 мин)
Ресурстар: постерлер, маркер, флипчарт, стикерлер.
Оқушылар: әр топ өз арналарын жарнамалайды. шешендік өнерлерін танытады.
Мұғалім: оқушыларға бағалатады.
Бағалау: сарапшы бағасын айтады.(2 мин )
Рефлексия.
Сабақ ұнады ма? Егер ұнаса, ағашқа қызыл алма қояды, ұнамаса, жасыл алма қояды.
(2мин)
Үйге тапсырма:4 жаттығу. Қорытындылау:
Сабақты талдау:
Разработка урока
Разработка урока
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.