Разработка урока по казахскому языку "Досымның мінезі"
Оценка 5

Разработка урока по казахскому языку "Досымның мінезі"

Оценка 5
Разработки уроков
docx
французский язык
6 кл
20.01.2017
Разработка урока по казахскому языку "Досымның мінезі"
Білімділік: Тақырып бойынша дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтуге ықпал ету; Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу дағдыларын тапсырмалар арқылы кеңейту. Тәрбиелік: Оқушыларға достыққа, мейірімділікке, досының жақсы жақтарын айта білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, диалог құру, Күтілетін нәтиже: Оқушылар досы туралы сөйлемдер айта алады. Сұрақтарға жауап береді.
5 сынып Досымның мінезі ашық сабақ 2015.docx
Байсаматова Жулдыз Мырзабековна Казахский язык    ГУ "Школа­лицей №1 отдела образования акимата города Костаная" Тел.8­775­68­95­584  [email protected] Тақырыбы: Досымның мінезі. Мақсаты:   Білімділік:  Тақырып бойынша дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру,  дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтуге ықпал ету; Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу дағдыларын  тапсырмалар арқылы кеңейту. Тәрбиелік: Оқушыларға  достыққа, мейірімділікке, досының жақсы жақтарын айта білуге  тәрбиелеу.   Сабақтың түрі: аралас сабақ Қолданылатын әдіс­тәсілдер: сұрақ­жауап, диалог құру,  Күтілетін нәтиже: Оқушылар досы туралы сөйлемдер айта алады. Сұрақтарға жауап береді. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1) Амандасу;  2) Сыныпты түгендеу;  3) "Интервью"  ойынын ойнау ­ Қалың қалай? ­ Сен қандай сабаққа келдің? ­ Сабаққа дайындығың қалай? ­ Сабақты кім жүргізеді? ­ Қазақ тілі кабинеті қай қабатта орналасқан? ­ Қазақ тілі сабағынан кейін қандай сабақ болады? ­ Саған тек жақсылық тілеймін.  ІІ. Оқушылар­мен бірге сабақтың мақсатын анықтау. Мұғалім сабақтың мақсатын, сабақтан не күтетін қысқаша айтады. Оқушылардан сабаққа  қандай мақсат қоятынын аяқталмаған сөйлем түрінде айтуларын ұсынады.  Оқушылар сабақтың мақсаты мен міндеттерін құрастырады.    Қазақ тілінде еркін .............   Қазақ тілінде сөйлемдер..................  Қазақ тілінде сұрақтар............   Қатесіз ............  Қатесіз .............  Мәдениетті ........ “Дос” туралы .............             ............үйрену                    ІІІ.Өткенді қайталау. Мұғалім модуль бойынша сұрақтарға қояды. ­ Сенің досың бар ма? ­ Досыңның аты кім? ­ Ол қай мектепте оқиды? ­ Ол немен шұғылданады? ­ Ол неше жаста? ­ Достық туралы қандай мақал білесіңдер?  Орфография деген не? Орфография ­ сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы.  Орфоэпия деген не? Орфоэпия ­ сөздердің дұрыс оқылу заңдылығы   ІҮ.  Жаңа сабақ.  А) Қызығушылығын ояту.  Оқушылар смайликтерге қараңдаршы. Олардың көңіл­ күйлерінің қандай деп айта аламыз. Кейбір адам үнемі осындай көңіл­күйде жүрсе, оның  мінезі сондай дейміз, ия?   Оқушылар біздің бүгінгі тақырыбымыз адамның мінезі туралы  болады. Ол үшін бізге жаңа сөздер керек. Б) Жаңа сөздермен жұмыс   Кішіпейіл ­ Мейірімді ­ Алғыр ­ восприимчивый Білімді ­ начитанный Еңбекқор ­ трудолюбивый Ұйымдастырушы ­ организатор Қайсар ­ настойчивый Салмақты ­ серьезный Табанды ­ упорный  1) Оқушылар қайталайды. 2) Жаңа сөздермен сөйлемдер құрайды. 3) Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.          4) Сурет бойынша жұмыс. Бұл бала қандай? Бірінші суретте үй жинап жүрген баланың сурет болады. Еңбекқор Екінші суретте кітап оқып жатқан бала суреті болады. Білімді  Үшінші суретте үлкенге көмек көрсетіп жатқан бала суреті. Қайырымды.  С) Айтылым.   36­бет. 3­тапсырма  арқылы диалог құрастыру. Оқушылар жұпта жұмыс  жасайды. Оқушылардың диалогіне критерийлер: жылдамдық, дұрыс құрылу, мағынаның  толықтылығы. Мінезі (кішіпейіл, мейірімді, ашық) Бойы (ұзын, қысқа, орта бойлы) Көзі (қара, көк, сары) Шашы (ұзын, бұйра, қалың) Киімі (әдемі, жарасымды, таза) Мысалы: Сенің досыңның мінезі қандай?          Менің досымның мінезі ашық. Д) Жазылым.  Сөздерді бір­бірімен байланыстырып, әр жақта сөйлем құрастырады.  Мысалы, Мен досыма ойыншық сыйлаймын. Ойыншық+   сыйлау                       алу                                               айту Кестені пайдаланып әңгіме құрастырады. "Менің досым қайырымды" сабақ+     түсіндіру Кім?             Қайда?           Не істеді? Досым         мектеп+          келе жат+ Бір әже        көше+            жығылып қал+ Ол                әже+               көмектес+                          ҮІ. Сабақты бекіту.  "Серпінді сұрақ" доп лақтырып сұрақ қойылады. ­ Сенің досың бар ма? ­ Досыңның мінезі қандай? ­ Сенің досың салмақты ма?  ­ Сенің досың неше жаста? ­ Сенде жауапкершілік бар ма? ­ Сен жақсы доссың ба? ­ Сен досыңа көмектесесің бе? ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Сабақта қандай жұмыстар істедік. Не білдік? Не білгіміз  келеді? Мақсатымызға жеттік пе?  ҮІІІ. Бағалау. Оқушылардың белсенділігіне, біліміне қарай бағаланады, түсіндіріледі. ІХ. Үй жұмысын беру. "Менің досым қамқоршы" тақырыбына шығарма жазу. Сабақтың талдауы 5 сыныпта өтілген бұл сабақтың тақырыбы "Досымның мінезі". Сабақта оқушылардың ауызекі  сөйлеуі мен қатесіз сөйлем құрау қабілеттерін дамытуға барынша күш жұмсалды. Сабаққа алынған  тапсырмалар осы мақсатқа жету үшін арнайы таңдап алынды. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде  "интервью" әдісі оқушылардың ынтымақтастық ортасын қалыптастыру мен шектелмей,  оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін, қисынды ойлау қабілеттерін дамытты. Сабақтың мақсатын  қойғанда " Аяқталмаған сөйлем" әдісін қолдандым. Себебі, сөйлемді аяқтай отырып, оқушылар  өздерінің ойларын жинақтай алады. Алдында қандай міндеттер тұрғанын да болжай алады. Өткенді  қайталау сұрақтарынан кейін сабаққа кіріспе ретінде түрлі көңіл­күйдегі смайликтерді алдым.  Көңіл­күй арқылы адамның мінезін айтуға болатынын айта кеттім. Жаңа сөздер адамның мінезін  білдіретін сын есімдерден тұрады. Сондықтан бұл жерде де мен суреттер арқылы адам мінезін  көрсететін сөздерді қолдануға тырыстым. Айтылым тапсырмасы ретінде 3­тапсырмадағы сөздермен диалог құрастыру бердім. Оқушылар бұл тапсырманы өте қызығушылықпен орындады. Кейбір  оқушылар қосымша сұрақтар қосып, диалогтарының шырайын келтірді. Диалогке қойылатын  крийтерийге сай орындауға тырысты. Белсенді оқушылар үлгерімі төмен оқушыларға көмектесіп,  қалай оқу керектігін түсіндіріп жіберді.

Разработка урока по казахскому языку "Досымның мінезі"

Разработка урока по казахскому языку "Досымның мінезі"

Разработка урока по казахскому языку "Досымның мінезі"

Разработка урока по казахскому языку "Досымның мінезі"

Разработка урока по казахскому языку "Досымның мінезі"

Разработка урока по казахскому языку "Досымның мінезі"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2017