7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қорықтары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның қорықтары туралы танымдық білімін арттыру және білетінін сөйлеу арқылы еркін жеткізу, сол білімдерін әрі қарай мәтін, сұхбат арқылы қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, табиғатты қорғауға , аялауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жоба жасау сабағы
Әдіс - тәсілдер: Саралап -деңгейлеп оқыту, проблемалық-ізденіс әдісі, коммуникативтік әдіс, сұрақ-жауап.
Жұмыс түрлері: жұптық, топтық жұмыс
Көрнекілік: Слайд- презентация, компьютермен жұмыс, фотосуреттер, тірек-сызба, коллаждар, бүктемелер.
Пәнаралық байланыс: география, статистика, әдебиет
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі: Кезекшімен сұхбат,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ Үй жұмысын тексеру.
Сен қайда тұрасың? Қазақстанда неше облыс бар?
Сен қай облыста тұрасың?
Қостанай облысы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
Қазақстанда қанша өзен , көлдер бар? Қандай ірі өзендерді білесіңдер?
Ірі көлдер қандай? Қандай таулар бар?
ІІІ Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Балалар бүгін біз сендермен қорықтар деген тақырыппен әрі қарай жұмыс жасаймыз. Қорық деген сөздің орысша аудармасы қандай? Қазақстанда неше қорық бар? Олардың аттарын білесіңдер ме? ( оқушылар атап, шығады ).
Қазақстан жерінде көптеген ерекше қорғалатын қорықтар бар. Қорықтар- табиғаттың қайталанбас сұлу көрінісі.
Ой толғау. Қорықтар неге керек? Қорық- дегеніміз не?
Оқушылардың жауабы ( Кейбір жан - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін алғашқы табиғи тіршілігін сақтап қалу үшін қорықтар қажет.)
( Оқушылардың дайындап келген слайд-презентациясын көру)
Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты- қорықтар деп атайды.
IV. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді абзацка бөліп оқу.
Мәтін мазмұны бойынша әңгімелесу. ( сұрақтар қою)
Қысқа мерзімді жобалау жұмыстарын жасау, қорғау.
V . Мұғалімнің сөзі: .Құрметті оқушылар , сіздерге қысқа мерзімді жобалау жұмысы берілді.
Жоба мақсаттары: Қазақстандағы қорықтар туралы шағын жобаларын қорғау.
1.Жұмыс әдісі: Жұптық, топтық жұмыс
2.Жұмыстың жүргізілуі
1.Қорықтар туралы кітаптар оқу.
2.Интернет мәліметтерін жинастыру. 3.Презентация. 4.Рефлексия.
І топ Ақсу-Жабағылы қорығы(1оқушы.)
ІІ топ Алматы,Алакөл қорығы(1оқушы.)
ІІІ топ Үстірт,Наурызым қорығы(1оқушы.)
Қорықтар туралы мәліметтерді талдаймыз, алдына ала үйге берілген тапсырманы тыңдап, керегін жазып аламыз, хронологиялық кестені толтыруға дайындаламыз.Оқушылардың дайындаған мәліметтерін тыңдау.
( әр жұп өз таблицаларын толтырады, бір- бірін тексереді, бағалайды)
Хронологиялық кесте толтыру .
VI. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей ( міндетті деңгей)
1.Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңдар.Өндіріс, елдерде, тіршілігінен, дамыған,құстар, табиғатын,күнде, орманы, құрметтей, аңға, жан-жануарларға, өсімдіктерді, елімізде, мемлекеттік,байлығын.
2. Қорықтардың атауларын жазыңдар.
ІІ деңгей ( мүмкіндік деңгей)
1. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойыңдар.
1. Жан-жануар... мен өсімдік... дүниесі.
2. Құс... сайрап, көбелек...ұшып,гүл... гүлдеп
тұруы үшін біз... Өз Отанымыз... табиғатын қорғауы... керек.
3.Табиғат... ар-ұжданы таза,саналы адам... ғана қорғай алады.
4.Орман... мен өсімдіктер..., жануар... мен
аң-құстар... қорғап сақтайтын қорық көп.
2. Мәтін бойынша 5-6 сұрақ құрастырыңдар.
І деңгей ( қалауы бойынша )
Диалог « қорықтар не үшін керек?»
VII. Рефлексия
5 жол өлең
( 1 топ – табиғат , 2 топ- қорық, 3 топ - құстар)
VIII . Сабақты қорытындылау .
Тест ( бір- бірін тексеру, баға қою ) таблица бойынша
IX. Үйге тапсырма
X. Бағалау .
І топ Сөзжұмбақ дайындап келіпті.
ІІ топ сұрақ-жауап .
1. Маңғыстау облысында орналасқан қорық (Үстірт)
2. «Ән салғыш құмдар»құмды төбесі бар қорық (Алматы)
3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық аты (Ақсу-Жабағылы)
4. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық(Қорғалжын)
5. Наурызым қорығы қайда орналасқан (Қостанай)
|
қ |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
қ |
о |
р |
ғ |
а |
л |
ж |
ы |
н |
|
|||||||||||||||||||||
|
р |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
А |
л |
м |
а |
т |
ы |
|
|||||||||||||||||||||||||
|
А |
қ |
с |
у |
Ж |
а |
б |
а |
ғ |
ы |
л |
ы |
|||||||||||||||||||
|
Ү |
с |
т |
і |
р |
т |
|
||||||||||||||||||||||||
|
Б |
а |
т |
ы |
с |
|
А |
л |
т |
а |
й |
|
|||||||||||||||||||
|
р |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
ІХ.Үйге тапсырма:
Х.Оқушыларды бағалау.
Қазақстанның қорықтары.
Қазақстанда Науырзым , Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын,Ақсу-Жабағылы, қорықтар бар.Қорықтардың мақсаты : табиғатты қорғау және зерттеу. Қазақстанның қорықтардағы аң-құстар еліміздің «Қызыл кітабында» енгізілген. Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы құрылған, Батыс Тянь-Шаньның солтүстігінде орналасқан.
Барсакелмес қорығы 1939 жылы ашылған.Ол Арал теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Барсакелмес қорығының мақсаты ежелгі жануарлардың түрін сақтау. Қазіргі табиғатты зерттеу. Біздің облысымызда Науырзым қорығы бар. Бұл қорық 1934 жылы құрылған.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.