Разработка уроков по самопознанию "Молдір булак – жасыл курак" (6 класс)
Оценка 4.8

Разработка уроков по самопознанию "Молдір булак – жасыл курак" (6 класс)

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
окружающий мир
6 кл
07.04.2017
Разработка уроков по самопознанию "Молдір булак – жасыл курак" (6 класс)
Өзін – өзі тану пәнінде 6 сыныпқа арналған "Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ" тақырыбы бар. Осы тақырыпты өткенде мен сабағымның жоспарын төмендегіше құрдым, сабақты бұлай жоспарлауым оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырды, оқушылар жақсы көңіл - күймен сабаққа өте ынталы, әрі ықыласты қатысты.Разработка уроков по самопознанию "Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ" (6 класс)
Айткалиева Ж.С 6 кл.docx
Өзін – өзі тану сабағының құрылымы Мектеп №53               Мерзім:                                            № 21 Мұғалім: Айтқалиева Ж.С                   Сынып: 6 ә                        Оқушылар саны: Тақырып:  Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ      Құндылық : қиянат жасамау Қасиеттер : көмектесу, табиғатты қорғау, зиян келтірмеу Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам табиғатты қорғап, оған қиянат жасамау құндылығынан  туындайтынын  кеңінен  ұғындыру. Міндеттері: Оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту; Оқушылардың табиғатты қорғап, аялау сезімдерің дамыту; Табиғатқа көмектесуге, зиян келтірмеуге, қамқорлыққа тәрбиелеу. Сабақ  барысы: Ұйымдастыру кезеңі.               5 «Т»                             Тыныштық сәті. «Орманға ойша серуен» (4­5 мин) Үй тапсырмасын тексеру. 21 – сабақ. 77 – бетті оқып келу. Ресурстар: (оқулық,  дәптер,  дәйексөздер, әндер тб.) Ескерту Неліктен біз табиғаттымейірімді дейміз? Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді?  Адамның табиғат алдындағы парызы неде? Мен үшін табиғат маңызды, өйткені... Табиғатты таза ұстау үшін біз не жасаймыз? Табиғат бізге не береді? Дәйексөз.                     «Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар.»                                                                       Ш.Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835—1865) — қазақтың ұлы ғалымы:  ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шын  аты — Мұхаммед Қанафия Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?                            (2 рет қыздарға, 2 рет ұлдарға айтқызу, барлығы қосылып айту.) Дәптерге жазғызу. Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат). Табиғат ­ ана Табиғат­ананың  Жер, Су, Ағаш, Ауа, Жаңбыр деген ұлдары болыпты. Олар өте  ақылды, мейірімді екен. Табиғат ана бір күні ұлдарын шақырып алып:  ­­Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын,­­деп уәде береді.  Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға  келіседі. Ұлдары жан­жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің  күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының бұрынғыдан да бетер  көріктене түскеніне риза болған ұлдары:  ­­Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?­­дегенде  Табиғат­ана:  ­­Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған  қайырымдылықтарыңда, деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ауа, Ағаш  аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен.  Табиғат ­Ана балаларына не айтты? Балалары аналарының көріктене түсуіне қандай көмек көрсете алды? Біз қалай табиғатқа көмек көрсете аламыз? Мен үшін табиғат .... Табиғаттың адам өміріне маңызы неде? Табиғатқа өз қарым­ қатынасыңды қалай білдіресіңдер? Шығармашылық іс – әрекет, топтық жұмыс. ­­Енді балалар осы Табиғат ананың балаларының аты бойынша бес топқа  бөлінеміз.  "Жер" тобы: "Күте білсең жер жомарт" – табиғат туралы өлең шығару. "Су" тобы: "Су бар жерде, ырыс бар" – табиғат туралы сурет салу. "Ағаш" тобы: "Ағаш ексең аялап,басыңда болар саябақ" – жұмбақ шешу. "Ауа" тобы:"Ауа­өмір тынысы" – мақал­мәтелдердің жалғасын табу "Жаңбыр" тобы:"Жаңбыр – жер ырысы"­ сөзжұмбақ құрастыру. Топпен  ән  айту.                                                          Атамекен Сөзін жазған :Қ. Мырзалиев Әні: Е. Хасанғалиев Үй тапсырмасы.  22 – сабақ. 81 – беттегі «Денсаулықтың он құпиясы»  оқып келу. «Табиғат – тал бесігім!» атты тақырыпқа эссе жазып келу.  Сабақтың соңғы  тыныштық  сәті. Кең дала көркемсің, сонау жатқан,  Өзен, су, бұлақтарын мөлдір аққан. Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен, Әне, сол анам еді мені тапқан – деп, жайланып отырып, көзімізді жұмып осы  барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. ­ Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш  әкелсін! Сау болыңыздар!

Разработка уроков по самопознанию "Молдір булак – жасыл курак" (6 класс)

Разработка уроков по самопознанию "Молдір булак – жасыл курак" (6 класс)

Разработка уроков по самопознанию "Молдір булак – жасыл курак" (6 класс)

Разработка уроков по самопознанию "Молдір булак – жасыл курак" (6 класс)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.04.2017