Разработка внеклассного занятия на тему: «Будущее Казахстана - в казахском языке» (8 класс)
Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
8 кл
14.02.2017
Сыныптан тыс жұмыс: «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі»
8 «Б» сынып .Меңдібаева Лаззат.
1-жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі әдеби кештің құрметті қонақтары, ұстаздар мен оқушылар!
Мектебіміздегі қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастырылуымен өткелі жатқан «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Халқымыздың аса бай рухани қазынасы туған ана тіліміз. Ол- мәртебесі биік қазақ тілі.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының «Тілдер күні» ретінде аталып келеді.
2-жүргізуші: Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшсе тілім менде бірге өшемін.
Тілім менің, осы тілде шежірем,
Қазақ тілі саялаған нұр-бағым,
Қазақ тілім ана тілім, ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге.
Жан сырларым, тілегім бар арманым.
Тіл арқылы адам бәрін ұғады.
Татулық та, бірлік, достық, береке,
Бәрі-бәрі осы ұғымға сияды.
1-жүргізуші: Ана тілің-арың бұл, ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!-деген Қадір Мырзалиев ағамыз.
Ана тілі- ең басты байлығымыз. Қазақ ұлтының ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. «Ана тілі- халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі болуы керек. Тіл-ұлттың жаны. Ол халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі- оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев атамыз халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Әдеби монтаж 5-сыныптың оқушылары.
Қадір Мырзалиев ағамыздың 70 жылдық мерейтойына байланысты «Ақтарылып бағайын» өлеңін Туртбаева Перизат оқиды.
2-жүргізуші: Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл- жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым, атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, еліміздің іргетасы, яғни ұлттың қуаты- тілінде. «Тәрбие басы-тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз. 11- ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Махмұд Қашқаридің есіміне қатысты.
1-жүргізуші:
Ұлт көшбасшысы ұсынған "Мәңгілік ел" идеясы - халықтар бірлігінің символына айналды. Қазақстан жұртшылығын ортақ мүддеге жұмылдырып, ұлы мұратқа жетелейді. Бұл - депутаттар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің пікірі. "Мәңгілік ел" -- бірлігі бекем, халқы тату, тірлігі табысты елдің, келешегін нығайтуға бастайтын ұлы идея. Оны іске асыру жолында, жұмыла еңбек етуден әрбір қазақстандық тартынбауы тиіс. Осындай ой-пікірлер ортаға салынған басқосуда ұлттық рухты дәріптейтін ән мен жыр да төгілді. Жиында сөз алғандар дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан халқымыз үшін ұлттық идеяның маңыздылығына тоқталды.
Би. Мың бұралған бишілер ортада, қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Ø Мәңгілік ел -ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ø Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
Ø Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
Ø Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Ø Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
Ø Ол – Мәңгілік ел идеясы.
Ø Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.
Ø Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
Ø Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.
Ø Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті.
Ø Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!
Ø «Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.
Ø Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда.
Ән. «Мерекем» Орындайтындар: Сабихан Жанар, Абдреева Әсел.
1-жүргізуші:
2015 жыл мерекелі күндерге толы. Соның бірі Қазақ хандығының құрылу уақыты 1465-1466 жылдар деп келтірілген. Осы дерекке сүйене отырып 2015 жылды Қазақ хандығының 550 жылдығы деп аталып өтті.
Атаулы күнді тойлау идеясын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы» атты №1448 бұйрығы шықты.
5 «Ә» сынып оқушылары . «Тіл-ұлт мерекесі» тақырыбында әдеби-сазды монтаж.
2-жүргізуші: Биылғы мерейтойлардың айтулысы Ата Заңының
20 жылдығы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы
30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Бірінші конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Күй «Балбырауын» Сражова Ақтоты.
1-жүргізуші: Ежелден-ақ еліміз іргелі, шежіреміз, тарихымыз ілгері. Менің тілім Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке мен Төле бидің тілдері. Қилы-қилы замандарда қара қылды қақ жарған, әділдікті, шындықты жадында ұстаған, елінің, жерінің, салт-дәстүрінің ұмытылмауын ойлаған би-шешендеріміз қаншама. Олай болса, от ауызды, орақ тілді үш жүздің билерін ортаға шақырайық.
Төле би: Атың жақсы болса, ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, жан мен тәннің шырағы. Жалғанда ойлап тұрсаң, бірлік керек. Бірлікті ойлаған соң тірлік керек. Ағайынға ала көз бола қалсаң. Аузыңнан несібеңді біреу жемек.
Қазыбек би: Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізде құт береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басынан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз. Дәм тұзды ақтай білген елміз.
Әйтеке би: Ашу деген ағын су, алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген дария, алдын тоссаң тоқырар. Аяулы, ұрпақтарымыз! Елді, жерді қорғаңдар. Досқа мейірімді болыңдар.
Ән. «Туған жер» орындайтын 10 «Ә» сынып оқушысы Мырзақабылова Ақерке. Қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Қадірменді көрермендер, қонақтар! Бүгінгі «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты әдеби кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Сау болыңыздар.Сыныптан тыс жұмыс: «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі»
8 «Б» сынып .Меңдібаева Лаззат.
1-жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі әдеби кештің құрметті қонақтары, ұстаздар мен оқушылар!
Мектебіміздегі қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастырылуымен өткелі жатқан «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Халқымыздың аса бай рухани қазынасы туған ана тіліміз. Ол- мәртебесі биік қазақ тілі.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының «Тілдер күні» ретінде аталып келеді.
Лаззат апай.docx
Сыныптан тыс жұмыс: «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі»
8 «Б» сынып .Меңдібаева Лаззат.
1жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі әдеби кештің құрметті қонақтары,
ұстаздар мен оқушылар!
Мектебіміздегі қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастырылуымен
өткелі жатқан «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты әдеби кешімізге қош
келдіңіздер!
Халқымыздың аса бай рухани қазынасы туған ана тіліміз. Ол мәртебесі
биік қазақ тілі.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылы 20 қаңтардағы
жарлығына сәйкес 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының «Тілдер күні»
ретінде аталып келеді.
2жүргізуші: Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшсе тілім менде бірге өшемін.
Тілім менің, осы тілде шежірем,
Қазақ тілі саялаған нұрбағым,
Қазақ тілім ана тілім, ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге. Жан сырларым, тілегім бар арманым.
Тіл арқылы адам бәрін ұғады.
Татулық та, бірлік, достық, береке,
Бәрібәрі осы ұғымға сияды.
1жүргізуші: Ана тіліңарың бұл, ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!деген Қадір
Мырзалиев ағамыз.
Ана тілі ең басты байлығымыз. Қазақ ұлтының ана тілі және Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі. «Ана тілі халық боп
жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіпөніп түрлене беретін, мәңгі
құламайтын бәйтерегі»,деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін
сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен
мақтаныш сезімі болуы керек. Тілұлттың жаны. Ол халықпен бірге өмір
сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
атамыз халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің
ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің
болашағы» деген болатын. Әдеби монтаж 5сыныптың оқушылары.
Қадір Мырзалиев ағамыздың 70 жылдық мерейтойына байланысты
«Ақтарылып бағайын» өлеңін Туртбаева Перизат оқиды.
2жүргізуші: Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл жеке адам ойлап тапқан
туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың
мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым, атадан балаға
мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, еліміздің іргетасы, яғни
ұлттың қуаты тілінде. «Тәрбие басытіл» деген осы күнге дейін мән
мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз. 11 ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі
Махмұд Қашқаридің есіміне қатысты.
1жүргізуші:
Ұлт көшбасшысы ұсынған "Мәңгілік ел" идеясы халықтар бірлігінің
символына айналды. Қазақстан жұртшылығын ортақ мүддеге жұмылдырып,
ұлы мұратқа жетелейді. Бұл депутаттар мен қоғамдық бірлестіктер
өкілдерінің пікірі. "Мәңгілік ел" бірлігі бекем, халқы тату, тірлігі табысты
елдің, келешегін нығайтуға бастайтын ұлы идея. Оны іске асыру жолында, жұмыла еңбек етуден әрбір қазақстандық тартынбауы тиіс. Осындай ой
пікірлер ортаға салынған басқосуда ұлттық рухты дәріптейтін ән мен жыр да
төгілді. Жиында сөз алғандар дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат
тұтқан халқымыз үшін ұлттық идеяның маңыздылығына тоқталды.
Би. Мың бұралған бишілер ортада, қарсы алыңыздар.
2жүргізуші:
Мәңгілік ел атабабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан
ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне
сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға
жетелейтін идея бар.
Ол – Мәңгілік ел идеясы.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды
тұрғыздық.
Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге
арналады.
Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті.
Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!
«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі
жол.
Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда.
Ән. «Мерекем» Орындайтындар: Сабихан Жанар, Абдреева Әсел. 1жүргізуші:
2015 жыл мерекелі күндерге толы. Соның бірі Қазақ хандығының құрылу
уақыты 14651466 жылдар деп келтірілген. Осы дерекке сүйене отырып 2015
жылды Қазақ хандығының 550 жылдығы деп аталып өтті.
Атаулы күнді тойлау идеясын Қазақстан президенті Нұрсұлтан
Назарбаев ұсынған. 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы
Үкіметінің «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау
туралы» атты №1448 бұйрығы шықты.
5 «Ә» сынып оқушылары . «Тілұлт мерекесі» тақырыбында әдебисазды
монтаж.
2жүргізуші: Биылғы мерейтойлардың айтулысы Ата Заңының
20 жылдығы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан
Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы
30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5
қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы
құжат болып табылады. Ол мемлекеттік тетік, қоғамдық, саяси институттар
ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен
азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың
негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші
конституциясы. Бірінші конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған
болатын.
Күй «Балбырауын» Сражова Ақтоты. 1жүргізуші: Ежелденақ еліміз іргелі, шежіреміз, тарихымыз ілгері. Менің
тілім Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке мен Төле бидің тілдері. Қилықилы
замандарда қара қылды қақ жарған, әділдікті, шындықты жадында ұстаған,
елінің, жерінің, салтдәстүрінің ұмытылмауын ойлаған бишешендеріміз
қаншама. Олай болса, от ауызды, орақ тілді үш жүздің билерін ортаға
шақырайық.
Төле би: Атың жақсы болса, ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, жан мен
тәннің шырағы. Жалғанда ойлап тұрсаң, бірлік керек. Бірлікті ойлаған соң
тірлік керек. Ағайынға ала көз бола қалсаң. Аузыңнан несібеңді біреу
жемек.
Қазыбек би: Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай,
жай жатқан елміз. Елімізде құт береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан
елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басынан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз. Дәм тұзды ақтай білген елміз.
Әйтеке би: Ашу деген ағын су, алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген дария,
алдын тоссаң тоқырар. Аяулы, ұрпақтарымыз! Елді, жерді қорғаңдар.
Досқа мейірімді болыңдар.
Ән. «Туған жер» орындайтын 10 «Ә» сынып оқушысы Мырзақабылова
Ақерке. Қабыл алыңыздар. 1жүргізуші: Қадірменді көрермендер, қонақтар! Бүгінгі «Мәңгілік елдің
мәңгілік тілі» атты әдеби кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға
көпкөп рахмет! Сау болыңыздар.
Разработка внеклассного занятия на тему: «Будущее Казахстана - в казахском языке» (8 класс)
Разработка внеклассного занятия на тему: «Будущее Казахстана - в казахском языке» (8 класс)
Разработка внеклассного занятия на тему: «Будущее Казахстана - в казахском языке» (8 класс)
Разработка внеклассного занятия на тему: «Будущее Казахстана - в казахском языке» (8 класс)
Разработка внеклассного занятия на тему: «Будущее Казахстана - в казахском языке» (8 класс)
Разработка внеклассного занятия на тему: «Будущее Казахстана - в казахском языке» (8 класс)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.