"Рефлексивный отчет по одному уроку из запланированной серии последовательных уроков"
Оценка 4.6
Руководства для учителя
docx
русский язык
Взрослым
20.04.2017
Мною были запланированы серии последовательных уроков по предмету русский язык в 10 классе на тему "Морфология. Имя существительное" Оспановой Ж.А.
При написании рефлексии я опиралась на Руководство для учителей, советовалась с тренером и с коллегами. В план я включила также темы "Времена глагола", "Причастие"."Рефлексивный отчет об изменениях в практике обучения и преподавания"
Өзгеріс Оспанова Жанар.docx
1топ тындаушысы №163 орта мектеп,
Оспанова Жанар Қызылорда облысы,
Алибековна Жаңақорған ауданы
орыс тлі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі
Оқыту мен оқудағы өзгерістер
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп
отырғанда ғана мұғалім, ал оқуын, ізденуін
тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады.»
К. Д. Ушинский.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген
қасиеттерімен озады» деп Абай айтқандай озық ойлы білімдар адамдар
заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді.Осындай
қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер дамулар мектептің оқыту процесіне
әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады.
Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай
жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген
білім
күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы
белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының
бірі – баланың оқыта отырып ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын
қалыптастыру,өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін мектептердегі педагог
кадрлардың кәсіби даму бағдарламасы бойынша «Тәжірибедегі рефлексия»
курсынан өттім. Курсты мектеп тренері І деңгейлі тарих пәнінің мұғалімі
Жумабекова Ляззат Жолдасқызы жүргізді.
100 сағаттық курс барысында Сындарлы оқыту теориясы
бойынша 7 модульді ықпалдастырып қысқа мерзімді жоспар
жасауды үйрендім. Мақсатым осы бағдарлама бойынша өзара
іс-әрекет арқылы оқу, оның негізгі құрамдас бөліктері арқылы
белгілі бір қиындықтарды жеңу, оқушының танымдық
қабілеттер шегіндегі
болдырмай
оқушылардың басқа оқушылармен қарым-қатынасын топтық,
жұптық жұмыс жасауға көңіл бөлу. Сабақты ұйымдастыру,
жаңа материалды меңгерту, бекіту, бағалау, қорытынды
рефлексия диалог арқылы жүзеге асты.
Мен 10 «а» сыныпта орыс тілі пәнінен бірінші сабағымды жүргізген
болатынмын. Тақырыбым: «Морфология. Имя существительное ». Мұндағы
мақсатым – Зат есім туралы бұрынғы алған білімдерін қайталау, толықтыра
білу, жаңа тақырыпқа сай мысалдарды оқушылардың өзіне айтқыза білу
оқуда кедергілерді
1 1топ тындаушысы №163 орта мектеп,
Оспанова Жанар Қызылорда облысы,
Алибековна Жаңақорған ауданы
орыс тлі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі
ақпаратты өз бетінше меңгеруге үйрену, топта бірлесе жұмыс жасай білу, сыни
ойлауға үйрену, мәселенің шешімін таба білу, зерттеушілік әңгімеге қатысып,
өз пікірін көркем жеткізе білу, АКТ қолдану арқылы ақпаратты таңдай білу.
Осыдан күтілетін нәтиже: топта сыныптастастарымен пікірлесіп, ортақ
шешімге келуге дағдыланады; өз ойларын еркін жеткізуді үйренеді; сындарлы
сөйлей білуге ынталанады; ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады; өз жұмысын
сыныптастастарының жазғанымен салыстырып, өзін өзі реттеуге үйренеді.
Сaбaғымды бaстaр aлдындa сыныптa «Мен сені көргеніме
қуаныштымын» тренингiн өткiздiм. Оқушылардың теориялық білімін тексеру
мақсатында мен
үй тапсырмасын сұрау кезеңінде «Желпеуіш» әдісін
пайдаландым.
Келесі кезеңде әр оқушыға тақырып бойынша «мағлұмат карточкалары»
таратылды. Оқушы өзі мағлұматпен танысып кейін қасында отырған оқушыға
соны түсіндіреді. Содан соң сол мағлұматпен бүкіл сыныпты аралап
түсіндіріп, әр оқушының мағлұматымен танысып шығады. Танысып болғаннан
кейін, мен оларды «пазлы» арқылы екі топқа бөлдім. Мұнда оқушылар сурет
қиындыларын құрастырып әр топ өз топ атауларын анықтайды. 1топ
«Умники», 2 – топ «Знатоки» болып бөлінеді. Келесі кезеңде оқушылар алған
мағлұматтарын флипчартқа түсіреді. Тапсырманы орындау барысында сын
тұрғысынан ойлауды дамытудың бес элементінің бірі диалог те жүріп
отырды. Келесі кезеңде ИНСЕРТ кестесін толтыру болды. Сабақты қорыта
келе рефлексия кезеңінде мен оқушыларға «Жетістік ағашы» дегенді
пайдаландым. Мұнда тақтаға талдың суретін ілдім. Сол талға әр оқушы
сабақтан алған әсерін, көңіл – күйін түстер арқылы жабыстырады.
Екінші сабағым «Времена глагола» тақырыбында өттім. Мақсатым – Етістік
туралы білімдерін қайталау, толықтыра білу, ақпаратты өз бетінше меңгеруге
үйрену, топта бірлесе жұмыс жасай білу, сыни ойлауға үйрену, мәселенің
шешімін таба білу, зерттеушілік әңгімеге қатысып, өз пікірін көркем жеткізе
білу.
Осыдан күтілетін нәтиже: өз ойларын еркін жеткізуді үйренеді; сындарлы
сөйлей білуге ынталанады; ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады; өз жұмысын
сыныптастастарының жазғанымен салыстырып, өзін өзі реттеуге үйренеді.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен бірлесіп бағалау критерилерін
жасап аламыз. Осы сабақта да «Желпеуіш» әдісі бойынша үй тапсырмасын
сұрадым. «Мағлұмат карточкалар» арқылы жаңа сабаққа әр оқушы
дайындалды. Бір біріне түсіндірді. Осылайша барлығы танысып болғаннан
кейін, топқа бөлінді. Топқа етістіктің тұрақты және тұрақсыз белгілері
арқылы бөлінді. Әр топ ойларын жинақтап, бір шешімге келіп, алған
2 1топ тындаушысы №163 орта мектеп,
Оспанова Жанар Қызылорда облысы,
Алибековна Жаңақорған ауданы
орыс тлі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі
мағлұматтарын флипчартқа түсірді. Бірініші сабақта мен жазба жұмыстарына
үлгермегендіктен осы сабақта міндетті түрде бір жаттығу жазуға мақсат
қойдым. Сондықтан сабақта жоспарлағанда СМАРТқа салып нақтылап алдым.
Соның арқасында жаттығу жазуға уақыт үнемделді. Рефлексия кезеңінде
стикерлерге оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы жазды. Бағалау
парақшалары арқылы оқушылар өздерін бағалады.
Үшінші сабақ «Причастие» тақырыбында өтті. Мақсатым Есімше туралы
білімдерін қайталау,есімшенің түрлерін ажырата білу, ақпаратты өз бетінше
меңгеруге үйрену, топта бірлесе жұмыс жасай білу, сыни ойлауға үйрену.
Осыдан күтілетін нәтиже: Етістік, есімше түрлерін тиімді пайдаланады,
сындарлы сөйлей білуге ынталанады; ойларын еркін жеткізуге тырысады.
Оқушыларды «Букет невесты» әдісі арқылы түрлі түсті шарлармен
бөлемін.Бұл сабақтада әр топтың бағалау критерилерін жасау. Үй
тапсырмасын «Миға шабуыл» әдісі арқылы пысықтаймын. Келесі тапсырма әр
топқа мәтін беріледі сол мән бойынша тапсырмалар орындайды. Тескеру
барысында әр топтың бақылаушысы парағына түсіріп балл беріп отыруды
ұмытпайды.Бұл сабақтың ерекшелігі сабақты бизнеспен байланыстырдым.
Ондағы мақсатым оқушылардың креативті ойлау дағдыларын анықтау. Әр топ
тақырыпқа сай жарнама ойластыру керек болатын. Оқушылар берілген
тапсырманы өте жақсы орындап шықты.Оқушылардың оқу, жазу дағдыларынан
басқа тыңдау дағдылары да орын алды. Сабаққа өте тартымды, қызықты болды
деген оқушылардың ойлары мені қатты қуантты.
Сөзімде қорыта келе атарым оқушылар топпен бірлесе жұмыс жасауды, бір
бірінің ойын тыңдауды үйренді. Өздеріне деген сенім пайда болды, бірінбірі
және өзінөзі бағалауды, өздерінің білім мен идеялар құруды үйренді.
Өзіме келер болсам мен осы курстан кейін жүз пайызға өзгердім десем
болады. Мен сабақ жоспарын оқушылардың қызығушылығын ескере отырып
жасауды, сабақ барысында басты рөлді оқушыларға тапсырып, өзім режиссер
ретінде тек бағытбағдар беріп отыруды, оқушылардың сыни ойлауына
арналған тапсырмаларды жоспарлауды, әрбір оқушының ойын ашық
жеткізуіне жағдай жасауды, жауабы дұрыс болмаса да ақырына дейін
тыңдауды, “дұрыс емес” деген сөзді пайдаланбауды ұстандым. Бағалау
критерийлерін әр тапсырманы орындау барысында пайдаланып, оқушыға
түсінікті етіп дайындауды, оқушылардың жетістігін
мақтапмадақтап
отыруды, формативті бағалауды үйрендім.
3 1топ тындаушысы №163 орта мектеп,
Оспанова Жанар Қызылорда облысы,
Алибековна Жаңақорған ауданы
орыс тлі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі
4
"Рефлексивный отчет по одному уроку из запланированной серии последовательных уроков"
"Рефлексивный отчет по одному уроку из запланированной серии последовательных уроков"
"Рефлексивный отчет по одному уроку из запланированной серии последовательных уроков"
"Рефлексивный отчет по одному уроку из запланированной серии последовательных уроков"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.