1.Сабақтарда оқушылардың ойлау туралы ойлануына топтық жұмыс арқылы ықпал жасауға бола ма?
2.Сыныпта топтық жұмысты қалай орнатамыз?
3.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын,білімін деңгейін қандай әдіс-тәсілдер арқылы
арттырамын? Бұл сұрақтардың орындалуына байланысты әріптестер арасында мынадай нәтиже күтемін. Оқушыларда ынтымақтастық, достық, қарым-қатынас орнайды, сыни тұрғыдан ойлай алады, бірін-бірі, өзін-өзі бағалай алады, өзін-өзі реттейді, ойын еркін жеткізе алады,оқуға деген белсенділігі көтеріліп пәнге деген қызығушылығы артады. Шығармашылық топ арасында жұмыс жасауда мен алдыма құрған жоспарыма сүйене отырып жұмыстандым.
Қыркүйек айында әріптестер арасында ОМЖ,ҚМЖ жасақтау тақырыбында коучинг сабағын өттім. Содан соң әріптестер арасында кәсіби сұхбат жасау арқылы кей әріптестер ОМЖ,ҚМЖ жасақтауды түсінді.
1.docx
Бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталғаннан кейін мұғалімдердің курстан кейін өз ұжымында
әріптестеріне қолдау көрсету мақсатындағы атқаратын жұмыстарының даму бағдарламасын тәжірибеге енгізу бойынша
рефлексивті есебі
Бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған , мұғалімдердің курстан кейін өз ұжымында
әріптестеріне қолдау көрсету мақсатындағы атқаратын жұмыстарының даму бағдарламасын тәжірибеге енгізу бойынша
рефлексивті есебі
Қазан айынан бастап мектепте «Үздіктер» топ мүшесі құрылды.Үздіктер тобындағы пән мұғалімдер төмендегілер:
Алдымен маған бекітілген топ мүшелерімен
таныстырылымнан бастауды ұйғардым. Жалпы екінші деңгей
бағдарламасының мақсат міндеттерін түсіндіре келе соның ішіндегі ең керегі тәлімгерлік пен коучингке көбірек
тоқталып, түсінік беріп өттім. Әріптестер арасында тәлімгерлік жүргізетінімді ескерттім. Содан шығармашылық топтың
атын «Үздіктер» деп қойды.
Тақырыбы: « Оқушылардың ойлау туралы ойлануына топтық жұмыс арқылы ықпал ету»
Мақсаты: Топтық жұмыс жасау арқылы оқушылардың ойлау туралы ойлауына мүмкіндік жасау
Мен төмендегі сұрақтарды басшылыққа алдым:
1.Сабақтарда оқушылардың ойлау туралы ойлануына топтық жұмыс арқылы ықпал жасауға бола ма?
2.Сыныпта топтық жұмысты қалай орнатамыз?
3.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын,білімін деңгейін қандай әдістәсілдер арқылы
арттырамын? Бұл сұрақтардың орындалуына байланысты әріптестер арасында мынадай нәтиже күтемін. Оқушыларда
ынтымақтастық, достық, қарымқатынас орнайды, сыни тұрғыдан ойлай алады, бірінбірі, өзінөзі бағалай алады, өзінөзі
реттейді, ойын еркін жеткізе алады,оқуға деген белсенділігі
көтеріліп пәнге деген қызығушылығы артады.
Шығармашылық топ арасында жұмыс жасауда мен алдыма құрған жоспарыма сүйене отырып жұмыстандым.
Қыркүйек айында әріптестер арасында ОМЖ,ҚМЖ жасақтау тақырыбында коучинг сабағын өттім. Содан соң әріптестер
арасында кәсіби сұхбат жасау арқылы кей әріптестер ОМЖ,ҚМЖ жасақтауды түсінді. Атап айтсам бастауыш пән
мұғалімі ,ағылшын тіл пән мұғалімі, биология пән мұғалім біргелесіп сабақ жоспарын жасақтап, үлгісімен таныстырдым. Дегенмен бұлар жас маман болғандықтан жоспарлау қиындау болды. Сондықтан Шеберлік сынып. Тақырыбы: "SMART
мақсат. Мақсат қоюу. Қол жеткізуге көзделетін мақсаттарды анықтау бойынша мағлұмат берілді.
Қыркүйек айында «Сын тұрғысынан ойлау» тақырыбында коучинг сабағын өтті. Алдымдағы биік белестерге
көтерілу үшін мен алдыма бірқатар мақсаттар қойдым. Мектептегі әріптестеріме топпен жұмыс жасауды үйретуді, оның
берер пайдасын қарастырып, сабақ кезеңдеріне жаңаша тәсілдердің тиімділігін . Әріптестерімді бірлесе жұмыс жасауға
шақырдым. Сол орайда коучинг туралы да хабардар еткенді дұрыс деп ойлап, оларға «Мультик о команде» бейне
фильмін көрсеттім.Талдады. Коучингтің не екендігін де айтып өттім. Бұдан әрі бағдарламаның жеті модулінің
тармақтарының міндеттерін айта келіп, солардың арасынан мұғалімдер қажеттілігіне орай «Сын тұрғысынан ойлау»
тақырыбын түсіндірдім. Себебі, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытып, мәселенің шешімін тауып, өз ойларын
еркін, ерікті түрде айтуларына көмек береді. Бұл жайында толықтай, жан жақты мәлімет ұсынып, стратегияларымен,
қалыптастырушы ғалымдарымен таныстырып өттім. Келесіде сын тұрғысынан ойлаудың алғашқы сатысы қызығушылықты
ояту кезеңін түсіндірдім. Осы бағытта тәжірибеде көрсету үшін оларға картина бердім. «Картинадан қанша бас көріп
тұрсыз?» деген сауал тастап тапсырма ұсынылды. Мағынаны тану сатысының алғашқы жұмысы Жигсоның пайдасына
арналды. «Дүниеде жамандық неден?» деген сұрақ қоюмен басталған бұл тапсырмам әріптестерге ой тастады. Олар
жамандықтың неден болу мүмкін екенін болжам жасап алған соң, мен осы болжамдарын салыстыра түсу үшін
Ы.Алтынсариннің «Дүниеде жамандық неден?» атты шағын әңгімесін оқуға бердім. Бірбірінің жұмыстарына баға беріп,
тақырыпты түсіндіру кезіндегі ұтымды жағы мен ұсыныстарын да айтып жатты. Біраз жұмыстар атқарған әріптестерімді
келесіде «Қызыл өрік» сергіту сәтімен билетіп, бойларын сергітіп алдым. Коучингтің келесі кезеңінде «Құпия сөздер»
логикалық тапсырмасын бердім. Берілген сандарда жасырылған нақыл сөздерді әліпбидің көмегімен шешіп, сөйлемнің
мағынасын ашты. Бұдан соң «бес жолды өлең» стратегиясын орындап, «Кластер» әдісінің мәнін ұғынды. Соңында
«Ақылдың алты қалпағы» әдісін ұсындым. Бұл әдіске олар өте қызығушылықпен қарады. Мағынасын түсіндіріп алған соң,
оларға «Мұғалім беделі» деген тақырыпша беріп ойлануға бағыттадым. Олар өз топтарында өзара ойлана келе, бір шешім
шығаруды үйренді. Ортаға келіп, әр қалпақ өзінің рөлін орындап шықты. Сөздері барлығының көңілінен шығып,
шынымен солай екендігіне көз жеткізіп отырды. Бәріне бұл шынымен ұнады деп ойлаймын. Сын тұрғысынан ойлаудың
соңғы сатысы ой толғаныс болса, бұл кезде әріптестеріме осы коучинг не үйренгені және қалай өткендігі, оған көзқарасы
қалай өзгергені жайында жазуды тапсырдым. Жазып болғандары тақтадағы арнайы кестеге стикерлерін орналастырды.
Жақсы көңілмен аяқтады. Сабақтан соң, үшінші деңгейлік бағдарламаны меңгерген Ұ қазақ тілі пәнінен «Түбір мен қосымша» тақырыбында
ашық сабақ өтті. Қ.қазақ әдебиетінен «Қорқыт ата мен Асан Қайғы тақырыбында ашық сабақ өтті. Мен өзім қазақ тілі
пәнінен «Лепті сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өттім. Өтілген ашық сабақтарға топ мүшелерін қатыстырдым. Соңынан
әріптестер арасында кәсіби әңгіме жүргізді.
Қазан айында «Оқыту мен оқу үдерісін бірлесіп жақсарту мақсатында Lesson Study тәсілін жүргізу»
тақырыбынды коучинг сабағын өткіздім . Алдымен әріптестердің көңілкүйін көтеруден бастауды жөн көрдім. Кейіннен
топтарға бөлініп, не себепті олай бөлінгендері жайлы айтып өтті. Қатысушылар үй тобында берілген мәтінді оқып,қонақ
тобында әріптесімен талдайды.талқылаудан кейін алған түсі бойынша тобына келіп талқылауларын айтады. Одан соң
әріптестерге теориялық түсінік жүргіздім. Lesson study әдісін түсініп,Бұл әдісте А;В;С оқушыларын нысанға ала
отырып,оқушының білім сапасын үш сабақ бойы бақылау арқылы көтеруге болатынына көздері жетеді. «Бәрі сенің
қолыңда» бейне таспаны көре отырып,мұғалімдер бала өмірінде алатын орны өте үлкен екендігін түсінеді. Ойбөлісіп
,ортада постер қорғайды . Содан соң желілік қауымдастық арасында Айтбаева Айжан екеуміз нысаналы сынып ретіде
анықталған 7сынып оқшылар арасында қазақ тілі пәні бойынша Сан есімдердің түрленуі тарауы бойынша ал математика
пәні бойынша Санды өрнектер тарауы бойынша зерттеу сабағын ұйымдастырып, өткіздік. Сабаққа енген топ мүшелері
және тағы зерттеу сабақтарын өтуді ұсынды. Әр ісшараны ұйымдастыру алдында топтың мүшелері бірбірімен келісіп,
сабақ жоспарын талқылап, ақылдасып отырды. Мүмкіндігінше белгілі бір модульге сүйене отырып сабақты жүйелі
жоспарлауға тырыстық. Мысалы, Елемесова мария әдебиеттік оқу пәні бойынша СТО элеметтерін ала отырып, АКТ,
диалогтік оқыту және түрлі модульдер кіріктіруді жөн санады және бұл мақсатты түрде сабақ барысында көрініс тапты.
Барлық өткізілген сабақтар өзінің белгіленген мерзімінде және жоспарға сай ұйымдастырылды. Аталған модульдер негізге
алынды және сабақтар барысында тиімді жетістіктерге жету нәтижесі байқалды. Әр мұғалім өзінің шеберлігін дәлелдеуге
тырысты, қатысушылардың қызығушылығын арттыруды көздеді және біздің ойымызша, өз нәтижесіне жетті.
Қараша айында «Шығармашылық тақырыпты таңдау жолы» тақырыбында коучиг сабағын өттім. Себебі
менің тобымда көбінесе жас мамандар мен үйірме жетекшілер болды, шығармашылық тақырып бойынша қалай жұмыс
жасау керек екендігін түсіне алмады. Балмұздақ әдісн қолдану арқылы әріптестердің шығармашылық тақырыптарын
негіздеуге көмегі тиді. Желтоқсан айында «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» тақырыбында коучиг сабағын
өттім.
Коучинг сабақтың мақсаты:Топтық жұмысты жүргізу арқылы әріптестердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
үшін түрлі тапсырмалар беру арқылы қалыптастыру, осы дағдыларды әріптестерімнің сабақта тиімді пайдалануына ықпал
жасау және ойлауға үйрету жолдарын түсіндіру.
Коучинг сабағыма қатысушыларды шаттық шеңберін құрып, ыстық лебізін, тілектерін бірбіріне білдіріп жағымды
психологиялық ахуал тудырдым және М.Махатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» өлеңі мен А.Байтұрсыновтың «Оқуға
шақыру» өлеңдерінің үзінділері арқылы топқа бөлінуіне ықпал жасадым.Қатысушыларға бейнежазба тамашалатып, қалай
ойтүйгендерін, қандай шешім қабылдағанын, сұрақтар қою арқылы анықтадым. Алғашқы тапсырма ретінде
топтардың алтын ережесін құруына ықпал жасадым. Топтар берілген тапсырманы орындап, постерге салып,
топтың бір мүшесі постерді қорғады.
Қатысушыларға сұрақтар қою арқылы топтық тапсырма бердім . «Жас ерекшелігіне сай оқыту» деген не? Өз
сабақтарыңызда қалай қолданасыз? Сұрағы арқылы түсініктерін флипчартқа жазуды тапсырдым.Келесі кезекте мен
қатысушылардың бағдарлама жайында және жас ерекшелікке сәйкес оқыту модулі бойынша мәліметтер беру үшін АКТ
мүмкіндіктерін пайдалана отырып ақпарлама жасадым. Жаңа мәліметтерге қанық болған қатысушылар өз ойын ашық
білдірді.
Келесі тапсырма топтарға ортақ «Рахмет анашым» бейнематериал тамашалаттым. Осы бейнематериалды
пайдаланып бірінші топқа ақпарламада айтылып өткен «Эфизоттық жады мен семантикалық жады» жайында, ал келесі
топ «Рәсімдік жады мен Семантикалық жады» жайында топпен ұйымдаса отырып, талдапталқылап ортақ пікірлерін
постерге салуын және топ мүшелерінің өз постерлерін қорғауды тапсырдым. Бұл тапсырманы беруде мен
қатысушылардың сыни ойлауына ықпал жасап, тың мәліметті қаншалықты дәрежеде түсінгендігін анықтау және ойын
ерекше жеткізуіне мүмкіндік бергім келді.
Осы тапсырмалардан кейін интербелсенді тақтаны пайдалана отырып сергіту сәтін ұйымдастырдым.
Келесі тапсырманы «Көршіңе хабарла» деп алдым. Әр топтан бірбір қатысушыны сыртқа шығарып топтын қалған
мүшелеріне қызықты әнгіме бастауына ықпал жасадым. Сырттағы қатысушыларды кезекпен шақыртып әнгімені бірбіріне жеткізуін өтіндім. Ал соңғы қатысушы әнгімені ары қарай жалғастыруы тиіс болатын. Бұдан әрбір әріптесімнің есте
сақтау қабілетінің, жеткізу мәнерінің әр түрлі екендігіне көз жеткіздім.Келесіде әріптестерімнің геометриялық
фигураларды таңдату арқылы психологиялық мінездеме беріп өттім. Бұл мінездеменің сәйкес келіп жатқан тұстарын бір
біріне айтып мақұлдап отырды.
Коучинг соңында әріптестеріме тілектер жазылған конфеттер тараттым. Әрқайсысы өзіне түскен тілектерді оқып
шаттанып қалды. Сабақтан алған әсерін «екі жұлдыз, бір тілек» атты бағалауды пайдалана отырып жазбаша кері байланыс
ретінде стикерлерге жазып қалдырып кетті. Бұл менің келесі коучингімді жоспарлауға өз септігін тигізеді. Б есімді
әріптесім сабақтан мәлімет алғанымен қатар көңіл күйді жадырап қалғанын, бойындағы барлық шаршаудан
арылғандығын жеткізді. Енді бірі сабаққа қалай қолдануға болатыны жөнінде тереңірек мағлұмат алғысы келетіндігін
жеткізді. Әріптестерімнің бұл әрекеті менің зерттеу жұмысыма шабыт сыилады.
Бұл коучинг сабағымдағы барлық тапсырмалар сәтті болды дей алмаймын. Сабаққа қатысушылар өздерін еркін және
белсенді қатыса білді, тапсырма орындауда қызығушылықтары жоғары екендігін көрсете білді.Дегенмен, менің әлі де
коуч қызмет жүргізу барысында жетілдіретін тұстарым бар екендігін де анықтай алдым, коучинг сабақтың өз уақытынан
кешікпей бастауды, тапсырма орындауда уақытты үнемдеуге, регламент сақтауға дағдыландыруымды жетілдіру
Тақырыпққа жақсы түсінді деген ой түйдім. Нәтижесінде әріптестермен кәсіби сұхбат жасау арқылы қажетіліктерін
анықтап отырдым.
Жоспарланған ісшараларды топ арасында біргелесіп атқарып келеміз.Шығармашылық тобының отырысында 1
жартыжылдық қорытынды бойынша әрбір пән мұғалімі өз жұмыстарының жетістігі мен кездескен олқылықтары жайлы ой
бөлістік.Жалпы 79 сынып оқушыларының білім сапасы төмен екендігі анықталды.
Қаңтар айында «Дилогтык оқыту» тақырыбында коучинг сабағы.
Коучинг сабақтың мақсаты: Мұғалімдерге диалогтің білім берудегі тиімді тәсіл екендігін түсіндіру.
Диалогтік тәсілдердің түрлерімен таныстыру және тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағытбағдар беру.
Тапсырмаларды орындамас бұрын, АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып қатысушыларға «Пингвиндер» бейне ролигін
тамашалаттым, бұл ролигтен нені санасына түйгендерін анықтағым келіп сұрақтар қойдым. Әріптестерім өз ойларын
ашық жеткізіп, сонымен қатар бірлік, ынтымақ, топтық тақырыптары аясында мақалмәтелдер айта кетті. Мен бұл арқылы қатысушылардың топпен жұмыс жасаудың тиімді екендігіне көздерін жеткізе алдым. Сонымен әріптестеріме жыл
мезгілдерін бейнелейтін сөздер жазылған кеспеқағаздарды таңдатып «Қыс», «Жаз», «Күз» деп аталатын топтарға
бөлінуіне ықпал жасадым. Жаңа топ құраған әріптестеріме топтар бірбіріне сәттілік тілеуін айттым. Сонымен қатар
алғашқы коучинг сабағымда құрған топ ережесін еске түсіре кеттім. Алғашқы тапсырма ретінде топтардың топтарға
диалогта тұрған бірнеше адамдардың суреттерін бердім және осы суретке қарап диалог құратындарын түсіндірдім.
Келесі кезекте қатысушыларға «Тіл оқыту мен оқуда негізгі рөл атқарады» жоғарыдағы пайымдаумен сіз қаншалықты
келісесіз? Деп аталатын бірнеше сұрақтар тізімі бар кестелі флипчарт ұсындым. Әріптестерім өз ойларын қорыта келе
кестені толтырып ойын ашық жеткізіп, өз жұмыстарын қорғады. Осы тапсырмалардан кейін қатысушылардың көңіл күйін
жақсарту мақсатында «Арам – зам, зам» биінің желісімен сергіту сәтін ұйымдастырдым. Қатысушалар бірібіріне «ой,
бұның жақсы екен ғой!» деп арқажарқа болып күліп те алды. Көңілдері сергіп қалған қатысушылар келесі қандай
тапсырма екендігін білгісі келіп тұрғандай болды. Оларды көп күттірмей келесі тапсырмаға назарын аудардым.
Қатысушыларға «Екі егіз баланың, бастық пен қол астындағы жұмысш » бейне жазбадан диалогтарын көрсеттім. Бейне
жазбаны талқылау барысында бір әріптесімнің «Балдар бірбірімен дебат жүргізіп тұрғандай көрінді» деген пікір білдірді.
Барлығы өз ойын жеткізген соң әріптестеріме бұл жерде әнгіменің түрленіп келтірілгенін жеткіздім. Әріптесім
айтқанындай екі баланың бейнесінде әнгімедебат бейнеленгенін, сонымен қатар кумулятивті әнгіме, зерттеушілік әнгіме
жайында мәлімет бере кеттім.
Келесі тапсырмада әріптестерімнің рөлдерге түсіру мақсатында «Партиот мұғалім» , «Амалсыз жүрген
мұғалім» және «Ақша үшін жүрген мұғалім» деп жазылған кеспе қағаздарды таңдаттым және оны рөлдерге еніп шынайы
диалог құруын тапсырдым. Әр топ өз тапсырмаларын бірлесе отырып рөлдерге еніп, диалог құрды. Тамашалап отырған
топтар арқажарқа болып бір күліп алды. Тапсырма соңында оқушыларды да осылай рөлдерге диалог жасатуға
болатындығын түсінгендей болды.
Келесі кезекте мен қатысушылардың бағдарлама жайында мәліметтер беру үшін АКТ мүмкіндіктерін пайдалана
отырып ақпарлама жасадым. Біраз мәліметтерге қанық болған қатысушылар өз ойын білдірді. Әр топтан өз жұмысын
қорғаған қатысушылардан құнды пікірлер айтылды. Коучинг соңында «Диалогті оқыту» туралы АКТ мүмкіндіктерін
пайдалана отырып ақпарлама жасадым.
Коучингтен алған әсерін Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» пайдалана отырып ауызша кері байланысын
жасаттым. Барлық қатысушылар өз қалпақтарының қызметтерін дұрыс түсіне отырып, атқарып шықты. Дегенмен осы тұста қара қалпақ егесі шын мәнінде сабақтан керемет әсер алғанын баяндай отырып, кері пікір айтуға қиналғандығын
байқатты.
Нәтижесінде бастауыш пән мұғалімі 1сынып оқушылар арасында оқушылардың сөйлеу мәдениетін жақсарту
мақсатында ашық сабақ өтті.Сабаққа енген әріптестер жақсы деген баға берді.
Ақпан айында үйде оқитын оқушылардың атааналар арасында «Инклюзивті оқыту» тақырыбында коучинг
сабағын өттім. Өтілген коучинг сабағын уйде оқитын оқушылардың атаанасы және сабақ беретін пән мұғалімдер
арасында өттім. Сабақты бастамас алдын «Кім жылдам» тренингін өткіздім. Әріптестер екі қолын арқасына ұстап, бір
аяқтап түрып, ақ парақты аузының көмегімен алды. Кейіннен «Бұл ойында нені түсіндіңіз ?»деген сауал қойдым. Атаана
бірден түсініп сабақтың тақырыбын ашта. Он екі мүшеміз толық болмаса да әрекет жасасақ барлық мүмкіндігіміз бар екен
деп өз ойын айтты. Өтілген коучиг сабақта сәтсіз тұстары кездесті. 2сыныпта оқитын оқушының атаанасы баланы тек
қана шектеулі деген ойда болды. Кейіннен мен «Балет» видиоролигін көрсету арқылы ойын өзгертуге мүмкіндік жасауға
тырыстым. Кейіннен атаана баланың барлық жұмыс жасауға мүмкіндігі бар екендігін түсінгендей болды.
Наурыз айында “Оқыту мен оқу сапасын арттыруда қалыптастырушы бағалаудың рөлі” тақырыбында
коучинг сабағын өттім.
Бұл тақырыпты таңдап алуыма мұғалімдердің алған сауалнама себеп болды. Ол сауалнамада: « Қазіргі қолданып жүрген
бағалау түрі оқушының сабаққа мотивациясын көтере ала ма? Баға дегеніміз не, бағалау дегеніміз не, қазіргі қолданып
жүрген бес балдық жүйе заманға сай білім жүйесін қанағаттыра ала ма?» т.б. Әріптестерім көбінде ашық сабақтарда ғана
қалыптастырушы бағалауды қолданып, басқа кезде қолдануға көп тырыспайтын. Себебі оларда осы бағалау бойынша
білімдері жеткіліксіз болды, оқуды мен оқу үшін бағалаудың бұл түрі маңызды екеніне аса көп мән берген жоқ.
Оқу үшін бағалау мектеп үшін маңызды. Себебі бүгінгі таңда мектеп алдында тұрған негізгі мәселе оқушылардың білім
сапасын көтеру. Ал осы проблеманы шешу жолдарының бірі баға және бағалау арқылы оқушылардың оқуға деген
ынтасын, қызығушылығын арттыру
1тапсырма бойынша мұғалімдер коучинг бойынша алған білімдерін, өзөздерін бағалап отырды. 2 тапсырма бойынша үйдің суретін салғызып, одан кейін берілген критерий бойынша өзінөзі бағалады. Бұл жұмыс
сәтті болды, оларға өзінөзі бағалау түрін қолдануға түрткі болды. Одан соң әріптестерге тақырып түсінікті болу үшін
слайдтар бойынша формативті бағалау жөнінде түсінік бердім.Тақырып бойынша мұғалімдердің теориялық білімін
кеңейту мақсатында қолайлы болды.
4 тапсырмада «Бағдаршам» тәсілін түсіндіріп, мұғалімдердің теорияны меңгергені туралы осы әдіс арқылы анықтадым.
Мұғалімдер стикердің біреуін көтереді, қызыл түсі түсінбедім, сары түс әлі сұрақтарым бар , жасыл түсі маған бәрі
түсінікті. Бұл әдіс сәтті болды, себебі әріптестерім бұл әдіс арқылы да оқушылардың түсіну деңгейін анықтауға болады
деген ойға келді.
5тапсырмада мұғалімдердің басбармақтың көрсету арқылы ұғу деңгейін анықтау еді. Басбармақ жоғарыға қарай мен
түсінемін, басбармақ көлденең мен түсінгендеймін, басбармақ төмен қарай мен түсінбедім. Бұл сәтте басбармақ төмен
қарай –мен түсінбедім деген әріптестер де кездесті. Себебі әбден бес балдық бағаны қолданған әріптестер, бірден
меңгеру ауыр соқты.
6тапсырма бойынша «Түймедақ» әдісі: өзінөзі бағалау үшін. Мұғалімдер түймедақ суретін салып, сабақтың әр кезеңінде
гүлдің күлтелерін әр түрлі түспен бояп отырды, өздеріне қойған бағаларына байланысты: қызыл«5», көк«4», сары«3».
Гүлдің ортасына түстің басымдылығына байланысты ортақ баға қойылады. Мұғалімдер өзөздерін бағалап отырады.
Мақсаты: өзінөзі бағалауға үйрету еді.Бұл сәтте әріптестер бағалаудың түрін жетік меңгере бастады.Өздеріне бағаны не
үшін қойып отырғандарын түсініп отырды.
7тапсырма бойынша «Дейінкейін» стратегиясы. Коучингсессияға қатысқан мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті
болғанын анықтау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанасын толтыруды сұрадым.
Әріптестерге үйрете отырып,байқағаным әлі де болса жетілдіретін тұстарым бар екендігін түсіндім.Содан «Үйрете жүріп
үйренетініме»
көз жеткіздім. 8тапсырма бойынша SWOT анализ бойынша талдау жұмыстарын жүргізді. Бір бетті төрт бөлікке бөліп,
қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың мықты, әлсіз жақтарын, мүмкіндіктер мен кедергілерді жазды, топта
талқылады.Талқылау сәтінде әріптестер мықты және мүмкіндіктер жақтарын жақсы екендігін, ал әлсіз және кедергілер
жақтарына көбірек ой салды. 9. Рефлексия: 1. Бүгінгі дәріс жайлы не айтасыздар?
2. Алған материал тәжірибеңізге пайдалы деп ойлайсыз ба?
3. Не үйрендіңіз? Стикерлерге өз пікірлерін жазды.
Әріптестердің берген кері байланысына қарап,кері байланыстың қаншалықты тиімді екеніне көз жеткізе білдім.
Нәтижесінде бастауыш пән мұғалімі әдебиеттік оқу сабағынан ашық сабақ өтті. Сабаққа жақсы деген баға берді.
Сәуір айының он тоғызы күні орыс тілі мен қазақ тілі пәндері бойынша Сөз тіркесі, сөз тіркесінің түрлері, фразеология
тақырыбында ортаңға сыныптарда сабақтағы ісәрекетті зерттеу «LessonStudy» бойынша сабақ өттік. Сабаққа топ
мүшелері толық қатысты. 7сынып оқушыларының алдыңғы сабаққа қарағанда ілгерлеушілік бар екендігін қуана айтты.
Рефлексивтік есеп
Рефлексивтік есеп
Рефлексивтік есеп
Рефлексивтік есеп
Рефлексивтік есеп
Рефлексивтік есеп
Рефлексивтік есеп
Рефлексивтік есеп
Рефлексивтік есеп
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.