Рефлексивтік есеп
Оценка 4.8

Рефлексивтік есеп

Оценка 4.8
Документация
docx
администрации
Взрослым
07.01.2019
Рефлексивтік есеп
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат. (К.Д.Ушинский) Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады (МАН). ХХІ ғасырда қызмет жасап отырғандықтан, заманымызға сай жаңа талаптар, жаңа өзгерістер, жаңа ойлар туындауда. Осы тұста Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсына, өз білімімді шыңдау мен қоса жетілдіру мақсатында келдім. Үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалімнің жемісі сапалы өтілген сабақ. Соның ішінде сыныптағы диалогтік әңгімені дамыта отырып, балаға қалай оқу керектігін үйретумен мен мектептегі тәжірибемді бастадым. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер – көздеген мақсатыма жету үшін оңтайлы деп қабылдадым. Себебі балалар бір-бірімен диалогтік әңгіме құра отырып, еркін ой бөліседі. Баланың санасында қате айтып, мұғалімнен ескерту алып қалам деген қорқыныш болмайды. Тақырып қаншалықты күрделі болып көрінгенмен, қабілеті әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өз ойларын білдіруіне мүмкіндік болады.
сто.docx
Оқушылардың  білім  алғандығының  дәлелдемелері  қамтылған   тізбектелген  сабақтар  топтамасына  Бағдарламаның  «Сыни тұрғыдан ойлау»  модулі  қалай  және неге енгізілгені  туралы бір  рефлексивті  есеп   Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.                                     (К.Д.Ушинский)    Егер  мұғалім  мен  оқушының   білім  игеруді  бастау  нүктесі  өзара үйлеспейтін  болса,  онда оқуда  табысқа  жету күмәнді  болады (МАН).    ХХІ  ғасырда қызмет  жасап  отырғандықтан,  заманымызға  сай  жаңа талаптар, жаңа   өзгерістер, жаңа   ойлар   туындауда. Осы   тұста   Қазақстан Республикасының  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курсына, өз   білімімді   шыңдау   мен   қоса   жетілдіру   мақсатында   келдім. Үздіксіз ізденіс  үстіндегі  мұғалімнің  жемісі  сапалы  өтілген  сабақ.     Соның ішінде сыныптағы  диалогтік  әңгімені дамыта  отырып, балаға қалай оқу керектігін үйретумен мен мектептегі тәжірибемді бастадым. Оқыту мен   оқудағы   жаңа   тәсілдер   –   көздеген   мақсатыма   жету   үшін   оңтайлы   деп қабылдадым. Себебі балалар бір­бірімен диалогтік әңгіме құра отырып, еркін ой бөліседі. Баланың санасында қате айтып, мұғалімнен ескерту алып қалам деген қорқыныш болмайды. Тақырып қаншалықты күрделі болып көрінгенмен, қабілеті   әр   түрлі  деңгейдегі   оқушылардың   өз  ойларын  білдіруіне   мүмкіндік болады.   Балалар   қасындағы   достарының   әрқайсысында   түрлі   идеялар болатындығына көз жеткізе алады. Әр оқушы өз пікірін дәлелдеп үйренеді және өзімнің   оқушылардың   қандай   деңгейге   көтерілгенін   бақылап   отыруыма мүмкіндік   туады.   Пажарес   (1992)   Білім   беру   сызбаларында   [МАН,   7­бет] көрсетілгендей,   жаңа   теориялықтың   білім   көңілге   сенім   ұялатып,   оқу   мен оқытуда жаңа көзқарас туғызды. Нәтижеге бағытталған шешім қабылдап, іс­ әрекетімді жоспарладым. Тізбектелген  сабақтар  топтамасы  бойынша  іс­тәжірибе  кезінде   ана тілі пәнінен  төмендегідей  тақырыптарды  сабақтар  топтамасына  енгіздім Т. Жароковтың  «Ауыл күзі»  өлеңі. И. Бази «Жеміс бағында» әңгімесі. Ә. Табылды «Күздің кереметі» әңгімесі. Е. Салықов «Күзгі орманның көріністері» әңгімесі. 1. 2. 3. 4. Тізбектелген       сабақтар     топтамасын     басшылыққа     ала     отырып, бағдарламаның     мақсат,   міндеттерін     және     негізгі     қағидаларын,   жеті модульдермен  жұмыс  жасадым.   Модульдердің жетеуі де оқу барысында бір­бірін толықтыра отырып, үйлесімді   байланыста   болады.   Соның   ішінде   сыныптағы   диалогтік   әңгімені дамыта   отырып,   балаға   қалай   оқу   керектігін   үйретумен   мен   мектептегі тәжірибемді   бастадым.   Оқыту   мен   оқудағы   жаңа   тәсілдер   –   көздеген мақсатыма жету үшін оңтайлы деп қабылдадым. Себебі балалар  бір­бірімен диалогтік   әңгіме   құра   отырып,   еркін   ой   бөліседі.   Тиімді     де     орынды пайдаланса  жаңа  технология  сапалы білім  негізі болатынына көз  жеткіздім. 1 Топпен,   жұппен   және     жекелеп    жұмыс   істеу   әдістері     оқушылардың білгенін  бөлісу,  білмегенін өз сыныптастарынан  алуға  мүмкіндік  береді.     Барнс модуліне оқытудың  мұғалімге  селқос  тыңдағанда  ғана  емес, вербалды  құралдарды  қолдану  нәтижесінде, яғни  сөйлесу, дәлелдеу, талдау барысында   жүзеге   асатынын   көрсетті. Ал Мерсер мен Ходжкинсон (2008) зерттеулері   Барнстың   ертеректегі   жұмысына   негізделе   құрылып,   оқыту барысында  диалог  атқаратын  негізгі  ролге  көңіл  аударуды  мақсат  етті. Диалог   барысында   оқушылар   мен мұғалімдер   келісілген   нәтижеге   жету үшін  күш­ жігерін  жұмсайтын  және  Мерсер (2000)  сипаттағандай, білімді бірлесіп  алуда  немесе  «пікір  алмасу»  барысында  тең  құқылы  серіктестер болып   табылады.   Пікір   алмасу   оқушылармен   диалог   құру   арқылы   іске асады. (1. 40бет).  Мерсер  мен Литлон (2007)  өз еңбектерінде  диалог  сабақта оқушылардың  қызығушылығын  арттырумен  қатар,  олардың  білім  деңгейінің өсуіне   үлес  қосатынын  атап  көрсетті. Диалог арқылы  бала  айналасындағы дүниемен танысады, өмірде  болып  жатқан  жаңалықтардан  хабардар  болып, алдына   қойған     мақсатқа     жетуге     талпынады.   Мен     бұрынғы   дәстүрлі сабағымда   оқушыларды   әңгімелесуіне   жол   бермей,   баланың   ойын   ашық жеткізуін  шектеп  келгенімді  осы  курсты  оқу  барысында  байқадым.  Өткен сабақтарымда «диалогты»  оқыту  барысында   оқушыларымның  сабаққа деген ынтасы  қалай  болар  екен деген  ой туындады. Әрбір  сабағымда  диалогты оқыту     әдіс­тәсіліне     көп     көңіл     бөліп     отырдым.   Бастауыш   сынып болғандықтан  өз ойларын  ашық, еркін айтуға, сабақ  үстінде   сұраққа  толық жауап   беруге   үйретіп   отырдым. Кембридж   бағдарламасы   бойынша   жеті модульмен     сабақты     жүйелі     түрде     өту   тиімді.   Бұл     модульдің     мені қызықтырғаны   бала өзі   ізденіп, өзі   жұмыс   жасауы, ойын дәлелдей алуы, топты өзін­өзі   бағалай   алуы. Балалар алғашқы   кезде тек тыңдаушы ғана болса, енді ізденуші, ойлаушы, дәлелдеуші,  зерттеуші  бола  білді. Ал  мұғалім бағыт  бағдар беруші және ұйымдастырушы.    Осы   тізбектелген   сабақтар   топтамасындағы   тақырыптардың   ішінде бірінші   сабағым   Т.   Жароковтың     «Ауыл   күзі»       тақырыбына     кеңінен тоқталдым. Сабақты  бастамас  бұрын   топ  ережесін құрдық. Осы құрған  ережеге бағыну     керек   екенін     түсіндірдім.   Барлық     сабақтарымда       ең     алдымен жағымды     мақсатпен ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастырып,  оқушылар  бір­біріне  жақсы   санадым.   Осы     дұрыс   деп     ахуал     тудыруды     2 сөздер,   тілектер     айтты.   «Не   ортақ»   ойыны   арқылы   топқа   бөлдім.   Үй тапсырмасын     осы     «Ментальды   карта»   әдісімен   алдыңғы   бөлімге   шолу жасадық. Олар берілген  сұрақтарға жауап  беріп отырды.  1. Адамдық борышың өлеңінің авторы кім? 2.  Өлеңдегі  қызыл   түспен  жазылған  сөздерді  теріп оқы. Осы  сөздерге сүйеніп, ақын нені өсиет ететінін айт? 3. Көкшіл түспен жазылған сөздерді теріп оқы. Осы сөздерге қарама – қарсы мағыналы тіркесті сөздерді ата? 4. Ашық жасыл түспен жазылған сөздерге мағынасы жуық тіркестер айт? деген   сұрақтарға   ынтымақтаса   жауап   беріп, дұрыс   жауап беріп   отырған топқа  қошемет  көрсетіп  өзара  бір­бірін бағалап  отырды.  Толықтыру   керек   кезде «Көмек көрсете   аласыңдарма?»   деп   сұрап қайта   бағыттап   отырдым. Оқушыларды «Қызыл өрікке » билетіп   сергіту сәтін жүргізіп  алдым. Жаңа  сабақтың  тақырыбын ашқан  кезде  оқушыларға сыни  тұрғысынан  ойлата отырып  миға  шабуыл  жасау арқылы  сөзжұмбақ, ребус   шешуді   тапсырдым. Алайда, сыни   тұрғыдан   ойлаудың   негіздерін кішкентай   балалармен   жұмыс   барысында,   білім   берудің   ерте   кезеңінен дамытуға болады. Онда  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығын  оятып, олардың     сыни     тұрғыдан     ойлау     дағдыларын     дамыту     үшін     қолдануға болатынын    байқадым.Оқушылар ребус, сөзжұмбақ   шешу     кезінде де бір­ бірімен   диалогтік   қарым­қатынаста   болды. АКТ­ ны   пайдалана   отырып, интерактивті     тақтадан   өлеңнің     авторы   Т.   Жароковтың   суретін     көрсете отырып,  бүгінгі сабақтың  мазмұнына  толық ашуын оқушыларға тапсырдым. Бағыттау ретінде мына  сұрақтарды  қойып отырдым.  1. Т. Жароков  кім?    2. Қай  жерде  дүниеге келген? 3. Жыл  мезгілдеріне  байланыста  тағы  қандай  өлеңдерін  білесіңдер? Бұл  сұрақтарға  оқушылар  топпен  ынтымақтаса  жауап беріп  отырды. Әр   топқа   «Күз»   өлеңінің төрт шумағын   төрт   топқа бір шумақтан бөліп бердім. Әр топ бір шумақ   қалған екі топқа екі шумақ өлеңді жатқа   айтуын тапсырдым.   Әр   топқа     постер   тарқатып     беріп:   «Кластер»әдісі   бойынша топтарға  тапсырма  бердім. І­топқа «Алтын күз». ІІ­топқа «Сұрша бұлт». ІІІ­ топқа «Мектеп», ІҮ­топқа «Күзгі еңбек» өз топтарының атын постерге салып қорғап   беруді   тапсырдым.   «Жүреміз,   ойланамыз»   әдісі     бойынша   топқа кластерлерін   алмастырып,   түсіндіру   тапсырылды.   І­топқа   постерге   жаңа сабақты   қорытындылау   үшін   кластер   құрастырды.   Топтар   кластерді   сағат 3 тілімен   алмастырып,   сыныпқа     жариялап   қорғады.   Нәтижесінде   жас ерекшеліктеріне  сай  күз  жайлы  білетіндерін  жазды, өлеңдерімен  танысты. ІІ­  топ   күз бойынша оқыған   өлеңдерін   естеріне   түсіру мақсатында эссе жазуға   нұсқау   берілді.   ІІІ­топ     «Күз»   сөзіне   ассоциация   құрғыздым.Сол бойынша әр  топтан бір   оқушы  қорғап  берді.  ІҮ­ топ  бүгінгі өткен «Күзге» байланысты бес жолды өлең құрастыру тапсырылды. Сабақты  қорытындылау барысында   әр     топқа     тапсырма     беріп   «Венн   диаграммасы»     арқылы орындаттым.  І  ­ІІ  топқа   күз   бен   қысты     салыстырса,   ІІІ  ­ІҮ   топ      жаз   бен көктемді  салыстырады. Онда  әр топтан бір оқушы шығып жыл  мезгілдерінің айырмашылықтары   мен     тапсырдым.   Топтағы оқушылар     бірлесе,   ынтымақтаса     жұмыс     жасады.   Оқушылардың   істеген жұмыстарын  салыстыра  отырып, жақсы  нәтиже  көрсеткен  оқушылар  мен енді     қосылып     жатқан     оқушылардың     жұмыстарын     байқай     отырып бағаладым.   ұқсастықтарын   табуын   Оқушылар   сабақ   барысында     формативті   түрде   «бағдаршам»   түстері арқылы  бағалады. Жиынтық  бағаны өзім қойып отырдым.   Екінші сабағым: Ж. Базидың «Жеміс бағында» тақырыбында болды. Ынтымақтастық     атмосферасын   қалыптастыруда   жеміс   ағаштарының суреттерін құрастыру арқылы топқа  бөлінеді. «Жақсы     сөз     жанды     жадыратады»,­   демекші,   біз   бүгін   бір­біріміге мақтау айтайық. Оқушыларды  «мозайка» әдісі арқылы топқа бөлдім.  Үй тапсырмасын қорытындылауда «Кубизм»   тәсілімен «Бәйге» ойына арқылы     сұрақтар   бердім.  Оқушылар   берілген   тапсырма   бойынша   орын алмаса  отырып,  тапсырманы  бір­біріне  түсіндірді.   Ол  сұрақтар  оқушыны  сыни  тұрғыдан  ойлануға  жетелейтін; «Диалог деген    не?    Диалог     қандай    жерлерде    қолданылады?    Сөйлеудің     диалог түрінде    қандай    тыныс     белгілер     қойылады?»   деген    сұрақтар     қойдым. Оқушылар  сыни  тұрғыдан  ойлана  отырып: «Диалог  екі  адамның кезектесіп сөйлесуі. Диалог    ауызекі   сөйлескенде   және  бір ­ біріне  сұрақтар қойып, жауап бергенде және жазғанда   әр   адамның   сөзі жаңа   жолдан   басталып жазылып,  алдына  сызықша  қойылады» деп  жауап  берді. Оқушыларға  тек нұсқау  бере  отырып,  еркін  жауап  беруіне бір­біріне  түсіндіруіне  жағдай жасап     отырдым.   Сонымен   қатар   Выготский   атап   көрсеткендей,   когнитивті дамудың,   оқушылар   өздерінің     ЖАДА   жұмыс   істесе,   жақсаратындығын ескердім. ЖАДА оқушылар дамытатын дағды мен қабілеттер, өз беттерімен жасай   алмайтын   тапсырмалар   көлемін   айқындап   қана   қоймай,   олардың талантты­дарынды балалармен диалог жүргізе отырып машықтануын көздедім. Оқушыларға   сергіту сәтін жасаттым.  Екінші сабағымның тақырыбын ашуда «Венн диаграммасы»  ...... дәлелдеме 4 арқылы   «Алтын   күз»   және   «Жеміс   бағында»   тақырыптарының айырмашылықтары   мен   ұқсастықтарын   тауып   беруге   нұсқаулық   бердім. Оқулықпен жұмыс барысында «ДЖИГСО» әдісі бойынша ұжымдық, топтық, жұптық оқу берілді. Оқушылар бірінші жұпта, сосын ұжымда талқылады. Бұл жағдайда   әрбір   оқушы   бір   сәт   өзін   мұғалім   ретінде   сезінеді,   оқуға   деген жауапкершілігі артады.  Сабағымда оқушылардан  байқағаным  сыныптағы  диалогты  оқытудың пайдасының     зор     екенін     байқадым.     Барнс   (1971)   сыныпта     қаншалықты қолданылса,  оқушылардың  оқуына  соншалықты  әсер  ететінін  айтады. Барнс оқытудың  мұғалімді  селқос  тыңдағанда  ғана  емес,  вербалды  құралдарды қолдану   нәтижесінде сөйлесу, талдау жасау, дәлелдеу   барысында   жүзеге асатынын  көрсетті. (МАН).      Жаңа   сабақтың   авторымен, мәтінімен   танысып,   ойларын   ортаға салды. Бұл   жерде   мен «Сағат»   әдісін қолдандым. Оқушылар сағат 12­де орнында  отырып оқулықпен жұмыс жасайды. Сағат 3­те достарымен кездесіп, өз ойларын бір­біріне түсіндіреді. Сағат 6­да үштік  жұп құрайды.   Бұл сабақта диалогтік  оқыту болды. Оқушылар бір­бірімен диалогты  қатынаста болды. «Топтастыру» әдісі  бойынша  сабақты  қорытындыладым. Оқушыларды смайликтер арқылы  бағалап,  жиынтық  бағаны  өзім  шығарып  отырдым.       Үшінші сабағым: Ә. Табылдының «Күздің кереметі»  тақырыбында болды. Бұл  сабағымды  «Блум»  таксономиясына  негіздеп жоспарладым. Бұл сабақта оқушыларды түрлі түсті жапырақтармен  топқа  бөліп, ынтымақтастық атмосферасын   қалыптастырдым.   Шаттық     шеңбер     жасап   бір­біріне  жақсы сөздерін  айтты.  Үй     тасырмасын     пысықтау     мақсатында   «Кубизм»   әдісі   арылы   кері байланыс жасай отырып, үй тапсырмасын пысықтадым. «Күн шуағы» кластер арқылы жаңа тақырыпқа бағыттадым. Сабақ барысында оқушылардың тақырып 5 туралы   білімінің   қандай   дәрежеде   екенін   білу   үшін   дәптерлеріне   дөңгелек пішінде күн көзін салдырып, сұрақтарын жаздырдым.  1. Мәтіннен сары түспен жазылған сөздерді тауып оқы. Мәтінге сүйеніп, осы сөздердің күз мезгіліне қатысты екенін дәлелде. 2. Күз – мол өнім алатын кез. Себебі....  Түсіну   кезінде  АКТ­ден    Жаңа сабақтың тақырыбын  сыни  тұрғыдан  ойлау  әдісі  арқылы «Сөзжұмбақ»   шештік.   Ә.   Табылды   суреттін көрсетіп   өмірімен     таныстырдым.     Жаңа     сабақтың     мәтінмен     танысады, ойларын ортаға салады. Бұл сабақта мен «Мәтінді оқы және талқыла» әдісі арқылы мәтінді бөліктерге бөліп топта оқып, талқылады. Оқушылар  1­ топқа «Күздің   кереметі»,   2­   топқа   «Күз   байлығы»,   3   –   топқа   «Қызу   еңбек» тақырыптары   бойынша постер  қорғау тапсырылды.  Оқушылар   өз    ойларын ортаға  салады, талқылайды, бір­біріне түсіндіреді, топтан  бір  оқушы шығып қорғайды.   Сергіту   сәтінде   «Қара   жорғаға»   билеттім.   Қолдану   кезінде «Мозайка» әдісін пайдаланып топта тапсырмалар орындады.  1. Көкөніс түрлерін ата? Маңызы туралы айт. Олардан не өндіреді? 2. Жеміс ағаштарын күтіп баптау туралы не білесің? 3. Дақылдарды ата. Еңбек туралы  мақал – мәтелдер айт? Талдау кезінде жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар беремін. Жаңа тақырып бойынша оқушылар эссе жазады.  Жинақтау   кезінде   «Ыстық   орындық»   арқылы   жаңа   сабақты қорытындыладым. Әр  топты  өз  бақылаушылары  бағалады. Жиынтық  бағаны өзім  қойып  отырдым. 6 Менің   төртінші     сабағым:   Е.   Салықовтың   «Күзгі   орманның   тақырыбында     болды.   Оқушылар     арасында     ынтымақтастық кереметі»  атмосферасын  жасап  алды, шаттық  шеңберді былай құрап  алдық. Қайырлы таң, достым! Қайырлы күн  болсын! Әрбір  күннің  сәттілікке  толсын. Күнделігің  толы  бестік болсын.   Оқыту  мен оқудағы жаңа  тәсілдерді  пайдалана  отырып, оқушылардың ой­өрісін, іскерлік  қабілеттерін  шыңдауға  жетілдірдім. Түсінгендерін  одан әрі   нығайта     түсу     үшін     үй   тапсырмасын  «Алма     жинау»    ойыны   арқылы оқушыларға сұрақтар  беріп  пысықтадым.  1. 2. Ә. Табылды кім?  Байлық, молшылық дегенді  қалай түсінесің?                3.       Ә. Табылды «Күздің кереметі» деген мәтінде  не деді? деген басқа да   сұрақтар берілді. Әр  топтан оқушылар  шығып сұрақтарға  жауап беріп,   алманы     талға     іліп     отырды.   Жаңа   сабақты     бастамас     бұрын оқушыларды  «Жануарлар әлемі» ертегісі бойынша сурет қималары арқылы топқа   бөлдім. Жаңа сабақты «Релаксация» ойыны арқылы оқушылардың көзін жұмғызып, музыка қойып қиялдау арқылы орманда серуендеп, жаңа сабақтың   тақырыбын   аштым.   Оқушыларды     автордың   өмірімен таныстырдым.   «ДЖИГСО»   әдісі   бойынша   мәтінді   оқу,   осы   бөлімдер бойынша мәтіннің мазмұнын айту тапсырылды. Оқушылар   орындарында 5 минут оқып шығады да, әр   топтан бір   оқушы   елшілікке келесі   топқа барады. Ол  топта өз  ойларын  ортаға  салып талқылайды.    Оқушы  қайта  өз  тобына  келіп онда  талқыланған тапсырманы өз  тобына түсіндіреді.   «Фишбоун»   әдісі   арқылы   оқушылар   балық   қаңқасының   суретін салады. Әр топқа берілген тақырып балық қаңқасының бас сүйегіне жазылады. 1. Құстар күзде неліктен ұшып кетеді? 2. Тиін қарағайда қайдан жүр? 3. Қайың неге   жапырақсыз   қалған?     Шығармашылық   жұмысқа   «Сөз   жарыс»   ойыны арқылы   І­топ басшысы сөйлем айтып 2­топ сол айтылған сөйлемге өз ойын айтады.   «Егер   табиғатқа   тіл   бітсе....»     ІІ­топ   3­топқа   «Егер   мен   суретші болсам....». ІІІ­топ 1­топқа «Егер мен ақын болсам....» деген сөйлемдерге тезис айтады.   Оқушыларды   жауаптарына     қарай     бағалап     отырды.     Осылайша оқушылардың     ойлау     қабілеттерін     арттыру     мақсатында,   сыни   тұрғыдан ойлауын     логикалық тапсырмалардың   маңызы   зор. Әрбір   топқа   тапсырмалар    беріп уақытты   дамытуда,   қызығушылығын     арттыру     жолында   7 дұрыс     пайдаланып   жауап   беруін   ескерттім.   «Кімге   не   керек?»   сұрақтарға жауап арқылы кері байланыс жасадым.  Топ мүшелерінен шыққан  оқушыларға  шапалақ ұрып, қошемет көрсетіп отырды. Бағалау   кезеңінде   оқушылар бүгінгі   сабақта алған әсерлерін «Не білдім?»,   «Не   білгім   келеді?»   кері   байланыс   стикерін   толтырып   отырды. Осылайша формативті  бағалау жүзеге  асты. Сабақ  барысында оқыту үшін  және оқу үшін бағалау  модулін  негізге ала  отырып,  оқушылардың  іс­әрекеттеріне   қарай  бағалап  отырдым. Сыныптағы     бағалау     тек     қана   техникалық     тәсіл   емес.   Мұғалімдер жазбаша  түрде немесе ауызша  түрде  баға  қою  жолымен  бағалайды.  Олар қолданатын   кез   келген   нысанның   артында   обьективті   немесе   жеткілікті дәрежеде  обьективті  емес  нормалар  мен стандарттар  ғана  емес, сондай­ақ баланың  дамуы,  оқуы  және  ынтасы  туралы  түсінік. Сонымен  қатар  өзін­өзі бағалау,   қабілеттілік     және     күш­жігер     сияқты     ұғымдарға     қатысты құндылықтар  жатады.(Александер2001)   Оқытуда     кездескен     кедергілер:   Оқушылардың   сөздік     қорының аздығы. Топпен  жұмыс  жасаған  кезде   балалар  ойын  толық жеткізе  алмау, берілген   тапсымаларды   баяу   орындады. Жас ерекшеліктеріне байланысты топқа бөлгенда шудың болуы. Нәтижесінде:    Оқушылар   алынған     ақпартты   ойлауға,     бағалауға, талдауға үйренеді, бірлесе   отырып   жұмыс жасады, берілген       тапсырманы толық   топпен   орындады.Топ     болып   талқылауды     үйренді.   Өздері   шешім қабылдауға,   қарсы   пікір     айтуға,   сыни     тұрғыдан     ойлауға   дағдыланды. Оқушылар  бірін­бірі оқытуда  мүмкіндік  болды. Болашақта  осы  бағдарлама негізінде  не  істеу  керек  болады?                  Менің   мақсатым  жеке тұлғаның құзыреттілігін дамытуда сыни тұрғыда ойлау модулінің тиімді әдіс­тәсілдерін пайдалана отырып,  білімдерін өмірде   қолдана   білетін,   бәсекеге     тұлғаны   қалыптастыру болғандықтан,     балаларды     ХХІ     ғасырда       өмір     сүру     үшін     қажетті дағдылармен       және     қасиеттермен     қаруландыру   ­   мұғалімдер     үшін ынталандырушы  күш  болып  табылады.   қабілетті   Осы кедергілерді  жою жолдары: Сабақтың  әр  кезеңіне  белгілі  бір уақыт  беріледі, осы берілген  уақытты тиімді  пайдалана  білді. Әр  сабағымда өтілген     барлық     әдіс­тәсілдерді     қолдану     арқылы   сабақта   кездескен кедергілерді  жойдым.       Курстан   үйренген   сындарлы     оқыту   идеяларын   өз   іс­тәжірибемде жүзеге асыруға, әріптестерімнің арасында  көшбасшы болып, тәжірибеге енгізіп алға   жылжуына   атсалысамын.   Оқыту   мен   оқудағы   жаңа   әдіс­тәсілдерді тәжірибемде   үздіксіз   қолданып   нәтижеге   жетемін.   Үнемі   ізденісте   болып, оқушының     өз   бетімен   білім   алуына   жағдай   жасай   отырып,   сыни   пікір­ көзқарасы  дамыған, өз іс­әрекетін бағалай алатын, тұлға   қалыптастырамын Келешекте     Шульман     ілімін     қолдап,   құзырлы     мұғалім     болуға     өзімді дайындаймын.   Білім   іздеп,   жұлдыз     болып     жанатын,   бәсекеге   қабілетті ұстаздармен шәкірттер  көбейсін дегім келеді. 8 Пайдаланылған әдебиеттер: 1. 1 Мұғалімге  арналған  нұсқаулық Үшінші  (негізгі) деңгей үшінші  басылым «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі»ДББҰ, 2012 ж 2. Ана тілі 3 –сыныбына арналған  оқулық  Т. Әбдікәрімова. С. Рахметова. Б. Қабатай Алматы «Атамұра» 2014 ж 3. Бастауыш  сынып әдістемесі № 5 2013 9

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп

Рефлексивтік есеп
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.01.2019