Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал физика пән мұғалімі.
Оценка 4.6

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал физика пән мұғалімі.

Оценка 4.6
Семинары
docx
физика
10 кл
16.11.2017
Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал  физика пән мұғалімі.
Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі Көшенова Самалдың «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша 23.01-28.01 аралығында мектепішілік семинарда өткен «Физика бір күндік өмірде» атты сыныптан тыс шараның рефлексиялық есебі XXIғ. көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісінде сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Осы орайда белгілі ғалым А.Байтұрсынұлының «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу» - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңінде түрлі әдістерді қолдана отырып, Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыру арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Соның ішінде сыни тұрғыдан ойлау бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға , талдауға бағытталған пәндік шешім.Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. (МАН). 10 сыныптар арасында өткен сыныптан тыс шарада оқушыларды 3 топқа Күш, Қуат, Энергия сөздері арқылы, партада соның ағылшынша аты тұрады үштілді менгеру мақсатында сол тілдің ағылшыншасын тауып оны үштілде атап отырады. Бұл сөздердің ағылшын тілінде үш тілде аудармсын табу арқылы бөлінді. Себебі қазіргі танда ұштұғырлы білімді менгеру мақсатында қолданған болатынмын. Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған оқушының зерек болуы – заман талабы. Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына сыныптан тыс шара өткізу дарынды мен талантын ашуға септігі мол. Сондықтан физиканы заңдылықтарын бір күндік өмірде кездесетін өмірмен байланыстырайық Сыныптан тыс шарамның тақырыбы: «Физика бір күндік өмірде». «Ой-толғау» стратегиясы бойынша ой қозғауға кірісті. Ойларын қағазға жаза отырып, не себепті осы затты таңдағанын тұжырымдады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды да көздейді. Александердің диалогтік оқытуына тоқталатын болсақ ол диалектикалық және диалогтік педогогика тұрғысынан оқушылардың ой – пікірлеріне болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым – қатынастың дәстүлі моделіне күмәнмен қарайды. Оқушыларды диалог пен талқылауға тарту белсенді жүргізген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын өз тәжірибемде де байқадым. Оқушының оқуға деген қызығушылығының артқанын, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын, ең бастысы тақырыпты түсініп, талдауда жан-жақты ойлауға мүмкіндік беретінін байқадым 1бөлім. . «Физика біздің айналамызда»бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы( жауабы бірінші сөйлемнен кейін-3 ұпай, екінші сөйлемнен кейін-2 ұпай, үшіншіден кейін-1 ұпай)3 топқа сұрақтар беру арқылы ,әр топ өз ойларын ортаға салып отырды. 1. Ол кез-келген адамда болады, біреуде аз, біреуде көп; Ол шама векторлық емес, скаляр шама; Ол кімде үлкен болса, сол адам диетаға отырады; (жауабы: масса) 2. Ол өзен секілді ағады, тек бір бағытта; Оны кері бұруға болады, тек ертегіде ғана; Оны сағатпен өлшейді; (жауабы: уақыт) 3. Ол барлық дені сау адамда бар, балалар мен әйел адамдарға қарағанда, ер адамдарда көп; Ол ауру адамдарда әлсіз болады, ол зат емес және сақталмайды; Ол векторлық шама, ол бізге шкафты жылжыту үшін керек; (жауабы: күш) 4. Ол үшін энергияның сақталу заңы бұзылады; Онсыз біз аяқпен жүре де, қасықты қолымызға ұстай да алмаймыз; Ол аз болғандықтан, тірі балықты қолымызға ұстай алмаймыз; (жауабы: үйкеліс) 5. Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді: Жүрегінің қуаты 2,2 Ватт, ғұмырында 40 тонна тамақ жейді; Жердегі ең ақылды кім? ( жауабы: адам) 6. Адам организмінде бар зат; Заттың үш күйінің біреуі; Жерде онсыз өмір жоқ. (жауабы: су).Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылар өз бойларында кездесетін физикалық құбылыстардын бар екенін,олардың белгілі бір заңдылыққа бағынатынын біліп отырды.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып,бір- бірімен жарыса жауап беріп отырды. 2 бөлім. «Әлеументтендіру» стратегиясы бойынша топтық жұмыс орындады. Топтық жұмыстың тапсырмасы күнделікті өмірде кездесетін құрал-жабдықтарды физикамен байланыстыра отыра бейнекөрсетілім көрсету. Әр түрлі суреттер берілді.Сол арқылы үш топ өз ойларын ортаға салады шешімдерін жинақтап, маңызды деген 10 ұстанымға жүйелеу болды.Топтар қолпаштау арқылы бір-бірін жігерлендіріп отырды.Мысалы:пышақ,қайшы,оймақ қысымға байланысты, дене салмақтарына байланысты ауырлық күші әрекетіне,элетр құралдары электр тогына байланысты болатынын мысалдар арқылы түсіндіріп отырды.Бұл жерде көру арқылы визуальды іс-әрекеттің болғанын байқауға болады. 3 бөлім. «Бәрін білгім келеді!» (Сиқырлы логика. «Ұшақ» әдісі текшелердегі сұрақтарға жауап).Логикалық сұрақтар мен мақалдар ,физикалық құбылыстар арқылы алдарындағы тапсырмаларға жауап беріп отырды. Топтық жұмыс барысында өз ынғайымен оқушылар, ойларын алмасуға, бірін пікірін келесі тыңдай алуға дағдыланғандықтарын байқадым. 10 – «Айналадағы жайқалған гүлдер, гүлден гүлге қонған көбелек. Гүлдердің иісі аңқып тұр». Бұл қандай құбылыс? (Диффузия) 20–Қайсысы ауыр: ыстық нан немесе салқын нан? (суыған нан, тығыздығы көп) 30–Температура төмендегеп ауадағы су тамшылары конденсацияланғанда пайда болатын құбылыс (шық) 40 - Үйкеліс кезіндегі механикалық жұмыстың жылуға айналу процесі қайтымды ма, әлде қайтымсыз ба? (Табиғаттағы барлық процестер жылу алмасумен, үйкеліспен, диффузиямен қатар жүреді, сондықтан олар – қайтымсыз. Осы құбылыстарды біз күнделікті өмірде кездестіреміз, бірақ мағынасына мән бермейміз, оқушылар оны физиканың қасиеттерімен түсіндіре білді.Табиғатта,адам өмірінде болып жатырған құбылыстардың өзі физика заңдылықтарымен тығыз байланыста екенін білді. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады (нұсқаулық 54-бет). Осыған дейін мектебімізде талантты және дарынды оқушылармен жұмысты барлық пән мұғалімдері жүргізді, әлі де жүргізіліп келеді. Ол оқушылар, әрине, қалалық, облыстық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға да ие болып жүр. Бірақ біздің бір ғана кемшілігіміз, жұмысты «5» деген бағаға оқитын оқушымен ғана жүргізіп, қалған оқушылардың бойындағы сурет салу, ән айту, би билеу, өлең шығару деген қабілеттерін байқамай, байқағанмен де аса маңызды деп санамай келгеніміз. Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде олардың бірқатар ортақ сипаттамаларын көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада ерекше қасиеттерінің бар екендігін көрсете білсе, ал дәл осы кезде басқалары – өзін тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқынды болуы мүмкін (МАН).Бұл қасиеттерді біз «Ойлан тап» бөлімінде көрген болатынбыз. 4.бөлім .«Ойлан тап». (үй тапсырмасы, физикалық тәжірибелер көрсету) «Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» демекші бала көзбен көріп, қолмен ұстап көру нәтижесінде тәжірибе жасау арқылы физикалық мағынасын түсіндіріп отырды. Топтық кезеңде әр топ өздері дайындаған тәжірибелерін көрсетеді де,қарсылас топтар оны түсіндіру қажет. Бұл жерде сабаққа дым ынтасы жоқ оқушылардың дарындылығын аша білдім деп ойлаймын. Себебі Т, С деген оқушылар тәжірибе жасау барысында алдарына жан салмады.Қарапйым шарды үру үшін ауызбен немесе өзінің ұргіш құралымен үретін болсақ,осы оқушылар ас содасын,уксусты бос баклашкаға құйып басына шарикты кигізгенде шардың үрілетінін көрсете білді. Және де Б,М деген оқушылар күнделікті шайды қайнатып ішкенге дейінгі болып жататын құбылыстардың физикаға тікелей байланысы бар екенін дәлелдеп берді. Оның қайнауының әр түрлі дыбыстар шығарып,шайғ қантты салғанда оның еритінін диффузия құбылысына негізделгенін, оны суыту үшін қасықты пайдаланатынымыз,ол қасық қандай алюминий ма, әлде темір ма олардың жылуөткізгіштігіне тәуелді екеніне көз жеткізді. Оқушылар мен бірге мұғалім апайлардың да қызығушылығынын жоғары болғанын айта кетуге болады, себебі шардың үрілгенін көріп немесе шай қағазының жоғарға ұшқанын көріп, үйден жасап көрмесем деген қызығущылықтарын тудырып жатырды. Бұл тапсырмадағы іс-әрекеттің мақсаты- теорияда айтқандай бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл-балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге, жауаптарына мән беруге ынталандыру еді. Оқушылардың анағұрлым кең ауқымда болжамдар мен ұсыныстар жасай алатынына, негізгі дерек көздерін бағалай алатындарына және соларға сәйкес жауап бере алатынына көзім жетті. Егер оқушыға ой еркіндігін берсем шәкірттерімен сыни көзқарасы қалыптасқан тұлға шығатынын болжап қуандым. Бала бойындағы ойлау туралы ойлаудың, өз білгендері мен білімдерін ой елегінен мен ойлағаннан әлдеқайда жоғары деңгейде таныта алатындарын бақыладым.Көрермендердің де қызығушылығын арттыру мақсатында оларға да физиканың айналамызда болатыны туралы өз ойларын ортаға салды. Мақал-мәтелдердің физикалық қасиеттері және физикалық жұмбақтар айту арқылы көрермендерменде ойын болды. «Қызықты сұрақтарға жауап» Көрермен көзайымы кім болады екен? 1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? (Құс жолы) 2. Ньютонның заңын ашуға себеп болған не? (Алма) 3. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (Буланады) 4. Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа) 5. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ) 6. Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді. (Күн, Ай, табиғи жарық) 7. Қармен біз жүргенде, Сықырлайды ол неге? (сынады, қатты дене) 8. Өзі затты құрайды, Теңесуге таразыны сұрайды. (масса, физикалық шама) 9. Отқа жанбас, суға батпас. (мұз) 10. Табаныма байладым, Қос аяқпен айдадым (Шаңғы, сырғанау, үйкеліс, қысым) 11. Шапшаң жүргенге шаң жұқпас. (инерция құбылысы) 12. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді. (үйкеліс құбылысы) 13. Бір сасық құмалақ, бір қарын майды шірітеді? (диффузия құбылысы) 14. Шапқан озар, жатқан қалар. (жылдамдық, физикалық шама) 15. Басқан жерде ізі қалар, Айтқан жерде сөзі қалар. (қысым, физикалық шама) 16. Шешен сөзінен сынады, ине көзінен сынады. (заттың беріктік шегі) 17. Кемпірқосақтың түстерін не деп атайды? 18. Тұмсығымен қозғалар, соңынан аппақ із қалар. (бор, жұғу құбылысы) 19. Азықсыз адам, алысқа бармайды. (әлсіз, энергиясы аз) 20. Ас адамның қуаты, ат адамның қанаты.(күшті,энергиясы мол, күш көп) Бала бойындағы ойлау туралы ойлаудың, өз білгендері мен білімдерін ой елегінен мен ойлағаннан әлдеқайда жоғары деңгейде таныта алатындарын бақыладым. Пайым- дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау, балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау; Тәртіп- тиянақты, нақты және жан-жақты болу; Өзіндік сана-сезім-өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну ерекшеліктерін оқушыларымның ойынан, бойынан көре алдым. (МАН) Көшбасшымыз Ақманар апай да сабақтан алған әсерімен бөлісе отырып, оқушылардың тапқырлығына, жылдамдығына сүйсіп, ақ тілектерін аямады. Болашақта еліміздің болашағына үлесімізді қоса отырып, білімді, тәрбиелі, өз ойын ашық жеткізе алатын оқушы тәрбиелей отырып, оқушыларды сыни ойлауға дамытуға, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға, топпен бірлесе жұмыс жасауға, талантты және дарынды оқушыларды анықтауға мол мүмкіндік туғызатынын айтқым келеді. Сыни тұрғыдан ойлауда оқушылар берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алатын, қарама-қарсы көзқарастарды талдай алатын құбылыстарды салыстырып, олардың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтай алатын, өз көзқарасын білдіре алатын, тақырыпқа қатысты болжам жасай алатын, жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырып үйренеді; тақырып бойынша өз болжамын шығармашылық тұрғыдан жеткізе алатын, ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай алатын шәкірттердің бар екенін айта кету керек. Оқыту жобасын қолдану барысында келешек қазақ балалары сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған,терең ойлай білетін, шығармашылық қабілеттері дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасады деп сенемін. У. Уорд «Жай мұғалім-хабарлайды, жақсы мұғалім-түсіндіреді, керемет мұғалім-көресетеді, ұлы мұғалім-шабыттандырады» дегендей оқушыларымыздың оқуға деген ынтасын көтеріп, шабыттандыруға шақырамын! Пайдаланған әдебиеттер: 1.Мұғалімге арналған нұсқаулықД.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі Көшенова Самалдың «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша 23.01-28.01 аралығында мектепішілік семинарда өткен «Физика бір күндік өмірде» атты сыныптан тыс шараның рефлексиялық есебі XXIғ. көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісінде сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Осы орайда белгілі ғалым А.Байтұрсынұлының «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу» - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңінде түрлі әдістерді қолдана отырып, Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыру арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Соның ішінде сыни тұрғыдан ойлау бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға , талдауға бағытталған пәндік шешім.Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. (МАН). 10 сыныптар арасында өткен сыныптан тыс шарада оқушыларды 3 топқа Күш, Қуат, Энергия сөздері арқылы, партада соның ағылшынша аты тұрады үштілді менгеру мақсатында сол тілдің ағылшыншасын тауып оны үштілде атап отырады. Бұл сөздердің ағылшын тілінде үш тілде аудармсын табу арқылы бөлінді. Себебі қазіргі танда ұштұғырлы білімді менгеру мақсатында қолданған болатынмын. Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған оқушының зерек болуы – заман талабы. Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына сыныптан тыс шара өткізу дарынды мен талантын ашуға септігі мол. Сондықтан физиканы заңдылықтарын бір күндік өмірде кездесетін өмірмен байланыстырайық Сыныптан тыс шарамның тақырыбы: «Физика бір күндік өмірде». «Ой-толғау» стратегиясы бойынша ой қозғауға кірісті. Ойларын қағазға жаза отырып, не себепті осы затты таңдағанын тұжырымдады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды да көздейді. Александердің диалогтік оқытуына тоқталатын болсақ ол диалектикалық және диалогтік педогогика тұрғысынан оқушылардың ой – пікірлеріне болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым – қатынастың дәстүлі моделіне күмәнмен қарайды. Оқушыларды диалог пен талқылауға тарту белсенді жүргізген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын өз тәжірибемде де байқадым. Оқушының оқуға деген қызығушылығының артқанын, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын, ең бастысы тақырыпты түсініп, талдауда жан-жақты ойлауға мүмкіндік беретінін байқадым 1бөлім. . «Физика біздің айналамызда»бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы( жауабы бірінші сөйлемнен кейін-3 ұпай, екінші сөйлемнен кейін-2 ұпай, үшіншіден кейін-1 ұпай)3 топқа сұрақтар беру арқылы ,әр топ өз ойларын ортаға салып отырды. 1. Ол кез-келген адамда болады, біреуде аз, біреуде көп; Ол шама векторлық емес, скаляр шама; Ол кімде үлкен болса, сол адам диетаға отырады; (жауабы: масса) 2. Ол өзен секілді ағады, тек бір бағытта; Оны кері бұруға болады, тек ертегіде ғана; Оны сағатпен өлшейді; (жауабы: уақыт) 3. Ол барлық дені сау адамда бар, балалар мен әйел адамдарға қарағанда, ер адамдарда көп; Ол ауру адамдарда әлсіз болады, ол зат емес және сақталмайды; Ол векторлық шама, ол бізге шкафты жылжыту үшін керек; (жауабы: күш) 4. Ол үшін энергияның сақталу заңы бұзылады; Онсыз біз аяқпен жүре де, қасықты қолымызға ұстай да алмаймыз; Ол аз болғандықтан, тірі балықты қолымызға ұстай алмаймыз; (жауабы: үйкеліс) 5. Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді: Жүрегінің қуаты 2,2 Ватт, ғұмырында 40 тонна тамақ жейді; Жердегі ең ақылды кім? ( жауабы: адам) 6. Адам организмінде бар зат; Заттың үш күйінің біреуі; Жерде онсыз өмір жоқ. (жауабы: су).Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылар өз бойларында кездесетін физикалық құбылыстардын бар екенін,олардың белгілі бір заңдылыққа бағынатынын біліп отырды.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып,бір- бірімен жарыса жауап беріп отырды. 2 бөлім. «Әлеументтендіру» стратегиясы бойынша топтық жұмыс орындады. Топтық жұмыстың тапсырмасы күнделікті өмірде кездесетін құрал-жабдықтарды физикамен байланыстыра отыра бейнекөрсетілім көрсету. Әр түрлі суреттер берілді.Сол арқылы үш топ өз ойларын ортаға салады шешімдерін жинақтап, маңызды деген 10 ұстанымға жүйелеу болды.Топтар қолпаштау арқылы бір-бірін жігерлендіріп отырды.Мысалы:пышақ,қайшы,оймақ қысымға байланысты, дене салмақтарына байланысты ауырлық күші әрекетіне,элетр құралдары электр тогына байланысты болатынын мысалдар арқылы түсіндіріп отырды.Бұл жерде көру арқылы визуальды іс-әрекеттің болғанын байқауға болады. 3 бөлім. «Бәрін білгім келеді!» (Сиқырлы логика. «Ұшақ» әдісі текшелердегі сұрақтарға жауап).Логикалық сұрақтар мен мақалдар ,физикалық құбылыстар арқылы алдарындағы тапсырмаларға жауап беріп отырды. Топтық жұмыс барысында өз ынғайымен оқушылар, ойларын алмасуға, бірін пікірін келесі тыңдай алуға дағдыланғандықтарын байқадым. 10 – «Айналадағы жайқалған гүлдер, гүлден гүлге қонған көбелек. Гүлдердің иісі аңқып тұр». Бұл қандай құбылыс? (Диффузия) 20–Қайсысы ауыр: ыстық нан немесе салқын нан? (суыған нан, тығыздығы көп) 30–Температура төмендегеп ауадағы су тамшылары конденсацияланғанда пайда болатын құбылыс (шық) 40 - Үйкеліс кезіндегі механикалық жұмыстың жылуға айналу процесі қайтымды ма, әлде қайтымсыз ба? (Табиғаттағы барлық процестер жылу алмасумен, үйкеліспен, диффузиямен қатар жүреді, сондықтан олар – қайтымсыз. Осы құбылыстарды біз күнделікті өмірде кездестіреміз, бірақ мағынасына мән бермейміз, оқушылар оны физиканың қасиеттерімен түсіндіре білді.Табиғатта,адам өмірінде болып жатырған құбылыстардың өзі физика заңдылықтарымен тығыз байланыста екенін білді. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады (нұсқаулық 54-бет). Осыған дейін мектебімізде талантты және дарынды оқушылармен жұмысты барлық пән мұғалімдері жүргізді, әлі де жүргізіліп келеді. Ол оқушылар, әрине, қалалық, облыстық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға да ие болып жүр. Бірақ біздің бір ғана кемшілігіміз, жұмысты «5» деген бағаға оқитын оқушымен ғана жүргізіп, қалған оқушылардың бойындағы сурет салу, ән айту, би билеу, өлең шығару деген қабілеттерін байқамай, байқағанмен де аса маңызды деп санамай келгеніміз. Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде олардың бірқатар ортақ сипаттамаларын көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада ерекше қасиеттерінің бар екендігін көрсете білсе, ал дәл осы кезде басқалары – өзін тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқынды болуы мүмкін (МАН).Бұл қасиеттерді біз «Ойлан тап» бөлімінде көрген болатынбыз. 4.бөлім .«Ойлан тап». (үй тапсырмасы, физикалық тәжірибелер көрсету) «Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» демекші бала көзбен көріп, қолмен ұстап көру нәтижесінде тәжірибе жасау арқылы физикалық мағынасын түсіндіріп отырды. Топтық кезеңде әр топ өздері дайындаған тәжірибелерін көрсетеді де,қарсылас топтар оны түсіндіру қажет. Бұл жерде сабаққа дым ынтасы жоқ оқушылардың дарындылығын аша білдім деп ойлаймын. Себебі Т, С деген оқушылар тәжірибе жасау барысында алдарына жан салмады.Қарапйым шарды үру үшін ауызбен немесе өзінің ұргіш құралымен үретін болсақ,осы оқушылар ас содасын,уксусты бос баклашкаға құйып басына шарикты кигізгенде шардың үрілетінін көрсете білді. Және де Б,М деген оқушылар күнделікті шайды қайнатып ішкенге дейінгі болып жататын құбылыстардың физикаға тікелей байланысы бар екенін дәлелдеп берді. Оның қайнауының әр түрлі дыбыстар шығарып,шайғ қантты салғанда оның еритінін диффузия құбылысына негізделгенін, оны суыту үшін қасықты пайдаланатынымыз,ол қасық қандай алюминий ма, әлде темір ма олардың жылуөткізгіштігіне тәуелді екеніне көз жеткізді. Оқушылар мен бірге мұғалім апайлардың да қызығушылығынын жоғары болғанын айта кетуге болады, себебі шардың үрілгенін көріп немесе шай қағазының жоғарға ұшқанын көріп, үйден жасап көрмесем деген қызығущылықтарын тудырып жатырды. Бұл тапсырмадағы іс-әрекеттің мақсаты- теорияда айтқандай бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл-балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге, жауаптарына мән беруге ынталандыру еді. Оқушылардың анағұрлым кең ауқымда болжамдар мен ұсыныстар жасай алатынына, негізгі дерек көздерін бағалай алатындарына және соларға сәйкес жауап бере алатынына көзім жетті. Егер оқушыға ой еркіндігін берсем шәкірттерімен сыни көзқарасы қалыптасқан тұлға шығатынын болжап қуандым. Бала бойындағы ойлау туралы ойлаудың, өз білгендері мен білімдерін ой елегінен мен ойлағаннан әлдеқайда жоғары деңгейде таныта алатындарын бақыладым.Көрермендердің де қызығушылығын арттыру мақсатында оларға да физиканың айналамызда болатыны туралы өз ойларын ортаға салды. Мақал-мәтелдердің физикалық қасиеттері және физикалық жұмбақтар айту арқылы көрермендерменде ойын болды. «Қызықты сұрақтарға жауап» Көрермен көзайымы кім болады екен? 1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? (Құс жолы) 2. Ньютонның заңын ашуға себеп болған не? (Алма) 3. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (Буланады) 4. Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа) 5. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ) 6. Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді. (Күн, Ай, табиғи жарық) 7. Қармен біз жүргенде, Сықырлайды ол неге? (сынады, қатты дене) 8. Өзі затты құрайды, Теңесуге таразыны сұрайды. (масса, физикалық шама) 9. Отқа жанбас, суға батпас. (мұз) 10. Табаныма байладым, Қос аяқпен айдадым (Шаңғы, сырғанау, үйкеліс, қысым) 11. Шапшаң жүргенге шаң жұқпас. (инерция құбылысы) 12. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді. (үйкеліс құбылысы) 13. Бір сасық құмалақ, бір қарын майды шірітеді? (диффузия құбылысы) 14. Шапқан озар, жатқан қалар. (жылдамдық, физикалық шама) 15. Басқан жерде ізі қалар, Айтқан жерде сөзі қалар. (қысым, физикалық шама) 16. Шешен сөзінен сынады, ине көзінен сынады. (заттың беріктік шегі) 17. Кемпірқосақтың түстерін не деп атайды? 18. Тұмсығымен қозғалар, соңынан аппақ із қалар. (бор, жұғу құбылысы) 19. Азықсыз адам, алысқа бармайды. (әлсіз, энергиясы аз) 20. Ас адамның қуаты, ат адамның қанаты.(күшті,энергиясы мол, күш көп) Бала бойындағы ойлау туралы ойлаудың, өз білгендері мен білімдерін ой елегінен мен ойлағаннан әлдеқайда жоғары деңгейде таныта алатындарын бақыладым. Пайым- дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау, балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау; Тәртіп- тиянақты, нақты және жан-жақты болу; Өзіндік сана-сезім-өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну ерекшеліктерін оқушыларымның ойынан, бойынан көре алдым. (МАН) Көшбасшымыз Ақманар апай да сабақтан алған әсерімен бөлісе отырып, оқушылардың тапқырлығына, жылдамдығына сүйсіп, ақ тілектерін аямады. Болашақта еліміздің болашағына үлесімізді қоса отырып, білімді, тәрбиелі, өз ойын ашық жеткізе алатын оқушы тәрбиелей отырып, оқушыларды сыни ойлауға дамытуға, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға, топпен бірлесе жұмыс жасауға, талантты және дарынды оқушыларды анықтауға мол мүмкіндік туғызатынын айтқым келеді. Сыни тұрғыдан ойлауда оқушылар берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алатын, қарама-қарсы көзқарастарды талдай алатын құбылыстарды салыстырып, олардың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтай алатын, өз көзқарасын білдіре алатын, тақырыпқа қатысты болжам жасай алатын, жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырып үйренеді; тақырып бойынша өз болжамын шығармашылық тұрғыдан жеткізе алатын, ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай алатын шәкірттердің бар екенін айта кету керек. Оқыту жобасын қолдану барысында келешек қазақ балалары сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған,терең ойлай білетін, шығармашылық қабілеттері дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасады деп сенемін. У. Уорд «Жай мұғалім-хабарлайды, жақсы мұғалім-түсіндіреді, керемет мұғалім-көресетеді, ұлы мұғалім-шабыттандырады» дегендей оқушыларымыздың оқуға деген ынтасын көтеріп, шабыттандыруға шақырамын! Пайдаланған әдебиеттер: 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық
рефлексия семинарга.docx
Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп­гимназиясының химия пәні мұғалімі Көшенова Самалдың  «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша ІІ­тоқсанда жүргізілген тізбектелген сабақтар топтамасының  рефлексиялық есебі  «Өмір бойы білім алу – әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет»  Н. Ә. Назарбаев Жаңа   заман   –   жаңа   сұраныс   –   жаңа   технологиялар.   Өзімнің педагогикалық   шеберлігімді   арттыратын   кез   келді   деп   ұғындым. Қоғамдастықтың басты бөлігі – мұғалім, дамыту жұмысының көшбасшысы. Білім беру үрдісі сияқты, көшбасшылық та ұстаз бойындағы қабілеттердің, қасиеттердің,   құндылықтардың,   біліктіліктің   дамуына   әкеледі.   Бұндай жетістікке жету үшін ұстаз жан­жақты ізденуді, шығармашылық жұмыстармен айналысуды, кәсіби шеберлігін әрқашан шыңдауды, сыни тұрғысынан ойлауды жетілдіре түсуді қажет етеді.  Іс­тәжірибемде өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да өзгерте алдым деп  айта аламын. «Елді түзетуді  бала  оқыту ісін түзетуден бастау   керек»   деп   ағартушы   ұстаз   А.Байтұрсынов  айтқандай   оқушыларым едәуір   жаңа   технологияға   ынғайланып   қалғанын   байқадым.   Ең   алдымен енгізген   жаңа   тәсіл   –   тренинг.   Тренинг   сынып   арасындағы   жағымды атмосфераны   қалыптастырып,   сабағымның   жоғары   дәрежеде   өтуіне   үлкен көмегін   тигізгеніне   көзім   жетті.   Тренинг   –   оқушы   назарын   жаңа   сабаққа аударуда,   миын   шынықтыруда,   қызығушылықты   арттыруда,   мейірімділікке баулуда маңызды тәсіл болып табылады. Сабағымды бастамас бұрын тренинг өткізу   оқушыларға   жағымды,   оң   әсер   қалдырды.   Сабақта   өткізген тренингтарым   сабағымның   жақсы   көңіл   күйде   басталуына,   сабаққа   деген ынтасының   артуына,   сабақ   соңында   жағымды   көніл   күйде   тарауына   зор ықпалын  тигізді.     Жаңа   тәсіл   бойынша   оқушылар   арасындағы   байланысты   арттыру мақсатында   топқа   бөлу   әдісінің   1,2,3   сандары   арқылы   3   топқа   бөлдім.. Топпен жұмыс сынып ішінде байланысты арттырды, бірігіп жұмыс істуге жол ашып, ұйымшылдыққа, сыйластыққа  тәрбиеледі. Сонымен қатар топ болып бірігіп   жұмыс   жасауға,   ойын   еркін   жеткізе   білуге,   өз   –өздерін   реттеуге үйретті. Сабақ соңында топтар арасындағы бәсекелестік емес, достық қарым­ қатынас   пен   жақсы   көңіл­күйді   байқадым.     Әр   сабақ   сайын   топқа   бөлу әдістерімді   өзгертумен   қатар   топтағы   оқушыларды   да   өзгертіп   отырдым. Топқа бөлу әдісінде оқушылар шығармашылыққа, ролдік ойындарды ойнауғы, сыни тұрғысынан ойлауға үйренді. Сабақ соңында оқушы жеткен жетістіктері мен   кемшіліктерін   талдап,   өз­өзіне   және   сыныпқа   баға   беру   мақсатымен рефлексияны   жаздыртып   отырдым.   Мен   қолданған   кері   байланыс   түрлері: «Блоб   сынып   бөлмесі»,   «Сұрақтары   бар   қорап»,   «екі   жұлдыз,   бір   тілек». Рефлексифті   парақтарға   көз   жүгіртсем   оларға   топ   болып   жұмыс   істеген ұнайтындықтарын, сабақта өзін белсенді деп танулары, кейбір оқушылардың өзіндік мені оянғандықтарын көрдім. Кері байланыс  арқылы бүгінгі өткізген сабағымды қорытындылап, келесі сабағымды жопарлауда басты негіз.  Сыныпта диалогтық әдістің маңыздылығы өте зор екенін сабақтарымда аңғардым. «Александер (2004) оқудағы әңгімелесу – қарым­қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының   негізінде   оқушының   білім   алу   үдерісі   алға   жылжиды   деп тұжырымдайды»   делінген   нұсқаулықта.   Сабақ   беру   кезінде   осыған   дейін баланың   ойын   еркін,   ашық   жеткізуіне   мүмкіндік   бермей   кедергі   келтіріп, үнемі жақсы оқитын балдарды сабағымда қамтып, орташа оқитын оқушыға сұрақ   қойып,   кідірсе,   «Отыр»,   «басқа   кім   айтады?»   деп   жақсы   оқитын оқушылардан сұрап, орташа оқитын оқушыға ойлануға мүмкіндік бермейтін мен, қазіргі таңда толығымен өзгердім. «Жылу берілу түрлері, оларды тиімді қолдану»,   «Термодинамика   неіздері»,   «Жылу   машиналары   олардың күнделікті   өмірде   қолдану»,   «Бу   мен   газ   ұлғайғандағы   дененің   жұмысы» тақырыптарындағы тізбектелген сабақтар топтамасында оқушы өз­өзін реттеп, қалай оқу керектігін үйретуге бағыттау мақсатымен «Фишбоун», «Айналмалы бекет», «Генеалогиялық ағаш», «Мозайка» әдісімен тапсырмаларды бердім. Тапсырмаларды   орындауда   зерттеуге   арналған   А   деңгейіндегі   Г   оқушым қызығушылық   көрсетіп,   тапсырманы   орындауға   арналған   бағыттаушы сөздерде   көрсетілген   нұсқаулықтарды   қарап   тапсырмаларды   орындауда шапшаңдығымен ойын саралауымен, бұрын білгендерін қазіргі тапсырмамен байланыстырып   тобындағы   В,С   деңгейіндегі   оқушылармен   пікір   алмасып отырғанынан   байқадым.   В   деңгейіндегі   Д,   Н   оқушыларым   тапсырмаларды қолдануда ғаламторды пайдаланып, ішінен өзіне керектісін алып, тұжырым жасап, есептерді шығаруда, реакция теңдеуін дұрыс құрастырып, тапсырмаға икемділігі мен шоғырлануымен ерекшеленді. С деңгейіндегі А оқушым есте сақтау   және   білім   қабілеттерімен   қатар   күрделілікке   деген   сүйіспеншілік қабілеттерін   байқадым.   Ал   Р   оқулық   төңірегінен   шыға   алмады.   Зерттеуге алынған   С   деңгейіндегі     А   оқушыма   маршруттық   картада   берілген   қиын есептерді   шешуде   оқушының   жоғары   дағдысы   мен   жоғары   талаптың арқасында   ағынға   ұшырағанын   көрдім.   Сыныпта   қолданылған   әдісім оқушылардың сыныпта әңгіме құруына, сыни тұрғыдан ойлау элементтерім, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға үлкен көмегін тигізді.  Жаңа сабақты меңгертуде де көптеген өзгерістер енгізген болатынмын. Әр   сабағыма   мақсат   құрып,   оқушыларға   қолжетімді   күтілетін   нәтижені анықтап, олардың сабақ барысында қалай бағаланатынына бағыт бағдар беріп отырдым.  Жаңа   тақырыпты   айқындап,   мақсатын   оқушылармен   бірге   ашуға арналған тұсаукесер бөлімі. Бұл бөлімде оқушыларға арнайы тапсырма беру арқылы оқушыларға сұрақтар беріп, оларға толық емес жартылай жауап алу арқылы   оқушылардың   көмегімен   жаңа   тақырыпты   айқындап,   «оқушылар тағыда нені білгілерің келеді?» деген сауалды қоя отырып сабақтың мақсатын ашып   алу   болатын.   Бұл   әдіс   оқушылар   үшін   де   өздерін   реттеп,   қойған сұрақтарына жауап алу үшін әрекет етуге стратегияларды құруды үйретті. Бұл   әдіс   оқушыларға   көп   көмегін   тигізді,   себебі   оқушылар   сол   мақсатқа жетсем екен деп талпынады. Қазір жаңа сабақты меңгерту жолдарын ашып, бағыт­бағдар беріп отырам. Мысалы: «Үш қадамды сұхбат» мен «Кластер», «Қызықты мәліметтер» әдістері. Топтарға жаңа тақырыпты тереңірек түсініп, алған   білімдерін   қолдануды   үйрену   мақсатымен   қолдандым.   Оқушылар тапсырмаларды орындау үшін өздеріне қалай оқу керектігіне стратегияларды құруды,   топпен   жұмысты   бөлісіп   орындауды   үйретті.   Жаңа   тақырыпты оқушылар   менің   көмегімсіз   жан­жақты   ашып,   өздері   түсіндірді.   Бұл   әдіс оқушылардың   өз   бетінше   ізденуіне,   жақсы   нәтижеге   жетуіне,   бірігіп   оқып үйренуіне үлкен септігін тигізді. Бағдарлама негізіндегі мұғалім – бағыттаушы ретіндегі   өзімнің   рөлімді   атқаруда,   сындарлы   оқытудың   басты   мақсаты   – құзырлы   оқушыны   дайындауда   жоғарыда   айтылған   әдістердің   тиімділігіне көзім   жетті.   Жоғарыда   берілген   тапсырмалар   арқылы   жаңа   тақырыпты оқушыларға   өз   бетімен   меңгерте   отырып   өзін­өзі   реттеуін,   қалай   оқу керектігіне   стратегиялар   құруды   үйренді.   Сонымен   қатар   танымдық қабілеттері: өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастыруды, бір­біріне кеңес  беруді,  өз   алдына   мақсат   қоюды,  алынған   нәтижелерді   қадағалауды, идеялармен эксперимент жасауды және қателерді түсіне отырып, тәуекелге баруды үйренді.  «Өрмекшінің торы», «Өнеркәсіп» әдістерінде топпен жұмыста  диалог арқылы   оқушылардың   қызығушылығын   арттырумен   қатар,   олардың   білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындай етіп ұйымдастырдым. Зерттеуге алынған А деңгейіндегі оқушым өз тобына барлық бейметалдардың табиғатта кездесуін оқулықтан өз бетімен меңгеріп, топта талқылап, өз тобына жеткізді. Сонымен қатар,  оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауда  өзін­ өзі реттеуді үйренді. В деңгейіндегі А оқушым  жылу берілудің түрлері мен физикалық   қасиеттерін   түсіндіруде   өз   тобына   дәйектерді   келтіре   отырып түсіндіруі   оның   сыни   тұрғысынан   ойлай   алатын   белсенді   оқушы   болуға үйренгеніне   көзім   жетті.   Оларға   топта   жұмыс   істеп,   жаңа   тақырыпты меңгеруде топ болып бір­біріне түсіндіргендері ұнағанын рефлексияда атап өтті.   Сонымен   қатар   «Сандар   сөйлейді»,   «Сандар   әңгімесі»,   «физик­ математик»   оқушылардың   жас   ерекшеліктеріне,   деңгейлеріне   сай тапсырмалар топтамасын бердім.   Әрбір тапсырмасын орындауда қиналған оқушыға   оқулықты   кара,   есіңе   түсір,   формуланы   қолдан   деген   сілтемелер беріп отырдым.  Нұсқаулықта жазылғандай сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Ол маңызды мәселелерді талқылау және ой елегінен өткізуді қамтиды.   Сыни   тұрғыдан   ойлау   көбінесе   қарсы   пікір   айтуға,   баламалы шешімдер   қабылдауға,   ойлау   және   іс­әрекеттерімізге   жаңа   немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге   және   басқаларды   сыни   тұрғыдан   баулуды   білдіреді.   Мен   өз сабақтарымда   түрлі   сұрақтарды   қарапайымнан   күрделіге   қарай   ауыстыру арқылы,   сыни   ойлауға   бағыттап,   оқушылардың   да   қояр   сұрақтарын ойландыратын сұрақтарға айналдыруды дағдыландырдым. Мектепте оқытуды ұйымдастырудың бірден – бір түрі сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал   ететін,   сол   сабақтың   өткізілуі   кезінде   түрлі   тәсілдерді   қолдану, жаңашыл   сабақ   болып   табылады.     Сабақ   –   мұғалімнің   шығармашылық жұмысы. Сондықтан да жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін алдымен өзіңнің ізденісіңді, шығармашылығыңды қалыптастыруың қажет. Сонда ғана қойған мақсатыңа да қол жеткізуге болады. Әдістерді қолдану барысында оқушылар тақырыпты өз бетімен меңгеріп, бір­біріне ойландыратын сұрақтарды қойды. Бұрынғы тек мұғалімнің түсіндіруімен ғана өтетін сабақ түбегейлі өзгерді. Ендігі   менің   рөлім   көшбасшы   болу,   бағыт   беру   және   түрткі   болушы.   Әр сабағымда көшбасшылығымды сезіне жүріп, топта жұмыс істеп зерттеулерге бағыт беріп, жаңа тақырыпты меңгерудің жолын сілтеп отырдым.  Дарынды балалармен жұмыс ­ бізге бұрыннан таныс үрдіс болғанымен, осы кейін талантты және дарынды оқушылармен жұмыстың жаңа әдістерін меңгерген болатынмын. Мысалы, әр сабақта оқушыға тақырыпқа байланысты қосымша   материалдар   дайындауға,   зертханалық   жұмыстарды   жүргізуге, ізденуге   тапсырмаларды   бере   отырып,   өз   жұмысыма   жеңілдік   әкелдім. «Зертхана»   әдісіммен   тақырыпқа   сай   берілген   зертханалық   жұмыстар орындалды.   Орындау   барысында   А,В   деңгей   оқушылары   өз   беттерімен орындауға   кірісіп   кетті.  Тіптен   «Ештене   түсіндірмей­ақ   қойсаңыз   болады» деген   сөздерімен   қуантты.   Зерттеуге   алынған   С   деңгейіндегі   А   оқушы заттардың   бір­бірімен   әрекеттестіру   зертханалық   жұмысын   көрсетіп,   неге? деген   сұрақтарды   ашуда   әркімге   ақылға   қонымды   мәлімет   ұсынып, оқушыларға сұрақ қоя отырып, ойлау қабілетінің жылдамдығымен мәселені шешу   өлшемдерімен   ерекше   көзге   түсіп,   метатану   қабілеттерін   дамытып мұғалімнің қызыметін өздері атқаруды үйренді. Сыныптағы өзге оқушылар да алдағы   уақытта   осындай   жұмыстардың   көптеп   болуын   өтінді.   Ол   сынып оқушыларынң   қызығушылығы   артып,   ұмтылыстарының   бір   сатыға көтерілгендіктерінің   айғағы.   Бұндай   жұмыстардың   тиімділігі   –   оқушылар шығармашылықпен   жұмыстанады,   мұғалімге   жаңа   ақпаратты   түсіндіруде көмектесіп,   жаңа   ақпараттармен   бөліседі.   Оқушылар   шығармашылығын шыңдау   мен   ізденіске   баулуда,   дарынды   балалардың   пәнге   деген қызығушылығын арттырып, зерігуді болдырмау үшін бұл әдісті жалғастырып, дамытуым керек деп түйдім. Жалпы,   жаңа   бұрын­соңды   мен   қолданбаған   жаңа   тәсілдердің   бірі   – формативті   бағалау.   Мектептегі   тәжірибемнің   алғашқы   күндерінен   –   ақ оқушылардың   арасында   өзара,   жұптық,   топтық   әдістерді   бағалау   үшін «Смайликтер»,   «Бағдаршам»,   «Басбармақ»,   «2   жұлдық,   1тілек»   әдістерін қолдануды бастадым. Бұндай бағалау арқылы оқушыларды әңгімеге тартып, ойларын   жинақтап,  бір­бірін   сынамай,  сындарлы   дос   ретінде,  ынталандыру мақсатында     ұсыныс   айтуға   үйренді.   Формативті   бағалаудың   ішіндегі   мен үшін   жаңасы   –   критерий   бойынша   бағалау.   Алдымен   сыныппен   ақылдаса оытыр   бағалау   критерияларын   құрып   алдық.   Содан   кейін   ғана   оқушылар постерде   болуы   керек   ақпараттарды   толытып,   талапқа   сай   безендіруді үйренді.   Сонымен   қатар   постер   қорғауда   белгілі   уақыт   шеңбері   шектеулі екендерін ескеріп, сол уақыт ішінде маңыздыларын баяндауды үйренді.  Оқыту   мен   оқуда   АКТ­ны   пайдалану   заман   сұранысын   қамтамассыз етеді. Жаһандану заманында АКТ­ның бар мүмкіндіктерін пайдалану арқылы сабақ өткізу әрбір педагогтың қолжетімді ісі. АКТ­ны қолданудағы мақсатым мұғалім   мен   оқушылар   арасындағы   ақпарат   пен   білімге   қолжетімділік, шығармашылық пен идеялар алмасудағы әрекеттестігі. «Жүз рет естігеннен бір   рет   көрген   артық»   демекші   бала   көзбен   көріп,   қолмен   ұстап   көру нәтижесінде   тізбектелген   төрт   сабағымда   АКТ­ны   пайдалануда   біраз өзгерістер   алып   келдім   деген   сенімдемін.   Себебі   сабақтарымда   визуалды бағытта   видеоматериалдарды   көрсеткенде   оқушылардың   қызығушылығы артады.  Осы   тоқсанда   көрген   өзгерістерім   оқушыларымның   алға   тартылуы, басқа оқушылармен үйлесімдділігі. С деңгей оқушыларымның бірі А есімді оқушы өте көп өзгеріс байқалды, атап айтсам: постер қорғау кезінде қзінің үлесін   қосып,   құнды   ойлармен   бөлісіп,   интернет   желісінен   мәлімет   іздеп атсалысты және қорғау кезінде өзіндік мені қалыптасқан тұлға байқадым. Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп­ гимназиясының физика  пәні мұғалімі Көшенова Самалдың  «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша 23.01­28.01 аралығында мектепішілік семинарда өткен  «Физика бір күндік өмірде» атты сыныптан тыс шараның рефлексиялық есебі XXIғ. көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр  ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан­жақты дамыған, өмірге реалистік  тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін  өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісінде   сан­ алуан жаңа әдіс­тәсілдер сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады.  Сабақтың  қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Осы орайда белгілі ғалым А.Байтұрсынұлының «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу» ­ деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр  кезеңінде түрлі әдістерді қолдана отырып,   Бағдарламаның жеті модулін  ықпалдастыру арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Соның ішінде сыни  тұрғыдан ойлау бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың  нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға , талдауға   бағытталған  пәндік шешім.Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. (МАН).                10 сыныптар арасында өткен сыныптан тыс шарада оқушыларды 3 топқа Күш,  Қуат, Энергия сөздері арқылы, партада соның ағылшынша аты тұрады үштілді менгеру мақсатында сол тілдің ағылшыншасын тауып оны үштілде атап  отырады. Бұл сөздердің ағылшын тілінде  үш тілде аудармсын табу арқылы  бөлінді. Себебі қазіргі танда ұштұғырлы білімді менгеру мақсатында  қолданған болатынмын. Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең  білімді, жан­жақты дамыған оқушының зерек болуы – заман талабы.  Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына сыныптан тыс шара  өткізу  дарынды мен талантын ашуға септігі мол. Сондықтан физиканы  заңдылықтарын бір күндік өмірде кездесетін өмірмен  байланыстырайық Сыныптан тыс шарамның тақырыбы: «Физика бір күндік өмірде». «Ой­толғау» стратегиясы бойынша ой қозғауға кірісті. Ойларын қағазға жаза отырып, не  себепті осы затты таңдағанын тұжырымдады. Сын тұрғысынан ойлау  бағдарламасы диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды да көздейді.  Александердің диалогтік оқытуына тоқталатын  болсақ ол диалектикалық және диалогтік педогогика тұрғысынан оқушылардың ой – пікірлеріне болмашы  ғана алынатын сыныптағы қарым – қатынастың  дәстүлі моделіне күмәнмен қарайды. Оқушыларды  диалог пен талқылауға тарту белсенді жүргізген  жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік  жетістіктері жоғары болатынын  өз тәжірибемде де байқадым. Оқушының  оқуға деген қызығушылығының  артқанын, ұжымда жақсы қарым­қатынас  қалыптасқанын,  ең бастысы тақырыпты түсініп,  талдауда жан­жақты ойлауға мүмкіндік беретінін  байқадым  1бөлім. . «Физика біздің  айналамызда»бойынша сұрақтарға жауап беру  арқылы( жауабы бірінші сөйлемнен кейін­3 ұпай, екінші сөйлемнен кейін­2  ұпай, үшіншіден кейін­1 ұпай)3 топқа сұрақтар беру арқылы ,әр топ өз  ойларын ортаға салып отырды. 1. Ол кез­келген адамда болады, біреуде аз, біреуде көп; Ол шама векторлық емес, скаляр шама; Ол кімде үлкен болса, сол адам диетаға отырады; (жауабы: масса) 2. Ол өзен секілді ағады, тек бір бағытта; Оны кері бұруға болады, тек ертегіде ғана; Оны сағатпен өлшейді; (жауабы: уақыт) 3. Ол барлық дені сау адамда бар, балалар мен әйел адамдарға қарағанда, ер  адамдарда көп; Ол ауру адамдарда әлсіз болады, ол зат емес және сақталмайды; Ол векторлық шама, ол бізге шкафты жылжыту үшін керек; (жауабы: күш) 4. Ол үшін энергияның сақталу заңы бұзылады; Онсыз біз аяқпен жүре де, қасықты қолымызға ұстай да алмаймыз; Ол аз болғандықтан, тірі балықты қолымызға ұстай алмаймыз; (жауабы: үйкеліс) 5. Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді: Жүрегінің қуаты 2,2 Ватт, ғұмырында 40 тонна тамақ жейді; Жердегі ең ақылды кім? ( жауабы: адам) 6. Адам организмінде бар зат; Заттың үш күйінің біреуі; Жерде онсыз өмір жоқ. (жауабы: су).Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылар өз бойларында  кездесетін физикалық құбылыстардын бар екенін,олардың белгілі бір  заңдылыққа бағынатынын біліп отырды.Оқушылардың пәнге деген  қызығушылығы артып,бір­ бірімен жарыса жауап беріп отырды. 2 бөлім.  «Әлеументтендіру» стратегиясы бойынша топтық жұмыс орындады.  Топтық жұмыстың тапсырмасы күнделікті өмірде кездесетін құрал­ жабдықтарды физикамен байланыстыра отыра бейнекөрсетілім көрсету. Әр  түрлі суреттер берілді.Сол арқылы үш топ өз ойларын ортаға салады  шешімдерін жинақтап, маңызды деген 10 ұстанымға жүйелеу болды.Топтар  қолпаштау арқылы бір­бірін жігерлендіріп  отырды.Мысалы:пышақ,қайшы,оймақ қысымға байланысты, дене  салмақтарына байланысты ауырлық күші әрекетіне,элетр құралдары электр  тогына байланысты болатынын мысалдар арқылы түсіндіріп отырды.Бұл  жерде көру арқылы визуальды іс­әрекеттің болғанын байқауға болады. 3 бөлім. «Бәрін білгім келеді!» (Сиқырлы логика. «Ұшақ» әдісі текшелердегі  сұрақтарға жауап).Логикалық сұрақтар мен мақалдар ,физикалық құбылыстар арқылы алдарындағы тапсырмаларға жауап беріп отырды. Топтық жұмыс  барысында өз ынғайымен оқушылар, ойларын алмасуға, бірін пікірін келесі  тыңдай алуға дағдыланғандықтарын байқадым. 10 – «Айналадағы жайқалған гүлдер, гүлден гүлге қонған көбелек. Гүлдердің  иісі аңқып тұр». Бұл қандай құбылыс? (Диффузия) 20–Қайсысы ауыр: ыстық нан немесе салқын нан? (суыған нан, тығыздығы  көп) 30–Температура төмендегеп ауадағы су тамшылары конденсацияланғанда  пайда болатын құбылыс (шық) 40 ­ Үйкеліс кезіндегі механикалық жұмыстың жылуға айналу процесі  қайтымды ма, әлде қайтымсыз ба? (Табиғаттағы барлық процестер жылу алмасумен, үйкеліспен, диффузиямен қатар жүреді, сондықтан олар –  қайтымсыз. Осы құбылыстарды біз күнделікті өмірде кездестіреміз, бірақ  мағынасына   мән бермейміз, оқушылар  оны физиканың қасиеттерімен  түсіндіре білді.Табиғатта,адам өмірінде болып жатырған құбылыстардың өзі  физика заңдылықтарымен тығыз байланыста екенін білді. Жалпы сыни  тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді  талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады;  олар ауызша, жазбаша көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып,  ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық  болады (нұсқаулық 54­бет). Осыған дейін мектебімізде талантты және  дарынды оқушылармен жұмысты барлық пән мұғалімдері жүргізді, әлі де  жүргізіліп келеді. Ол оқушылар,  әрине, қалалық, облыстық іс­шараларға  қатысып, жүлделі орындарға да ие болып жүр. Бірақ біздің бір ғана  кемшілігіміз, жұмысты «5» деген бағаға оқитын оқушымен ғана жүргізіп, қалған оқушылардың бойындағы сурет салу, ән айту, би билеу, өлең шығару деген қабілеттерін байқамай, байқағанмен де аса маңызды деп санамай келгеніміз.  Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы  ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен топ жағдайында  дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде олардың  бірқатар ортақ сипаттамаларын көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар  салада ерекше қасиеттерінің бар екендігін көрсете білсе, ал дәл осы кезде  басқалары – өзін тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды оқушылардың  көпшілігінде осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқынды болуы  мүмкін (МАН).Бұл қасиеттерді біз «Ойлан тап» бөлімінде көрген болатынбыз. 4.бөлім .«Ойлан тап». (үй тапсырмасы, физикалық тәжірибелер көрсету)  «Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» демекші бала көзбен көріп, қолмен ұстап көру нәтижесінде тәжірибе жасау арқылы физикалық мағынасын  түсіндіріп отырды. Топтық кезеңде әр топ  өздері дайындаған тәжірибелерін  көрсетеді де,қарсылас топтар оны  түсіндіру қажет.  Бұл жерде сабаққа дым ынтасы жоқ оқушылардың дарындылығын аша білдім деп ойлаймын. Себебі Т, С деген оқушылар тәжірибе жасау барысында алдарына жан салмады.Қарапйым шарды үру үшін ауызбен немесе өзінің ұргіш құралымен үретін болсақ,осы оқушылар ас содасын,уксусты бос баклашкаға құйып басына шарикты кигізгенде шардың үрілетінін көрсете білді. Және де Б,М   деген   оқушылар   күнделікті   шайды   қайнатып   ішкенге   дейінгі   болып жататын   құбылыстардың   физикаға   тікелей   байланысы   бар   екенін   дәлелдеп берді. Оның қайнауының әр түрлі дыбыстар шығарып,шайғ қантты салғанда оның еритінін диффузия құбылысына негізделгенін, оны суыту үшін қасықты пайдаланатынымыз,ол   қасық   қандай   алюминий   ма,   әлде   темір   ма   олардың жылуөткізгіштігіне тәуелді екеніне көз жеткізді. Оқушылар мен бірге мұғалім апайлардың   да   қызығушылығынын   жоғары   болғанын   айта   кетуге   болады, себебі шардың  үрілгенін көріп немесе шай қағазының жоғарға ұшқанын көріп, үйден жасап көрмесем деген  қызығущылықтарын тудырып жатырды.   Бұл   тапсырмадағы   іс­әрекеттің   мақсаты­   теорияда   айтқандай   бұл жолдағы   ең   оңтайлы   тәсіл­балалардың   жеке   басының   тәжірибесіндегі дәлелдерге,   жауаптарына     мән   беруге   ынталандыру   еді.   Оқушылардың анағұрлым кең ауқымда болжамдар мен ұсыныстар жасай алатынына, негізгі дерек   көздерін   бағалай   алатындарына   және   соларға   сәйкес   жауап   бере алатынына   көзім   жетті.   Егер   оқушыға   ой   еркіндігін   берсем   шәкірттерімен сыни   көзқарасы   қалыптасқан   тұлға   шығатынын   болжап   қуандым.   Бала бойындағы ойлау туралы ойлаудың,  өз білгендері мен білімдерін ой елегінен мен   ойлағаннан   әлдеқайда   жоғары     деңгейде   таныта   алатындарын бақыладым.Көрермендердің де қызығушылығын арттыру мақсатында оларға да     физиканың   айналамызда   болатыны   туралы     өз   ойларын   ортаға   салды. Мақал­мәтелдердің физикалық қасиеттері және физикалық жұмбақтар   айту арқылы көрермендерменде  ойын болды. «Қызықты сұрақтарға жауап»  Көрермен көзайымы кім болады екен? 1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? (Құс жолы) 2. Ньютонның заңын ашуға себеп болған не? (Алма) 3. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (Буланады) 4. Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа) 5. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ) 6. Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді. (Күн, Ай, табиғи жарық) 7. Қармен біз жүргенде,  (сынады, қатты дене) Сықырлайды ол неге? 8. Өзі затты құрайды, Теңесуге таразыны сұрайды. (масса, физикалық шама) 9. Отқа жанбас, суға батпас. (мұз) 10. Табаныма байладым, Қос аяқпен айдадым (Шаңғы, сырғанау, үйкеліс, қысым) 11. Шапшаң жүргенге шаң жұқпас. (инерция құбылысы) 12. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді. (үйкеліс құбылысы) 13. Бір сасық құмалақ, бір қарын майды шірітеді? (диффузия құбылысы) 14. Шапқан озар, жатқан қалар. (жылдамдық, физикалық шама) 15. Басқан жерде ізі қалар, Айтқан жерде сөзі қалар. (қысым, физикалық шама) 16. Шешен сөзінен сынады, ине көзінен сынады. (заттың беріктік шегі) 17. Кемпірқосақтың түстерін не деп атайды? 18. Тұмсығымен қозғалар, соңынан аппақ із қалар. (бор, жұғу құбылысы) 19. Азықсыз адам, алысқа бармайды. (әлсіз, энергиясы аз) 20. Ас адамның қуаты, ат адамның қанаты.(күшті,энергиясы мол, күш көп)  Бала бойындағы ойлау туралы ойлаудың,  өз білгендері мен білімдерін ой  елегінен мен ойлағаннан әлдеқайда жоғары  деңгейде таныта алатындарын  бақыладым. Пайым­ дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау, балама  жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын   мойындау; Тәртіп­ тиянақты, нақты және жан­жақты болу; Өзіндік сана­сезім­ өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың  субъективті екенін сезіну ерекшеліктерін оқушыларымның ойынан, бойынан  көре алдым. (МАН) Көшбасшымыз Ақманар апай да сабақтан алған әсерімен бөлісе отырып, оқушылардың тапқырлығына, жылдамдығына сүйсіп, ақ тілектерін аямады.    Болашақта еліміздің болашағына үлесімізді қоса отырып, білімді, тәрбиелі, өз ойын ашық жеткізе алатын оқушы тәрбиелей отырып, оқушыларды сыни ойлауға дамытуға, ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастыруға, топпен бірлесе жұмыс жасауға,   талантты   және   дарынды   оқушыларды   анықтауға   мол   мүмкіндік туғызатынын айтқым келеді. Сыни тұрғыдан ойлауда  оқушылар берілген ақпаратты сыни   тұрғыдан   бағалай   алатын,     қарама­қарсы   көзқарастарды   талдай   алатын құбылыстарды   салыстырып,   олардың   ортақ   және   жеке   ерекшеліктерін   анықтай алатын, өз көзқарасын білдіре алатын, тақырыпқа қатысты болжам жасай алатын, жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырып үйренеді; тақырып бойынша өз болжамын шығармашылық   тұрғыдан     жеткізе   алатын,   ұсынылған   проблема   бойынша   өз көзқарасына   рефлексия   жасай   алатын   шәкірттердің   бар   екенін   айта   кету   керек. Оқыту   жобасын   қолдану   барысында   келешек   қазақ   балалары   сыни   пікір­ көзқарастары   жүйелі   дамыған,терең   ойлай   білетін,   шығармашылық   қабілеттері дамыған,   сандық   технологияларда   құзырлылық   танытатын   оқушы   ретінде қалыптасады   деп   сенемін.   У.   Уорд   «Жай   мұғалім­хабарлайды,   жақсы   мұғалім­ түсіндіреді, керемет мұғалім­көресетеді, ұлы мұғалім­шабыттандырады» дегендей оқушыларымыздың оқуға деген ынтасын көтеріп, шабыттандыруға шақырамын!   Пайдаланған әдебиеттер:  1.Мұғалімге арналған нұсқаулық

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал  физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал  физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал  физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал  физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал  физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал  физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал  физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал  физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал  физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал  физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал  физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал физика пән мұғалімі.

Рефлексиялық есеп .Көшенова Самал  физика пән мұғалімі.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.11.2017