Мақсаты: 1. Республиканың қалай аталатынын, онда тұратын сан алуан ұлттар, олардың ынтымағы, достығы, татулығы туралы түсінік беру.
2. ҚР Мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы, жалауы туралы білімдерін және оқушылардың сезімталдық, қиялшылдық, естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, Отансүйгіштікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: ҚР-ның рәміздері, суреттер, буклеттер
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелесу.
Рәміз.doc
Тақырыбы: Рәмізім мақтанышым
Мақсаты: 1. Республиканың қалай аталатынын, онда тұратын сан алуан
ұлттар, олардың ынтымағы, достығы, татулығы туралы түсінік беру.
2. ҚР Мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы, жалауы туралы білімдерін және
оқушылардың сезімталдық, қиялшылдық, естігенін, көргенін қайта
жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну
сияқты қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, Отансүйгіштікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: ҚРның рәміздері, суреттер, буклеттер
Әдістәсілдері: сұрақжауап, көрсету, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелесу.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. «Ойна да ойла» ойыны
(Оқушыларға сұрақ қою арқылы жауап алу)
Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
Біздің Республикамыз – Қазақстан деп аталады.
Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Республикамыздың астанасы қай қала?
Республикамыздың президенті кім?
Еліміздің қандай рәміздерін білеміз?
Биыл олимпиада қай қалада өтті?
ІІІ. Рәміздермен жұмыс. «Кім шапшаң ?» ойыны.
Тудың түсі қандай, ол түс нені білдіреді?
Бұл түс – ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді.
Тудың ортасында ненің суретін көріп отырсыңдар?
Алтын күн, қыран және оюөрнек біздің халқымыздың келешегі,
тыныштығы, байлығы.
Елтаңбада нені көріп отырсыңдар?
Кезкелген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – әнұран. Әнұран
мемлекеттің салтанатты әні. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған
жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды
түрегеліп тұрып тыңдайды. Қазақстан азаматтары, сонымен қатар Қазақстан аумағында тұратын
өзге ұлт өкілдері мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті.
IV. (Отан, рәміздер және т.б. жаттаған тақпақтарын, өлеңдерін
сұрау)
1оқушы: Желбірейді шарықтап,
Қазақстан жалауы .
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
2оқушы: Көк аспанда нұрлы Күн
Күлімдейді далама.
Бақыт тілеп тұр бүгін,
Ол барлық пәк балаға.
3оқушы: Ұлттық өрнек мұрамыз,
Адастырмас мұраттай.
Нық көтеріп тұрамыз,
Жалауды біз құлатпай!
4оқушы: Бейнелеп сан ғасырды,
Елтаңбасы елімнің.
Таратады хас үлгі,
Киесіндей жерімнің.
5оқушы: Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында таныпақ
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
6оқушы: Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақорданың төрінде.
7оқушы: Барша халық таныған,
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
8оқушы: Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы.
Жетіп бізге шет елден,
Көкке әнұран шалқиды.
9оқушы: Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
10оқушы: Елтаңбасы елімнің Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көгілдір
Ортада аспан әлемі.
11оқушы: Отан деген атамекен,
Отан деген –туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен,
Қазақстан туған ел!
12оқушы: Отанжерім, Отансуым,
Отан қуат,нәр береді.
Отанұран, Отантуым,
Отан мәңгі гүлденеді.
V. Ой тастау:
Отанымыздың көркеюіне қандай үлес қосасыңдар?
Отанымызға қандай тілек айтар едіңдер?
Осы тілектеріміз орындалу үшін не істеу керек?
VI. Қорытынды.
Ойын: «Ойлан да, жалғастыр»
Біздің Отанымыз, біздің мемлекетіміз........(Қазақстан)
Қазақстан – мемлекет, ал Астана ......( Қазақстанның Елордасы)
Астана Қазақстанның Елордасы, ал Қарағанды ......(біз тұратын қала)
Ту, елтаңба, әнұран мемлектіміздің ....(рәміздері)
№36 жалпы білім беретін орта мектеп 1 сынып
Абдрашитова Г.Е
Билялова Б.С.
Қарағанды қаласы
Рәміздер-мақтанышым
Рәміздер-мақтанышым
Рәміздер-мақтанышым
Рәміздер-мақтанышым
Рәміздер-мақтанышым
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.