Сабақтың тақырыбы: Роботтың сызық бойымен қозғалысы
Сабақ мақсаты: Роботты сызық бойымен қозғалту программасын жазу
• Роботты сызық бойымен қозғалуға қалай үйретуге болады?
• Робот қозғалысын ұйымдастыруда түс датчигін қалай қолдану керек?
Роботтың сызық бойымен жарысы
Робот алғаш пайда болған уақыттан бастап, олардың арасында да түрлі жарыстар өткізіліп тұрады. Солардың бірі және кең тарағаны – сызық бойымен қозғалу. Сызық бойымен қозғалатын робот құрастырып программа жазу үшін жарыстың талаптарын білуіміз керек.
Роботтың сызық бойымен жарысының негізгі талаптары:
Роботқа қойылатын талаптар:
1. Роботтың көлемі 25 см х 25 см-дан, салмағы 1 кг-нан аспауы тиіс. 2. Жарыс басталғанда робот толық дербес болуы керек. Ev3 роботы қара сызық бойымен тұрақты қозғалуы үшін программада шексіз цикл қолданылады. Робот қара сызықтан шығып кетпеу үшін бізге түс датчигі керек. Сызық бойымен жарысқа қатысатын роботтарды құрастыруда оларды бір немесе екі түс датчигімен жабдықтауға болады.
Жарыс өтетін алаңға қойылатын талаптар:
1. Робот жүретін полигон алаңы – 2 400 мм х 3 800 мм 2. Полигон ақшыл күңгірт түсті. Сызықтың түсі қою қара, ені – 50 мм. Бұрылыстардағы ең аз бұрылу радиусы – 300 мм. 3. Ұпай есептелетін тұстардағы кедергілер бар жерлер сары түспен белгіленген.
Жарыс алаңы
Бір түс датчикті роботтың сызық бойымен қозғалу алгоритмі
Осы алгоритм бойынша төмендегідей программа құрастылады: 1. Шексіз цикл ішіне қосып-ажыратқыш орнатылады. 2. Қосып-ажыратқышта түс датчигін таңдаймыз. 3. Түс датчигінде қайтқан жарықты салыстыру режімін таңдаймыз
Екі түс датчикті роботтың сызық бойымен қозғалу программасы
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.