"Родной язык наше будущее"
Оценка 4.7

"Родной язык наше будущее"

Оценка 4.7
Разработки уроков
doc
классное руководство
5 кл
10.06.2018
"Родной язык наше будущее"
Мақсаты: оқушыларды ізденуге дағдыландыру,сөздік қорын молайту,көпшілік алдында көп сөйлеуге өз пікірін жеткізе білуге ынталандыру,ойын барысында оқушылардың ауызша ой-өрісін дамыту,туған тілін сүюге,қадірлеуге,мақтан етуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:мақал-мәтелдер,тіл туралы нақыл сөздер. Мұғалімнің сөзі :Құрметті оқушылар,қадірлі қонақтар!Бүгінгі біздің “Тіл ұлттың жаны” атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!Алдымызға қойылған мақсат –қазақ тілінің мәртебесін көтеру.Оқушылардың тіліне,еліне сүйіспеншіліктерін арттыру. Келесі сөз кезегін біздің жүргізушілерімізге берейін.
Қалымтаева Тіл ұлттың жаны.doc
Сыныптан тыс  іс­шараның  тақырыбы: "Тіл­ұлттың жаны"    Мақсаты: оқушыларды ізденуге дағдыландыру,сөздік қорын  молайту,көпшілік алдында көп сөйлеуге өз пікірін жеткізе білуге  ынталандыру,ойын барысында оқушылардың ауызша ой­өрісін дамыту,туған  тілін сүюге,қадірлеуге,мақтан етуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:мақал­мәтелдер,тіл туралы нақыл сөздер.   Мұғалімнің сөзі :Құрметті оқушылар,қадірлі қонақтар!Бүгінгі біздің “Тіл  ұлттың жаны” атты іс­шарамызға  қош келдіңіздер!Алдымызға қойылған  мақсат –қазақ тілінің мәртебесін көтеру.Оқушылардың тіліне,еліне  сүйіспеншіліктерін арттыру. Келесі сөз кезегін біздің жүргізушілерімізге  берейін.    1­жүргізуші:­Тіл қай ұлтта,қай елде болса да, қастерлі де құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады.Тіл байлығы­әрбір елдің  мақтанышы.Ол­атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра. Әр ел  өз тілі арқылы әлемді,дүниені,өмірдің құнды тағылымдарын таниды  да,келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл­халық тарихы,тіл –ұлттық қазына,тіл­ біздің намысымыз,арымыз,байлығымыз.   2­жүргізуші:­ Біздің Отанымыз –Қазақстан Республикасы.Қазақстан  Республикасының Елтаңбасы,Гимні,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар  Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конститутциясында белгіленген өз  мемлекеттік тілі бар.Ол­әрине,қазақ тілі.    ­Ал, енді, әділқазылар алқасымен таныстырайық. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі: Қурықпаева Р.Б ________________________________________________________ _______________________________________________________    1­жүргізуші Қатысушылар 5 «В»­сынып оқушылары. Оқушылар екі топқа бөлінген.Әр топ  өзін­өзі таныстырып кетсін – 1топ: Сұнқарлар тобы   2­Жүргізуші   2 ­топ Болашақ тобы            2­жүргізуші: Ал енді бүгінгі біздің іс­шарамызды бастайық . Сайыстың  барысы: Сайысымыз алты бөлімнен тұрады: 1. “Жедел жауап” 2. “Сөз мәйегі мақал” 3. “Полиглот” 4. “Ойлан тап” 5. “Қызықты ұйқастар” 6. “Өлең­сөздің патшасы,сөз сарасы “ 1­ жүргізуші: Бірінші  бөлім “Жедел жауап”    Бұл бөлімде,  әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай  беріледі. Бірінші  топ: Сұнқарлар  1. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? ( Астана) 2. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? (4) 3. Бір тәулікте неше сағат бар?(24) 4.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42) 5.Қазақстанның ел басшысы кім? (Н.Назарбаев) 6.Жеңіс күнінің қашан тойлаймыз? (9 мамыр) 7.Тышқаннан қорқатын аң (піл) 8. Абай Құнанбаев кім? (ақын) 9.Қазақстан туының түсі қандай? (көгілдір) 10. Қыстың бірінші айы( қаңтар) 2­жүргізуші: Екінші  топ: Болашақ тобына сұрақтар, дайынсындар ма? Ендеше  бастайық: 1.Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9) 2.Қазақстан тарихында неше астана болды? (4) 3.Көктемнің бірінші айы (наурыз) 4.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері(Тоқтар Әубәкіров) 5.Бір жылда неше күн бар? (365) 6.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі) 7. Бала оқытатын адам (мұғалім) 8.Қазақстан Республикасының рәміздері (ту,елтаңба,гимн) 9.Қазақстанның бірінші астанасы (Орынбор) 10.Абай Құнанбаевтың  шын аты (Ибраһим)     ­ Бірінші бөлімнің сұрақтары аяқталды. Екі топқа де рахмет.   2­жүргізуші: Қазақстанда мемлекеттік тіл өз қызметін толық атқару үшін  Тіл Заңын қабылдау қажет болды.1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан  Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды.Қазақ тілі Қазақстан  Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. 1­жүргізуші: ­Мемлекеттік тіл­Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің  рәмізі.Осыған сәйкес 1997 жылы 11 шілдеде “Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы” қабылданып,оның 4 бабында”Қазақстан Республикасыны  мемлекеттік тілі –қазақ тілі” екені жазылған.         Екінші  бөлім “Сөз мәйегі­мақал”      Келесі сайысымыз,сөз кезегін аумақты ойды бір ауыз сөйлемге сыйдыратын  мақал –мәтелдерге береміз, яғни  біз сендерге мақалды айтамыз, ал сендер   жалғасын табу керексіндер. Бастайық:               Бірінші  топ: сұнқарлар  1.Ең тәтті де­тіл, ….. (ең ащы да­тіл). 2.Отансыз адам­ ….(ормансыз бұлбұл). 3.Тіл­ қылыштан.….(да өткір). 4.Өнер алды­ …(қызыл тіл). 5.Отан….(оттан да ыстық). 6. Оқусыз­білім жоқ, …..(Білімсіз күнің жоқ).            2 ­ жүргізуші: Келесі Екінші  топ: Болашақ 1.Жүз сом ақшаң болғанша,….(жүз досың болсын). 2.Ер жігіт елі үшін туады,…..(елі үшін өледі). 3.Білім таппай мақтанба,…..(өнер таппай баптанба). 4.Мектеп­ кеме,……(білім теңіз). 5.Жақсы жолдас­ жанға серік,…..(жаман жолдас­ малға серік). 6.Шебердің қолы­ ортақ,…..(шешеннің –тілі ортақ). ­ Осымен екінші бөліміміз де аяқталды.   1­жүргізуші: ­Армысың,ардақты анам­қазақ тілім, Бір өзіңнен тараған өнер –білім. Құтты болсын бүгінгі тіл мейрамы, Жарқын болсын әрқашан келер күнің! : ­Қазақ тілім­саялаған нұр бағым, Қазақ тілім­анам тілім Сен арқылы жетіп жатыр өмірге Жан сырларым,тілегім,бар арманым.    2­жүргізуші: Менің тілім­Махамбеттің,Абайдың Ұлы тілі­талайым деп санаймын! Өткір,өжет,нәзік,сұлу,бай тілмен Таңдайыма бал тамызам талайдың. Туған тілім­тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы Өссе тілім,мен де бірге өсемін, Өшсе тілім,мен дағы өшемін. 1­жүргізуші: Үшінші бөлім “Полиглот”   Ең бай адам­көп тілді меңгерген адам.Көп тіл білген адамды ғылым тілінде  “полиглот”дейді.Келесі сайысымыз жұмбақтарды орыс,қазақ,ағылшын тілінде  шешіп айту керексіңдер: Бұл бөлім бес сұрақтан тұрады.             Бірінші  топ: Сұнқарлар 1.Темір тілді, Күміс үнді. (қоңырау,звонок ……) 2.Қыста келген,көктемде еріген. (қар,снег…..) 3.Үй үстінде алтын тас, Алйын десем табылмас. (жұлдыз,звезда…..) 4.Түк білмей барасың, Тәлімін аласың. (мектеп,школа……) 5. Қабат­қабат қаттама,Ақылың болса аттама. (кітап,книга…….) 2­­Жүргізуші: Ал, екінші топ сендердің сұрақтарын Екінші  топ: Болашақ 1.Сырты тәтті,іші тәтті, Ортасы сүйек қатты. (алма,яблоко….) 2. Табаныма байладым, Қос таяқпен айдадым. (шаңғы,лыжи…..) 3.Тұмсығымен қозғалар,  Артында аппақ із қалар.(бор,мел…… 4.Жесең ащы, Көзіңнен шығар жасы.(пияз,лук……) 5.Аспанға ұшар бу болып, Жерге қайтар су болып. (бұлт,облако…….)    1 ­ жүргізуші: Жарайсындар. Келесі  төртінші  бөлім “Ойлан тап”    Келесі сайысымыз берілген әріптерден сөз құрау. Бұл кезеңнің шарты екі  топқа бірдей "Тәуелсіздік" сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру.      2­жүргізуші   Топтар әріптерден сөз құрағанша, 7 «А»сынып оқушысы :  Тысбай  Меруерт «Туған жер» әнің орындап береді, қарсы алайық    1­Жүргізуші: Келесі  Бесінші  бөлім “Қызықты ұйқастар”   Бұл сайыста екі топтың әр оқушысы жылдамдықпен сөздердің ұйқасын  тауып айтады. Бірінші топ: Сұнқарлар 1. Жизнь­өмір,уголь­        көмір. 2. Таможня­кеден, пол     ­еден. 3. Рыба­балық,народ –     халық. 4. Зуб­тіс,дело­             іс. 5. Лето­жаз,гусь­         қаз. 2 ­ жүргізуші:  Екінші  топ: 1.Город­қала,ребенок – бала. 2.Игра­ойын,шея­   мойын. 3.Число­сан,кровь­  қан. 4.Человек­адам,шаг­ қадам. 5.Дверь­есік,колыбель­ бесік.    1 ­ жүргізуші: Келесі соңғы бөліміміз     Алтыншы бөлім “Өлең­ сөздің патшасы,сөз сарасы” Бұл сайыста әр топтың жетекшілері шығып белгілі бір тақырыпта қазақша  өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің  машықтығы,оқудың тазалығы бағаланады. 2­жүргізуші: ­Білімнің мініп алып тұлпарына, Қиналмай шықты білім шыңдарына. Бүгінгі сайысымыз аяқталды, Сөз кезегі әділ қазы алқасына. Бүгіні сайысымызды қортындылап,жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар  алқасына сөз береміз. 1­жүргізуші: Қалағандай қиюлап үй та Балталап бұза алмайсың ұйқастарын. Тіліңнің білгің келсе құдыретін, Жұртыңның оқы өлең ,жыр дастанын Болыңдар сайысқа келген аман Қазақ болып туғанмын жер үстінде,   және де сол тіл үшін жаралғанмын,­деп ақын ағамыз жырлағандай әрбір  Қазақстан Республикасының азаматы ана тілімізге жанашырлық  танытып,қадірлей білсек,нұр үстіне нұр болар еді.  2­жүргізуші: ­Құрметті ұстаздар,оқушылар,көрермендер!Осымен бүгінгі  сайысымз аяқталды.Жарыс болған соң,жеңіс пен жеңіліс қатар  жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.

"Родной язык наше будущее"

"Родной язык наше будущее"

"Родной язык наше будущее"

"Родной язык наше будущее"

"Родной язык наше будущее"

"Родной язык наше будущее"

"Родной язык наше будущее"

"Родной язык наше будущее"

"Родной язык наше будущее"

"Родной язык наше будущее"

"Родной язык наше будущее"

"Родной язык наше будущее"

"Родной язык наше будущее"

"Родной язык наше будущее"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.06.2018