Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие –Мәңгілік елдің кепілі
Оценка 4.9

Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие –Мәңгілік елдің кепілі

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
классное руководство
4 кл
28.09.2018
Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие –Мәңгілік елдің кепілі
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. :«Бір жылға жоспар құрсаң – егін ек, жүз жылға жоспар құрсаң – ағаш ек, ал мәңгілік мұратты көздесең – ұрпақ тәрбиеле» деген ғибрат бар. Бұл жауапкершілігі зор, салмағы ауыр міндет.Өйткені бүгінгі жас буын – ел болашағының ертеңгі кілті. ХХІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі. Оған лайық болу- қазіргі жаһандану процесіндегі кез – келген мемлекеттің негізгі ұстанымы. Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап,ұлттық сананы қалыптастыру-көкейтесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық.Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған : «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».Ашық тәрбие сағаты
01 09 2018 ашык тарбие лаура.docx
орта мектебі Елек «Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие – Мәңгілік елдің кепілі»                                  Өткізгендер: Оразымбет Багира                                                      Лаукенова Лаура 2018­2019 оқу жылы «Бекітемін»                         тжо Кушербаева Г.М. Уақыты: 01.09.2018 Сабақтың тақырыбы: Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие –Мәңгілік елдің кепілі Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына  деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.                                                            Барысы:  I.Ұйымдастыру :  Оқушылар түрлі түсті қағаздарды таңдау арқылы 3 топқа  бөлінеді.Таңдалған түске байланысты сол түске сәйкес оқушылардың мінез –құлықтары  айтылады. Қызыл түсті таңдағандар ­ кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер,        батыл адамдар.  Көк түс  жан тыныштығын, молшылықты, татулықты,бауырмашыл болып келеді екен.  Сары түс  – қуаныштың, күн шапағының нышаны. Бұл түсті таңдаған  адам қиындықты тезірек жеңудің амалын іздеп тұрады.  Топтың ережесін еске түсіру. II.Негізгі бөлім:  Мұғалімнің кіріспе сөзі:«Бір жылға жоспар құрсаң – егін ек, жүз жылға жоспар  құрсаң – ағаш ек, ал мәңгілік мұратты көздесең – ұрпақ тәрбиеле» деген ғибрат бар.  Бұл жауапкершілігі зор, салмағы ауыр міндет.Өйткені бүгінгі жас буын – ел болашағының  ертеңгі кілті.  ХХІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі. Оған лайық болу­ қазіргі  жаһандану процесіндегі кез – келген мемлекеттің негізгі ұстанымы.  Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын  еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім­тәрбие мен білім  беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап,ұлттық сананы қалыптастыру­көкейтесті  мәселелердің бірі болып отырғаны анық.Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық  тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары  еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан — 2030» халыққа жолдауында  былай деп жазылған : «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен  өз мәдениетімізді, өз  тарихымызды  бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге  ұмтылғанымыз  жөн». Басты  мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер  мен адамзаттық құндылықтар, рухани­ мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.  Бүгінгі жас ұрпақты сонау  замандардан жинақталған ата­бабамыздың мол мұрасымен,яғни ұлттық құндылықтармен  сусындату­біздің парызымыз.  Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін не істеуіміз қажет (Оқушылардың жауаптары тыңдалады) ­  ұлттық сана­сезімнің  қалыптасуы  ­ туған халқымызға  деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялауы, ұлттық рухтың  дамуы; ­ана тілі мен дінін,оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт­дәстүрін, рухани­мәдени мұраларды қастерлеу; ­ жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты  міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ  тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық  құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет­ғұрып, салт­дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби,  тарихи ақпараттар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен қатар  ұрпақ тәрбиесіне, жалпы  халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім­тәрбиелік ой­пікірлерді:                        Қорқыт ата, Әл­Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн,  Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын­ жырауларының мұраларынан, билер мен  шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз. Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет­ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген  сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне,өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып  жату керек. Халықтық әдет­ғұрып, салт­санасының байлығы, патриоттық сезім, Отанға  деген  сүйіспеншілігін қалыптастырады. Ұлтжанды, адами құндылықтарды бойына жиған,  экономикалық бәсекелестікке қабілетті, ары таза, елі мен жерін сүйетін, атқарған ісімен  дәлелдеген жастарды көргіміз келеді. Бүгінгі жаһандану процесінде ұлттық мүдде, ұлттық  тәрбие, ұлттық құндылықтарды сақтап қалу­үлкен міндет. Жас ұрпақты тәрбиелеуде  халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз. Сондықтан жаны таза, рухани  биік, адамгершілігі мол тұлға тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың маңызы ерекше.  III. Тапсырмалар:  1тапсырма:  1топқа: Топтарыңның атына сәйкес«Ұрпақ» сөзіне кең көлемде түсінік  беріңдер.2­топқа: ­ Топтарыңның атына сәйкес«Ұлағатты тәрбие » сөзіне кең көлемде  түсінік беріңдер. 3­топқа: ­ Топтарыңның атына сәйкес«Мәңгілік ел » сөзіне кең көлемде  түсінік беріңдер. 2 тапсырма:1­топқа : ­ Қазақ халқының салт ­ дәстүрі 2 топқа ­ Қазақ халқының мәдени  құндылықтары және өнері 3 топқа ­ Қазақ халқының ұлттық тағамдары және ойындары  туралы айту;  Қорытынды:   Ендігі міндет­бабалар аманатына адал болып,Ұлы Дала елінде тәуелсіздікті мәңгі ету.  Келешекте елімізді көркейтуге тер төгіп, адал қызмет етеміз.Ә.Асылбеков ағамыздың  сөзіне жазылған «Қазақ елі осындай» әнін үлкен сахналарда шырқап,Мен­ мәңгілік елдің  перзентімін, «Менің елім­Қазақстан» деп мақтана бергейсіндер деп үміттенеміз.  Арайлы алтын таңдары, Жайдары жарқын жандары. Асқарлы арманы бар, Аспанды таулары бар, Бақшалы баулары бар. Даламдай дархан пейілді, Анамдай артқан мейірі, Біртұтас халқымыз бар, Мызғымас қалпымыз бар.

Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие –Мәңгілік елдің кепілі

Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие –Мәңгілік елдің кепілі

Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие –Мәңгілік елдің кепілі

Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие –Мәңгілік елдің кепілі

Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие –Мәңгілік елдің кепілі

Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие –Мәңгілік елдің кепілі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.09.2018