Мақсаты: оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы мағұлымат беру. Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық тағы басқа қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу."Өрт тілсіз жау"
өрт тілсіз жау ушинши сынып.doc
Сабақтың тақырыбы: Өрттілсіз жау
Мақсаты: Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру.
Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру. Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы
мағлұмат беру.Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін
зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, шарлар, мақалдар.
І. Ұйымдастыру.
ІІ.Кіріспе.
Мұғалім: Құрметті оқушылар өткізгелі тұрған сабақтың тақырыбы «Өрттілсіз жау». Олай
болса өрттің қаншалықты қауіпті екенін балалар айтады, сөз кезегін балаларға береміз.
От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады.От өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От
жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат
бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Жалпы «от»
өрісі кең түбір. Біздің атабабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған. Отты
жерқуатты жер. Мал біткенге күшқуат беретін жер. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп
отырған. Тұратын үйді отау, үй иесін – отағасы деп атаған. Алайда от өміріміз десек те, оның
әлемі жайлаған алапаттың бірі өрт қауіпін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн.
Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып
кеткенін де байқамай қаламыз.
Шыршаға балауыз ілсеңдер,
Қызық көріп жақпаңдар.
Егер жақсы білсеңдер,
Өрт ережесін сақтаңдар.
Бір күні Айбек ойланды,
Фейрверк атсам деп толғанды.
Әкешеше жоқ үйде,
Оттықты тауып қолға алды.
Күйді аю бөпесі,
Күйді мұрны шекесі.
«Өрт тілсіз жау» деген,
Ойнамаңдар от осы.
Үлкендерді силаңдар,
Шашылғанды жинаңдар.
Өрт боларын ойлаңдар!
Мамыққа от қоймаңдар.
Мамасын айжан күтпестен,
Газға қойды тамақты.
Шығып кетті тіпті естен,
Кім көрген мұндай олақты.
Тамақ тасып төгілді,
Түбінде қалды шөгінді.
Зәресі қалмай Айжанның,
Көзінен жас төгілді.
От пен түтін айнала, Қарап тұрма жәй ғана.
Тез хабар бер 01ге
Уақытты сен байлама.
Үтікпен киім басарда,
Сақтық керек саған да.
Мұқият бол қашанда,
Үйде жалғыз қалғанда.
Жел тұрғанда жанған от,
Лаулай жанып өршіген.
Зиян келер аңға көп,
Ормандардың өртінен.
Отпен сен ойнама,
Өрт шалады айнала.
Ол тілсіз жау біліп қой,
«Қызық көрем» деп ойлама!
Өрт шыққанда тығылмай,
Далаға қашып, шығып кет!
Асыпсасып жығылмай,
Өрт астынан бұғып өт!
Орманда от жаққанда,
Сақтық керек балалар.
Сөндіріп кет кетерде,
Шоқ астында шала бар.
Өрт қауіпсіздігін білу әр оқушының міндеті. «Сақтықта қорлық жоқ» деп бекер айтпаған.
Олай болса қазір балалар өрт қауіпсіздігін және оған керек құралдарды айтып өтеді.
Өртті сөндіруге арнайы заттарды дайарлап қойған жөн.Олар: құм,су, күрек,киіз.
Өрт жаңадан басталғанда,сумен құм сеуіп өшіреді.
Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса топыраққа аунап, үстіне құм сеуіп
өшіреді.
Газ плитасы тұрған бөлмені жиіжиі желдету керек. Егер газдың күлімсіген иісін сезсең сіріңке
жағуға,электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды. Тек үйдің есіктерезелерін ашып желдету
керек.
Өрт қауіпсіздігін білдік ендеше «Сөздің көркімақал» демекші келесі кезекті мақал
мәтелдерге береміз.
Отпен ойнама күйерсің.
Ойын түбі от.
Отын деген шөп болор,
Жинай берсең көп болар. От жақпапісерсің,
Ор қазбатүсерсің.
Сумен ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – күйерсің.
От пен су – тілсіз жау.
Өзі саққа құдай жақ.
Сақ жүрсең сау жүрерсің.
Жау жоқ деме – жар астында,
Бөрі жоқ деме – бөрік астында.
Міне, осымен 3 «Б» сыныбының дайындаған сабақ аяқталды, сау
болайық, өрт қауіпсіздігін сақтайық. Б.Майлин атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектеп 3 «б» сыныбы
Өткізген : Ибраева Г.Б.
"Өрт тілсіз жау" (3 сынып)
"Өрт тілсіз жау" (3 сынып)
"Өрт тілсіз жау" (3 сынып)
"Өрт тілсіз жау" (3 сынып)
"Өрт тілсіз жау" (3 сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.