«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі».
Оценка 4.9

«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі».

Оценка 4.9
Лекции
docx
география
10 кл
06.04.2018
«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі».
Рухани-адамгершілік білімнің маңыздылығы жайында ұлы қазақ классигі Шәкәрім Құдайбердіұлының ғалымдарға «Ар-ұждан» ілімін әзірлеп, оны барлық білім беру ұйымдарына міндетті пән ретінде енгізу жөнінде ұсыныс айтқан. Бүгінгі таңда Шәкәрім Құдайбердіұлының арманы жүзеге асты деп айтуға болады, себебі Қазақстанның жалпы барлық білім беретін мектептерінде өткізілетін өзін-өзі тану сабақтары –ар-ұждан сабақтары болып табылады.Қоғамның болашағы білім беру жүйесіне тәуелді екенін нық сеніммен айтуға болады, себебі бүгінгі балалар біраз уақыттан кейін елдің және жаңа заман тағдырының жасампаздарына айналады.
Баяндама. Купеев Е.С..docx
«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі». Е.С. Купеев  «Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің №17 орта мектебі»ММ        «Өзін­өзі тану» рухани­адамгершілік Бағдарламасы аясында 2010­2011 оқу жылынан бастап Қазақстанда «Өзін­өзі тану» пәні жаппай ендіру жүзеге асырылуда.   «Өзін­өзі   тану»   пәні   адамға   шынайы   бақытқа,   өмірлік қанағаттану мен жан тыныштығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.   «Өзін­ өзі тану» пәнінің мақсаты ­ рухани­адамгершілік құндылықтарға негізделген ойы, сөзі, ісі бірлікте өмір сүретін, кемел мінезді адам дамыту.       Қоғамның болашағы білім беру жүйесіне тәуелді екенін нық сеніммен айтуға болады, себебі бүгінгі балалар біраз уақыттан кейін елдің және жаңа заман тағдырының жасампаздарына айналады.     Рухани­адамгершілік білімнің маңыздылығы жайында ұлы қазақ классигі Шәкәрім   Құдайбердіұлының   ғалымдарға   «Ар­ұждан»  ілімін   әзірлеп,   оны барлық білім беру ұйымдарына міндетті пән ретінде енгізу жөнінде ұсыныс айтқан. Бүгінгі таңда Шәкәрім Құдайбердіұлының арманы жүзеге асты деп айтуға   болады,   себебі   Қазақстанның   жалпы   барлық   білім   беретін мектептерінде   өткізілетін   өзін­өзі   тану   сабақтары   –ар­ұждан   сабақтары болып табылады.   дамуының   негізі Мектеп жасындағы кезең балалардың адамгершілік қасиетін дамыту үшін қолайлы болып табылады, өйткені осы жас шамасында тұлғаның әрі қарай үйлесімді   Сондықтан   оқушыны жалпыадамзаттық   құндылықтармен   таныстырып,   оның   адамгершілік қасиеттерін   қалыптастыру   мақсатында   ұйымдастырылған,   мақсатқа бағытталған,   басқарылатын   тәрбие   үдерісін жалпыадамзаттық   құндылықтар   негізіндегі   мектептегі   адамгершілік тәрбиесі деп қарастырамыз.   қаланады.   кешенді,   жүйелі, Татьяна Ивановна Петракованың ұсынған құндылықтар жіктемесі үш түрге бөліп қарастырады: табиғи, жүре пайда болған, абсолюттік. Табиғи   құндылықтар  –   бұл   адамның   табиғи   күші   мен   жан­дүниесінің қабілеттілігі,   құндылықтары:   ақыл­ой,   сезім,   күш­жігер   (ақылдың 1 айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш­ жігердің қайраттылығы). Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік   тұрғыдан   дамуы   барысында   меңгерген   құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілдік, сабырлылық). Абсолюттік   жалпыадамзаттық   құндылықтар  –   ол   уақытқа бағынбайтын,   ешқандай   ортамен,   қоғаммен   шектелмейтін,   бүкіл   адамзат үшін   маңызы   зор   құндылықтар.Олар   адамның   шынайы   табиғаты   туралы білім нұрын әкеледі, өзін­өзі ұғынуды мақұлдайды және әрбір адам барша адамзат   баласы   жоғары   мақсатты,   яғни   өзін­өзі   жүзеге   асыруды   ұғынуы үшін даналықпен нұрландырады. Бұл құндылықтар оқу, және ұғыну үшін ғана   емес,   сондай­ақ   бүкіл   жан   дүниесімен   барлығының   қабылдап   және күнделікті өмірде соған сүйенуі үшін кажет.   Бұл құндылықтар оқу, түсіну және ұғыну үшін ғана емес, сондай­ақ жан дүниесімен барлығын қабылдап, және күнделікті өмірде соған сүйенуі үшін керек. Мәңгілік әмбебап құндылықтар ақиқат, дұрыс әрекет сүйіспеншілік пен ішкі тыныштық, қиянат жасамау барлық адамдар үшін барлық жанды және   жансыздар   үшін   ортақ   болып   табылады.   Жалпы   адамазаттық құндылықтарды түсіну мен ұғыну­бұл барлық адамдардың бірігуі туралы ақиқатқа апарар жол. Интеграция   үдерісі  (латынша  integranio­шоғырлану,   бірігу,   ықпалдасу, кірігу,   интеграция)   дегеніміз   ­   жүйенің   әуел   баста   ажратылған   түрлі бөліктері  мен   элементерінің   өзара   тәуелділік   және   өзара   толықтыру негізінде   бір   тұтас   бірігуі.   Пәнаралық   педагогикалық   интеграция Ә.А.Бейсембаеваның   еңбегінде   қарастырылған.   Ол   өз   жұмысында:   «Оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқулықтарды жетілдіру үшін жекеленген білім салаларындағы жетістіктерді ғана көрсетіп қана қоймай, қазіргі ғылымның аксекалогиялық   сипатын,   оның   адам   мен   рухани   әлемді   өзгертуінің маңызына   тоқталады.»­деп   атап   өтті.   Осы   жағынан   алғанда   үлкен әдіснамалық негізі бар жеке пәндердің мазмұны мен олардың арасындағы пәнаралық   байланыстарды   анықтайтын,   сонымен   қатар   ғылымның аксикалогиялық   құрамдастарын   айқындайтын   диалектикалық   әдіс қолдануды қажет ететін ғылыми білімнің бір тұтастық қағидатын жүзеге асырудың   маңызы   зор,   ол   жеке   тұлғаның   рухани­адамгершілік   дамуына ықпал етеді. Сондықтан, қазіргі сабақтың мақсаты жағымды ойлай алатын, өзін­өзі тануға ұмтылатын, жауапкершілік сезімі, ылғида өзгермелі әлемге шыдамды,   оны   рухани   байытуға   қабілетті   адамды   тәрбиелеу   болып табылады.   «Өзін­өзі   тану»   рухани   ­   адамгершілік   білімнің   басқа   пәнмен 2 интеграциясы ­ ол ең алдымен мектептегі білімді жандандыру, оның рухани­ адамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол­тұтас білім, барлық пәндерді жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жинақтау және әр алуандылықтың бір тұтастығын  көре білу. Мәнгі адамзаттық  құндылықтар білім берудің ошағына   айналуы   керек,   басқаша   айтқанда,   біз   оқытатын   пәндеріміздің біртұтас екендігін көрсетуіміз керек. Интеграциялау екіге бөлінген –сыртқы интеграция (өзін­өзі тану әдістерін қолдану ) және ішкі интеграция, олар тек биологиялық және әлеуметтік табиғатқа ие емес, сонымен бірге жоғары рухани негізінде түсіндіріледі. Интеграциялаудың   жолдары:1.Ғылымдардың   даму   тарихы   мен   ұлы ғалымдардың   өмірінен   шабыттандыратын   мысалдар   келтіру.   Рухани­ адамгершілік білім беру мен өзін­өзі тануды интегрециялаудың ең тамаша мысалы ғалымдардың өмір тарихынан үзінділерді әңгімелеу. 2.Заманауи   ғылымдардағы   жаналықтармен   танысу,   Ғылымдағы   соңғы ашылған жаңалықтар әлемнің рухани­адамгершілік құрлымы және ондағы адамның орнын саналы да терең түсіндіру әлеуетіне ие. Ол –адам өміріне лайықталған   ерекше   сүйіспеншілікпен   қамқорлықен   құрылған   тірі   әлем туралы   ілім;   ол­ғажап,   жетілген   адам   тәнінің   құрлымы   туралы   білім, сонымен   бірге   адамның   әрекеті   мен   сөзінің   және   ойының   адамның денсаулығы мен айналасындағы әлемге ықалы. Қазіргі зерттеулер адамның ішкі әлемі мен табиғат пен қоғамдағы сыртқы өмірдің арасындағы өзара тығыз   байланысты   көрсетеді.   Осындай   жанды   білім   оқушыны шабыттандырып, олардың білімге, ақиқатқа, қоғамға, тұтас қызмет етуге құштарлығын оятады. 3.Әрбір   оқу   пәндерінің   мазмұнын   жалпыадамзаттық   құндылықтарды жарыққа шығару. Қазіргі ғылымның даму барысының өзі адамзатқа сыртқы материалдық   әлем   мен   адамның   ойы,   сөзі,   ісі   арқылы   ішкі   әлем құрлыстарының арасында тығыз байланыстың бар екенін түсіндіреді. Өзінің кезеңінде ұлы ғалым және ойшыл К.Э.Цилковский сәуегейлікпен: «Шынайы мораль жаратылыстың бастаулары мен негізгі заңдарынан шығуы тиіс»­деп ескерткен.   Осы   айтылғандай,   интеграциялаудың   мүмкіндігі   тікелей мұғалімнің   дүние   танымына   тәуелді.   Балаларды   сүю   және   өзінің   пәнін жақсы көру, кең көзқарас, ашық жүрек, жаңалыққа жаны құмар, жетілуге ұмтылу және өзінің ақиқат табиғатын тану­міне өзінің пәнініңмен «Өзін­өзі тану» пәнін интеграциялаудың қажетті алғышарты. Мұғалім өзі ізденіп, рухани адамгершілік тұрғысынан дамымаса, әлемнің көп алуандылығындағы бір тұтастықты көре алмаса, тек кітаптағы білімді меңгеруді мақсат етсе, тек қана бақылау жұмысына емтиханға дайындық 3 пен мектептің рейтнгісін нарықтық экономика талаптарына сәйкес келуді ойласа,   онда   ондай   мұғалім   пәні   мен   рухани   адамгершілік   білім   беруді интеграциялай да, өзінің қызметін жандандыра да, рухтандыра да алмайды. «Өзін­өзі   тану»   рухани   адамгершілік   білім   беру   мен   мектептегі   басқа пәндерді   интеграциялаудың   дүние   танымдық   негізі­қоршаған   әлемде   тек қана   өмір,   қозғалыс,   даму,   тәртіп   үйлесім   ретінде   көрініс   беретін биологиялық немесе әлеуметтік болмыс емес жоғарғы рухани болмысқа ие адам мен әлемнің біртұтастығын түсінуден тұрады: адам санасында жалпы адамзаттық құндылықтар түрінде бейнеленеді. Мектептің бірыңғай білім беру кеңістігіне және оның іс­әрекетінің барлық түрлеріне «Өзін­өзі тану» рухани­адамгершілік білім беру Бағдарламасын интеграциялау   білім   берудегі   рухани­адамгершілік   білімнің   жаңа баспалдағы болып табылады. Мектептің   өміріне   өзін­өзі   тануды   интеграциялау   ісінде   ата­аналармен байланыстың   болуы   маңызды.   Бірақ   шынайы   ынтымақтастық   үшін   ата­ аналарға   дұрыс   ақпарат   беріп,   олады   үнемі   мектепте   болып   жатқан жағдайлармен   хабардар   етіп   отыруы   қажет.   Егер   баланың   отбасы мектептегі   дәріптелген   құндылықтар   қолдауды   таппаса,   онда   сабақтағы білім   берудің   мақсатына   сәйкес   баланың   мінезіне   баланың   мінезіне жағымды   әсердің   күші   азаяды,   сондықтан   отбасы   мен   мектеп   тұлғаның үйлесімді   дамуы   үшін   бірігуі   керек.   Жалпыадамзаттық   құндылықтар негізінде   тәрбие   тек   оқушылар   мен   мұғалімдер   санасын   өзгертіп   қана қоймай, сонымен бірге ата­аналардыңда санасын өзгертеді. Мектепте өтетін іс­шаралар педагогтар, балалар мен ата­аналар арасында ұш жақты жүзеге асады.   Оқыту   үрдісіне   жалпыадамзаттық   құндылықтарды   енгізу   арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпы адамзаттық құндылықтарды адамның бойынан   жарыққа   шығару   ізгілікке   апарады,   яғни,   мінезін   өзгертуге болады. Қазіргі таңда, жас ұрпақты сапалы түрде оқыта отырып, саналы тәрбиелеу  талаптарын жүзеге асырудың мынадай жолдарын ұсынып жүрміз. Олар:  Рухани – адамгершілік білімді, құндылықтарды, кез келген пәнді оқыту  мазмұнына енгізу. Мысалы:  5­сынып­ Жаратылыстану  пәнімен ықпалдастыру 4 Жаратылыстану. Ауа. Ауаның қасиеттері.  Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз ­ Жерді қоршап тұр. Осы  қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің  радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік  жойылады. Ауаның қасиеттері: Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні жоқ,  иісі жоқ, жылы, суық, қатты, т.б.  Адамгершілік тұрғыда: Ауа бізге қаншалықты қажет болса, сол сияқты  адамдардың жылы сөздері, ақ пейілі, мейірімділігі қажет. Ал егер пейіліміз  тарылса, мейірімсіз болсақ адамгершілігіміз жойылады. 6­сынып­Биология пәнімен ықпалдастыру Биологиялық тұрғыда:   Бауыр ­ішектен бірге түскен зиянды және улы  заттар бауырда зиянсызданады. Адамгершілік тұрғыда: Ағайындылар бауырына ренжемейді, ренжеседе  бірден ішке түсірмей ренішін ұмытып кетеді. Өйткені ол бауыры. Әр  адамда солай болу керек өкпе ренішін ішінде сақтамай ыдыратып жіберу  керек. Адамдардың бір­бірін  жақсы көруі,  мейірімділігі, жанашырлығы,  қамқорлығы­ бауырмалдықты  білдіреді. Ол­адамдардың туыстық негізінде  ғана емес,  жалпы адами қасиет ретінде  өзге жұрттарды  бауырына тарту   оларды жақын санап, қамқорлық көрсету,  жатсынбау,  көпшіл болудан  көрінеді.   «Өзін­өзі тану» пәнін оқыту арқылы  бала санасында жақсы мен  жаманды, қамқорлық пен қайырымсыздықты т.б өмір түсініктерін айыра  білетін, өзін тану арқылы өзгені танитын, сол арқылы бүкіл әлемді  танитын көкірегі ояу, шығармашылық ойы дамыған, жарқын өмірді  қалайтын саналы ұрпақ  тәрбиелей аламыз. Олай болса, ұлттық  тарихымызбен үйлесім тапқан осы «Өзін­өзі тану» бағдарламасы ­ болашақ  бағдарламасы деп айтуға болады.  Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1.Бырынғай   білім беру  кеңістігінде «Өзін­өзі»тану  рухани –адамгершілік бағдарламасымен интеграциаланған тәжрибелік мектептерде сыныптан тыс жұмысты   ұйымдастыру.   Мұғалімдерге   арналған   әдістемелік   құрал /Әкімбаева Ж.Ж.АхметоваА.И./ .­Алматы: «Бөбек»ҰҒПББСО,2014­6,14 5 2.Мұғалімдерге   арналған   нұсқаулық   Р.Мұратқанова.­Алматы: «Бөбек»ҰҒПББСО,2015­26, /Р.А.Мұқажанова,Г.А.Омарова, 3.Өзін­өзі   тану   мұғалімдеріне   арналған   христоматия   –   Қажығалиева Ж.Б.Алматы «Бөбек» ҰҒПББСО,2013ж 6

«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі».

«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі».

«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі».

«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі».

«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі».

«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі».

«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі».

«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі».

«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі».

«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі».

«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі».

«Рухани адамгершілік құндылықтар негізінде мектепте білім беру пәндерінің кірігуі».
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.04.2018