Руханы жаңғыру бағдарламасы бойынша : ӘЖЕЛЕР ТӘРБИЕСІ
Оценка 4.9
Документация +2
docx
воспитательная работа
10 кл—11 кл
15.02.2018
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.Ол мектептің тәрбие берушілері аталар ,әжелер ,әкелер және аналар болмақ.
Атыраудан Алтайға, Оралдан Алатауға дейінгі ұланғайыр өңірдің тауын жайлап, құмын қыстаған қазақ жұрты «Жері байдың, елі бай» дейтін қағидадан аумай, сайын даласының салқар ұлындайОтбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.Ол мектептің тәрбие берушілері аталар ,әжелер ,әкелер және аналар болмақ.
Атыраудан Алтайға, Оралдан Алатауға дейінгі ұланғайыр өңірдің тауын жайлап, құмын қыстаған қазақ жұрты «Жері байдың, елі бай» дейтін қағидадан аумай, сайын даласының салқар ұлындай мамыражай күй кешсе, оның бәрі айналып келгенде, ұлтымыздан сіңген қасиет, ұстанған салт-дәстүрлерінің қайтарымы деп түсінгеніміз жөн. Өйткені ұрпақ жалғастығын бәрінен жоғары қою, өле-өлгенеше баласына қамқорлық көрсету әлемінің бірқатар елдеріндегі дәстүр.
ӘЖЕЛЕР ТӘРБИЕСІ.docx
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі.
Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер
жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса
қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.Ол мектептің тәрбие берушілері аталар
,әжелер ,әкелер және аналар болмақ.
Атыраудан Алтайға, Оралдан Алатауға дейінгі ұланғайыр өңірдің тауын
жайлап, құмын қыстаған қазақ жұрты «Жері байдың, елі бай» дейтін
қағидадан аумай, сайын даласының салқар ұлындай мамыражай күй кешсе,
оның бәрі айналып келгенде, ұлтымыздан сіңген қасиет, ұстанған салт
дәстүрлерінің қайтарымы деп түсінгеніміз жөн. Өйткені ұрпақ жалғастығын
бәрінен жоғары қою, өлеөлгенеше баласына қамқорлық көрсету әлемінің
бірқатар елдеріндегі дәстүр.
Қазақ отбасында әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма»
деген сияқты сөздерді
балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын, қызын мейірімділікке, имандылыққа баулып
өсірген. Үнемі отбасында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл
алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген атаана әуелі баласына өздерін сыйлап
құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді
мұқатпауды үйреткен. Ұлттық салтдәстүрімізді білу, оның астарын түсініп,
атадан балаға мирас ету қазіргі таңда әсірісе қазақ қыздары үшін ауадай
қажет. «Қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі
қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.
№ 28 Ақбай жалпы орта мектебінде жоғары сынып қыздары және аналарының
жиналысы өткізілді. «Әжемнің тәрбиесі» тақырыбында өткізілген бұл іс
шараның негізгі мақсаты қыздар тәрбиесінің нәзік қырлары туралы пікір
ауысу,қоғамда орын алып жатқан келеңсіз жағдайдардың болдырмау үшін
нақты қадамдар жасау болып табылады.
Ежелден шығыс халықтарында қыздар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінген
Қыздың бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен
бойына сіңген. Қатты күлмеу, айқалап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу,
ыдыс –аяқты сылдырлатпау, алдымен кіріп, артымен шығу, есікті теуіп
ашпау, босағаны кермеу, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз
баланың отырысына, жүрісіне, киім киісіне, дауыс ырғағына дейін мән
берілды. Мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Әрбір қыз
балаға атаанасын, туыстарын, ұстаздарын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе,
болашақта одан елін ,жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын,
балаларын жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығатыны
сөзсіз. Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген
құрбықұрдастарының, досжарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл
сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың
бойынан: ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік
қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без»
деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар атаананың қызынан
қапы қалма» деген екен.
Қыз баланың тәрбиесі атаанаға да үлкен сын еді. Бала тәрбиесіндегі
жауапкершілігін көрсетеді. Анабарлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге
әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Жүн түт, жіп иіру, шекпен тоқу,
кесте тігу, құрақ құрау, кілем тоқу, көрпе көктеу, т.б. өнерді қыздарына бөгде
босағаға бармай тұрып – ақ үйреткен. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі
қыздарымызды тәрбиелеу әженің,ананың және барша қауымның міндеті.
«Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз
келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді.Осы
үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Қыз абыройы болашақ
отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мәселе. "Қыздық жолы жіңішке"
деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыз баланың абыройы
оның ақылпарасатына, инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына
байланысты. Әр әкешеше, туғантуысқан, бауыр өз қыздарының абыройлы
болуына ерекше мән беріп, қадағалайды, әсіресе қыз тәрбиесіне анасы
жауапты. Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік
міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздық абыройы деп санаған.
Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу,
қабаң шытпай жүру, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек
айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана
тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, кілем
тоқып, кесте тіге білу, т.б. секілді мінезқұлықтық қасиеттер мен дағды
икемділіктері.
Қыздың намыс мен ары, адамгершілігі оның оқуға, қоғамдық пайдалы
істерге, отбасына, құрбықұрдастары мен ұжымға қарымқатынасына
байланысты. Әрбір қыз балаға атаанасын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді
үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін,өз шаңырағын
ардақтайтын, балаларын жанындай көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік
ару шығары сөзсіз. Қыз баланың бойына сыпайлық, мейірбандық, адалдық,
сезімталдық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап
дарытуды халқымыз өте ежелден қолға алған. Қазақ қызы өзіне өмірлік
жолдас, жар таңдауға ерекше жауапкершілікпен, сақтық, ұстамдылықпен
қарап, оның маңызын санасымен аңғарып, жүрегімен түйсінген. Бұл істе
ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беруді өмірлік қауіп санаған.
Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болып, ер
тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына
мінгізіп, киімінің әсем сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнап, жиынтойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға
отырғызған. «Қыз өссеелдің көркі» дегендей Ел, сәні, елдің көркі
қыздардың шырайланатыны шындық. Қыз баланың тәрбиесі атаанаға да үлкен
сын. Қыз баланың әдептілігі сөйлеген сөзінен, істеген ісінен, мінезқұлқынан,
әр түрлі жағдайда өзінөзі ұстай білуінен, жолдасжораларымен және жай
былайша адамдармен арақатынасынан, жалпы барлық жүрістұрысынан көріп
тұрады. Қыз баланы әдепсіздігі оның бақытты болуына, өсіп өнуіне үлкен
нұсқан келтіреді. Қыз баланың шашын қырқуы, кісінің бетіне тік қарау, ер
адамның алдын бұландап кесіп өтуі, қыдырымпаз, сауықшыл болуы үлкен
мін болып саналады. Сондықтан «қызға қырық үйден тыйым» деп, қыздарға
қырағы қарайды. Қызды жанының нәзік сезімталдығы, үй тірлігіне
жақындығы, ертеңгі ана болу ерекшелігі тәрбиеде ұл балаға қарағанда біраз
өзгеше қарымқатынасты қажет ететіні анық. Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі
дегенге жеңілжелпі қарауға мүлдем болмайды. Қыз баланың тым әлемжәлем
киініп, көзге түсуге тырысуы, орынсыз бояныпсылануы ерсі. Сонымен қатар,
өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді.
Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігі, төмендігі.
Жиналыста мектеп ұстаздары , қыздардың әжелері және аналары өздерінің
өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, тәрбие тұралы өз ойларын
білдірді. Болашақта мұндай жиналыстар жиі ұйымдастырылып, түрлі өзекті
тақырыптар бойынша сөз өрбітуге келісілді
Руханы жаңғыру бағдарламасы бойынша : ӘЖЕЛЕР ТӘРБИЕСІ
Руханы жаңғыру бағдарламасы бойынша : ӘЖЕЛЕР ТӘРБИЕСІ
Руханы жаңғыру бағдарламасы бойынша : ӘЖЕЛЕР ТӘРБИЕСІ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.