Бисермен тоқу нені талап етеді? Бисер қай кезден бастап пайда болды?
Оқушы: - Бисермен тоқу көп уақытты талап етеді, Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Деген мен, әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия әлі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды.
Сабақтың тақырыбы: Ұсақ моншақтардан гүл құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың бисер тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру
арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Өз бетінше жұмыс істеуге, ынта – ықыласын, шығармашылық қиялын
дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін
көтеруге баулу.
Көрнекілігі: Бисерден тоқылған дайын бұйымдар, технологиялық карта, суреттер,
бисерлер, моншақтар, жұмсақ сым
Сабақтың түрі: Қортындылау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс
Пәнаралық байланыс: Математика
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
ІІІ. Сергіту сәті
ІҮ. Сарамандық жұмыс
Ү. Қорытындылау. Жұмыстарын бағалау
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау – Біз алдыңғы сабақта бисердің шығу
тарихы және түрлері жөнінде танысып өттік.
Ендеше айтыңдаршы?
1. Бисер деген не?
Оқушы: Пластмассадан, әйнектен, інжу маржаннан жасалған түрлі – түсті ұсақ
моншақтарды бисер деп атайды.
2. Бисермен тоқу нені талап етеді? Бисер қай кезден бастап пайда болды?
Оқушы: Бисермен тоқу көп уақытты талап етеді, Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың
да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал
әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Деген мен, әйнекті
дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия әлі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда
финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды. Өздеріне азық дайындау
мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар
үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына
араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге
келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған
бұйымдарды сатқан екен.
Шыны Керамика Хрусталь Металл
ІІ. Қазақ зергерлері көбінесе қызкеліншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп көрсететін
зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сәнін келтіруге моншақтарды
кеңінен қолданған. Атап айтсақ әйел бас киіміне тағатын үлкен моншақ маржанды –
былқылдақ, сәукеленің екі жағынан кеудеге төгіліп тұратын моншақтарды – жырға деп
атаған. Шолпы, шашбаудағы алтын, күмістен жасаған зергерлік бағалы бұйымдарды
тізілген моншақтармен өзара қосып әшекейлеген. Алқаны су моншақтан, алтын, күмістен
соғып домалақтап, асыл тастардан тізіп салпыншақ етіп жасайды.
ІҮ. Сарамандық жұмыс.
«Меруерт» алқа тұмаршасын бисермен тоқу.
І. Жұмыс ережесін еске түсірейік
Қауіпсіздік ережелері:
1. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме
2. Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек.3. Инені жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс
4. Инені киімге қыстыруға болмайды.
5. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.
6. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
7. Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе
қорапшаларда ұстаған жөн.
8. Бисермен бұйым тоқу кезінде бисерлер домалап шашылып кетпес үшін, бисерді түкті
матаның үстіне төккен дұрыс.
ҮІ. Қорытындылау