Сабақ жоспары қазақша биология пәнінен тақырып: "Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі" 7 сынып
Оценка 5

Сабақ жоспары қазақша биология пәнінен тақырып: "Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі" 7 сынып

Оценка 5
Разработки уроков
doc
биология
Взрослым
10.02.2017
Сабақ жоспары қазақша биология пәнінен тақырып: "Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі" 7 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары соңғы үлгі бойынша құрастырылған, қазақ тілінді және амандасу және кейбір сөздер ағылшын тілінде қолданылған. АКТ-ны қолдану арқылы өткізілді, диалогтық оқыту әдісі қолданылды және де видеоролик, заманға сай соңғы жаңа технологияның үлгісі ретінде, тақырыпқа сай пультпен басқарылатын құрылғы да қолданылған. Оқушылар өз жұмыстарын өздері бағалайды, соңында мұғалімнің жиынтық өз бағалауы болады. Аудандық семинарда көрсетілген ашық сабақ. Сабақ интернет желісінен алынбаған 7 сыныпқа арналған 2016 жылғы жаңа оқулықты пайдалана отырып құрастырылған.Қазақ тілінде биология пәнінен жазылған "Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі" тақырыбындағы сабақ жоспары
Открытый урок 7 А Тема паукообразные.doc

Күні: 14.12.2016

Сынып: 7  «А»                      Пәні: ``Биология``                Пән мұғалімі: Сейітханова Ж.Қ.

Сабақтың тақырыбы: Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі.

Сабақтың  мақсаты:

1. Өрмекшітәрізділердің ішкі және сыртқы құрылысымен таныстыру және олардың  түрлерін білу.

2. Өрмекшітәрізділердің мүшелер жүйесі туралы білімдерін толықтыра отырып, әрбір мүшесінің атқаратын қызметтерін көрсету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

3. Ынтымақтастыққа тәрбиелеу, табиғатқа  сүйіспеншілікпен қарауға үйрету.

Сабақ түрі: жаңа білімді игерту.

Сабақта қолданылған  әдіс-тәсілдер:  ДО (Диалогтық оқыту), «шығармашылық тапсырма», «биодиктант», «ой қозғау», АҚТ (Ақпараттық  - коммуникациялық технология), жаңа технология.

Сабақ көрнекілігі: оқулық, презентация, видеоролик, бүйе (жаңа технология үлгісімен), ватман, үлестірме материалдар, түрлі маркерлер мен стикерлер.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалім іс - әрекеті

Оқушы іс - әрекеті

Ұйымдастыру кзеңі (3мин)

Амандасу (How do you do? How are you today?) Түгелдеу. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Екі топқа бөлу (Dividing into 2 groups) Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты «Байтақ елім» өлеңі арқылы.                                                                                 Бағалау парақтары ұсынылады.

Амандасу.  Алдарыңа берілген парақты өз бастарының үстіне қойып, қасындағы көршісінің суретін бейнелейді.

Топқа бөлінеді, бағалау парақтарын алады.

 

Үй тапсырмасын тексеру ( 7 мин)

Pupils chekh up your home task

«Суреттерді танимыз ба?»  (Диалогтік оқыту)

Тақтаға шыққан оқушының басында шаянтәрізділердің түрлері  көрсетілген стикер ілінеді. Қалған оқушылар оның атын атамай, тек қана сол сурет жөнінде қысқаша ақпарат береді. Ал оқушының өзі сол суретті тауып айтады.

1-стикер. Қаны түссіз, әрі жүректің әсерінен қан ашық жүйелі тамырлармен қозғалады.

2-стикер. Жапыраяқты шаянтәрізділер отрядына жатады?

3-стикер. Ұсақ біркөзді шаянша?

4-стикер. Өсімдікпен қоректенетін шаяншалардың бірі.

5-стикер. Басаяқты ұлулардың бір өкілі?

6-стикер. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды.

7-стикер. Су түбінде баяу қозғалады?

8-стикер. Шапаншаның үстіңгі бетінен қалыптасады?

9-стикер. Құмға денесінің доғал бөлігімен көмілетін ұлу?

10-стикер. Тағам ретінде пайдаланылатын ұлу?

11-стикер. Құрамында дәрумендер өте көп ұлу?

12-стикер. Кеме түбін тесетін ұлулар?

 

 

Оқушымен – оқушы диалогі.

1. Өзен шаяны

2. Дафния

3. Циклоп

4. Ылғалшақ (мокрица)

5. Кальмар

6. Каракатица

7. Сегізаяқ

8. Бақалшақ

9. Айқұлақ

10. Мидия

11. Устрица

12. Кемеқұрт

 

Жаңа сабақ  (10 мин)

Оқушылардан бүгінгі жаңа сабақта буынаяқтылар типінің қандай класына тоқталамыз деп ойлайсыңдар?  The theme of the lesson (мұғалім пультпен басқара отырып, өрмекшітәрізділер класына жататын бүйіні ортаға шығарады) Spiders. Осы бүйенің сыртқы құрылысын көрсете отырып, жаңа сабақты түсіндіру.

Видеоролик.  Жаңа сабақты орысша-қазақша(екі тілде) өрмекшітәрізділердің өкілдерімен таныстырамын (дәптермен жұмыс)

«Шығармашылық тапсырма» Poster ( 5  мин) Оқулықпен жұмыс.                                                                                         I-топқа:  1st group Өрмекшінің ішкі құрылысының сызбанұсқасын жасап көрсетеді.

II-топқа: 2 nd group Өрмекшінің сыртқы құрылысының сызбанұсқасын жасап көрсетеді.

 

Сергіту сәті: ( 3 мин)  «Ормандағы ағаштар»

 

 

 

«Ой қозғау» (5 мин)

Тақтада: «Өрмекшінің торы» ілулі тұрады. Әрбір оқушы сұрақтарға жауап беру арқылы өрмек торындағы айқышты өрмекшіге қорегін жинап береді.

1.Өрмекшінің дәм сезу мүшесі қалай аталады? (жұтқыншақ.                                                                           2. Қорегін аулау үшін айқышты өрмекшілер тоқитын зат ? (өрмекау).                                                                                     3. Өрмекшілердің баскөкірегінде қанша жұп аяқ болады? ( 6 жұп, 4 жұп жүруге арналған, бірінші жұп-күйісаяқ, екінші жұп-тұтқыаяқ).                                               4. Өрмекшінің неше көзі болады? (8 жай көзшелер болады, бірақ олар затты айқын ажырата алмайды).                                                                                 5. Өрмекшінің қантарату жүйесі қандай? (ашық).                                                                                               6.Өрмекшілер ыдыраған өнімдерді қалай шығарады? (аяқтағы сатанбез және мальпигий тамырлары).                                                                                       7. Өрмекші иісті қалай сезеді? (тұтқыаяқтары және аяқтардың ұшымен).                                                                                                                

 

 

 

 

 

 

 

Видеоролик қарайды, өрмекшінің өкілдерін дәптерлеріне жазып алады.

Оқушылар жасаған жұмыстарын қорғайды.

 

 

 

 

 

Баяу музыканың ырғағымен оқушылар бір-біріне массаж жасайды.

 

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын одан әрі ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту

Видеоролик (3 мин). «Сарышаянның қарақұртты аулауы»                                                                  «Биодиктант»  (5 мин)                                                                                1. Аулауыш торды _____________________ тоқып әзірлейді.                                                                                 2. Өрмекшінің ауызы ___________________________ бейімделген.                                                                                3. Айқышты өрмекшінің тынысалу мүшелері - _____________________________________________.

4. Айқышты өрмекші - _________________________,      оның аталығы _______________________________.   5. Өрмекшіде құрсақ және көкірек_________________                ___________________________ болады.                             6. _______________ - құрлықта өмір сүруге бейімделуінің нәтижесінде пайда болған жаңа түзіліс.          

Видеоролик қарайды.

 

Оқушылар дәптерлеріне жазып, топтар бір – бірінің жауабын тексереді.

Үй тапсырмасы (1 мин)

Параграфты  мазмұндау ( 130-133 бет).  Буклет жасап келу (қосымша әдебиеттер мен әртүрлі көрнекі газет журналдарды пайдалану арқылы).

Күнделікке жазу.

Рефлексия           (2 мин)

«Өрмектің торы»

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ортаға салып, өрмек торын құрады .

Бағалау  Conclusion               (2 мин)

Бағалау парақтарына қойылған ұпай санын есептеп, баға қою.

Күнделікке баға қою

                                                                                                                                      

 

 


Күні: 14. 1 2 .2016 Сынып: 7 «А»

Күні: 14. 1 2 .2016 Сынып: 7 «А»

Оқушымен – оқушы диалогі. 1. Өзен шаяны 2

Оқушымен – оқушы диалогі. 1. Өзен шаяны 2

Бекіту Видеоролик ( 3 мин)

Бекіту Видеоролик ( 3 мин)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017