«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама
Оценка 4.9

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама

Оценка 4.9
Лекции
docx
обществознание
Взрослым
05.04.2019
«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ. «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы С.А.Назарбаева, мәңгілік сұраққа жауап іздей отырып былай деп жазды: «Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың барлық ежелгі сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды қайта жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет. XX ғасырдың жадысыз балалары ұзақ уақыт айналдырып келген «өркениетті этиканың» орнына өмір этикасын қайта жаңғырту қажет. Ал халық болса ғасырдан ғасырға оны игеріп және осы құндылықтарды пайдаланды..., руханилықтың кәусәр бұлағынан сусындады. Бірақ соңғы бұрқанған ырғақтағы он жылдықта өзінің қайнар бастауына апарар жолды біздің замандастарымыз оп-оңай ұмытқан. Мен сенімдімін, Рухани кәусәр бұлаққа барар жолды іздеу – әркімнің міндетінің ішіндегі міндеті... Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру әрбір өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің маңызды міндеттерінің бірі.
Баяндама Альсеитова И.Д..docx
«Лозовой жалпы орта білім беру мектебі» ММ. Баяндама тақырыбы: «ӨЗІН­ӨЗІ ТАНУ» РУХАНИ­АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ. «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Орындаушы:Альсеитова Индира Даулетовна.                                   Өзін­өзі тану пәнінің мұғалімі. Успен ауданы, Лозов ауылы 2017 жыл. «ӨЗІН­ӨЗІ ТАНУ» РУХАНИ­АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ. «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» «Өзін­өзі тану» рухани­адамгершілік білім беру жобасының авторы  С.А.Назарбаева, мәңгілік сұраққа жауап іздей отырып былай деп жазды: «Бір  минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың барлық ежелгі сұрақтарына  жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды қайта жаңғырту керек,  өзіңнің бастауыңа оралуың қажет. XX ғасырдың жадысыз балалары ұзақ уақыт  айналдырып келген «өркениетті этиканың» орнына өмір этикасын қайта  жаңғырту қажет. Ал халық болса ғасырдан ғасырға оны игеріп және осы  құндылықтарды пайдаланды..., руханилықтың кәусәр бұлағынан сусындады.  Бірақ соңғы бұрқанған ырғақтағы он жылдықта өзінің қайнар бастауына апарар  жолды біздің замандастарымыз оп­оңай ұмытқан. Мен сенімдімін, Рухани кәусәр бұлаққа барар жолды іздеу – әркімнің міндетінің ішіндегі міндеті... Оқушыларға  адамгершілік тәрбие беру әрбір өзін­өзі тану пәні мұғалімдерінің маңызды  міндеттерінің бірі. Бүгінгі таңда өркендеп жатқан еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын асқақ  жетістіктермен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрып  отырғандықтан,еліміздің білім беру жүйесі де бүкіл әлемдік білім талаптарына  сәйкес болуы тиіс.Ал әлемдік білім кеңістігінде адам мүмкіндігінің  шексіздігін,өзін­өзі дамыту қабілетіне сенімі мен ерік бостандығын мойындау,  абыройын қорғау және адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен  сұраныстарын қамтамасыз ету негізгі мақсаттардың бірі. Қазіргі біздің басты мақсатымыз бен міндетіміз адамзаттық құндылықтары  толысқан, мәдениетті, білімді, шығармашылықпен айналысуға қалыптасқан,алдына  мақсат қоя білетін және сол мақсатқа жету жолында табандылық көрсететін  белсенді тұлға қалыптастыру. Ал, осы мүмкіндікті тиімді пайдалану «Өзін­өзі тану» пәнін жүргізетін әрбір  ұстазға жүктелген аяулы аманат. Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының  Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның жалпыадамзаттық рухани  құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс­шараларды, еліміздегі рухани­ адамгершілік білімінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі,жер бетіндегі өмір  сүретін барлық халықтардың арманы мен өзара түсіністік пен сыйластықты  сақтауы деген қағидасы. «Өзін­өзі тану» әлемінің басты мақсаты ұл­қыздарымыздың жеке өзі мен өзін  қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіне  өмірге,ата­анасына,ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген  бауырмалдық,сүйіспеншілік,махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге  тәрбиелеу.Рухани тереңдікті қалыптастыру мақсатында жалпыадамзаттық  құндылықтар жүйесі:   1.Ақиқат;  2.Сүйіспеншілік;  3.Дұрыс әрекет;  4. Ішкі тыныштық;  5.Қиянат жасамау: Абай атамыз «Біз өз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып  қойған нәрселерді сезбепсіз ,көзбен көріп, ақылмен біліп» демекші ендігі  кезеңде бұрыннан жасалған бар білімді ізденіп,толықтырып, әр мұғалім өз  жүрегінен өткізіп,руханитереңдігін байқап,бағамдап,әрбір материалды  оқушының көкірек көзін ашатындай дәрежеде беру керек деп ойлаймын. Әсіресе, мектеп жасындағы балалар өте қабылдағыш, үйреткеннің бәрін алатын,  берілген тәрбиені де тез қабылдағыш болып келеді. Балаларды жүйелі және  дәйекті түрде адамгершілікке тәрбиелеу үшін нақ осы жастарда мүмкіндік  туады. Мұғалім балалардың оқуын,еңбегін,ойынын ұйымдастырғанда олардың  жетілуіне ықпал етуге мүмкіндік алады.Сабақ үстінде мұғаліммен,құрбы­ құрдастарымен ұдайы қарым­қатынаста болған баланың өмірлік тәжірибесі  молаяды, дүниені өзінше түсіну,сезіну сияқты қасиеттері қалыптасады. Өзін­өзі тану пәні ең алдымен балаларды ізгілікке баулып,олардың жат  қылықтардан бойларын аулақ ұстауына ықпалын тигізеді.Мұғалім өнерлінің  өрісін кеңейтіп,қабілетті балалардың әр қырынан танылуына жағдай жасау  керек.Жоғарыда айтылып өткендей,оқушы бойына рухани­адамгершілік  құндылықтарды қалыптастыру арқылы біз өз мәдениетімізді саралап,  бағалаймыз. Бағдарламаны оқытудың ерекшеліктері төмендегідей: 1.Жалпыадамзаттық құндылықтар Бағдарлама мазмұнының негізі ретінде.  Қазіргі кезде қоғамда кез келген реформаның шынайы нәтижесінің адам  табиғатын, ішкі әлемін және оның құндылықтық әлеуетін тілге тиек еткенде ғана болатынын түсіне бастады. Әлемде білім берудегі барлық өзгерістердің негізінде жоғары адамгершілік құндылықтардың иесі ретінде адам тұр, ол сәттілік пен  сәтсіздіктің негізі, ол және оның ішкі терең мәні кез келген қоғамдық  өзгерістердің шынайы күшіне себепші бола алады.Барлық озық педагогикалық  жұртшылық адамның рухани­адамгершілік құрылымындағы қауіпті өзгеріс,  шынайы құндылықтарды жалғандыққа өзгерту адамгершіліктен айырылуға және  әрі қарай моральдық азғындауға апаратынын мойындайды. Сондықтан, қазіргі  таңдағы білім беру жүйесі тұлғаны тәрбиелеуде болып жатқан үрдістерді ой  елегінен өткізудің қажеттілігін ескерусіз қалдыра алмайды. Бүгінгі таңдағы білім берудегі мәселелерді талқылай отырып, ең әуелі «Бұл адамды жақсарта  ала ма?» деген қарапайым және түсінікті сұрақты есте сақтау керек. Ең тамаша идеяларды тұжырымдауға, ең жақсы реформаларды жүргізуге, ең  тиімді техналогияларды жасауға болады, әйтсе де біздің өмірімізде  материалдық, жеке бастын өркендеуі аңықтаушы болғандықтан адамгершілік  әулиеттің межесі сол қалпында қалып отыр, мұндай жағдайда нені өзгертуге  болады. Әрине көбінесе бағдарламаны шынайы адами құндылықтар туралы әлі  де сауатты түсініктері жетіспейтін адамдар іске асыруда. Олай болса, қазірше  оларды жалғыз матив, өз қара бастарының қамы ғана басқаратын болғандықтан,  адам сол қалпында өзгеріссіз қалады, ешқандай заң жағдайды өзгерте алмайды. 60­жылдардан бастап Отандық мәдениет ынтымақтастық идеясымен, бірлескен  әрекетпен, диалогпен, басқалардың көзқарастарын түсінуге деген қажеттілікпен, өзара сыйластықпен байытылады. Өмірдің өзі адамға және оның кемелдеуіне  қайта бағдарлануды, рухани­адамгершілік дәстүрлерді жандандыруды заманауи  педагогиканың ең негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастыруды күн тәртібіне  қойып отыр. Оны шешу ең бірінші кезекте педагогика әдіснаманың сапасы  ретінде ізгілікті білім беру философиясын жасауды талап етеді. Осы әдіснамаға сәйкес, ғылымның ізгілікті мәнің анықтау, соның ішінде  педагогиканың, оның адамға деген таным субъектісі ретіндегі қатынасын,  қарым­қатынасы мен шығармашылығының ең бірінші міндеті ретінде  қарастырады. Осыған байланысты білім беру тұлға болмысының рухани­ адамгершілік тұрғысынан, ізгілікті дамуының негізі құралы болғандықтан,  мәдениеттің негізі құраушысы ретінде ерекше маңызды.  Сонымен қатар, аксиологиялық бағыттың ізгілік педагогикасына тән екенін  міндетті түрде ескеру керек, сондықтан адам қоғамдағы ең жоғары құндылық  ретінде қарастырылып, қоғамдық дамудың өзіндік мақсаты болып табылады.  Сол себептен, аксиология құндылықтарды зерттеумен айналысатын  философиялық пән ретінде, білім берудің жаңа философиясының негізі және  соған сәйкес қазіргі педагогиканың әдіснамасы ретінде қарастырылады.  Аксиологиялық ойлаудың өзегінде өзара тәуелділік, өзара әрекеттестік әлемінің  тұжырымдамасы орналасқан. Ол біздің әлем – бұл тұтас адамның әлемі,  сондықтан, тек қана адамзатты ғана біріктірмейтін, әрбір жеке адамды  сипаттайтын сол ортақты көруге үйренуіміз маңызды деп тұжырымдайды.  Басқаша айтқанда, ізгілікті құндылық бағдар – барлық құндылықтар жүйесінің  қалған бөліктеріне белсенділік беретін «аксиологиялық серіппе»  Қазіргі заманның жаһандық өзгерістерінде адамзаттың біртұтас қабылдауының  үйлесімділігі мен тепе­тендігін болжайтын мәдениетің іргелі тірегі ретінде  мейірімділік, әсемдік, ақиқат абсолюттік құндылықтары рухани ерекше мәнді  иеленеді.Адамзат тарихының барлық кезеңіндегі адамгершілік мәдениеттің  тереңінде сақталып келген өзгермейтін, мәңгілікті жалпыадамзаттық  құндылықтар деп атайды. Оларға бүкіл ғылым әлемі сүйенетін іргелі физикалық  тұрақтылар секілді моральдік­этикалық аксиоматика, уневерсал және күмәнсіз  қабылданатың рухани тіректер жатады. Тұлғаның адамгершілік білімінің негізгі аспектісі оның құндылықты бағдары болып табылады. Жалпыадамзаттық  құндылықтардағы мәселенің ең бір күрделілігі түрлі қоғамдық топтың мүддесін  қозғауында болып отыр. Осы мәселеге қатысты орасан зор сан алуан  көзқарастарды төмендегідей сипатта топтастыруға болады: ­ Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл тек қана материалық құбылыс, яғи  физикалық және биологиялық. ­ Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл таза рухани феномен . ­ Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл материалық және рухани  құндылықтардың үйлесімі. Сондықтан да дамып келе жатқан адамға қай құндылықтар қажет деген заңды  сұрақ туындайды.Біздің бағдарлама үшін ең тиімді құндылықтар жүйесінің  жіктемесін ғалым Т.И. Петракова ұсынған, ол құндылықтарды үш түрге: табиғи,  жүре пайда болған және абсолюттік деп бөлген. 2. «Өзін­өзі тану» жаңартылған бағдарламасын оқытудағы негізгі ерекшеліктің  бірі осы пәнді оқытатын ұстаз рөлі болып табылады. Рухани­ адамгершілік білім  беру үдерісі жалпыадамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде іс жүзінде  қолдану арқасында ғана нәтижелі болады. Мұнда ұстаз жалпыадамзаттық  құндылықтардың біртұтас рухани мәнін көре отырып, оны тәжірибеде қолданса,  онда ол оның өмірмен байланысын аша алуы талап етіледі.Ұстаздың жүрегі  риясыз таза махаббатқа толы болса, онда оқушылардың жүрегін (көкірек көзін)  аша алады. Жүрегіндегі шексіз сүйіспеншілік қуатынсыз оқушыларға рухани­ адамгершілік білім беру мүмкін емес. Осы орайда Шалва Амонашвилидің  «Мектепті емес, мұғалімнің ішкі дүниесін реформалау қажет» деген ұлағатты  сөзі еріксіз ойға оралады. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының «Өзін­ өзі тану» рухани­ адамгершілік білім беру авторлық жобасы бүгінгі таңда өзінің  актуалдылығымен маңызды және оқыту жүйесінде үлкен сұранысқа ие. Мәңгілік  рухани­адамгершілік құндылықтарға негізделген кемел мінезді, ойы, сөзі және  ісі бірлікте болатын адам тәрбиелеу – қоғамның басты қажеттілігі.  3.«Өзін­өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі. Өскелен ұрпақты рухани­адамгершілікке тәрбиелеу –жүрек жылуы,  қайырымдылық, аяушылық, өзара көмек беру қасиеттерінің көрініс беруіне  бағытталған рухани адамгершілік құндылықтарды оқушылардың бойынан  шығаруды айқындайтын оқу­тәрбие үрдісінің ажырамас бөлігі ретінде мектептің маңызды міндеті болып табылады. Адам, қоғам мен мемлекеттің пайдасы үшін  осындай амал білім берудің түйінді құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.  Мектеп жасындағы кезең балалардың осы жастағы тұлғаның әрі қарай үйлесімді  дамуы үшін негіздері қаланатың ізгі қасиеттерін тәрбиелеу үшін маңызды.  Сондықтан да мектептегі тәрбие үрдісі және оқу қызметтерінің бірлігін қамтып,  оқушыларда жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа дүниетанымды  қалыптастыруға ықпал етеді. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде  адамгершілік тәрбие деп біз тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру  мақсатында оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін байытудағы мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған оқу­тәрбиеүрдісін  айтамыз. Мектептің біртұтас білім беру кеңестігіне және оның іс­әрекетінің  барлық түрлеріне интеграциялау білім берудегі рухани – адамгершілік тәрбие  берудің жаңа сатысы болып табылады.Оқушылардың тұлғасын дамыту мен  тәрбиелеу бірнеше бағыттарда жүзеге асырылады,мысалы: сабақ, мектептен тыс  жұмыс, сыныптан тыс іс­әрекеттер және оқу­тәрбие үрдісі ұйымдастырылатын  кеңістік. Тәрбиелеу ісінде нәтижеге қол жеткізу үшін жалпыадамзаттық  құндылықтар негізінде барлық бағыттар бойынша оқу­тәрбие жұмысының жалпы жоспары іске асырылып, тұлғаны тәрбиелеу міндеті шешіледі.Мектептің  тәрбиелік үйес оқушы тұлғасын тәрбиелеу үшін құрылады және ізгілік бағытта  болуы тиіс. Ол балаларға тек сабақ, мұғалімдер, оқулықтар, үй тапсырмалары  арқылы ықпалын тигізіп қоймай, сонымен қатар қоршаған ортаны үздіксіз  байланысы арқылы; мектептегі ересек адамдар мен балалрды біріктіретін  психологиялық ахуал мен дәстүрлер арқылы әсерін тигізеді.  Тәрбие үрдісі – тұтас динамикалық жүйе, оның негізі факторы тұлға.  Педагогтардың пікірі бойынша, «адамды тәрбиелеуде адмгершілік және  моральдік ақиқаты және түсіп қана қоймай, сонымен бірге оны әр адмның  өмірлік мақсатына,өзіндік ұмтылысы мен жеке бақытының нысанына айналуына  ықпал ету маңызды». Білім беру мекемелері қайырымды адамды, азаматы және патриоты тәрбиелеуге  жас қазақстандықтардың мүмкіншіліктері мен қабілеттерін ашуға, заманауи  әлемдегі өмірге дайындауға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар, білім беру  мекемелері мамандырылған білім берудің орнына орнына білімнің барлық пәндік салаларынан және мектептің тәрбиелік жұмысынан жалпыадамзаттық  құндылықтарды айқындауды көздейтін біртұтас білім беруге ауысу қажет кезде  жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындауды көздейтін біртұтас білім беру  ауысу қажет кезде жалпыадамзаттық құндылықтардың интеграциясы арасында  дамып жатқан мәдениетке сүйене отырып, оқушылардың ата­аналармен  әлеуметтену үрдісінің басқа да қатысушыларымен үнемі ынтымақтастықта  болуы тиіс.  Әрине осы істе ең басты рөлді мұғалімнің жүрегі арқылы адамның өзі туралы  ақиқат білімнің тазалығы мен әсемдігін сездіретін өзін­өзі тану сабағы атқарады. Сөз соңында айтарым: өзін­өзі тану пәні – жақсылыққа бастайтын пән. Ендеше:  *  Жақсы болыңыздар!!!  * Жақсылық туралы ойлаңыздар!  *  Жақсы нәрсе айтыңыздар!  * Жақсы нәрсе тыңдаңыздар!  * Жақсы нәрсе көріңіздер!        * Жақсы әрекет жасаңыздар!  Бақытқа жеткізер жол – осы! Әдебиеттер: 1.Назарбаева С.А. Этика жизни­ Алматы, 2001. 2.Абай Құнанбаев. Полное собрание соченений в 2­х томах. – Алматы: Наука,  1977 3.Н.Бекарыстанова «Өзін­өзі тану пәні бойынша рухани­адамгершілік білім  беру» Самопознание.kz.№6 2014 жыл 4.Н.Ә.Хайрушева «Қазіргі заман талабына сай мұғалім қызметінің өзгеруі»  Журнал. Педагогика мәселелері №1 2011жыл 5.А.Сисенова «Бастауыш сынып оқушыларын рухани­адамгешілікке тәрбиелеуде мұғалімнің алатын орны» Өзін­өзі тану журналы №6 2014 жыл

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» Баяндама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.04.2019