Салауатты тамақтану – денсаулықтың кепілі
Оценка 4.7

Салауатты тамақтану – денсаулықтың кепілі

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
классное руководство
7 кл
19.01.2017
Салауатты тамақтану – денсаулықтың кепілі
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, дұрыс тамақтанудың мәдениетін, қасиетін, пайдасын айта отырып ережесімен таныстыру, табиғи дәрумендердің адам ағзасына тигізер пайдасына көз жеткізу, үйрету. Көрнекілігі: қажетті әдебиеттер, буклет, ұлағатты сөздер. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Ой қозғау. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Дұрыс тамақтана білу дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Салауатты тамақтана білудің әр түрлі жақтарына тоқталу. 4. Пайдалы кеңестер. 5. Қорытындылау. 1. Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар! Бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбы: «Салауатты тамақтану – денсаулықтың кепілі» Қош келдіңіздер! Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі». Енді балалар, маған мынадай сұрақтарға жауап беріңіздерші: Салауатты өмір салты дегеніміз не? Дұрыс тамақтана білу дегенді қалай түсінесіңдер? Салауатты тамақтана білу бөлімшесі: 1. «Дұрыс тамақтану» - Диана 2. «Тағам өнімдері» - Гүлден 3. «Тамақтану мәдениеті» - Азат 4. «Тамақтану ережесі» - Шыңғыс 5. «Таңғы астың пайдасы» - Балжан 6. «Ыстық тағамның қасиеттері» - Аяулым 7. «Табиғи дәрумендер» - Гүлім, Күмісай 8. Дәрумендер жайлы өлеңдер оқу – Ақтолқын, Айдана, Жанерке Пайдалы кеңестер бөлімшесі: Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар: Қоршаған ортаның ластығы, дұрыс тамақтанбау, денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы, зиянды заттарды қабылдау, тазалықты сақтамау, отбасындағы кері жағдайлар, адамда стресс жағдайының жиі болуы. Денсаулыққа дұрыс әсер ететін факторлар: Дұрыс тамақтану, қоршаған ортаның тазалығы, дене шынықтыру, денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы, зиянды заттарды қабылдамау, жеке бас тазалығын сақтау, қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға дұрыс көзқараспен қарау, эмоциялардың оң болуы. Қорытындылау: Дәрумендер жайлы өлеңнің жалғасын оқу – Айдана, Жанерке, Қарлығаш, Ақтолқын, Сабина. Мұғалімнің сөзі: Өмірің болсын десең сенің сәнді Ойланып, айналаңа қара мәнді. Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан Өзіне сүйсіндірер басқа жанды, Салауатты мақсатың – өмір сүру Өмірдің мағынасын керек білу. Ішімдік, нашақорлық сенің жауың Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру. Балалар, біз бүгінгі сабағымыздың барысында дұрыс тамақтану туралы көп мәліметтер ала отырып, салауатты тамақтанудың денсаулық кепілі екендігіне көз жеткіздік. Ұлы грек ойшылы Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей ауру патшадан бақыттырақ»- деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ»- деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. «Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер» Қыздардың спорттық биі.
Салауат-2012.docx
Омарова Гульшат Амангельдиновна                                            №18 жалпы білім беретін орта мектеп                                                       Тарих пәні мұғалімі                                                        Қарағанды қаласы Сабақтың тақырыбы: Салауатты тамақтану – денсаулықтың кепілі Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, дұрыс  тамақтанудың мәдениетін, қасиетін, пайдасын айта отырып ережесімен таныстыру, табиғи  дәрумендердің адам ағзасына тигізер пайдасына көз жеткізу, үйрету. Көрнекілігі: қажетті әдебиеттер, буклет, ұлағатты сөздер. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.                                     2. Ой қозғау. Салауатты өмір салты дегеніміз не?                                     Дұрыс тамақтана білу дегенді қалай түсінесіңдер?                                     3. Салауатты тамақтана білудің әр түрлі жақтарына тоқталу.                                     4. Пайдалы кеңестер.                                     5. Қорытындылау. 1. Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, мұғалімдер, ата­аналар! Бүгінгі біздің ашық  сабағымыздың тақырыбы: «Салауатты тамақтану – денсаулықтың кепілі» Қош келдіңіздер!  Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр  отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының  сенімді тірегі». Енді балалар, маған мынадай сұрақтарға жауап беріңіздерші: Салауатты  өмір салты дегеніміз не?  Дұрыс тамақтана білу дегенді қалай түсінесіңдер? Салауатты тамақтана білу  бөлімшесі:  1. «Дұрыс тамақтану» ­ Диана 2. «Тағам өнімдері» ­ Гүлден 3. «Тамақтану мәдениеті» ­ Азат 4. «Тамақтану ережесі» ­ Шыңғыс 5. «Таңғы астың пайдасы» ­ Балжан 6. «Ыстық тағамның қасиеттері» ­ Аяулым 7. «Табиғи дәрумендер» ­ Гүлім, Күмісай 8. Дәрумендер жайлы өлеңдер оқу – Ақтолқын, Айдана, Жанерке Пайдалы кеңестер бөлімшесі:  Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар:     Қоршаған ортаның ластығы, дұрыс тамақтанбау, денсаулық сақтау шараларының төменгі  сатыда болуы, зиянды заттарды қабылдау, тазалықты сақтамау, отбасындағы кері  жағдайлар, адамда стресс жағдайының жиі болуы. Денсаулыққа дұрыс әсер ететін факторлар:    Дұрыс тамақтану, қоршаған ортаның тазалығы, дене шынықтыру, денсаулық сақтау,  медициналық көмектің сапасының жоғары болуы, зиянды заттарды қабылдамау, жеке бас  тазалығын сақтау, қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға дұрыс көзқараспен  қарау, эмоциялардың оң болуы. Қорытындылау: Дәрумендер жайлы өлеңнің жалғасын оқу – Айдана, Жанерке,  Қарлығаш, Ақтолқын, Сабина.  Мұғалімнің сөзі: Өмірің болсын десең сенің сәнді                              Ойланып, айналаңа қара мәнді.                              Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан                              Өзіне сүйсіндірер басқа жанды,                              Салауатты мақсатың – өмір сүру                              Өмірдің мағынасын керек білу.                              Ішімдік, нашақорлық сенің жауың                              Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру. Балалар, біз бүгінгі сабағымыздың  барысында дұрыс тамақтану туралы көп мәліметтер ала отырып, салауатты тамақтанудың  денсаулық кепілі екендігіне көз жеткіздік. Ұлы грек ойшылы Сократқа кезінде мынадай  сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда  Сократ: «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей  ауру патшадан бақыттырақ»­ деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған  денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты  болашақ»­ деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. «Салауатты өмір салтын жандарыңа  жан серік етіңдер» Қыздардың спорттық биі.

Салауатты тамақтану – денсаулықтың кепілі

Салауатты тамақтану – денсаулықтың кепілі

Салауатты тамақтану – денсаулықтың кепілі

Салауатты тамақтану – денсаулықтың кепілі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.01.2017