Саналы ұрпақ
Оценка 4.8

Саналы ұрпақ

Оценка 4.8
Семинары
docx
история
5 кл—11 кл
29.11.2020
Саналы ұрпақ
Саналы ұрпақ - болашақ кепілі
Баяндама Саналы ұрпақ.docx

«Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп – лицейі» КММ

 

«Мәңгілік ел» ұрпағын саналы етіп тәрбиелеу»

 

Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Ата-бабадан келе жатқан бұл қағида қанша заман, қанша ғасыр ауысса да өзгермек емес. Бұл ұлттық қағиданың бүгінгі қазақ қоғамында алатын орны ерекше. Себебі, қазақ қоғамы әлем елдерімен терезесі теңескен өркениетті елдер қатарына қосылды. Қаншалықты өркениетті болғанымызбен, қазақтығымызды, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу бізге, ертеңгі ұрпаққа аманат. Сондықтан тәрбие мәселесіне жіті көңіл бөліп, ұлттық тәрбиеге қатысты әдіс-тәсілдерді қолдану қазіргі таңдағы білім беріп отырған тәрбие ошақтарының басты міндеті. 
«Жас көңіл тың жер тәрізді, не ексең сол шығады, әрі мол шығады» (Ғабиден Мұстафин) деген сөз бар. Бала тәрбиесінде отбасының орны да ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негізі – баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды, ұлылардың ақыл- кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған ортаға, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. 
Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың рөлі зор. Осы үш бұлақтан туындаған тәлім- тәрбиелік жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Ұлттықм тәлім – тәрбиені тал бесіктен бойына жиған әрбір жеткіншектің қылмыс атаулыға бас сұқпасы анық. 
Ата- ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне, ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл- ой, сана-сезімі адамгершілігі әсер етпек. 
Қазіргі жаһандану заманында жас ұрпақтың санасын жаулап алған ғаламтор, аяушылық сезімін көңілден кетіретін қатыгездікке, мейірімсіздікке апаратын жауыздықтың жалауын желбіреткен атыс-шабыс ойындары балғын сананы тас-талқан етуде. Ата-аналардағы жұмыс бастылықтың немесе отбасы ынтымақтастығының ыдырауы, үлкендердің бақылауынан шет қалған баланың өз ойына келгенін жасайтыны заңдылық. Осындай жағдайлардың әсерінен өз бетінше кеткен қиын балалардың тәрбиесі білім мен тәрбиені қатар алып жүретін ұстаздар қауымына салмақ салары анық. Сондықтан әр ұстаз өзінің алдында отырған шәкірттеріне өз халқының тарихы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы бойларына сіңіре отырып, заман талабына сай ұлттық бағытта тәрбиелеуді мақсат етіп қойғаны жөн. Халық «қисық біткен талды жастайынан түземесе буыны қатқан соң оның көлеңкесі де қисық болып түседі» деп бекер айтпаса, керек. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни, адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеу - маңызды мәселелердің бірі. 
Қазіргі таңда ұстаздар қауымына артылар жүк ауыр. Бала тәрбиесі - баршаның ісі. Отбасының да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу. Еліміздің ертеңі - жас ұрпақтың қолында десек, сол ұрпақты тілін қадірлеуге,елін,жерін сүюге, ұлттық санада, ұлт жанды ұрпақ етіп тәрбиелеу біздің міндетіміз екенін ұмытпайық. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген, ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл- Фараби ойын әрбір ұстаз қағида етіп ұстанайық.


 

Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп – лицейі»

Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп – лицейі»

Осындай жағдайлардың әсерінен өз бетінше кеткен қиын балалардың тәрбиесі білім мен тәрбиені қатар алып жүретін ұстаздар қауымына салмақ салары анық

Осындай жағдайлардың әсерінен өз бетінше кеткен қиын балалардың тәрбиесі білім мен тәрбиені қатар алып жүретін ұстаздар қауымына салмақ салары анық
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020