Сатылай кешенді талдау – білім аясында
Оценка 4.9

Сатылай кешенді талдау – білім аясында

Оценка 4.9
Педсоветы
doc
администрации
Взрослым
18.02.2018
Сатылай кешенді талдау – білім аясында
сатылай кешенді талдау – бұл оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Осы технологияның мақсаты: қазақ тілінде ойын еркін жеткізе алатын, қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген жан-жақты білімді ұлттық тұлға қалыптастыру. Талдаудың маңыздылығы мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас жаңаша құруға, олардың бірігіп шығармашылықпен жұмыс жасуына ықпал етеді, жеңілден қиынға, оңайдан күрделіге қарай негізделеді, оқушыларға өз бетімен жұмыс жасаудың басты жолы, оқушының ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін артады.
Сатылай кешенді талдау.doc
Сатылай кешенді талдау – білім аясында Еліміздің   өткені   мен   болашағын   сомдайтын,   қай   ұлттың   болмасын   тарихы   мен тағдырын жырлайтын, ұлтымыздың тәлімі мен тәрбиесінің негізі тілден басталады емес пе? Тіл – қарулы құрал секілді, қаншалықты қарулансақ соншалықты мықты екеніміздің дәлелі болмақ.  Тіл арқылы ата­бабамыздан қалған асыл да нақыл сөздерін ойша айтып қана қоймай, өзінің бабымен әрбір «Мен» деген жанның жан дүниесіне жеткізетіндей халде болу керекпіз... Тілімізді дамыту, оны рөлін түсіндірумен қатар, тілді жақсы меңгерген тұлғаның ойлай да, жаза да, сөйлей де білетіндігі, басқа ғылымдарды  жақсы меңгеру үшін алдымен тілді меңгерудің маңыздылығы жоғары.  Тілді   тиянақты,   әрі   жүйелі   түрде   үйрету   үшін     білім   ордасында   оқытудың   жаңа технологияларын тиімді  пайдалана білуі қажет. Жаңа технологияны пайдаланудағы ең басты шарттарының бірі – осы технологиямен толық қаруланған мұғалім. Жаңа технологияны жақсы меңгеруі мұғалімнің тілдік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін­өзі дамытып, оқу­ тәрбие   үрдісін   тиімді   ұйымдастыруына   көмектеседі.   Қазіргі   таңда   Қазақстандық ғылымдардың озық технологиясымен жете танысып, меңгерудеміз, солардың ішіндегі өзекті   де   қызытысы   ғалым   Н.   А.Оразахынованың   «Сатылай   кешенді   талдау технологиясы» болса керек. Себебі,  сатылай  кешенді  талдау  – бұл  оқытудың  өзіндік  ерекшеліктері  бар  және оқушыларға   білімді   ғылыми   негізде   жүйелі,   кешенді   меңгертіп,   оларға   ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Осы технологияның мақсаты: қазақ тілінде ойын еркін жеткізе алатын,   қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген жан­жақты білімді ұлттық тұлға қалыптастыру. Талдаудың маңыздылығы мұғалім мен оқушының арасындағы қарым­қатынас жаңаша құруға, олардың бірігіп шығармашылықпен жұмыс жасуына ықпал етеді, жеңілден қиынға,   оңайдан   күрделіге   қарай   негізделеді,   оқушыларға   өз   бетімен   жұмыс жасаудың басты жолы, оқушының ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін артады. Сатылай кешенді талдау төл технологиясын сабақта тиімді пайдалансақ   оқушылар көптеген білім­білік, дағдыларды игеріп, ана тілдің ұлттық құндылықтарымыздың бірі екендігін жете танып, оқулықта берілген лексикалық материалдар арқылы ана тілінің қадір­қасиетін бағалай білетін тұлға болып шығатынына сенімдімін Тлекешева Сафура Аскарбекқызы «Естай Есжанов атындағы №9 орта мектеп» КММ Қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Сатылай кешенді талдау – білім аясында

Сатылай кешенді талдау – білім аясында
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.02.2018