Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютерлік ойынды құру Күні: 20.01.2020 Сынып: 6 |
||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Scratch-те сценарийді жүзеге асыру |
|||||||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары |
6.3.1.1- ойын ортасындағы программалау сценарийін жасау және жүзеге асыру; 6.3.3.1- программа ортасында қателерді табу және жөндеу |
|||||||
Сабақмақсаттары |
Барлық оқушылар: -Scratch Up программалаудың ойын ортасының маңыздылығын меңгеру; - Оқушылардың басым бөлігі: -Алған білімдерін практикада жүзеге асыру -Кейбір оқушылар: - Алгоритм түрлеріне өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіру. |
|||||||
Бағалау критерийлері
|
-Scratch Up бағдарламасында алған білімдерін саралайды; -Ойын ортасында ойын сценарийін жасақтайды және жүзеге асырады; -Scratch Up бағдарламалаудың ойын ортасында программа жазады; -Scratch Up бағдарламалаудың ойын ортасында нысанмен жұмыс жүргізіледі |
|||||||
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология |
-Оқушылар: Ойын ортасындағы программалау сценарийін жасау және жүзеге асыру және программа ортасында қателерді табу және жөндеу туралы білетіндерін, жеке пікірлерін айтып, өз ойларын дамыта отырып, ауызша және жазбаша түрде талқылай алады. Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: - Алгоритм- алгоритм- algorittim ұғымдары; - Блок-сызба- Блок-схема- Block-diagram; |
|||||||
Құндылықтарға баулу |
Оқушыларды оқу үрдісіне бақылау жүргізуге, топтастыруға, тәжірибелік жұмыста шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады. Өз бетімен АКТ-ны қолдана алатын, шығармашыл, инновациялық өзгерістерге бейім, ізденімпаз тұлға дайындау |
|||||||
Пәнаралық байланыстар |
Ағылшын тілі : Оқушылар сөздік тіркестерді блоктарға сәйкес көрсете біледі және онымен жұмыс істей алады. География сабағы: масштабты біледі.Қазақ тілі: Диалог құруда сөйлемдерді байланыстыру, жалғауларды дұрыс жалғау, информатика тілінде қадамдарға ажырата сөйлеу. |
|||||||
Алдыңғы білім |
Сахна мен кейіпкерлерді бейнелеу |
|||||||
Сабақтың барысы |
||||||||
Сабақтың кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы 5 минут
7 мин
Сабақтың ортасы
15 мин
3 мин
5 мин |
І. Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу Әр түрлі түсті фигуралар бойынша ІІ.
«Домино» әдісімен үй тапсырмасын тексереміз. Карточканың бір бөлігінде сұрақ кінші бөлімінде келесі сұрақтың жауабы тұрады.. Оқушыларды сабақ барысына ынталандыру үшін ойын ұсыну. 1. Негізгі әрекет: Ақпарат алу, сөйлесу, әлемді зерттеу (Қарым-қатынас ойындары) 2. Негізгі әрекет: Кеңістікте орын ауыстыру, құралдар, техника (Әрекет ойындары) 3. Программалау тілінде жазылатын, ойын-сауық үшін құрылатын программа (Компьютерлік ойындар) 4. Ойын құру кезеңдері қандай?( Жауап: Мақсат, идея, жанр, орта, сценарий, сюжет, дыбыстау, тестілеу) 5.Space WAR ойынын құрауда басқарған программист (Стив Рассел) 6. Негізгі әрекет: Көшбасшылық жасау, басқару, жабдықты үлестіру (Бақылау ойындары) 7. Құрған ойынымыз барлық адамға қызықты болу үшін нені анықтаймыз? (Ойынның мақсатын анықтаймыз) 8. Ойынның дамуының негізгі бағытын не анықтайды? (Ойынның жанры анықтаймыз) 9. Қазіргі кездегі танымал ойындар? (Фэнтэзи, фантастика, аниме, комикстер, техно) 10. Ойын нысандарын басқаруды жүзеге асыратын команда (Программалау коды)
ІІІ. Жұптық жұмыс: Түстер бойынша жұптасу. «Жаз,көрсет,әңгімеле»шығармашылық жұмыс (компьютерде орындайық) Scratch программасымен компьютерлік ойын сценарийін скрипттерді пайдаланып блок-схема жасайды.Блок-схема төмендегі сурет тәрізді жасалуы қажет. Оқыту формасы: топтық Әр топтың білім алушылар компьютерде дайындаған ойын сценарийін бірі-біріне түсіндіріп өтеді. Дескриптор: 1.Ойын сценарийі құру туралы толық ақпарат алады 2.Жобаға сәйкес ойын сценарийін блок-схемаға түсіруді біледі ҚБ: Білім алушылардың меңгеру деңгейін «Тиын, монета» арқылы бағалау 100 тиын – бәрі түсінікті 50 тиын-түсіндім, кейбірі қиындық туғызды. 20-мүлдем түсініксіз «Өрмекші » әдісі «Компьютерлік ойындардың құру кезеңдері» Білім алушылар постерге басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.
Дескриптор: 1. Ойынды құрудың әр кезеңіне тоқталып өтеді; 2. Ойынды құрудағы өздерінің түйінді ойын айтады: |
Карточка домино
Информати ка 6- сынып Г.И.Салғараева, Г.Б.Ильясова, А.С.Маханова «Арман-ПВ» 2018
Bilim Land.kz сайты Флипчарттар
|
||||||
Сабақтың соңы
5 мин
|
Сабақты қорытындылау. Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі «Алақан» Сол қолын қағазға бастырып,саусақтардың ішіне жазу керек: Бас бармақ – не ұнағаны Балалы үйрек – не ұнағаны Ортан терек – не кедергі болды Шылдыр шүмек – тағы не білгім келеді? Кішкентай бөбек – тілек жазу
Үйге тапсырма: §22 өз ойындарыңның жобасын дайындау |
|
||||||
Саралау- сіз қандай тәсілмен Көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау- сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||
Оқушыға қолдау ретінде тірек сөздер, деңгейлік тапсырмалар жұптастыру, топтастыру тапсырмаларын жоспарладым. -«Миға шабуыл»әдісі арқылы оқушылар топта жұмыс жасады. «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі арқылы оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындады. . «Фишбоун» әдісі |
Оқушылардың дұрыс жауабына мадақтау сөздерімен қолдау көрсетемін. Кері байланыста «Бес саусақ» әдісін қолданылды. Оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың жұмыстарын бағалайды және ұсыныстар береді. Сабақ «қолшапалақтау» арқылы, «смайликтер» арқылы. |
Сабақ жаратылыстану, математика пәнімен байланыстырылды. Оқушы бойына шығармашылық, сын тұрғысына ойлау, өзгелердің мәдениетіне мен көзқарастарына құрметпен қарау құндылықтарын қалыптастырамын. |
||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қол жетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, не себепті? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезінде уақыт тиімді пайдаланылады? |
Бұл тарауды рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
Сабақты жоспарлауда:
- Оқу және сабақ мақсаттарына сәйкес тапсырмалар дайындауды; - Оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдануды жүзеге асыруға тырыстым. |
||||||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.