Оқушылардың рухани адамгершілік, тұлғалық қабілеттерін дамыту, қыз балаларды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.Жас жеткіншектердің мәдени – бос уақыттын тиімді пайдалануға машықтандыру.Түрі: Сайыс Ер балалар арасындағы «8 қырлы жігіт» атты сайыс. Бұл сайыста ер балалар өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түседі.
тәрбие сағаты.docx
Ақтөбе облысы
Әйтеке би ауданы
Милы орта мектебі
Математикафизика мұғалімі
Мамбетова Акзира
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Сегіз қырлы жігіт»
Мақсаты:
Оқушылардың рухани адамгершілік, тұлғалық қабілеттерін дамыту, қыз балаларды
сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.Жас жеткіншектердің мәдени – бос уақыттын тиімді
пайдалануға машықтандыру.
Түрі: Сайыс
Көрнекіліктер:
Нақыл сөздер, сайысқа қажетті кеспе қағаздар.
1Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, атааналар, оқушылар бүгінгі өткізілгелі отырған ер
балалар арасындағы «8 қырлы жігіт» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста ер
балалар өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.
1жүргізуші: Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық. Олар 8
және 10 сынып ер балалары . Әділ қазы қыз балалар аналары
2жүргізуші Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тыңдау бар ойында.
Жылқайдарұлы Наурызбектей жігітті,
Шақыралық қошеметпен ортаға
1жүргізуші Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
сегізінші сыныптың ер жігіті,
Шақырайық ортамызға Нұрхат ұлды
2жүргізуші: Спортпенен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Қараңыздар Мейірбек ортада
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан
1жүргізуші:Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерменен тамсандырған адамды
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Төлеген атты жігіт болған сабазды
2жүргізуші: Ендеше көрермендерге сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік. Сайыс 7
бөлімнен тұрады.
1. «Сәлем – сөздің атасы» (өздерін таныстыру)
2. «Сен білесің бе?» (сұрақжауап)
3. «Шебердің қолы алтын» (ілгек қадау)
4. «Тапқыр болсаң, тауып көр» ( ситуациялық жағдаяттан шығу)
5. «Өнерлі өрге жүзер» ("Ерекше әуен")
6. «Күлше қыз биі» және картоп ашу сайысы
7. Сұлулық сыры (шаш үлгісі)
1жүргізуші: Сәлемдесу атадан қалған салтымыз,
Осы салтты ұстанады халқымыз. Сайыскерлер өнерді сал ендеше,
Амандасып көріңіздер өзгеше, дей келе сайысымыздың алғашқы
шарты«Сәлем – сөздің атасы» бөліміне кезек береміз.
1жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы өз бағаларыңызды берсеңіздер.
2жүргізуші: Көзінің оттарын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік.
Сайыстың екінші бөлімі «Сен білесің бе?» деп аталады. Екінші шарт бойынша
сіздер кеспе қағазда жасырылған сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.
1кеспеҰлттық киім (шапан)
Азық түлікке байланысты өлшем түрін тап:Бір асым.... (ет)
Жарқылдаған қос қылыш, қолға түссе жоқ тыныш (қайшы)
2кеспеҰлттық аспап (домбыра)
Азық түлікке байланысты өлшем түрін тап:Бір елі.... (қазы)
Дәмді,дәмді тағамдарды жинайды, қонақтарды көңіліне сыйлайды (дастархан)
3кеспе Ұлттық ою түрлерін ата
Азық түлікке байланысты өлшем түрін тап:Бір үзім.... (нан)
Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегітеп шықты (үтік)
4кеспе Ұлттық сусындарды ата
Азық түлікке байланысты өлшем түрін тап:Бір шымшым.... (тұз)
Қуыста қызы әтеш билейді (от)
5кеспе Ұлттық тағамдар
Азық түлікке байланысты өлшем түрін тап:Бір жапырақ.... (ет,нан)
Киім деуге жатпайды, киімді кірден сақтайды. (алжапқыш)
1жүргізуші: Енді сайыскерлеріміздің бұл сында қаншалықты шымыр болғанын
білсек, қазылар алқасы.
2жүргізуші: Сайыстың үшінші бөліміне өтейік. «Шебердің – қолы
алтын» дейді атам қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен
өнерін паш ететін құндылықтардың бірі – оның қолөнері. Бұл бөлімнің шарты бойынша
жігіттеріміз ілгек қадап сайысады.
Сайыскерлер болғанша Жайна мен Жанар әсем ән жолдасын..
1жүргізуші: Өмір жол емес тақтайдай,
Боласың кейде батқандай.
Қиналған кейбір сәттерде,
Ақылың болсын ақ таңдай;
4 бөлім «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Бөлімнің шарты бойынша
сайыскерлерге ситуациялық тапсырмалар беріледі, кеспе қағаздар таратылады.
1.«Сахнаға шығуға 5 минут уақытың қалды, ал сенің аяқ киіміңнің табаны ашылып
қалды. Сенің әркетің?»
2.Сен темекі шегіп тұрсың,артыңнан әкең келіп қалды да:Балам мұның не?деді.Не
істер едің?
3.Сен әлі кәмелет жасқа толған жоқсың,бір күні әкеңнің машинасын рұқсатсыз айдап
кеттің.Көшеден сені милиция ұстап алды.Не айтасың?
4.Сіз әншісіз. Концертте үлкен сахнада ән айтып жатырсыз. Кенеттен құлап түстіңіз.
Сіздің әрекетіңіз? 5.Сен физикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол
байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды.
Сен бұдан қалай шығасың?
2жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын
Өнерсіз қазақ кем де кем.
Шуақ төгіп мерейлі көңілдерге,
Ұйытқы болсын тыңдаған көрерменге.
Сынға түскен енді қазір сайыскерлер,
Өнерлерін көрсетеді сіздерге,
Келесі 5 бөлім «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлер өз
өнерлерін ортаға салып сынға түседі. Ерекше әуен.
2 Жүргізуші. Жақсы ән айтуды бәрі біледі. Бірақ кей кездері әуенді бір сарыңмен айту
тыңдаушы қауымды жалықтырып жібереді.
Сіздерге тапсырма Ақылбек Жеменейдің орындайтын «Қызыл өрік» ән айту , бірақ әнді
мұрынымызды қыса шырқауымыз қажет.
Келесі шарт бойынша арнайы тілектерді жүрекке жеткізу өнері
1жүргізуші Күлшеқыз, Золушка әрдайым билегенді ұнатқан. Бірақ оның
билеуге бос уақыты болмағандықтан жұмыс істеп жүрген кезінде би билеп үйренген.
Золушканың киім үтіктеп, гүл суғарып, ыдыс аяқ жуғанда, шаң сүрткен кезде, картоп ашу
барысында билеп жүргенін көрсетіңіздер.
1жүргізуші: Келесі бөлім «Сұлулық сыры» деп аталады. Бұл бөлім
бойынша ер балалар қыздардың шашын өреді.
Сайыскерлеріміз дайын болғанша, музыкалық сәлемдеме.
« Аналар » әнін қабыл алыңыздар.
2жүргізуші: Жалпы сайыс қорытындысын анықтау үшін әділ қазы алқасына сөз
береміз. (Оқушыларды марапаттап,арнайы сыйлықтар табысталады)
Жеңімпаз оқушылар әр түрлі номинациялар бойынша марапатталады.
"Сегіз қырлы жігіт" тәрбие сағаты
"Сегіз қырлы жігіт" тәрбие сағаты
"Сегіз қырлы жігіт" тәрбие сағаты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.