Селекцияның міндеттері мен әдістері.
Оценка 4.7

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Оценка 4.7
Лекции
doc
биология
Взрослым
30.05.2018
Селекцияның міндеттері мен әдістері.
Білімгерлерге генетика мен селекцияда кездесетін ауытқуларды және олардың алдын алу жолдарын көрсете отырып, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын танып- білу, селекция биология ғылымдарының басқа салалары арасында маңызды ғылым екенін оқыту Дамытушылық Білімгерлерге мал шаруашылығындағы жаңа қолтұқымдарының тигізетін пайдасы туралы, оларды алуда пайдаланатын әдістер туралы түсініктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,селекция ғылымының дамып –жетілуіне үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін оқып-үйренуді жетілдіре отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Ақпарат құралдары арқылы жаңа иновациялық әдістерді пайдалана отырып білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға , селекцияның табиғатқа, адамға тигізетін пайдасын әңгімелеу, экологиялық тәрбиені дамыту, білімгерлердің іс-әрекетін жоспарлап ұйымдастыруда, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
био 1 курс ашық сабақ жоспары(1).doc
ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ -СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МЕДИЦИЦИНАЛЫҚ МЕДИКО –СТОМАТОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ПРОФЕССОРА РУЗУДДИНОВА «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ, ЖАЛПЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПӘНДЕР » БӨЛІМІ АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ БЕКІТЕМІН Директордың оқу­әдістемелік жұмысы  жөніндегі орынбасары ____________  Жантелиева Л.О. «____»_________2018 ж.                                                     Ашық сабақтың әдістемелік нұсқауы  Пәні: Биология Тақырыбы: Селекцияның міндеттері мен әдістері.  Мамандық:      0304000 «Стоматология» Семестр:          1 Курс:                1 Сабақ өткізу  күні:                 10.01.2018 жыл Ф.И.О. Құрастырушы:  АсжановаМ.А Ашық сабақтың әдістемелік  нұсқаулығы  « Жалпы білім  беру, жалпы гуманитарлық  әлеуметтік­ экономикалық  пәндер» бөлімінің   әдістемелік кеңес  отырысында талқыланып,  мақұлданған Қызметі  Биология  пәнінің оқытушысы Хаттама № __  «___» ________ 2018 г. Қолы Циклдік   әдістемелік   кеңес төрайымы_______  Асжанова М.А. ___________________                                                                                                                       Алматы, 2018ж ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ -СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МЕДИЦИЦИНАЛЫҚ МЕДИКО –СТОМАТОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ПРОФЕССОРА РУЗУДДИНОВА «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ, ЖАЛПЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПӘНДЕР » БӨЛІМІ АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ Тақырыбы: §52 Селекцияның міндеттері мен әдістері.  Мақсаты: Білімгерлерге жануарларды және өсімдіктерді сұрыптау нәтижесінде алынған  өнімді  қолтұқым түрлерін, олардың экономиканы нығайтуда сұрыптау жұмыстарының   шаруашылықтағы маңызын түсіндіру. Білімділік: Білімгерлерге генетика мен селекцияда кездесетін ауытқуларды және олардың  алдын алу жолдарын көрсете  отырып,  мәдени өсімдіктердің  шығу орталықтарын танып­  білу, селекция  биология ғылымдарының басқа салалары арасында маңызды ғылым екенін  оқыту Дамытушылық Білімгерлерге  мал шаруашылығындағы жаңа қолтұқымдарының тигізетін  пайдасы туралы, оларды алуда пайдаланатын әдістер туралы түсініктерін дамыту, пәнге деген  қызығушылығын арттыра отырып,селекция ғылымының дамып –жетілуіне үлес қосқан  ғалымдардың еңбектерін оқып­үйренуді  жетілдіре  отырып, логикалық ойлау қабілеттерін  дамыту. Тәрбиелік:  Ақпарат құралдары арқылы жаңа иновациялық әдістерді пайдалана отырып  білімгерлердің  шығармашылық қабілеттерін  арттыра отырып, салауатты өмір салтын  қалыптастыруға , селекцияның табиғатқа, адамға тигізетін пайдасын әңгімелеу, экологиялық  тәрбиені дамыту,  білімгерлердің іс­әрекетін жоспарлап ұйымдастыруда, бірін­бірі тыңдай  білуге тәрбиелеу.  Күтілетін нәтиже: Генетика мен селекцияның заңдылықтарын тани білуі; ­ Генетика мен селекцияның өзара байланыстарын анықтай алуы; ­ Генетика мен селекцияның тірі ағзаларға әсер ету жолдарын анықтай білуі; ­ Генетика мен селекцияда кездесетін ауытқуларды және олардың алдын алу жолдарын  көрсетуі; Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту  Сабақтың түрі:  Аралас сабақ Сабақтың әдісі:  ұжымдық ойлау әрекеті,  СТО жобасының  стратегиялары  Сабақтың көрнекілігі: слайд, плакаттар, компьютер,  электронды оқулық, суретті  тапсырмалар, тірек сызбалар,  Пән аралық байланыс: химия,   математика,  тарих, әдебиет  Сабақтың өту барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі   2 Үй тапсырмасын сұрау 3 Үй тапсырмасын бекіту 4 Жаңа сабақты түсіндіру 5 Жаңа сабақты бекіту 6 Үйге тапсырма беру 7  Білімді бағалау ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ -СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МЕДИЦИЦИНАЛЫҚ МЕДИКО –СТОМАТОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ПРОФЕССОРА РУЗУДДИНОВА «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ, ЖАЛПЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПӘНДЕР » БӨЛІМІ АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ Ұйымдастыру кезеңі: Блімгерлерді тізім бойынша белгілеу, сырт көрінісін, сабаққа дайындығын тексеру.    Біз бүгінгі сабағымызды  «Қазақ хандығына 550­ жыл»  толу мерекесіне  арнамақпыз. Осы белестерден  өту үшін   алдымызда кедергілер кездеседі, сол кедергілерді жоюымыз  қажет. Сабаққа   белсене   қатысқан   білімгерлерге,   топқа   «Қазақ   хандығына   550­жыл»   төсбелгілері беріледі. Сонымен сабақ басталды .Іске сәт!  Білімгерлерді  топқа бөлу. Әр топ өз ұстанымдарын айтып топтарын  қорғайды    I  топ«Генетика»  топ басшысы: Тулешова Алина. Ұранымыз «Бәріміз­ біріміз үшін,біріміз  бәріміз үшін»Ұстанымыз:  «Салауатты өмір салтын»  сақтаймыз.   II топ «Селекция» топ басшысы: Карабаева Гүлшат. Ұранымыз  «Еңбек – бәрін жеңбек»  Ұстанымыз:  Ел басының жолдауындағы «Экологиялық қауіпсіздікті» дамытамыз.   III  топ  «Экология» топ басшысы:Шаншарбеков .Айдын. Ұранымыз:  «Білекті  бірді жығар­ білімді мыңды жығар» Ұстанымыз: «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосамыз.  III  Үй тапсырмасын сұрау. Топ басшылары келіп өз тобына  үй тапсырмасы бойынша   тапсырма алады    1. «Хандық мемлекет» Қазақ елінің алғашқы қалыптасу  белестері       «Хандық мемлекет»  белестеріне ену үшін мынандай кедергі  кезікті   I «Қызығушылығын ояту» сатысы    « Миға шабуыл»    «Сандар сөйлейді»     1)  7­8%2) 8 , 3) 1906 ж 4) 46 , 5) 47,  6)45, 7) 1910­1915 ж 8) 50  9)1956 ж,  10)  4 топ  Жауаптары: 1­Бүкілдүниежүзілік санақ бойынша дүниеге келетін сәбилердің 7­8%тұқым  қуалайтын аурулармен ауырады.  ,2­ Дрозофилла шыбынының хромосомаларының  диплоидті жиынтығы ,3­У.Бэтсон генетика терминін енгізді.  ,4­  Адам жасушасындағы  хромосома саны 5­ Даун аурының  хромосома саны  6­ Шершевский­Тернер ауруының  хромосомаларының диплоидті жиынтығы  7­  Т.Морган  өз шәкірттерімен тәжірибе жасаған  жылдар.  8­ Адамның 46  хромосомасында  50­мыңдай ген бар.,9­1956ж жылы Дж.Тийо мен  А.Леван қалыпты жағдайда адамның жасушаларында 22 жұп аутосомалар және  бір жұп –  жыныстық хромосомалар бар екендігі анықталды.   ,10­   Адамның қан топтары  2  «Отаршыл Ресей патшасы» Бұл белестерге ену үшін  келесі кедергіні  жеңуіміз қажет   «Топтастыру» әдісі   Топтарға тапсырма беру   I  топ   «Генетика» Адамның тұқым қуалаушылығының  зерттеу  әдістерін  топтастыр     II топ  «Селекция» Хромосомалық  ауруларды топтастыр.     III  топ «Экология» Гендік ауруларды топтастыр.   3 «Кеңестік мемлекет»  белестеріне ену үшін  төмендегі   кедергіні  жеңу қажет.  «Венн диаграммасы» әдісі    Топтарға тапсырма беру   I  топ«Генетика»  Хромосомалық ауруларға сипаттама беріңіздер    II топ «Селекция» Тұқым қуалайтын ауруларға сипаттама беріңіздер. ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ -СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МЕДИЦИЦИНАЛЫҚ МЕДИКО –СТОМАТОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ПРОФЕССОРА РУЗУДДИНОВА «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ, ЖАЛПЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПӘНДЕР » БӨЛІМІ АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ   III  топ  «Экология» Хромосомалық аурулар мен тұқым қуалайтын аурулардың  ұқсастықтары  және  медициналық­ генетикалық  кеңес беру  жолдары Әр топ берілген тапсырмаларын топ ішінде талқылап, сызба, сурет түрінде өз  ойларын       түйіндеп түсіндіреді. Жақсы жауап берген  топ мүшелеріне « Қазақ хандығына550­жыл» төс  белгілері беріледі.. Тапсырма бойынша   айтылмай кеткен жерлері болса басқа топ мүшелері  сөз     алып толықтырып,  сұрақ қойып  отырады. Әр топ  тапсырма бойынша өз тұжырымын   айтады     Үй тапсырмасын  қорытындылау мақсатында тест тапсырмасын беру  Тест тапсырмалары   1.Өзгергіштіктің қандай түрлері бар?   А)гаплоид және дигаплоид  Ә) фенотиптік және генотиптікБ)гендік және         геномдықВ)мутатциялық   2.Фенотип қандай өзгергіштік?   А)тұқым қуалайтын Ә) мутациялық Б) тұқым қуаламайтынВ) комбинативтік.   3.Модификациялық өзгергіштік қандай әдіспен зерттеледі?   А) стастикалық Ә)  химиялықБ) микробиологиялық В) физикалық   4.  «Мутация» деген  ұғымды кім қалыптастырды?   А) Р.Гук Ә)Х.Де. Фриз Б) Ч.Дарвин В)В.Иогансен    5.Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар заңын ашқан  ғалым?    А)А.П.ЧехурудинӘ)Х.Де Фриз  Б) В.С.Федоров В)Н.И.Вавилов    6.Бірдей гендер қалай аталады?    А)гетерозиготалы Ә) полимерияБ) полимер В) полимерия    7.Ген  деген  терминді  ғылымға кім енгізді?    А) Т.Морган Ә)С.С.Четвериков Б)ИПавлов   В)   В.Иогансен    8.Гендердің хромосомадағы орнын қалай атайды?    А)Тіркесу тобыӘ) кроссинговер Б) локус  В) генотип    9.Жұп гендер қалай аталады?     А)рецессивті Ә)доминантты Б) аллельді  В) эпистаз    10.ГМендельдің үшінші заңы қалай аталады?    А) тіркес тұқым қуалау. Ә) ажырау заңы Б) белгілердің  тәуелсіз  ажырауы В)    өзгергіштік  «Сергіту»  сәті: Мақал­ мәтелдің бастапқы сөйлемі айтылады,  аяғын жалғастыр....   1.Жан  қиналмай жұмыс бітпес­ талап қылмай мұратқа жетпес 2.Тектіден текті туар – сараланып 3.Теріңді өзгерте алсаң да­ тегіңді өзгерте алмайсын 4.Жеті атасын білмеген ­  құлағы  мен   жағын жер  5.Салтыңды  ауыстырсаңда – ұлтыңды  ауыстыра алмайсын. IV  Жаңа сабақты түсіндіру   II «Мағынаны ажырату»  сатысы                         Жаңа сабақ ( слайд)  көрсету  Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.  Жоспар:  1.Селекция ғылымының міндеттері мен әдістері ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ -СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МЕДИЦИЦИНАЛЫҚ МЕДИКО –СТОМАТОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ПРОФЕССОРА РУЗУДДИНОВА «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ, ЖАЛПЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПӘНДЕР » БӨЛІМІ АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ 2.Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. 3.Өсімдіктер  және жануарлар селекциясындағы    отандық ғалымдардың еңбектері. Селекция жануарлардың  асыл   тұқымын өсімдіктердің сорттарын, микроорганизмдердің штампыларын шығарудың,  жаңартудың әдістерін және биологиялық негізін зерттейтін ғылым. "Селекция" — сұрыптау деген мағынаны білдіреді. Генетика селекцияның ғылыми негізі болып есептелінеді.  Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары барлық организмге тән қасиет.  Жануарлардың, өсімдіктердің жаңа тұқымы мен сорттарын шығаруда осы заңдылықтарды  білудің маңызы зор. Себебі, ол тұқым қуалайтын өзгергіштікке  негізделген. H.И.Вавилов селекцияның теориялық негізін қалады. 1.Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің тұқымдық, сорттық, түрлік және  туыстық ерекшеліктерін зерттеуді көрсетті. 2.Тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілер мен қасиеттердің дамуына сыртқы  орта факторларының әсер ететіндігін анықтады. 3.Организмдердің пайдалы белгілері мен қасиеттерінің тұрақтандырылуына жағдай жасайтын  қолдан сұрыптау жүйесін жасады. Селекцияның басты мақсаты мен міндеті — адам баласына қажетті мол өнім беретін, суыққа,  ауруға төзімді өсімдік сорттарын, мал тұқымдарын және микроорганизмдердің  штампыларын қысқа мерзімде шығару және жақсарту. Сорт немесе тұқым дегеніміз не?  Жануарлардың асыл тұқымы немесе есімдіктердің сорттары деп тұқым қуалайтын  морфологиялық, биологиялық және шаруашылық белгілері мен қасиеттері ұқсас,  сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған бір түрге жататын даралар жиынтығы. Н.И.Вавиловтың айтуы бойынша: "Селекция үшін қажетті бастапқы материалды білмей, олардың шығу тегі  мен эволюциясын зерттемей тұрып, жануарлардың, өсімдіктердің қазіргі сорттарын, тұқымын  жаңарту, жақсарту мүмкін емес". Сонымен қатар жануарлардың, өсімдіктердің жабайы арғы  тегі формаларының, мәдени формаларына қарағанда бай екенін көрсетті. Сондықтан  өсімдіктердің жаңа сорттарын, малдардың асыл тұқымын шығаруда олардың ата тегінің  бағалы белгілері бар түрлерін будандастыруға пайдалану қажет екендігін анықтап берді. Ол  мәдени өсімдіктердің ата тегінің шығу орталықтарын анықтау, зерттеу және  олардың генофондысын сақтау мақсатында дүние жүзінің әр түкпірінде 180­нен  астам экспедиция ұйымдастырды. Осы жұмыстың нәтижесінде 1700 түрге жататын 250  мыңнан асатын ауыл шаруашылығы есімдіктері үлгілерінің коллекциясын жасады.  Өсімдіктердің сол уақыттағы жиналған коллекциясы осы күнге дейін мәдени  өсімдіктердің жаңа сорттарын шығаруға пайдаланылады. Н.И.Вавилов  барлық географиялық аймақтарда мәдени өсімдіктердің алуантүрлілігі бірдей емес екендігін  анықтай келіп, аса маңызды жаңалық ашты. Ол мәдени өсімдіктер шығуының жеті орталығын  белгіледі. Әрбір орталық белгілі бір мәдени өсімдіктердің шыққан отаны болып есептелінеді.  Бұл орталықтар, негізінен, жазық жер емес, таулы аудандар. Көптеген орталықтар ертедегі  егін шаруашылығы орталықтарымен сәйкес келеді. Н.И. Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу  орталықтарын анықтау барысында жалпы бір заңдылықты байқаған. Өсімдіктер өзінің түр  ретінде түзілген орталықтарынан алыстаған сайын, олардың түсінің өзгеретінін көрген. Мысал ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ -СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МЕДИЦИЦИНАЛЫҚ МЕДИКО –СТОМАТОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ПРОФЕССОРА РУЗУДДИНОВА «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ, ЖАЛПЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПӘНДЕР » БӨЛІМІ АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ ретінде, Мексикадаөсетін жүгері сабағының боялған қара  түсі, Тынық және Атлант мұхиттарына жақын аудандарда ағаратынын көрген.  Ал Еуропада өсетін бидайдың, арпаның, қара бидайдың ақ масақтары Африкадағыдан өзгеше  болып келеді. Мәдени өсімдіктер шығу орталықтарынан басқа аудандарға тараған сайын  олардың доминатты белгілері (гендерінің әсері) төмендеп, рецессивті формалары арта  бастайды. Бұлай болу себебі, таулы, аралды және шөлді аймақтар рецессивті гені бар  формаларды оқшауландырып, олардың көбеюіне жағдай туғызады. Мысалы, бір жағын Арал  теңізі, екінші жағын Қарақұм алқабықоршаған Хиуа (Өзбекстан) жерінде Н.И.Вавилов  бастаған экспедиция зығыр өсімдігінің гүлінің түсінде рецессивті белгілері бар және дөні ақ  түрлерін анықтаған. Сонымен шығу орталықтарынан алыстаған сайын  өсімдіктердің доминантты гендері әсерінің төмендеуін, ал  керісінше, рецессивті формаларының арту заңдылығын "Вавилов әсері" деп атады. Адамның қатысуымен жүретін сұрыптауды қолдан аррыптау деп атайды. Чарлз Дарвин өзінің  қолдан сұрыптау туралы ілімінде оның екі түрін анықтаған: мақсатсыз және мақсатты  сұрыптау. Адамдар жануарларды үй жағдайына қолға үйретудің алғашқы кезеңінде мақсатсыз сұрыптауды пайдаланды. Олар өздеріне ыңғайлы, жуас ұрпақ өрбітетін малдар мен мол өнім  беретін өсімдіктердің түрін қалдырып, қолға үйретуге қиын, мінез­құлқы шәлкес малдарды  жойып немесе күштеп үйретуге тырысты. Сонымен адам санасыз сұрыптаудың арқасында  малдарды мінез­ құлқына қарап, біртіндеп үй жағдайына үйрете бастады. Мысалы,  қазіргі иттердің арғы тегі қасқыр екені анықталды. Жануарлармен қатар өсімдіктерді де  санасыз сұрыптады. Мысалы,астық тұқымдас өсімдіктердің жабайы түрінің орта жағдайына  бейімделуіне байланысты масағы сынғыш келеді. Олардың масағынан дәндері төгіліп тұрады.  Адам бидай өнімін жинау барысында масағы мықты өсімдіктерді сұрыптау арқылы оның осы  уақыттағы мәдени түрін алды. Санасыз сұрыптаудың нәтижесінде біртіндеп малдардың  тұқымы мен өсімдіктердің түрлері жаңара түсті. Әйтсе де, осы санасыз сұрыптау,  барлық мәдени өсімдіктердің, үй жануарларының алуан түрлілігінің шығуына ықпалын  тигізді.. Үй жағдайында жануарлар мен өсімдіктерді өсіру кезінде, адамдар бағалы, пайдалы белгілері  бар ата­аналық даралар өздеріне ұқсас, жетілген ұрпақ әкелетінін байқаған. Оларды бірнеше  ұрпақ бойы қадағалап, көбейтіп, өсіріп отырған. Адам саналы сұрыптау барысында белгілі бір мақсат қойып, қандай нәтиже шығатынын да болжай алады. Осы сұрыптаудың нәтижесінде  жануарлардың белгілері өзгеріп, адам қажетіне керек, жабайы ата тегінен өзгеше, жаңа  түрлері пайда болады. Сұрыптаудың шығармашылық маңызы осында. Қолдан  сұрыптаудың екі түрі бар. Ол — жаппай және жеке сұрыптау. Жаппай сұрыптау  деп фенотипі (сыртқы белгілері, қасиеттері) бойынша сұрыптауды айтады. Мұнда генотип  есепке алынбайды, фенотип жағынан бірдей даралардың тобын іріктейді. Жеке сұрыптау  кезінде жекеленген өсімдіктің немесе жануарлардың біреуін іріктеп, оның ұрпақтарының  генотипін зерттейді. Ұрпақтарына бағалы, қажетті қасиеттер мен белгілерін тұрақты беретін  дараларды сұрыптайды. Жеке сұрыптаудың маңызы генотипі жағынан бағалы бір дарадан көп  ұрпақ алуға болатынында. Мысалы, қолдан ұрықтандырудың тәсілдерін пайдалана отырып,  бір бұқадан, қошқардан ондаған, жүздеген ұрпақ алуға болады. Жеке сұрыптаудың жаппай  сұрыптаумен салыстырғанда маңыздылығы жоғары. Өсімдіктерде жеке сұрыптауды кеңінен  қолданады. Кез келген өсімдікті оның ұрпағы бойынша бағалау жүргізу үшін жеке­жеке  көбейтіп, таза сорттармақ жағдайына жеткізеді. Таза сорттармақ, дегеніміз — бір жұп ата­ ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ -СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МЕДИЦИЦИНАЛЫҚ МЕДИКО –СТОМАТОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ПРОФЕССОРА РУЗУДДИНОВА «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ, ЖАЛПЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПӘНДЕР » БӨЛІМІ АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ анадан тараған белгілері бойынша гомозиготалы ұрпақтар. Адам қолдан сұрыптаудың әдістері арқылы популяцияда қажетті, бағалы белгілері бар дараларды көбейтеді. Өсімдіктердің сорттарын, жануарлардың жаңа тұқымын шығару үшін будандастыру әдісін  қолданады. Олар туыстық будандастыру (инбридинг) және туыстық емес будандастыру  (аутбридинг) болып бөлінеді. Туыстық будандастыру немесе инбридинг будандастыруда  туылған ұрпақта гендердің гомозиготалы күйге ауысуына байланысты гомозиготалы  даралардың үлесі арта түседі. Мал шаруашылығында бір ата­анадан туған төлдерді бір­ бірімен, не ата­анасын өз төлімен шағылыстырады. Бұл өсімдіктердің  өздігінен тозаңдануына ұқсайды және гомозигота санын кебейтуге әкеледі. Осымен қатар  ұрпақта пайда болған (рецессивті гомозиготалы жағымсыз) мутациялар даралардың  өнімділігіне, тіршілік қабілетіне кері әсер етеді. Жақын туыстарды бір­бірімен  будандастырудың тиімді жағы да бар. Ұрпақта бағалы белгілер беки түседі және бұл қасиет  ата­анасында бірдей болса, болашақ ұрпақтарына беріліп отырады. Туыстас будандастыру  жануарлар мен өсімдіктердің селекциясы үшін қажетті сорттармақтар алу үшін кеңінен  қолданылады. Туыс емес организмдердің будандасуын аутбридинг деп атайды. Аутбридинг:  түр ішіндегі будандастыру және әріден будандастыру болып бөлінеді. Гетерозис кезінде ата­анасымен салыстырғанда буданның тіршілік қабілеті артып, мол өнім  береді. Бірақ бұл қасиет кейінгі ұрпақтарында біртіндеп төмендеп өше бастайды. Гетерозис  құбылысын өсімдіктер және жануарлар селекциясында жиі қолданады. Бұл құбылысты ең  алғаш 1914 жылы Америка ғалымы В. Шелл жүгері өсімдігінен байқайды. В.  Шеллдің тәжірибесі бойынша, жүгері өсімдігі гетерозисті буданының бірінші ұрпағының өнімі екінші ұрпағының өніміне қарағанда — 35%­ға, үшінші ұрпағында 50%­ға төмендегенін  көрсеткен. Гетерозистің швед ғалымы А. Густафсон анықтағандай, өсімдіктерде бірнеше түрі  бар. Олар жыныстық гетерозис — жыныс органдарының жақсы дамуына байланысты тұқым  мен жемістің өнімі артады. Денелік гетерозис — вегетативті органдарының іріленуі.  Бейімделгіш гетерозис — будан өсімдіктердің ортаға бейімделіп тіршілік қабілетінің  артуынан туады. Гетерозис ірі қара малдарда жиі кездеседі. Мысалы, ірі қара  малдың Герефорт және Шортгорнтұқымдарын будандастырғанда, будандардың еті мол және  өте жоғары сапалы болған. Ал қазақтың Ақ бас сиырын Санта­гертруда тұқымымен  будандастырғанда, будан ұрпақтары етті болады. Бір өркешті түйені (нарды) екі өркешті  түйемен будандастырғанда, сондай­ақ жылқы мен есекті будандастырғанда, ұрпақтарында  гетерозис құбылысы байқалады. Қашар — екі түрге жататын жылқы мен есекті шағылыстыру  нәтижесінде алынған ұрпақ, бермейтін будан. Күші жағынан ата­ анасынан бірнеше есе артық  болады. Гетерозигота құбылысының табиғаты, оның молекулалық сыры әлі толық анықталған  жоқ. Әріден будандастыру. Әр түрге және туысқа жататын организмдердің будандасуын  әріден будандастыру дейді. Мұндай шағылыстырудың мақсаты — бір түрге жататын  дараларды будандастыруда беріле алмайтын белгілер мен қасиеттердің тұқым  қуалауын зерттеу. Өсімдіктердің мәдени сортымен жабайы түрін будандастыру арқылы  сапалы будан алуға болады. Мысалы, қарабидай мен бидайдың бидай мен эгилопс деп атайтын жабайы астың тұқымдастың будандары бар. Әріден будандастыруды алғаш зерттеген И.Г.  Кельрейтор болды. Ол 1760 жылы темекі мен махорканың арасынан алғаш рет будан алды.  Әріден будандастырумен Г. Мендель, И.В. Мичурин, Н.В. Цицин, т.б. ғалымдар айналысты.  Түраралық, туысаралық будандардың саны аз, тіршілік қасиеті төмен, ұрпақ бермейді.  Ұрпағының болмау себебі, бір жағдайда — жыныс органдарының дұрыс дамып, пісіп ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ -СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МЕДИЦИЦИНАЛЫҚ МЕДИКО –СТОМАТОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ПРОФЕССОРА РУЗУДДИНОВА «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ, ЖАЛПЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПӘНДЕР » БӨЛІМІ АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ жетілмеуінен болады. Өсімдіктерде тозаңның толық пісіп жетілмеуінен тозаңқап толық  ашылмайды. Екінші жағдайда — будандастыруға алынған организмдердің хромосомалар  санының және жұптарының өзгеруінен туады. Мысалы, будандастыруға алынған А түрге  жататын организмнің 14хромосомасы, Б түрге жататынның 28 хромосомасы бар делік. Бірінші ұрпақ буданында 21 хромосома болады. Сонда Б түрге жататын дараның 7  хромосомасымен конъюгацияға түсетін жұп (гомологті) хромосомалар жоқ. Бұл  жағдай мейозда хромосомалардың ретсіз бөлінуіне және тіршілігі жоқ гаметалардың пайда  болуына әсерін тигізеді. Кейбір будандардың ұрпақ, бермейтін кемшілігін, оларды  полиплоидті түрге ауыстыру арқылы түзеуге болады. Бірінші рет Ресейде 1924 жылы Г.Д.  Карпеченко қырыққабат пен шомырды будандастыру арқылы мол ұрпақ беретін түраралық  будан алды. Бұл жағдайда будан өсімдіктердің хромосома санын екі есе көбейтеді.  Хромосомалар санының екі еселенуі барысында мейоз процесі дұрыс  жүріп, шомыр мен қырыққабат хромосомалары өз жұптарын тауып, конъюгацияланады.  Әріден будандастыруда академик Н.В. Цицин бидайды бидайықпен будандастыру арқылы  дәнді дақылдардың құнды сорттарын алды. И.В. Мичурин жұмыстарында әріден  будандастыруды пайдаланып, сиырбүлдірген мен таңқурайдың, алхоры мен шомырттың,  шетен мен сібір доланасының будандарын алды. Полиплоидия — жасушаның хромосомалар  санының өзгеруінен туындайтын геномды мутацияларға жатады. Егер эукариотты  организмдер жасушасының хромосома жиынтығы екіден артық рет еселенсе, ондай  организмдерді полиплоидті дейді. Полиплоидия табиғатта кең тараған құбылыс. Бұл әсіресе  гүлді есімдіктерде жиі кездеседі. Полиплоидия жасушаның митоздық, мейоздық бөліну  фазаларына ішкі­сыртқы орта факторларының әсер етуінен және будандастырудан да пайда  болуы мүмкін. Бұл құбылыс жануарларда сирек кездеседі. Академик Б.А. Астауров жібек  құртының жұмыртқаларына әр түрлі температурамен әсер ету арқылы партеногенез жолымен  полиплоидті түрін алды. Өсімдікте полиплоидия құбылысын қолдан тудыру арқылы, олардың  өнімділігін арттыруға болады. Мысалы, ғалымдар қызылша өсімдігінің тұқымын алкалоид  колхицин ерітіндісімен өңдеу арқылы полиплоидті түрін алып, Оңтүстік Қазақстан  облысының шаруашылықтарына енгізді. Өсімдіктердің ішінде маңыздыполиплоидтік топқа  астық тұқымдастарын жатқызады. Дүние жүзінде кең тараған бидайдың түрі — жұмсақ бидай. Оның жасушаларында 2п = 42 хромосома бар. Жұмсақ бидай осыдан 8000 жыл бұрын орталық Еуропада өсірілген 2п=28 хромосомасы бар бидайдың түрі, 2п=14 хромосомасы бар жабайы  бидай түрімен табиғи жағдайда будандасу нәтижесінде пайда болған. Ертеде олардың қажетті қасиеттерін байқаған диқандар егіп, өсіріп, ұрпақтан­ұрпақка қалдырып отырған. Ал жұмсақ  бидайдың арғы тегінің бірі — 28 хромосомалы бидай. Таяу Шығыста өскен (2п х 14)  хромосомалы жабайы бидайдың екі түрінің будандасуынан шыққан. Қазір 28 хромосомалы  бидайдың түрлерін, 42 хромосомалы бидайлармен қатар егіп жүр. Қазақстанда 28  хромосомалы қатты бидайдың сорттары "Алмаз", "Меляно­пус­40", "Харьковская­46"  "Саратовская­40" Солтүстік және Орталық аумақтарда егіліп, сапасы жоғары болғандықтан  макарон жасауда қолданылады. Табиғатта өсімдіктердің полиплоидті түрлерін, адамның  қатысуынсыз қоршаған орта жағдайлары іріктейді. Сондықтан өсімдіктер дүниесін  жартысынан артығы — полиплоидті. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің ішінде бидайдан  басқа, полиплоидті мақта, балқурай, банан, картоп және басқамәдени өсімдіктердің түрлері  бар. ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ -СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МЕДИЦИЦИНАЛЫҚ МЕДИКО –СТОМАТОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ПРОФЕССОРА РУЗУДДИНОВА «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ, ЖАЛПЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПӘНДЕР » БӨЛІМІ АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ Электрондық  оқулық арқылы  селекция ғылымының  генетикалық негіздері  туралы  көрсете отырып тыңдату  Бейне ролик ( Гетерозис құбылысы)  Білімгерлерге  жаңа тақырып бойынша топ ішінде талқылау үшін  мәтін тарату   « Мәтінмен жұмыс»  Мәтін бойынша сұрақ беру   1.Өсімдіктер селекциясы мен жануарлар селекциясында будандастырудың  қандай әдістері  қолданылады?  2.Қазақстандық  ғалымдар шығарған  өсімдіктердің  қандай сорттарын және жануарлардың    қандай тұқымдарын білесіңдер? V Жаңа сабақты  бекіту  III «Ой толғаныс» 4  «Тәуелсіз қазақ мемлекеті»  Бүгінгі Қазақстан (Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа жол,  «Нұрлы жол»жолдауларын жүзеге асыру белестері 1 ( слайд арқылы)    «Сәйкестендіру тест» орындау ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ СТОМАТОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ПРОФЕССОРА РУЗУДДИНОВА АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ 2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫ   Тиісті сандарға дұрыс  сәйкес келетін әріптерді  сәйкестендіріңіз. 1 2 3 4 5 6 7 8 Қазақстандық тары өсіруші  Жақын туыстық қатынасы бар  өсімдіктерді будандастыру Өнер,  шеберлік,  ғылым деген мағынаны  білдіретін ұғым 1914 жылы Американдық генетик К. Шелл  енгізген ұғым. Хромосома   сандарын еселеп көбейту Туыс емес дараларды будандастыру.      Бір түрге жататын организмдердің   хромосома санының еселеніп артуы  Әр түрге жататын организмдердің   хромосомалар жиынтығының бірігуі  нәтижесінде  пайда болады А  Гетерозис құбылысы Ә Аутбридинг Б Аллополиплоидия В  Полиплоидия Г  Автополиплоидия Д  Шығанақ Берсиев Е Инбридинг Ж Биотехнология  Берілген     мәдени   өсімдіктердің     суреттерін   шыққан 2.«Суреттер   сыры»   ойыны   орталықтарына  сәйкес  картаға жапсыру  керек,яғни әр орталықтың тұсына жапсырады. 3. Сөзжұмбақ «Селекция»  сөзін табу арқылы шешу 4.Термин сөздерге  анықтама беру  Селекция,Трансплантация, Ген, Генофонд, Гибрид,Гетерозис. ББҮ кестесін толтыру  Білгенім ,Білгім келеді,  Үйренгенім Сабақты қорытындылау:    Сонымен,  селекция  ғылымы биология ғылымының негізгі саласы болып табылады.   Қазіргі кезде  селекция ғылымы кеңінен даму үстінде. Жер бетіндегі барлық ағзалар  қорғауды қажет етеді. Жер шары баршамыздың ортақ  үйіміз. Табиғаттың жойылуы­  адамзаттың жойылуына әкеліп соғады. Жарық дүниеге  дені сау ұрпақ  алып келу үшін  экологиялық жағынан  білімді мәдениетті болуымыз қажет. «Қазақ хандығының 550­жыл»  толу мерекесіне  біздің үлесіміз саналы тәрбие мен сапалы білім болмақ.  Бұл Елбасы Н.Ә.  Назарбаевтың  елімізді « Жасыл экономика»  және « Экологиялық қауіпсіздікті» дамыту  бағдарламасымен сәйкес келеді. VI Үйге тапсырма беру: §52, §53, §54 оқып келу. Н.В Вавилов   еңбектеріне   хабарлама  беру VII Білімді бағалау:  сабаққа белсене қатысқан,  тапсырманы  толық орындаған  топтағы  білімгерлерді«Қазақ хандығына 550­ жыл» жинаған  төс белгісі арқылы     бағалау. Бағаны  оқу журналына қою

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.

Селекцияның міндеттері мен әдістері.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.05.2018