Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Оценка 5
Научно-исследовательская работа
docx
география
9 кл
25.04.2019
Алматы «Білім-Инновация» қыз балалар лицейі
География пәні мұғалімі
Кенжебаева Жанна Онгарбековна
І.Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
1.1. Рекреация жайлы түсінік.
Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап жерлер көп–ақ.Мұндай табиғаты көрікті жерлерде емдеу- сауықтыру, демалыс үйлері салынады.
Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлер рекреациялық аудандар деп аталады. Рекреация (латын тілінен аударғанда қалпына келтір) деген мағына береді.Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған адамдардың тынығып,ем қабылдап күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.[1]
1.1. Рекреация жайлы түсінік.
Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап жерлер көп–ақ.Мұндай табиғаты көрікті жерлерде емдеу- сауықтыру, демалыс үйлері салынады.
Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлер рекреациялық аудандар деп аталады. Рекреация (латын тілінен аударғанда қалпына келтір) деген мағына береді.Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған адамдардың тынығып,ем қабылдап күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.[1]
Алматы.docx
Алматы «БілімИнновация» қыз балалар лицейі
География пәні мұғалімі
Кенжебаева Жанна Онгарбековна
І.Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
1.1. Рекреация жайлы түсінік.
Рахман
аралығында
Шығыс Қазақстандағы
Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап
жерлер көп–ақ.Мұндай табиғаты көрікті жерлерде емдеу сауықтыру,
демалыс үйлері салынады.
Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлер
рекреациялық аудандар деп аталады. Рекреация (латын тілінен аударғанда
қалпына келтір) деген мағына береді.Рекреация күш жинау, яғни еңбек етіп
шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған адамдардың тынығып,ем қабылдап
күшқуатын қалпына келтіру деген сөз.[1]
Қазақ жеріндегі табиғаты емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы
мәліметтер XIX ғасырдың орта кезінде пайда бола бастады . 1834 1880
жылдар
бұлағы,Қапал
Арасан,Бурабай көлінің,Барлық Арасан бұлағының шипалы қасиеттері
туралы мерзімді баспасөз беттерінде хабарлар жарияланған. Солай бола
тұрса да XX ғасырға дейін қазақ даласында Бурабай мен Бершүгірде
әрқайсысы 30 орындық екі санаторий ғана салыныпты. Кейіннен 1920–1925
жылдар аралығында Бурабай,Мойылды,Рахманов бұлақтары,Шымған,
Жаңақорған курорттары ашылды.[2]
Табиғи рекреациялық қорлар шығу тегінің ерекшелігіне қарай емес,
пайдалану сипатына қарай бөлінеді.Олар табиғи (теңіз,өзен жағалаулары,
ормандар,таулар.аудандар) және антропогендік (тарихи архитиктуралық
көрікті жерлер) қорлар.
Біздің өлкемізде өзендер мен көлдер жағасы,таулар, орманды жерлер,
минералды су көздері мен емдік балшықты жерлер көптеп кездеседі.
Тынығушылар мен туристер мұндай жерлерден табиғат ландшафттарының
әсемдігін,
шипалы
климат,спортпен,аңшылықпен,балық аулаумен шұғылдану үшін жақсы
мүмкіндіктер табады.
Табиғи рекреациялық территориялардың басты формалары үлкен
қалалар төңірегінде жасыл аймақтар,қорықтар,ұлттық танымбақтар болып
саналады.
Өлкемізде тәрбиелік мәні зор орындар өте көп. Ондай жерлерге
Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай таулары, СауырТарбағатай, Қалба
жоталары,Шыңғыстау,Ертіс өзені, Марқакөл, Алакөл т.б. табиғи орындар
жатады.Мәденитарихи көрікті орындар рекреациялық қорлардың екінші
тобын құрайды. Оған тарихи,археологиялық сәулет өнерінің ескерткіштері
өсімдіктер
дүниесінің
байлығын, жатады.Мысалы:Семей аймағындағы Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтың,
Шәкәрім Құдайбердіұлының туған жеріндегі қорық мұражайы, Еңлік
Кебек, Қозы мен Баян, Ақсуат өңіріндегі Әулие Ырғызбай ата кесенесін
алуға болады. Осы рекреациялық қорлар арқылы туризм жүйесін
қарастырамыз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның негізгі үш мүмкіндігі Еуразия
аймағындағы жолдардың түйіскен торабында
орналасқандықтан біздің
географиялық жағдайымыз туризмді дамытуға жол ашады» деген. Осы
тамаша табиғатты зерттеп, пайдаланып қана қоймай, оны көркейтіп
қорғаубіздің негізгі міндетіміз. [3]
1.2. Туризм экономиканы дамытудың басты көзі
Бүгінде әлемнің көптеген дамыған елдерінде туризм саласы дамудың
басым бағыттары ретінде экономиканың негізі болып саналады.Туризм–қазіргі
әлемде кез–келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал ететін әлемдік
экономиканың ең ірі,әрі тез қарқынмен дамып келе жатқан салаларының
бірі.[4]
Туризм тарихы ертеден басталады.Техника мен технологияның қарқынды
даму кезеңінде ХХ ғасырдың екінші жартысында туризм дами
түсті.Туризм ең ірі экспорттық салалардың құрамынаавтомобиль жасау
және мұнай өндіру, химия өнеркәсібінен кейін енеді.
Қазіргі кезеңде дүние жүзі туризмді халық шаруашылығының жетекші
саласы ретінде танып, оның өмірдегі әлеуметтік, экономикалық, мәдени
танымдылық,емдік–сауықтыру,спорттың және демалыс
қажеттілігін
күнделікті тәжірибеде мойындап отыр.
Туризмнің ұйымдық нысаны халықаралық және ішкі туризм.
Халықаралық туризмге: келу туризмі,шығу туризмі,ішкі туризм жатады.
Осыларға жеке жеке тоқтала кетейік.
Келу туризмібелгілі бір мемлекеттің аумағында тұрақты тұрмайтын
адамдардың сол мемлекеттің шегіндегі саяхаты.
Шығу туризмібелгілі бір мемлекеттің азаматтары мен сол мемлекетте
тұрақты тұрмайтын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.
Ішкі туризм– Республика азаматтары мен оның аумағында тұрақты
тұратын адамдардың республика шегіндегі саяхаты.
Туризмнің қарқындауы, әсіресе халықаралық туризмнің–келу туризмі,
шығу туризмі және ішкі туризмнің дамуы,шетелдік валютаның көбеюіне,әрі
бюджеттің толықтырылуына,
жұмыс
орындары нарығының көбеюіне, халықтың кірісі мен өмір сүру деңгейінің
жоғарылауына, яғни мемлекеттің тұрақты дамуына мүмкіндік жасайды.
жұмыссыздықтың қысқаруына, құрайды.
орталықтары
Мысалы, өзінің шағын территориясына қарамастан Орталық Америкадағы
КостаРико мемлекеттік қазынаға ақшаны туристерді қабылдаудан түсіреді
екен. [5]
Италия,АҚШ, Біріккен Араб әмірліктері мен Түркиядағы туристік
орталықтар ішкі және сыртқы туризм нәтижесінде экономикасын дамытып
отырғаны белгілі. Аталған елдердің туризм индустриясын дамыту негізінде
туристік сала инфрақұрылымын, көлікті және қызмет көрсету салаларын
дамыту жатады.
Туристік орталықтардың белсенді дамуы Италияда (Рим, Венеция),
Түркияда (Бодрум,Мармарис,Анталия),АҚШта (ЛасВегас,Гавай аралдары),
Египетте (Кайр, Гиза,Александрия),Тайландта(Бангкок) байқалды.
Осы әлемдік туристік орталықтар туризм инфрақұрылымының негізін
қазіргі заманғы үш, төрт және бес жұлдызды қонақ үйлер, театрлар, ойын
сауық
аталған туристік
орталықтардың дамуында бай тарихи мәдени мұрамен табиғи
климаттық, рекреациялық жағдайлардың рөлі маңызды болып келеді.
Туризм өз кезегінде әлемдік шаруашылықтың ең қарқынды және өз
шығынын өзі өтей алатын түрі болып саналады.
Шығыс Қазақстан экологиялық туризмді дамыту қажеттілігіне тек
экономикалық фактормен–жақсы жұмыс орындарын ашу,шалғай жерлердегі
жергілікті қоғамдастықтарды дамыту ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік
тапсырыспен– халықтың денсаулық және бос уақытын пайдалану
проблемасына тұтастай әрі жүйелі түрде мән берумен де түсіндіріледі.
Дүниежүзілік туристік ұйым сарапшыларының деректері бойынша соңғы 10
жылда экологиялық туризм неғұрлым танымал және кез келген мемлекеттің
тұрақты даму құралы болып табылады.
Қорыта келгенде, шетелдердің мысалы көрсеткендей, сырттан келетін
туристер (Америкада, Францияда, Италияда) онда жыл сайын 1 млнға дейін
АҚШ долларын қалдырып кетеді. Ол дегеніңіз, ақылы қызмет көрсетулер
есебінен халықтың әлауқаты артуына, сол мемлекеттің экономикасын
дамытуға әсер етеді деп тұжырым жасауға негіз болады.
Сонымен
қатар
1.3. Қазақстанда туризм дамуының қазіргі жайкүйі.
Қазақстан ежелден бері күшті тарихи оқиғалардың Отаны болды, оның
жаңғырығы Ежелгі дүниенің ең алыс түкпірлеріне дейін жетті. Бұл басқа
мемлекетті билеушілердің қызығушылығын тудырды, олар барлау және
миссионерлік мақсаттармен Орта Азияға түрлі елшіліктер жіберді. Біз үшін
ең үлкен құндылықтар орта ғасырдағы еуропалық ұлы жиһангерлер Плано
Карпини, Вильгельм Рубрук, Марко Поло, оның әкесі мен көкелерінің
біздің ел туралы құрастырған материалдары болып табылады.Шетелдіктер
үшін, әсіресе, осынау ұлы жиһангерлердің Отандастары үшін, біздің бай
тарихи
және
ойымызша, олардың маршруттарымен жүріп өту, олар болған жерлерде
болу, олар өздерінің кітаптарында тамсана жазған
халықтардың
ұрпақтарымен танысу аса қызықты болар еді. Әрине, еліміздің сұлу
табиғат ошақтарынсыз, жануарлар мен өсімдік дүниесінің сирек те ғажайып
түрлерінсіз,
мәдени ескерткіштерсіз, жергілікті
тұрғындардың қызықты дәстүрі мен әдепғұрпынсыз туризмді дамыту
мүмкін емес. Бұл тұста ақиқатын айту керек, біздің республикамыздың осы
жақтарын әлемдік туристік қоғамдастық әлі де аз біледі. Дегенмен, біз
туристік мүмкіндіктеріміздің орасан зор екенін жақсы білеміз, сондықтан
оларды, туризм индустриясы дамыған елдердегі сияқты, республиканың
игілігі мен гүлденуіне тиімді пайдалана білуіміз қажет.
Қазақстан өзінің егемендігін алғаннан кейін туризмнің өзара салалас
индустриясының қалыптасуы мен дамуы туралы мәселеге көңіл аудара
бастады.Бұған қаулылар мен басқа да нормативті құқықтық актілердің
қабылдануы себеп болды.(«Қазақстан Республикасының туристік саласын
дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы») нақты мысал бола
алады.
Бұдан басқа республикамыз көптеген халықаралық ұйымдарға, соның
ішінде Дүние жүзілік туристік ұйымға да мүше болды.
Қазақстан Республикасы туризмді дамытудың 20102014 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы республикада қазіргі заманғы
тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға
және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.Ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың
стратегиясын,негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске
асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфрақұрылымын
дамытуды , осы саланы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін
құрудың туристік әлеуетті арттыруды , елдің тартымды туристік
имиджін,рекреациялық шаруашылық
аймақтар
қалыптастырудың негізгі жолдарын қамтиды.
Әлемдік туристік ұйымның анықтауы бойынша, мемлекеттер: ең бірінші
туристерді жабдықтаушы мемлекеттер және туристерді қабылдаушы
мемлекеттер болып бөлінеді. Қазақстан бұл бойынша туристерді
жабдықтаушы мемлекеттер қатарына жатады.Әлемдік тәжірибеде туристерді
жабдықтаушы мемлекеттер жоғары дамыған, зор көлемді өнеркәсіптік
потенциалымен сипатталады.Статистикалық деректерге сәйкес 2012 жылы
қызмет көрсетудің ең жоғарғы пайызы ішкі туризм – 73,8%, ал сыртқы
туризм – 1,6% құрады. Егер ТМД елдерімен байланысын қарайтын болсақ,
ТМД елдерінде сыртқы туризм–31,6% құрайды.Егер осы көрсеткішті
2011жылмен салыстырсақ,кіру туризмінің 16,2%дан 1,6%ға қысқарған,
шығу туризмі 2 есе немесе 645,8% дан 24,6%ға қысқарғанын байқай
мамандануы
бар аламыз.Бұл шетелдіктердің Қазақстанға қызығушылығы әлі де болса аз
екенін көрсетеді [6]
Қазақстанның cыртқа шығатын туризмі күшті серпінмен дамыды, нарық
жағдайында жұмыс істеу тәжірибесі жинақталды.Валюта айналымы,көшіқон
және бір жерден екінші жерге қозғалу аясында қолайлы тәртіп
қалыптастырылды.
Бұдан әрі,жоғары деңгейлі білімімен ерекшеленетін жұмыс күшін туризм
саласына тартуға кең жол ашылып отырғанын және оның салыстырмалы түрде
арзан екендігін айта кету керек.
Бүгінгі таңда Қазақстанның туристік ұйымдары әлемнің жетпіс елімен
ынтымақтаса жұмыс істеп отыр.
Статистикалық деректерге сүйенер болсақ, сырттан келуші туристердің
22% біздің елге іскерлік және кәсіби мақсаттармен келгенін көрсетті.Елімізде
демалу мақсатында 12017турист, таныстары мен туыстарының шақыруы
бойынша 10,2%, коммерциялық мақсатпен1,2% турист келген.Жыл сайын
сыртқа шығушылар туризімінің көлемі артуда. Егер 2011жылы туристік
фирмалар шетелге 67360 туристі жіберсе, ал 2013 жылдың қорытындысы
Қазақстан Республикасы азаматтарының саны
бойынша
210692туристерді құрады. Алыс шетел мемлекеттерінің ішінде Түркия
63,1 мың адам (30) , Қытай 48,6 мың адам ( 23,5 ), Біріккен Араб
Әмірліктері 23,8 мың адам,(11,3%) Қазақстан
тұрғындары арасында
барынша танымал болып есептеледі.[7]
Сыртқа шығушылар туризмінде бос уақыт,реакциялық және демалыс
мақсатымен шығу басым болып келеді. Қалғандардың шығу мақсаты
коммерциялықшоп–турлар(29%),іскерлік және кәсіби болып табылады.
Ал, ішкі туризмге келер болсақ , қыран ұшса қанаты талатын, құлан
жортса, тұяғы тозатын қазақтың қасиетті сайын даласының табиғаты
бірде–бір шетелден кем деп айта алмаймыз. Өйткені, Қазақстанның
тарихи–мәдени аймақтарымен қоса, өлкеміздің химиялық құрамы әр алуан
минералды бұлақ көздері, көрікті жерлері сауықтыру орындарын,курорт
санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы.Қазір Республикамызда 120 –
дан аса курорт, санаторий, демалыс үйлері бар.Санаторийлер емдеу
түрлеріне қарай минералды сумен емдейтін, шипалы балшықпен емдейтін,
климатпен емдейтін болып үшке бөлінеді.
Минералды сумен емдейтін санаторийлерге Түрксіб, Сарыағаш,
Алмаарасан , Барлықарасан
емдейтін
санаторийлер:Шортанды,Мойылды,Атырау,Жаңақорған.Қазақстанның
түрлері:
санаторий–курорттарында
бірнеше
мезгіл–
гелиотерапияКүн сәулесімен емдеу,аэротерапияауамен емдеу,
мезгіл таза ауада болу, жаяу туризмге шығу т.б. емдеу түрлерін жатқызуға
болады.
жатады. Шипалы балшықпен
климатпен
кеткен
емдеудің қалаларда
Республикада ішкі туризм Астана мен Алматыда, халық тығыз
орналасқан
қарқынды жүріп жатыр.Соңғы кезде Шығыс
Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары өздеріне туристерді
тарта түсуде.
Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 20102014 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің
туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі –
Қазақстанды Орталық Азиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру болып
табылады.
Әуе көлігі саласында:Сонымен қатар, халықаралық және ішкі туризмнің
дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі жолаушыларды әуе көлігімен
тасымалдау болып табылады. Қазіргі уақытта бес әуе компаниясының («Air
Astana»,«SCAT » 6 «Сибирь», «Тұлпар Авиасервис », «ГТРК Россия »)
халықаралық Мәскеу,Санк – Петербург, Баян Өлгей, Астана, Алматы;
Қарағанды ішкі бағыттары бойынша жүйелі рейстер бар. 2007 жылы Семей,
Зайсан қалаларына, Үржар, Күршім, Катонқарағай ауылдарына ұшатын әуе
рейстері ашылып, пайдаланылып келеді. 2014 жылы әуе көлігінің қызметтерін
131468000 турист пайдаланды,оның ішінде15454адам халықаралық, 51330
адам ішкі әуе желілерімен,15142адам халықаралық,49542 адам ішкі әуе
желілерімен келді.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында халықаралық әуемен
тасымалдауға рұқсат алған әуе айлақтары Өскемен мен Семей қалаларында
орналасқан. Келушілерді тіркеу сапасы мен мерзімдерін қысқарту мақсатында
Өскемен қаласының әуе айлағында қайта жоспарлау жүргізілді, шекаралық
және кедендік бақылаудан өтудің технологиялық сұлбасы өзгертілді,
шекаралық кабиналар ауыстырылды, кедендік «жасыл» дәліз рәсімделді.
Дегенмен, жалпы әуе көлігін пайдалану арқылы іске асатын сапарлардың
санын арттыру үшін жолаушылар тасымалының географиясын кеңейту, баға
және тариф саясатын белгілеу, қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.
Теміржол көлігі саласында:Соңғы жылдары теміржол көлігі билет
құнының қол жетімділігіне байланысты халықтың негізгі жол жүру құралы
болып табылады.Шығыс Қазақстан облысы аумағы бойынша «Өскемен –
Лениногорск », «Өскемен – Зырян », «Защита – Серебрянск» 3 жолаушылар
пойызының бағдары өтеді. Сонымен қатар Мәскеу,Барнаул,Бийск,Новосібір
қалаларында тор ТМД мемлекеттері
қалыптастырған халықаралық
жолаушылар тасымалын жүзеге асырады.Бұдан басқа, теміржол қатынасын
дамыту мақсатында «Өскемен–Шар станциясы» теміржол тармағының
құрылысы аяқталды.2008 жылдың соңынан бастап тасымалды жүзеге асырып
келеді.
Еліміздегі «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының
пойыздарындағы қызмет көрсету деңгейі халықаралық стандарттарға сәйкес
келмейді.Вагон паркінің әбден тозуы және біршама бөлігінің ұзақ уақыт пайдаланылуы, оларды ауыстыру немесе қайта жаңғырту қажеттілігі
жолаушылар тасымалының
өзін өзі ақтамайтындығымен, оларды
субсидиялаудың мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге
асырылатындығымен түсіндіріледі.
Автокөлік саласында: Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 5 желтоқсандағы №1809 қаулысына сәйкес республикалық
маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары тізбесіне ірі туристік
объектілерге
апаратын және туризмді одан әрі дамытуда барынша
қызығушылық тудыратын мынадай жолдар енгізілуіне байланысты соңғы
жылдары туристік мақсатта автокөлік белсенді түрде пайдаланылып жүр:
1. Ташкент–ШымкентТараз–Алматы–Қорғас;
2. Шымкент–Қызылорда–Ақтөбе–Орал–Самара;
3. Алматы–Қарағанды–Астана–Петропавл;
4. Астрахань–Атырау–Ақтау–Түркменстан шекарасы;
5. Омбы – Павлодар – Семей – Майқапшағай;
6. Астана–Қостанай–Челябі–Екатеринбург.
Статистика бойынша 2013 жылы қалааралық автобустардың қызмет
көрсетулеріне 87615(21,1%)турист басқа да құрлықтағы жол құралдарына
53765(12,36 %) турист пайдаланған.
2012жылғы 1қаңтардағы жағдай бойынша республикалық маңыздағы
жалпы пайдаланылымдағы автомобиль жолдары бойындағы бөлінген жолақта
мынадай объектілер жұмыс істейді:925 АМС, 108 – ТҚС,62 қонақ үй, 1124–
тамақтану және сауда орындары, 61–автотұрақ.
Су көлігі саласында:Каспий теңізіндегі Ақтау порты Қазақстанды Ресей,
Түркменстан, Әзірбайжан және Иран порттарымен байланыстырады.
Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясымен және Қытай Халық
Республикасымен
ішкі су жолдары бойынша қатынастар бар.Шығыс
Қазақстандық су жолдары республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
жолаушылар тасымалдауға лицензиясы бар және туристік қызметке
кірістірілген кемелер үшін Өскемен мен Бұқтырма шлюздері арқылы шлюздеу
құнының 25 % мөлшерінде жеңілдетілген тариф белгіленді. Бұл реттеу
Өскемен және Бұқтырма шлюздері арқылы өз мөлшерлі флотты шлюздеу
ұзындығы 10 м. дейінгі кемені – шлюздеу құнының 10% және 10 метрден ұзын
кемені – шлюздеу құнының 20 % мен жеңілдетілген тариф бойынша
белгіленген кестемен жүргізіледі. Статистикалық деректерге сәйкес 2012
жылы аталған кәсіпорын 276 туристке қызмет көрсеткен.
Елдің басқа да су артериялары туристік мақсатта пайдаланылмайды.
Сонымен қатар жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Еуропадан келген
туристердің Каспий теңізі бассейні аумағында үлкен қызығушылығы жағажай
туризмінде және круиз ұйымдастыруда да байқалды. Қорыта келгенде, өлкемізде рекреациялық қорлар жеткілікті екенін,
соның негізінде бұрыннан белгілі сауықтыру аймақтары ғана емес қасиетті
суы, шипалы балшығы бар жерлерді тауып, сол жерлерден сауықтыру
орындарын ашып, ішкі туризмді дамытуға болады.
1.4 Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту.
Ұланбайтақ елімізде әсем табиғатымен, тамаша ландшафтымен, туризм
орталығы болуға сұранып тұрған жерлер өте көп. Қазақстанның қай жерін
алып қарасаңыз да көркіне көз тоймайтын, бірбірінен өткен сұлу
табиғатымен адамды еліктірер жерлер көптеп кездеседі.Соның біріШығыс
Қазақстан облысы.
Бұл өңірді таулы, таулы–орманды, орман–тоғайлы, далалы, шөлді,
шөлейтті
ландшафт алып жатыр.Алтай,СауырТарбағатай таулары
орналасқан.Облыс пайдалы қазбаларға бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс,
күміс, сурьма, мышьяк, темір, висмут,күкірт, молибден, тантал, титан,
никель, көмір кездеседі.Климаты тым континентті. Тау етектері мен
төменгі беткейлерінің климаты ылғалды. Қысы суық, жазық өңірде қар
жамылғысы жұқа, жазы ыстық болып келеді.
Облыста республика көлеміндегі су қоймасының 40%ы шоғырланған.
Кенді Алтай өңірі арқылы ұзындығы 10000 кмден асатын 800 өзен ағып
өтеді.Басты өзеніЕртіс,оның
салалары Қалжыр, Бұқтырма,Уба,
Күршім,Шар,Үлбі. Ең үлкен көлдеріЗайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл.
Облысымыздың 2 млн. га жерін орман алқабы алып жатыр. 2000 м
ден 3000 мге дейінгі аралығын альпі биіктері мен көгалдары алып
жатыр. Облыс республикадағы дәрі–дәрмек жасап шығару өндірісі үшін
емдік қасиеті жоғары өсімдіктерді әзірлеудің бірденбір орны болып
саналады.
Сонымен қоса, әртүрлі жануарлар мен аңдарға бай . Мұнда, түлкі,
бұлғын, құндыз, тиін, саршұнақ, борсық, қасқыр,аю, марал, қоян, арқар
кездеседі.Алтай таулы аймағы, Марқакөл қорығы,Рахман бұлағы, Барлық
Арасан, Батыс Алтай, Тарбағатай таулары, Қалба жоталары өзінің емдік
қасиеті бар,пайдалы суларымен,әдемі табиғатымен, керемет флора мен
фаунасымен әйгілі.
Шығыс Қазақстанда рекреациялық орталықтар: Катонқарағай
ауданында 9 пантымен емдеу орындары жұмыс істейді.«Рахман қайнары»
шипажайы, Үржар ауданында «БарлықАрасан» шипажайы бар.«Алтай
Альпілері», «Айгерім», «Алакөл» демалыс базалары, «Изумрудный» емдеу
сауықтыру кешені бар. «Рахман қайнары» шипажайында родонмен емдеу,
Алакөл, Окуньки көлдерінде балшықпен емдеу сияқты емдеудің түрлерін
ұсынуға болады. Мұнда басқа шет елдерден, әсіресе Германиядан туристер
келіп тұрады. Оларды аңшылық пен бұл жерлердің көркемдігі қызықтырады.
Облыс аумағында статистикалық деректер бойынша 74 туристік фирма тіркелген, 56 қонақ үйі,16 демалыс базасы, 10 санаторийлықсауықтыру
нысандары, 3демалыс үйі жұмыс істейді.Өлке аумағында туризм ісін дамыту
жолында бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Шығыс Қазақстан облысында
туризмді дамытудың 2011–2015жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ҚР туристік қызметі туралы 2001 ж.
13 маусымдағы №211ІІ Заңына » өзгертулер мен толықтырулармен
29.12.2014 ж. «ҚР туристік Заңы» негізінде әзірленген.Бағдарламаның
мақсатытуризм индустриясын ШҚО экономикасының бастапқы саласына
айналдыру үшін жағдай жасау.Бағдарлама төрт жылға есептелген.Туризмді
дамыту
саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі
бағыттарын,
туризм инфрақұрылымын дамытуды туристік әлеуетті
арттырудың, облыстың тартымды имиджін қалыптастырудың негізгі
аспектілерін қамтиды.
Шығыс Қазақстан облысының туризм саласын дамытудың 2011 2015
жылдарға арналған
өңірлік бағдарламасын іске асыру мақсатында
«Катонқарағай бұғы паркі» шаруа қожалағының базасында емдеу
сауықтыру туризмін дамыту мәселелері қаралды.Сонымен қатар облыста
туристік саланы дамыту үшін бірқатар бағдарламалар, шекаралас
мемлекттердің Қазақстан,Ресей, Қытай, Монғолия аумағынан өтетін «Алтай
алтын таулар»трансшекаралық мәселе қаралды. Трансшекаралық бағдардың
мақсатытөрт мемлекеттің мәдениетімен, салт дәстүрімен,тарихымен,
табиғатымен танысу. Өскемен қаласының тұрғындарына арналған демалыс
күн аймақтарын құру жөніндегі пилоттық жоба, ШҚОда туризмді
дамытудың қазіргі жайкүйімен болашағының бағдарламасы әзірленді. [8]
Осы бағдарлама негізінде 2011жылы туристік қызметке жүргізілген
статистикалық зерттеулер қорытындысы бойынша облыс аумағында 39
туристік ұйым және 5 жеке кәсіпкер болды. Сырттан келушілер туризмі
10781 адамды құрады.Сыртқа шыққан туристердің саны 9083 адам болды.
Келушілерді орналастырумен айналысатын облыста 138 мейманхана бар.
2013 жылдың қорытындысы бойынша облыс аумағында 40 туристік фирма
және 7 жеке кәсіпкер туристік қызметпен айналысқан. Сырттан келушілер
туризмі 14814 адамды құраса, сыртқа шыққан туристер 11571 адам болды.
2014 жылдың І жарты жылдығында туристік фирмалардың саны артып, нақты
туристік қызметпен айналысатын 46туристік фирма мен 9 жеке кәсіпкер
айналысты.
1) Географиялық және геосаяси жағдайының ыңғайлы орналасуы–
Өлкемізде туризмді дамытудың қолайлы жақтары:
Ресеймен, Моңғолиямен, Қытаймен шекаралық ынтымақтастығы.
2) Әртүрлі климаттық аймағы,тамаша ландшафты
3) Баға жетпес мәдени–тарихи ескерткіштердің болуы. Қорыта келгенде, Шығыс Қазақстанның осындай рекреациялық қорының бар
екенін, тек жергілікті тұрғындар ғана біледі және дем алуға келеді. Шетелдік
туристердің келуі өте сирек. Оған төмендегі проблемалар
әсер
етеді.Инфраструктуралық практиканың жоқ болуы, туристерді жеткізу
ұзақтығы мен қиыншылығы, әлсіз жарнама.Әйтсе де болашақта өлкемізде
мәдени–танымдық, жағажай, тау–шаңғы және іскерлік туризмді дамытуға
болады.
ІІ. Семей өңірі рекреациялық қорлары негізінде туризмді дамыту.
Климаты тым континентті.Қысы суық, аязды, жазық өңірде қар
Семей өңірі орналасқан жер негізінен алғанда жазық дала деуге
болады.Дегенмен, қаланың жарты бөлігі аса биік емес дөңде орналасқан.
Жазық даланың ауасы да жазық, яғни күні бойғы соғып тұратын самал
жел ауаны үнемі тазартып тұрады.Семей өңірінде пайдалы қазбалардан
алтын, Қалба жотасында қалайы мен вольфрам, Тарбағатай тауында гранит,
кристалды тақтатас, саз балшықтар кездеседі.Бұрын сынақ алаңы болған
Балапан жерінде көмір шыға бастады.
жамылғысы өте жұқа, жазы жылы, ыстық.
Өлкеміздің басты өзені–Ертіс және оның салалары–Шар, Шаған,
Мұқыр.Абай ауданында–Ащысу,Аягөз ауданындағы–Аягөз өзені, Тарбағатай
ауданындағы–Боғас,Қарғыба т.б.Ең үлкен көлі–Алакөл, Сасықкөл.
Жыланды жоталары,Делбегетей тауларының бөктерінде арша өседі.
Сенім бойынша осы аршаның иісі сіңген киім немесе зат қашанда теріс
пиғылды сезімдерден өз иесін сақтап,қорғап жүреді деседі Делбегетейден
алынатын морион минералының–нағыз қорғаныш қасиеті бар. [9] Сонымен қатар өңіріміздің жануарлар дүниесі алуан түрлі. Мысалы: тиін,
түлкі, саршұнақ, суыр, қасқыр, аю, қоян, т.б. мекендейді.
Ертіс өзені суында табан, сазан, аққайраң, тұқы, шортан, т. б. балық
түрлері кездеседі. Ертіс ағысында орналасқан артезиан ұңғымаларынан су
қалаға тартылады. Қаладан 19 шақырым жерде қылқан жапырақты орман
өседі. Осы қылқан жапырақты орман ішінде таза бұлақ суы да
бар.Оның емдік қасиеті ел ішінде тараған. «Әулие Бұлақ» хрестиан
дініндегілердің де, мұсылмандардың да жиі баратын орны. Қақаған
аязда бұл жердегі су қатпай, сырғып ағып жатады. Су үнемі тазарып,
микроэлементттермен толығып тұрады. Осы жерге тек Отандық туристер
ғана емес, Ресейден де қонақтар келіп, суына шомылып, ем қабылдап
кетеді.Сонымен қоса, Шүлбі су қоймасында,оның қарағайлы құмыда
таптырмайтын рекреациялық орындардың бірі болып саналады.
Көріп отырғандарыныздай өлкеміз рекреациялық қорларға да өте бай.
Оларға тарихи ескерткіштер, емдік қасиеті бар пайдалы сулар мен
шипалы балшықтар мысал бола алады. Қорыта келгенде өңірімізде туризмді
дамытудың танымал және перспективасы жоғары негізгі түрлері де бар.
Мысалы өлкемізде экологиялық туризмді (альпинистік, таулы–жаяу,)
турлар, жүзу турлары (рафтинг), атты турлар, балық аулау және
аңшылық,жағажайлар, рекреациялық, ғылыми – танымдық, ауылдық туризмді
дамытуға болады.
2.1 Семей өңірі рекреация туризмін дамыту, проблемасы мен келешегі
Семей Қазақстанның ірі және әдемі,тарихи қалаларының бірі. Ол 1718
жылы І Петрдің жарлығымен құрылған.Дегенмен қаланың нақтылы жасы
оданда көбірек.Себебі оның қазіргі орнында Доржынкент деген көне қала
болған. Доржынкент қазақ–жоңғар қақтығыстры кезінде әлсіреп, жойылып
кеткен.1606 жылдың өзінде Михайл патшаның грамотасында Доржынкент
қаласы айтылады.Семей ХІХ ғасырдың орта тұсында Ресейдің Азия
бөлігіндегі керуен жолдары тоғысқан ірі сауда орталығына айналды.1851
жылы қаланың елтаңбасы бекітіліп,1854жылы Кереку және Өскемен
уездерінің басын біріктірген үлкен орталық облыс болып құрылды.
Бүгінгі күні Семей еліміздің рухани және мәдени орталығы ретінде
белгілі. ХІХ ғасырдың ортасында Қазақстанда тұңғыш рет Семей қаласында
типография мен көпшілік кітапхана ашылып, алғашқы су құбыры жүргізілген.
ХХ ғасырдың барысында бірінші футбол командасы құрылса, одан кейін де
алғаш рет осы қалада футбол мен шахмат элементтерін біріктірген “Нью
футбол”ойыны дүниеге келді. Бұл қасиетті мекен ұлттық цирк пен театрдың
Отаны. Сонымен қатар, мұнда Қазақстандағы алғашқы өлкетану мұражайы
ашылып,оған
тапсырған.
экспонат
ұлы
ақын
Абай Семей дегенде, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы Федор
Достоевский, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әміре Қашаубаев, Галина
Серебрякова, Всеволод Иванов және тағы да басқа ұлы тұлғалардың есімдері
еске түседі. Семей 1917жылы құрылған “Алаш Орда” партиясының
көсемдерінің аттарымен біте қайнасқан саяси орталық. Сол жылдары қаланың
сол жағалауы Алаш партиясының құрметіне Алаш қаласы деп аталған екен.
Қаламызда келген турист таң қаларлық мәденитарихи орындар өте
көп.Достоевскийдің ірі әдебимемориалдық мұражайы,
Невзоровтар
жанұясының өнер мұражайы, тарихи өлкетану мұражайы, Абай атындағы
ұлттық кітапхана,Абай атындағы қорықмұражай, Қазақстандағы алғашқы
полиграфия мұражайы, анатомиялық мұражай, «Өлімнен де күшті» монументі
сияқты мәдени–тынығу оындары бар.Қалада тарихи және архитектуралық
ескерткіштер де көп. Солардаң бірікөне шығыс бедерімен безендірілген екі
мұнаралы мешіт екенін айта кету керек. Біздің атқарған жұмысымыздың
басты мақсатыөлкемізде рекреациялық туризмнің дамуына қолайлы жақсы
жерлерді анықтап табу. Ондай жерлерді біз таптық.Оларға мына жерлер
мысал бола алады.Бесқарағай ауданындағы Шошқалы көлінің шипалы
балшығы,Жарма ауданындағы Қалба тауының етегіндегі емдік қасиетті суы
мен балшығы бар Арасан көлшігі, Жаңғызтөбе станциясындағы Қарамолда
Баянбай ата, Абай ауданындағы Шаған өзенінің оң жағалауында орналасқан
Қоңыр Әулие үңгіріндегі шипалы сулар,дертіне дауа іздеп барып басына
түнейтін Ақсуат өңіріндегі қасиетті Әулие емші Ырғызбай ата, Аягөз
ауданының Баршатас ауылының маңында орналасқан темірлі, сульфатты,
магнийлі, минералды сулардың көзі Әулиеқыз. Бұл судың да өзіндік
емдік қасиеті бар.
Сөзіміз дәлелді болу үшін солардың бір– екеуіне тоқтала кетейік.
Қазақ халқы «қасиетті»,« кие » сөздеріне ерекше мән беріп, сол жерлерге
барып тәуәп етіп отырғаны белгілі.Ондай жер Ақсуат өңіріндегі Ырғызбай
Досқана ұлының басы. Ол кісі ( 1787 – 1850 ж. ) өмір сүрген. Ырғызбай – өзі
молда, өзі тәуіп ,әрі әулие кісі болған.Бала жасынан емдік шөптерге үйір
болып өскен. Дала зертханасында дәрілерін жасап, алдынала өзіне келе
жатқан адамды, жанына батқан ауруы мен оның емін біліп отырған. Ол кісі
аурулардың тамырын ұстап, алақанына, тырнағына, бет – әлпетіне
қарап аурудың түрін ажырата білген.Тарбағатай тауларында өсетін
алтынтамыр, ермен, жалбыз, бірсалар сияқты елу түрлі шөптен дәрілер
жасаған. Келген адамды құлан таза жазылғанша тегін емдепті.
Ауқатты адамдардың алмасына қоймай қалдырып кеткен
дүниелерін жоқжітік, кедей адамдарға үлестіріп береді екен. Қытай
емшілерімен байланыста болып, тәжірибе алмасқан. Аурухана жоқ, ешкім ота жасамайтын заманда ол кісінің ауырған адамдарға емінің шипасы тиген.
Қазақта: «Алладан тіле, әулиеге түне», деген жақсы сөз бар. Міне, сондай
қасиет қонған өңірлердің бірі – Ырғызбай әулиенің басына түнеп, дұға еткен
жандардың тілегі қабыл болғанына талай мысал келтіруге болады. Көне көз
қариялардың айтуынша өзі өсиет етіп қалдырғанындай, Әулие 1920 жылдары
Шыныбай есімді ақсақалдың түсіне кіреді. «Ей, Шыныбай, менің басымда
қозылақ ойнап жүр, зиратымды көтер, саған Алла тағала береді», дейді.
Шыныбайдың сол кезде малын барымталап кетіп, Тапберді бастауында
қиналып жүрген кезі екен. Ол қара сиырының күшімен сүйреткімен тас тасып,
әулиенің жатқан жерінің алғашқы сандықшасын қойыпты. Содан кейін
тұрмысы түзелген Шыныбайдың ұрпақтары бүгін де ауқатты тұрады.
Адамдар әулиенің басына 1903 жылдан бастап келе бастаған.Әулие атаның
тірі кезіндегі мейірімі науқас адамдарға қандай болса, қазірдің өзінде
оның аруағы талай адамдардың ауруынан сауығып кетуіне септігін
тигізгендігі қалың көпшілікке мәлім.[10 ]
Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны шешек ауруынан дәрілік
өсімдіктермен емдеп жазады Осы кезде Әулие аталарымызға шығарылған
өлең жолдарына тоқтала кетейік.
Найманда кім білмейді Ырғызбайды,
Ырғызбай сыйындырмай тұрғызбайды.
Алланың сүйген ұлы Әулие–атам,
Естігем талай аңыз бабам жайлы.
Келген бабам сол даланы мекен ғып,
Бөлмей өткен еш адамды бөтен ғып.
Түрмесі жоқ сахараның ұланы,
Көрмей өскен қаталдық пен өктемдік.
Ауыздықтар «шешек дертін» жалмаған,
Сарыарқада мұндай емші болмаған.
Құнанбайға қайта ғұмыр сыйлаумен,
Абай болып елдігімді жалғаған.
Қасиетті ұлы бабам–ардағым,
Мына жалған болса–дағы қас қағым.
Екінші өмір сен өлген соң басталды,
Түсіндіріп тіршіліктің салмағын.
Өлмеске аяқ басу деген мықтылық,
Қауым сізге бас иеді тік тұрып.
Тұрғандайсың Күмістіде жатып–ақ, Мәңгіліктің не екенін ұқтырып!
Ырғызбай бабаның қасиетін таныған ел жиналып 1990 жылы ол
кісінің басына бұл өңірде бұрын–соңды болып көрмеген күмбез орнатып,
емделуге келгендер үшін қонақ үй салды.Жылдың қай мезгілінде болмасын
Әулие атаның мазары басынан адам үзілмейді.Әулие атаның басында
мұражай ашылған.Әулие ата мазарына келушілер сонда қойылған журналға
қолтаңбаларын қалдырады.Олардың ішінде республикаға белгілі адамдар
да бар.
Сонымен қоса тарихи– мәдени орындар да өте көп.Ұлылар мекені
Жидебай өңірі, алаш арыстарының ізі қалған Семей қаласына жоғарыда
айтқан қасиетті, киелі жерлерде болуға туристерді тартуға толық негіз
бар.Жидебай жері Өскенбайдан Құнанбайға, одан Оспанға, кейіннен Абайға
тиесілі болған көрінеді. Қазір бұл өңір қорықтық мәртебеге ие. Құрамында 16
тарихи–мәдени, мемориалдық ескерткіш орындары бар 6400 гектарлық
қорық–мұражай алқабы облысқада,Абай ауданынада емес,Семей қаласындағы
Абайдың тарихи – мәдени және әдеби – мемориалдық қорық – мұражайына,
сол арқылы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарайды.
Қазақ жерінде құпиясы бар ғажайып қасиетті жерлері көп, солардың
бірі Абай ауданындағы Қоңыр Әулие үңгіріқазақ даласында сирек кездесетін
табиғат ескерткіші.«Қоңыр Әулие»үңгірі бүкіл Орта Азия мен тұтас
Қазақстанға мәлім ғажайып үңгір. Үңгірге жету жолы оңай емес,жырақта
орналасқан, осы себептен үңгірдің пайда болуын,суының емдік қасиетін
ғылыми түрде дәлелдеп зерттеу қажет.
Қоңыр Әулие үңгірі солтүстңкбатыстан оңтүстікшығысқа қарай кең көлемді
жерді алып жатқан Шыңғыс тауында,Абай ауданында Тоқтамыс ауылынан 18
шақырымдай жерде орналасқан. Қоңыр Әулие атауы Нұх пайғамбар
заманынан бері сақталған. Нұх пайғамбар әлемнің, құстардың және аңдардың
құтқарушысы.Аңыз бойынша дүниежүзілік топан су уақытында 3 әулие Нұх
пайғамбардың кемесіне кешігіп келіпті,сол уақытта кемеде орын
болмайды.Осы кезде әулиелер 3 ағашты бірбіріне қосып, Нұх пайғамбардың
кемесіне байлап жүзіп кетеді. Дүниежүзілік ағыспен солтүстіктен оңтүстікке
келе жатады.Бірінші болып үлкен Әулие Құланның ағашы тасқа соғылып
бөлініп кетеді, ол жерді қазіргі уақытта Әулие тау деп атайды. Екінші болып
тасқа ортаншы Әулие Қыранның ағашы соғылып бөлінеді, ол мекен қазіргі
уақытта биік шың Ақбет деп аталады. Топан су төмендеп, таулар мен
қыраттар көріне бастағанда үшінші әулие Қоңырдың ағашы үңгірдің жанына
келіп тоқтайды, осы үңгірді Әулие мекендеген екен. Осы себептен үңгір қасиетті жерге жатады екен. Кейбір деректерде Шаған өзенінде нақты
көрінбейтін ағын бар,ол ағын Меккемен байланыстыратын жасырын жолмен
байланысты делінеді. Көптеген аңыздардың ішінде өзеннің иесі бар деп те
айтылады. Кейіннен барғандардың көзіне үңгірдің алдында немесе ішінде
жарты құлаш сұр жылан кездескен. Ешкімге тиіспей, айбар да шекпей,
жартастың қуысына кіріп кетеді.Бұл осы үңгірді торуылдап жүретін иесі
болуы мүмкін деседі. Ол тек адал, ақ ниетті адамдарға көрінеді екен. Үңгір
суының қасиеті ерекше.
«Қоңыр Әулие » үңгіріне көтерілу үшін 110 метр ұзындықта саты ағаш
жасалған. Үңгірдің аузы тар, жалғыз ғана адам сиятын тар қуыстан өткеннен
кейін ішінің биіктігі2025 метрдей, ені 80100 метрдей болады. Үңгірдің іші
өте қараңғы.Одан әрі үлкен қалтарысты айналып өткенде мөлдір көл
кездеседі. Айнадай жарқыраған мөлдір судың астында не бар екенін ешкім
білмейді.
Көлдің суы қасиетті,шипалы.Дәмі әк тасқа ұқсайды.Су температурасы
78ºС көрсетеді.Көлдің суы не азаймайды,не көбеймейді.Көл түнгі сағат үште
гүрілдеп суы ауысады екен.Ол жердің суы өте суық,адамның қолаяғы бірден
тартылып қалуы мүмкін.Қанша су суық болса да судан шыққан адамның
үстінен бу шығып, мүлдем тоңбайды.Көл суының құрамында көптеген
элементтер кальций карбонаты, магний карбонаты, натрий гидрокарбонаты
және көп мөлшерде натрий , азот қышқылының тұзары кездеседі. [11]
Қоңыр Әулие үңгіріндегі шипалы су науқастанған адамдарға,
сонымен бірге қазіргі қоғамдағы ауыр дерт– ішімдікке салынған адамдарға
да шипасын тигізіп келеді. Кеңес Өкіметі тұсында тиым салынған,
аллаһқа, дінге, емшілікке сенбеу салдарынан мұндай жерлер көп
адамдарға белгісіз болды. Қазір «өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанған
тұста » осындай қасиетті жерлер көпшілік қауымға белгілі болып отыр.
Сонымен қоса келген туристерді ұялмай, мақтанып қарсы алатындай
мәдени–тарихи жерлеріміз де жоқ емес. Ондай жер– Ұлы Абай елі. Абай
ауданына ат басын бұрған қандай мейман болмасын ең алдымен Мұхтар
Әуезовтің әйгілі «Абай жолы » эпопеясын қайта оқығандай болады.Абай
еліне ең алдымен аяқ басқанда Мұхтар Әуезовтің ата– қонысы Бөрілі
қыстауы көрінеді. Бөрілідегі Мұхтардың дүниеге келген, ата анасы
тұрған үй–бүгінде мұражайға айналған.
Ұлы Абайдың Жидебайдағы бұрынғы тұрған қыстауының орнына
салынған мұражай бар.Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойында салынған
қыстаудан төменірек жазықтағы Абай мен Шәкәрімнің алып кесенесі Өлкемізде 40 жыл
асқақтығымен, айрықша архитектуралық әсемдігімен ерекше көзге
түседі. [12]
сынақ алаңы болғаны белгілі, оның халық
денсаулығына тигізген зардабы да белгілі. Қазір Семей өңірі ғана емес,
Қазақстанның басқа аймақтарында да онкологиялық аурулар ұшырасып
жатады. Онкологиялық ауруларға жылқы еті бірден – бір ем екен. Біздің
аймақта жылқы шаруашылығын
дамытып, болашақта жылқы
сүтімен,етімен емдейтін шипажайлар ашуға болады, сөйтіп ішкі және
сыртқы туризмді дамытуға негіз бар.
Жоғарыда атап өткендей, Семей өңірі бай тарихи орындарымен де
келген қонақтарға қызықты болар еді. Көпестер тұрғызған ғимараттар,
татар мешіттері қалаға келген әр адамның есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Өлкемізде орналасқан Барлық–Арасан шипажайымен де мақтана
аламыз. Ол облысымыздың Үржар ауданындағы Жарбұлақ елді мекенінен
шығысқа қарай 16 километр жерде, Арасан өзенінің Барлық тауынан,
Алакөл ойысына шығар тұсынан табылған жер асты су көзі. Барлық
– Арасан бұлағы негізінде 1963 жылы бальнеологиялық емдеу орны жұмыс
істейді.Онда тері,буын, ас қорыту, жүйке аурулары емделеді.
Алакөл көлінің де емдік қасиетітінің маңызы зор. Алматы және
Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл. Ол
1219 ғасырда Гургенор (монғолша көпіркөл), кейін Алактагол,
Алатеңіз, Алакта деп аталған. Батыстан шығысқа дейін созылып
жатыр. Аумағы 2696 шақырым. Ұзындығы 104 км. Суы өте кермек. Оған
15тен астам үлкендікішілі өзендер құяды. Үржар, Қатынсу, Емелқұйса,
Жаманөткел, Ырғайты, Жаманты. Алакөл суында фтор мен бром көп.
Жағалауында демалыс және емдеу мекемелері орналасқан.
Сонымен қоса қаламызда қонақтарды қарсы алатын қонақ үйлер
бар. «Семей» қонақ үй кешенін алатын болсақ ыңғайлы, әрі жайлы
екендігін тек қазақстандық қана емес шетелдік қонақтар да жоғары
бағалап қайтқан.Бұл жерде Ресей, Жапония,Германия, Америкадан келген
қонақтар талай рет демалып қайтқан.
«NomAD»отельі халықаралық деңгейде салынған Семейдегі алғашқы
отель. 2007жылы ғана салынып іске кіріскен. Қонақ үй әлемдік қонақ
үйлер бизнесінің жоғарғы класын игерген.
Сонымен қатар елімізде туризмнің дамуын тежейтін факторлар
өзінің сипаты жағынан алуан түрлі және олар мемлекет, туристік бизнес
өкілдерімен біріге күш жұмсай шешуін талап етеді.
жеткіліксіз түрде көңіл бөлінді.
Соңғы уақытқа дейін туризмнің дамуына мемлекет тарапынан мүлдем төмен,
пен
сапасы
орталық
Қазіргі уақытта ел Президенті де, Өкімет те бұл салаға көп көңіл
бөле бастаған кезде,көптеген мәселелер баспа бетінде жедел талқылана
бастады, көптеген мәселелерді шешудің тәсілдері мен жолдары байқалды,
бірақ тұтастай алғанда, бірқатар мәселелер әлі де қалыс қалуда. Негізгі
тежеуші факторлардың бірі – біздің еліміз жөнінде әлсіз хабардар етілуі.
Дүниеде қызықты жерлер өте көп, сондықтан туристердің ынтасын
біздің елге аудару қарапайым міндеттердің бірі емес.
Туристер мен туристік бизнестің назарын аударатын келесі бір нәрсе–
Семей өңірінде туризмнің дамығанинфрақұрылымының жетіспеушілігін,
көңіл көтерерлік жерлер аз, орташа кластағы қонақ үйлердегі қызмет
көрсетудің
алыс
аудандарға алып жүретін және сенімді байланыс орнататын қызмет жоқ,
сондай–ақ салық тәртібі өте тиімсіз.
Біздің аймақтың экологиялық мәселелері де туризмнің дамуына аса
қолайсыздардың қатарына жатады. Экологиялық мәселелер әлемге жақсы
таныс болғандықтан біздің ел туралы ой қалыптасады.
Біздің елімізде қылмыс саласында қолайсыз жағдайлардың жинақталып
қалғаны, сондай –ақ індеттік орта ( жұқпалы аурулар ) болуы жасырын емес.
Әрине, бұл жағдайлар барлық туристерді үрейлендірмейді, дегенмен,
көпшілігі дем алуға неғұрлым қолайлы жерді таңдайды.
Туризм дамуын тежейтін тағы бір фактор–тұрғындардың тұрмыс
деңгейінің төмендеуі, әлемдік дағдарыс.Елімізді алып қарасақ,көптеген
адамдардың туристік сапаларға шығып демалуға мүмкіндігі жоқ.
Шекараның ашылуына байланысты біздің туристердің үлкен легі
алыс шетелдерге ұмтылды,Отандық туристік фирмалар туристерді шекараның
аржағына апаруға, шоп–турларға жұмыс істейді.Шоп туристер елден сыртқа
қарай көп мөлшерде валюта қорын шығарады. Керісінше,өз өлкемізде
туризмді нақты қолға алып,тамаша табиғатымыздың мүмкіндіктерін дұрыс
пайдалана білсек, олар біздің экономикамызға табысты қызмет етер еді.
Осы проблемаларды болдырмас үшін мынадай ұсыныс жасар едім:
Аталған Ырғызбай ата, Қоңыр Әулие үңгірі кең көлемде зерттеліп,
туристік аймақ ретінде ұсынылса;
Емдікшипалық қасиеті бар деп танылып, туристік, емдік санаторийлер
ашылса;
Жергілікті жердің басшылары , бизнесмендері осы жерлерді туристік
аймақ ретінде танытып, қорғауға үлес қосса;
Туристік аймақ деп танылып, алыс, жақын шет елдермен байланыс
орнатылса; Осы ұсыныстарымыз қолға алынып, үкімет тарапынан қолдау тапса,
болашағы зор, келешегі кемел Қазақстанымыздың туризміне қомақты үлес
қосатынына сенеміз.
Қорытынды
Қорыта келгенде, өлкеде туризм ісін дамыту–экономиканы дамытудың
басты саласы болып табылады.Семей өңіріндегі рекреация туризмінің
проблемалары мен келешегі туралы зерттеу еңбектері жоқтың қасы.Әйтседе, қолда бар азынаулақ деректерге сүйене отырып, тақырыбымызды
мүмкіндігінше ашып көрсетуге тырыстық.Ғылыми жобаны жазу барысында
жетекшілерімізбен бірге қалалық Абай
атындағы әмбебап
кітапханада,өлкетану мұражайында,қалалық мұрағатта, Абайдың қорық
мұражайында, Ұлылар мекені Жидебайға барып, танысып қайттық.
Жинақтаған теориялық біліміміз өз алдына,Ұлылар мекені, қазақтың
үш бірдей данышпан даналары өмірге келген Жидебай өңіріне барған
сапарымыз үлкен әсер етті.Білім көкжиегіміз кеңейді. Шетелге бармай – ақ,
оларға тамсанбайақ өз өлкемізде рекреация туризмін дамытуға
болатынына көзіміз анық жетті.
Өлкемізде рекреациялық туризмнің табысты дамуы, бірінші
кезекте,
өзімізге байланысты.Егер өз өлкемізді, туған жерімізді сүйетін болсақ,
оның тарихын, мәдениетін,дәстүрін білуіміз қажет. Сонымен қатар бос
уақытымызды елімізге саяхатқа шығуға арнау,өз өлкеміздің көз тартатын
жерлері туралы шетелдіктерге қызықты әңгімелеп беру.
Қазақтар қашанда әуесқой, шығармашыл және көшпенді халық. Көпшілік,
қонақжайлылық кішіпейілділік саяхат пен жұмбақ әлемді тануға деген
құштарлық бәрі–бәрі біздің халқымыздың сипатын ашып береді деуге
болмайды, өйткені оның ар жағында бай мәденитарихи, рухани
мұрамызбен қатар, біздің өлкеміздің рекреациялық туризмінің жақсы
дамуына негіз бола алатын өзіндік ерекшелікке толы, ғажайып табиғаты
бар өлкеміз тұр.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Аскаров А. «Родники рождаются в горах», Астана, 2002 г.
2. Анаш Думан «Егемен Қазақстан», №12, 2013 жыл 3. Белгібаев М.Е. // «География және табиғат», А, №1, 2007 ж, 10бет
4. Ердавлетов С.Р. «География туризма Казахстана», Алматы, 1992 г.
5. Есназарова Ұ. «Қазақстанның физикалық географиясы», 2012, 239бет
6. «Егемен Қазақстан» газеті «Табыстың тартымды саласытуризм»,
2011ж,5бет
7. Кемербаев Р. «Құпиясы көп Қоңыр Әулие үңгірі» // Семей таңы, 2011,
№24
8. Котляров Е.А. География отдыха и туризма. Москва, 1978, 201бет.
9. «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы», 1том, 240бет
10.«Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы» 1том, 270бет.
11.«Қазақстан2050» бағдарламасы
12. Қазақстан Республикасы туризмді дамытудың 20102014 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы
13. ҚР.ШҚО. Семей Қазіргі заман тарихы құжаттандыру орталығы. 2206
қор, 1тізбе, 116іс,19б.
14.Қисымова А.// «География, биология, экология орта мектепте» А, №4,
2008
15.Назарбаев Н.Н. «Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы» 2014 ж
16.Саяқов, АбайАқсуат, «Әулие ата», 1998ж.
17.Самаев А. «Семей» , Семей 2004, 2,13 беттер.
18.Тәліпбай М, А.Тілегенова «Қазақстандағы туризм индустриясын дамыту
жолдары», № 5, 2012 ж. 1517беттер.
19.Шілдебаев Ж.Б. // «География, биология, экология орта мектепте», А,
№1, 2008 ж.
20.Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2011–2015
жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
21.http://www.elarna.com/ «Ырғызбай атаның сөнбес жарығы», 23.04.2014
жыл
22. Шаймерденов К. «Тарихи ескерткіштеррухани қазына байлықтары»
Шымкент, 1981 ж.
23.Тарбағатай80 жыл. Анықтамалық. Өскемен: Рекламный Дайджест,
2008.174 бет.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Семей өңірі рекреация туризмінің проблемалары мен келешегі.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.