Семинар в детском саду

  • Семинары
  • doc
  • 22.01.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Я предлагаю сценарий семинара в детском саду по использованию игровых технологий для развития творческих способностей детей дошкольного возраста. Предлагаю разные техники нетрадиционного рисования: рисование капустой, техника "Топиарий", рисование ватной палочкой. Также представлен материал по инновационной ехнологии Степ бай степ в детьском саду.Семинар в детском саду
Иконка файла материала Семинар в детском саду.doc
Семинар­практикум Тақырыбы: «Балабақшада белсенділік орталықтарында ойын технологиясы арқылы баланың шығармашылығын дамыту»  «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз  толық мәндегі ақыл­ой тәрбиесі деген болмайды».  В.А.Сухомлинский.  Мақсаты:  Мектеп   жасына   дейінгі   баланың   шығармашылығын   өнер түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан­жақты жетілдіру;   баланың қиялын, есте сақтауын, шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып   айтуға   дағдыландыру;   баланың   әлеуметтік   және   эмоционалдық дамуына   жағдай   жасап,   әр   баланың   жеке   дара   әртістік,   шығармашылық қасиеттерін   ескере   отырып,   өзін   қоршаған   ортаға,   адамдарға,   құрбыларына, өзіне деген қарым ­ қатынас мәдениетін қалыптастыру. Семинардың барысы:     Шаттық шеңбері.  1. Ергасенова Г.Ж. – педагог­психолог    Белсенділік орталықтарында ойын технологиясы арқылы баланың 2. шығармашылығын дамыту Кошанова А.Д. ­ әдіскер Керимканова Л.Т. – тәрбиеші Мектеп   жасына   дейінгі   балалардың   шығармашылығын  дамытуда «Мақта дөңгелекшелерімен жұмыс»  Бочарова И.В. – тәрбиеші «Сурет   салудың   дәстүрден   тыс   әдістемелері»   Жотабаева   Ж.М.   – 3. дәстүрден тыс әдіс­тәсілдерді қолдану:   тәрбиеші   «Топиарий жасау»  Нысанбаева А.Т. – тәрбиеші «Сиқырлы орамжапырақ»  Шидерова Ж.У. – тәрбиеші  «Музыка әлемінде»  Бейсаканова А.С. – музыка жетекшісі4. Қорытынды. Рефлексия. Кіріспе сөз.                   Ғылымда  шығармашылық   ұғымы  ХІХ­ХХ   ғасырларда  пайда   болып, зерттеліне бастаған. «Шығармашылық ­ тура мағынасында жаңалық ашу дегенді білдіреді».   Ал   С.Ожеговтың   сөздігінде   «Шығармашылық   ­материалдық   және мәдени құндылықтарды жасау» делінді. Жалпы «шығармашылық» деген сөздің мәтініне терең үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен   талпынысынан,   сұранысынан   көрінеді. Шығармашылық   ­   адамның   ойлауының   және   өз   бетінше   әрекетінің   жоғарғы   мен   сабырынан,   жігері формасы. Дегенмен шығармашылық объективті және субъективті болатындығы белгілі. «Шығармашылық проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның   мақсатты   әрекеті»   ­   деп   түсіндіріледі   философиялық   сөздікте.  Шығармашылық   әрекеттің   мәні   мен   оның   жан   қуаттарымен   байланыстылығы ертедегі   Адамның   философтардың   еңбектерінен   бастау   алады. шығармашылықпен   өзін­өзі   дамыту   идеясын   ең   алғашқылардың   бірі   болып ұсынған Гераклит өз оқушыларында шығармашылық тапсырма ретінде өздерін зерттеуді тапсырады. Ал Сократ әр адамның тұлға ретінде жетілуіне ерекше мән бере отырып, «интеллектіні» дамыту, қабілеттерді қалыптастыру оқытушының басты   міндеттерінің   бірі   деп   есептей   отырып,   оқушыларға   дайын   ұсыныстар бермей, «ақиқатқа жетуді» өздеріне тапсырып отырған. Бұл «сократтық әдістің» қазіргі   уақытта   да   құндылығы   жоғары   деп   білеміз. «Өз   рухын   өзіне   қарату» идеясын әрі қарай белсенді түрде дамытқан ойшылдардың бірі – Платон. Оның философиялық   идеяларындағы   педагогикалық   ойдың   түйіні   –   адам   өзі белгілеген биіктіктерге жетуі үшін алдымен өзінің шығармашылық идеяларымен үйлесімділік табуы қажет екендігі жайлы пікірі.Шығармашылық ­ барлық еңбек түрінде әрекетке бойлай отырып, оның жоғары   сапалы   болуын   қамтамасыз   етеді.   Басқаша   айтсақ   шығармашылық барлық   әрекеттің   сапалық   белгісі.   Баланың   шығармашылық   қабілеті шығармашылық   әрекеті   нәтижесінде   ғана   дамитындығы   мәлім.   Осыған   орай шығармашылық сияқты көп қырлы, күрделі мәселенің құрылымы қандай, қандай мазмұннан   түзіледі,   қалай   өрбиді   деген   мәселелердің   басын   ашу   қажеттілігі туындайды.   Ендеше   бұл   феноменнің   практикалық­әрекеттік   құрылымына тоқталуға тиіспіз.             Ғылымда шығармашылықтың төмендегідей түрлері анықталған:  1) материалдық­техникалық;  2) рухани­теориялық;  3) әлеуметтік­ұйымдастырушылық;  4) педагогикалық;  5)көркем­шығармашылық т.б.             Осы түрлеріне қарай олардың ішкі құрылымының айырым – өзгешеліктері   Біздің   қарастырып   отырғанымыз   педагогикалық болуы   заңдылық. шығармашылық. Шығармашылық   –   адамға   тән   әрекет   болғандықтан,   осы мәселені   зерттеген   ғалымдар   шығармашылық   әрекетке   тән   белгілерді   мына төмендегідей топтастырады:   шығармашылық тапсырма мен проблемалық мәселе арасындағы қарама­ қайшылықтың болуы;   әрекеттің   әлеуметтік   және   жеке   адам   үшін   мәнділігі,   прогерссивтілігі;  шығармашылық үшін объективті алғышарттардың болуы;   шығармашылық   үшін   субъективті   алғышарттардың   болуы   (тұлғаның жекелік қасиеттері, білімі, білігі, тұрақты мотиві, қабілеттері);   үрдістің және нәтиженің жаңалығы, сонылығы.           Бұл белгілер тұтас кіріккен жағдайда байқалады. Аталған белгілердің бірін саналы   түрде   алып   тастайтын   болсақ,   шығармашылық   әрекет   орындалмайдышығармашылық   деп   атауға   болмайды.  немесе   ондай   әрекетті Сонымен   шығармашылық   мәселесі   көнеден   келе   жатқан,   әр   заманда   әрқалай түсіндірілген философиялық мәселе болып табылады. Шығармашылық қабілет индивидтің белгілі бір мәселені жаңаша шешуге мүмкіндік беретін мәнді сапасы. Ол тұлғаның өмір сүру барысында байқалады және әрі қарай дамуға қабілетті деген   тұжырым   жасалады. Шығармашылық   жолы   ­   ол   үміттер   мен   күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы. Осы жолдан өзіне сабақ ала білу, жетер биігін белгілей білу,өзінің жетістіктері мен кемшілік тұстарын талдай алу – баланың шығармашылығын   дамытуға   стратегиялық   бағыттар   болып   табылады. Әр индивидтің бойында болатын шығармашылықтың бастауларының болатындығын жайлы   мәселе   психологиялық   және   педагогиклық   еңбектерде   кең қарастырылған. Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі сипаттамалар береді. Мысалы: И.Я.Бернер: «Шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, обьектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді».  А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке,   қырағылыққа   балайды,   идеяларды   іске   асыру,   болжай   білу қабілеттерін атайды. Бүгінгі мектепке дейінгі кезеңде (тәрбиеде) өкінішке орай, баланың   шығармашылығы   төмен.   Балабақшада   балалар   үнемі   бір   типтес   күн тәртібін   орындаумен   айналысады.   Мұндай   жаттығулар,   бір   ғана   шешім   іздеу баланы өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Сонымен бірге шығармашылық қабілетінің дамуына да кедергі келтіреді.                Қазіргі   кезде   шығарамашылық   қоғамның   өрлеуі   мен   тоқырауының индикаторы   болып   саналады.   Бұл   мәселені   зерттеуде   де   өрлеулер   мен құлдыраулар   болғаны   белгілі.   Өйткені   шығармашыл   адам   догмалар   мен стереотиптерден арылған, өзгеше ойлаудың, кез келген мәселені өзінше шешудің сипаты   болғанымен,   ондай   адамның   қалыптасу   барысында   жұртшылық тарапынан   әр   қалай   көзқарастардың   болғаны,   әлі   де   орын   алып   отырғаны жасырын құбылыс емес.Даму жолындағы қоғамда ең алдымен білім дамуға тиіс. Ал мектеп жасына   дейінгі   кезеңдегі   білімнің   алғашқы   нәрін   татудың   бірден   бір   жолы­ ойын. Ойын   педагогқа   балалар   ұжымын   қалыптастырып,   үндемейтін   тұйық балаларды белсендіруде үлкен көмек береді. Шынында да, бала үшін ойын­ өмір сүрудің   белсенді   формасы,   сол   арқылы   ересектерге   еліктейді,   олардың   іс­ әрекеттерін,   қарым­   қатынастарын   үйренеді,   еңбектің   мәнін   түсініп, адамгершілік   нормаларын   игереді.   Зейін,   ес,   қиял   сияқты   психологиялық процестер қалыптасып, сөйлеу тілі, сөздік қоры дамиды.                     Ойынның   міндеті   баланың   қызығушылығын   туғызып,   белсенділігін арттыратындай   іріктеліп   алынған   нақты   мазмұнымен   анықталады.   Педагог ойындардың   сабақ   кезінде   қолдануға   ыңғайлы,   ықшам,   өткізілуі   жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар шәкірттердің   тілдік   қорына   сай   болуы   керек.  сана­сезіміне, Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін педагог алдын ала жоспар құрып алуы   сөз   байлығына, қажет.                     Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:  ­Ойынның   өтілетін   ҰОІӘ   тақырыбы   мен   мазмұны   сәйкес   келуі;    белгіленуі;  ­Ойынға ­Ойынның   ойналу   түрінің   топ   болып   ойнау,   кішірек   топ   болып   ойнау   т.   б. уақыттың бөлінетін     нақты   нақтылануы қажет;  ­Ойынға   қажетті   материалдардың   түгел   дайындалып   қойылуы;  ­Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал­мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;  ­Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.             Қазіргі Қазақстан мектепке дейінгі тәрбиесінде жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке­дара күшінің дамуын қамтамасыз   ететін   жаңа   технологияларды   іздестіру   және   оларды   қолдануға бағытталған.Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін   іздестіруге   құрылады.   Ойынның   ұйымдастырылу   түрлері:   іскерлік ойындар, рөлдік  және  оқиғалық  ойындар,  саяхаттық  және  білімдік  ойындар.  Қорыта келгенде, ойын – балалардың негізгі іс­әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға   байланысты.   Бала   ойынсыз   өсіп   өркендей   алмайды.   Бұл   –   өмірдің заңдылығы. Еліміз жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда Үкіметіміз білім   беру   мекемелеріне   Тәуелсіз   мемлекетімізді   өркениетті   елдер   қатарына жеткізетін ұл­қыз тәрбиелеуді талап етуде. Қоғамда,   айналамыздағы   ортада   болып   жатқан   қарқынды   өзгерістер шығармашылық   қабілеті   бар,   қажетті   жағдайда   соны   әрі   айрықша   шешім қабылдайтын   жеке   тұлғаның   алдына   үлкен   талаптар   қояды.   Балалардың шығармашылық   қабілеттерін   дамыту   және   оны   тәрбиелеу   –   бүгінгі   таңдағы көкейтесті   мәселелердің   бірі.   Шығармашылық   –   бүкіл   тіршілік   көзі.   Адам баласының   сөйлей   бастаған   кезінен   бастап,   бүгінгі   күнге   дейін   жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке   адамның   шығармашылығы   арқылы   келдік.   Әр   жаңа   ұрпақ   өзіне   дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс­әрекетінде сол жетістіктерді   жаңа   жағдайға   бейімдей,   жетілдіре   отырып,   барлық   салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Баланың   шығармашылығын   дамытатын   тәрбиеші   өзі   шығармашылықпен жұмыс жасауы керек. Баланың   шығармашылық   қабілетін   дамыту   мақсатында   өткізілетін ұйымдастырылған   оқу­іс   әрекеті   барысында   жаңа   технология   элементтерін пайдалану   тиімді.   Бұл   орайды   баланы   жалықтырып   алмаудың   жолдарын қарастырып, төмендегі тәсілдерді тиімді қолдану қажет:  Бала қабілетін ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу.  Білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру. Жылы сөздер арқылы «сенің қолыңнан келеді», «сенің болашағың зор»­ деп, үнемі балаға шабыт беріп отыру. Әр тәрбиешінің алдындағы сәулелі мұрат шәкіртіне білім, тәрбие беріп қана   қоймай,   әр   баланың   «менің»   ашу.   Сол   «менді»   шығармашылық   тұлғаға айналдыру. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам. Сәбиді   жоғары   деңгейдегі   білім   мен   адамгершілікке   баулитын   тәрбиешінің бойында   барлық   асыл   қасиеттердің   табылуы   тиіс.   Өйткені,   тәрбиеші   бала болмысын,   жүзін   көріп   түзелер   айна   іспетті.   Бала   қабілетінің   ашылуы   үшін тәрбиеші   жаңашыл,   білімді,   іскер,   қабілетті,   жауапкершілік   сезімді,   жаңа технологияны толық менгерген, өз ісінің шебері болуы керек. Бала қабілетінің ашылуы үшін: 1. Тәрбиеші білімін ұдайы жетілдіріп, кәсібі шеберлігін шыңдауы тиіс. 2. Бала білімі мен қабілетіне сеніммен қарау керек. 3. Баланы ақпарат, жаңалықпен қамтамасыз етіп отыру қажет. 4. Ата­анамен тығыз байланыс орнағаны жөн. 5. Баланы өмірге бейімдеуде дәл, дұрыс бағыт беріп, жеке ерекшелігіне көңіл бөлінуі керек.     Оқу мен тәрбиенің егіз екенін бір сәтте естен шығармаған жөн, соның нәтижесінде ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Әл–Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың   қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» ­ деген.    Баланың ойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау, оған әсер ететін себептері іздестіру балалар психологиясының маңызды міндеті. Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері: бақылау және экспиримент. Бала   шығармашылық   қабілеттері   арқылы   өсіп,   көптеген   ойындарға таратылады (сюжетті–рөлдік, драматизация ойындары, сахналау, көріністер). Реттік жұмыстары:1. Шығармашылық қабылеттерін дамыту кезінде тағы да басқа тәсілдер және тәсілден тыс әрекеттерді қолдану. 2. Коммуникативтік әсерді жою. 3. Меңгерілген шығармашылық қабылеттерін қолдану және іске асыру. Музыкалық, яғни, сазды–сахналық өнерге кіші тобынан даярлық тобына дейінгі   балдырғандарды   қамту.   Мұның   барлығы   балалардың   шығармашылық қабілет   ­   дарынын   дамытып,   оны   қоршаған   ортаның   ерекшеліктеріне   орай бейімдеп,   сонымен   тығыз   байланыстыра   отырып   ұғындырып,   олардың   өмірді түсінуіне жағдай жасап, қиял армандарын жетілдіруге тырысу. Осы жұмыстарды педагогикалық талаптарға сай ешбір күштеп, зорлаусыз­ақ, өздерінің әдеттегі ойындарын қызықты да әсерлі етіп ұйымдастырған шақта балалар одан сайын ынталанып,   оның   жемісі   де   айтарлықтай   болады.   Жалпы   театрландырылған   айқын ойындарда   балалардың   шығармашылық   қабілет­мүмкіндіктері аңғарылады.   Бұған   пайдаланылатын   шығарманың   сюжеті   мен   ойындық қимылдары оның мазмұны бойынша анықталады, ал рөлдерді орындау тәсілдері мимика,   интонация,   дене   қимылдары   арқылы   жасалып,   іске   асырылады.   Бұл ойындарда балаларға шығармашылық жағдайлар жасауға, өздеріне тапсырылған рөлдерді   толық   игеріп,   кірісіп   кетулеріне   көп   көңіл   аудару.   Олардың   тиісті бейнелерді дұрыс жасаулары үшін іс­әрекет, қимылдарын көрсетіп, жетілдіруіне көмектесіп, кейіпкерлердің сөздерін, көңіл­күй, сезімін, мінез­қалпының қандай болуы   керектігін   түсіндіріп,   ұғындырып   отыру.   Сөйтіп,   ойын   барысында олардың тартымды бейнелер жасай білуіне қол жеткізу. Оған тәрбиешілер жан тәндерімен кірісіп, көп еңбек сіңіру керек. Тәрбиешілер   балалардың   өздеріне   тән   жеке   қасиеттерін   анықтай   түсу мақсатымен   жылдың   басында   және   аяғында   театрландырылған   жұмыстар арқылы   «Құпия»   сынақ   (эксперименталдық)   ойындар   өткізіп   отыруы.   Бұл ойындардың өн бойында музыканың тигізер әсері мол. Бұл ойындарда қабілеті бар деген балалар өздерін еркін ұстайтын, ал ұялшақ, ұяң балаларға жәй рөлдер беріледі. Бұдан кейін өздерін тиісті рөлдерде ойнай алатын қабілетті балалардытеатрландырылған   жұмысқа   кіргізіп   отыру.   Осындай   5­6   баламен   жекелей  жұмыс   жүргізу.   Оларға   қуыршақты   қалай   ұстау   керектігін,   мимика,   дауыс ырғақтарын   үйрету.   Театрландырылған   ойындардың   мазмұнына   ерекше   мән беру.   Бұл   ­   негізінен   адамгершілік,   достық,   кішіпейілдік,   ерлік,   батылдық,   әділдік,   шыншылдық   қасиеттерді   уағыздаудан   тұрады.   Әдетте адалдық, балалардың  өздері жақсы көретін кейіпкерлеріне еліктеп өсетіні белгілі. Осыған қарап, шапшаң, ширақ балаларға жуас, қарапайым рөлдер, ал мінездері салмақты байыпты балаларға жағымсыз ролдер тапсырылады. Бұл арқылы біз балалардың шындық өмірге тереңірек үңіліп, ненің жаман, ненің жақсы екенін айқындырақ ұғынып, жаманнан жиіркеніп, жақсыдан үйренуге, өз қылықтарын дұрыс бағалап, жақсы   кейіпкерлерге   еліктеуге   үйрету.   Театрландырылған   ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек. Осыны ескере отырып,   әрбір топта театр бұрыштары жасалады. Бибабо саусақтары, үстелдік және саусақты­қолғап, тағы да басқа түрлері қолданылып отырады. Екінші кіші тобының балалары сахналық өнердің қарапайым көріністерін ғана   бейнелеуге,   өлеңдердің   мағынасын   қимылмен   көрсетуге   үйретіледі. Алғашында   балалар   жануарларға   еліктеп,   олардың   сыртқы   кейпін   салып келтірді, бірақ жануарлардың мінез­құлқын ашуға қиынсынды. Мысалы: «Тауық пен балапандар», «Қоян мен көжектер», «Аю мен қонжық», «Түлкі мен қасқыр» деп   аталатын   ойындарда   балаларға   кішкентай   көңілді   құстардың   қанаттарын қалай   қағатынын,   олардың   балапандап   жүретінін   көрсету.   Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті мен күнделікті өмірде балалар тұрмысынан көріністер ойналады.  Мысалы:   қуыршақ   алып,   осы   ойыншық   туралы   кішкентай   сюжет   ойлап құрастыру және соны ойлап беру жаттығулары жүргізіледі. Қозғалыс әдеттерін жетілдіру жұмысында мына әдістерді қолданамыз: Қимылды көрсету. 1. 2. Жеке баламен немесе топпен жаттығу жасау.Сөздік   суреттеме   бере   отырып,   балаларды   рөлдерін   толық   орындауға үйрету, өздерінің рөлдерін қызықты ойнаған балаларды көтермелеп, мадақтап отыру. Естиярлар мен ересектер тобының балалары сахналық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы артты. Қандай да сахналық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргіздік: Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде 1. ертегідегі   кейіпкерлердің   мінез­құлқына,   дауысының   ырғағына,   қимылдарына назар аударылды. 2.  Әр   кейіпкерлердің   киіміне   көңіл   бөлінді.   Қуыршақ   театрында қуыршақтардың   киімі   өзгертіліп   отырады.   Мысалы:   орыс   ертегілерінде   түлкі басына орамал тартады, қазақ ертеглеірінде түлкіге жейде кигізіледі. 3. Сұрақ­жауап арқылы кейіпкерлердің қимылын, іс­әрекетін байқап, бағалап отырамыз. 4. Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалаймыз.  Балалардың   тілін   жаттықтыру   үшін,   қазақ   халқының   асыл   сөздерімен сусындата   отырып,   әрбір   сахналық   қойылымның   алдында   қазақ   әндерін,   мақал­мәтерлдерді, қазақтын   ауыз   әдебиетіндегі жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән­   отірік   өлеңдерді, күйлер   мен   билерді   кіріктіріп   отырдық.   Мысалы,   «Үйшік»   ертегісінде   әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе күт» деген мақалмен бастадық. Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалалрыкейіпкерлердің міңезін, жүріс­тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығып, қажетті элементтерін меңгеріп алуға тырысты. Ол үшін балалармен   жоғарыда   айтылып   кеткен   арнаулы   жаттығулар   жүргізілді.   Одан басқа «Сәлеметсіз бе?» және т.б. дағдылы сөздерді әртүрлі дауыс ырғағына сап айтып   үйренуге   жаттықтырдық.  Сахналық   өнерге   баулыған  балалар   жаттаған сөзінің   мағынасына   сәйкес,   күйінікті­сүйінікті   сезімдеріне   сәйкес   тебірене мәнерлеп   айта   білуге   үйренеді.   Сосын   нәтижесінде   олардың   шығармашылық қабілеттері оянады. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту оқу іс­әрекеттерінбайланыстырып өткізгенде, әр оқу іс­әрекеттін соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен   байланысты   қойылымдармен   аяқталып   отырды.   Сонымен   қатар, балалардың сөздік қоры толықтырады, сөйтіп олардың белсенділігі арттырады, оқу іс­әрекеттері мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болады. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, оқу іс­әрекеттерде ынталана, құштарланып қатысып   отырады.   Осы   жұмыстарды   өткізген   кезенде   әрбір   ұлттық   халық ертегілерінен көріністер қойылады.     Балалар   өз   беттерімен   ойнаған   дербес   іс­әрекетінде   де   театр ойындарының   түрлерін   жиірек   қолданатын   болды.   Драмалық   жанрға бейімделген   ойындар   өздігінен   туындап   тәрбие   жұмыстарының   барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін­еркін жүріп, өздеріне оқу іс­ әрекетінде уақытында керкті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.     Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен   қатар   қуыршақтар,   декорациялар   даындағанда   да   көрінді. Қуыршақтардың түр­түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезендегі ұжымдық жұмысатр   балалардың   үйымшылдығы   мен   белсендігін   арттырды.   Ата   – аналармен   жұмыс   жүргізілді.   Балалардың   өз   үйлерінде   ата­аналармен,   туыс туғандармен   арсында   болатын   қарым   –қатынастары   туралы   ата­аналармен әңгіме, кеңестер өткізіп, арнайы анкета бойынша жұмыс жүргіздік. Бұл арқылы балалардың өзімізге белгісіз, бейтаныс қасиеттерінен хабарлар болдық.      Педагогикалық   ұжымның   талмай   ізденуі,   аянбай   еткен   еңбегінің   бір өтеуі   болғандай   балалармен   өткізген   шығармашылық   жұмыстары   қазір   көзге көрінбесе де, түбінде кім біледі, бәлкім жылдар жылжып өткеннен кейін, үлкен өмір төрінде төбе көрсетіп қалар, елеміздің өнерлі азаматтарының бірі болады деп сенеміз, өйткені балабақша шығармашылық негізі салынған.              «Портреттер» ойыны.«Сіз өзіңізді белгілі суретшімін деп ойлаңыз және сізді танымалы көрмеге шақырып   және   аздап   өз   автопортретіңізді   таныстыруды   өтінді.   Сізде   дайын жұмыс жоқ және сондықтан сіздің өз автопортретіңізді салуыңыз керек. Есіңізде болсын, шығармашылық – бұл өте интимдік процесс, сондықтан басқалармен кеңеспей өз бетіңізше жұмыс істеңіз. Және де – сіз өз жұмысыңызға қолтаңба қалдырмаңыз». Жұмыс біткен кезде, барлығы шеңбер бойымен отырады. «Енді сіздердің бәріңіз белгілі өнер танушысыздар. Көрменің ашылуына тіпті   аздаған   уақыт   қалды   және   жұмыстардың   арасында   қолтаңба қалдырылмаған   жұмыс   болып   шықты,   сіздердің   міндеттеріңіз,   авторын   сурет салу мәнеріне қарап анықтау.  Мен сіздерге автопортреттерді таратып беремін және сіз өзіңізге тиесілі болған сол автопортретке қолтаңба қалдыруыңыз керек. Мен авторпортреттерді тарату барысында, сізге өзіңіздің жұмысыңызды бермеуге тырысамын. Алайда, мұндай жағдай орын алса, мен оны ауыстырамын».