«Серуеннің бала өміріндегі маңызы»

  • Документация
  • pptx
  • 19.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

слайд о пользе прогулки детей
Иконка файла материала Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx

«Серуеннің бала өміріндегі маңызы»

Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Ал табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.

Серуен – әр күн тәртібіндегі орны ерекше шара. Табиғат бала санасында терең із қалдыра отырып, оның сезімінің көп түрлі, ашық болуын қамтамасыз етеді. Бала табиғат дыбыстарын тыңдай отырып, өзін жаңалық ашқыш жан ретінде тануына көмегін тигізеді. Ол шегірткенің, торғайдың шырылын естіп, қардың ұсақ ұлпалардан, таңғажайып суреттен тұратындығын өзі ғана бірінші сезгендей, ал бұлбұл құс тек өзіне ән салып тұрғандай қабылдайды. Табиғатпен таныса жүріп, бала байқампаз, сақ, аңғарымпаз болуға үйренеді. Сәбимен жануарлар мен өсімдіктер туралы, машиналар мен адамдар туралы, ауа–райы құбылыстары туралы сөйлесе жүру керек.

Серуен күн тәртібінің бір бөлігі болып табылады. Ол негізгі бес бөлімнен тұрады:

Бес бөлім бірін–бірі толықтырады. Серуен арқылы балаға айнала қоршаған орта туралы толық мағлұмат беруге болады. Бала ауа райын, табиғатты, күнді, желді, топырақты, ағаштар мен жануарларды, құстарды бақылай отырып білімін жетілдіреді, өзі үшін жаңалық ашады. Серуен дайындықсыз өткізілмеуі тиіс. Олар танымдық мақсатқа құрылып, қызықты өткізілуі керек. Тәрбиеші жоспарлау барысында ақпараттық материалды кеңінен қолданғаны жөн.

Олар төмендегі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс:

Серуенді ұйымдастыруда төмендегі жағдайларға көңіл аудару керек.

Серуенді өткізу деңгейін көтеруде:

Табиғатпен байланыс, ойластырылған байқауларды, серуендерді, әңгімелерді ұйымдастыру – экологиялық тәрбиені дұрыс жолға қою мен қажетті нәтижені алудың кілті. Сондықтан тәрбиешілердің балалармен жүргізетін негізгі жұмыстары табиғат аясында өтеді; бақшалар ауласында, қысқы бақтарға, саябақтарға саяхаттар жасайды. Күнделікті өмірдегі тәжірибеде балалармен мына жұмыстың түрлерін кеңінен қолданамыз: күнтізбе бойынша табиғатты байқау, тірі табиғат бұрышына кезекшілікті ұйымдастыру, театрланған көріністі көрсету, тақырыптар бойынша альбомдар құрастыру. Біздің жұмысымызда балалардың шығармашылығына көп көңіл бөлінеді. Балалар бойында өсімдіктердің, жануарлардың көп түрлілігі туралы, сонымен қатар табиғат маусымдары, өзгерістерді рет–ретімен ауысып келіп отыратынын айтып, ұғындырылады. Жыл мезгілдерінің бір–бірінен айырмашылығы барын көріп білуге үйрету. Жан–жануарлар туралы көз– қарастарын қалыптастыру: танып білуге үйрету, дене мүшелерін, түр–түсін, қозғалысын, дыбыстауын, немен қоректенетінін, келтіретін пайдасын айтып түсіндіру.

Еңбек дағдысын қалыптастыру, еңбектің мәнін түсіндіру, еңбектің нәтижесі туралы талдаулар жасау, өз беттерінше бөлме ішін тазалау және табиғат бұрышының жәндіктерін күтуге үйрету . Табиғат және жан– жануарлар туралы әңгімелер оқу. Баланың тілін ұстартып, ақыл– ойын, адамгершілігін қалыптастыруға мүмкіншілік туады. Сонымен бірге тіл дамыту, еңбек, бейнелеу өнері пәндер аясында да тақырыптарға сай ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балаларға экологиялық тәрбие беруге болады. Қорыта келгенде, мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы зор. Өйткені, табиғаттың таңғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән–мағынасын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан–жақты тәрбиелеу– нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытудың басты құралы.

Посмотрите также