"Ш.А.Амонашвилидің еңбектері-баланы дамытудыі кілті"
Оценка 4.8

"Ш.А.Амонашвилидің еңбектері-баланы дамытудыі кілті"

Оценка 4.8
docx
24.02.2020
"Ш.А.Амонашвилидің еңбектері-баланы дамытудыі кілті"
Тәрбие сағатының тақырыбы.docx

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Күлкім менің қайдасың?»

Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге , адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды  адамгершілікке , имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушыларға жақсы көңіл –күй, күлкі сыйлау.

Сабақтың көрнекілігі:    Доп, түрлі-түсті  жүрекшелер, стикер, ұлағатты сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІШеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынамын. Балалар, бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі , жылы  сөздермен, жылы жүрегімізбен, күлімдеген көзімізбен, жымиған езуімізбен  жеткізейік.

-Сен нағыз доссың, ең әдемі қызсың, мейірімдісің өте ұқыптысың, еңбекқорсың және т.б.

-Жарайсыңдар балалар! Әрбіреуің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

 ІІІ. Тыныштық сәті (баяу музыка  Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»)

    Көзімізді жұмып, біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар иісті. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Мейірімділік, сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып, жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді.

Қайтатын уақыт та келді. Осы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.

ІҮ. Оқушылардың назарын  мейірімділік туралы әңгіме тыңдауға аударамын.  

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?-деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен кейін түсінесің»,  деді анасы. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»,-деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»,-деді де, әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан балапанды кездестіреді, ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан, балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»,-деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ,  дейді балапан,

-Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». «Маған айтшы»,-деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер дейді. Балапан шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің. Мейірім деген осы». «Қандай оңай?»-деп таң қалды балапан.

Мәтін бойынша оқушылардың өзіндік пікірлерін білу мақсатында сыныпқа төмендегідей сұрақтар қоямын.

а)Мейірімділік деген не?

ә)Неге мейірімді болу керек?

б)Қалай мейірімді болуға болады?

Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу. Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді. Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады, айқындалады. Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға, өзіңе қамқорлық жасау.

-         Ендеше, осы мейірімділік, ізгілік туралы өте көп еңбек жазған, ІЗГІЛІК ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ  негізін қалаған Шалва Амонашвилимен танысамыз.

 Шалва Александрович Амонашвили – 1931 жылы 8 наурызда Тбилиси қаласында дүниеге келген. Амонашвили психология ғылымдарының докторы, профессор; Ресей білім беру Академиясының академигі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Украина педагогика ғылым академиясының шетелдік мүшесі; сәуегей Климент Охридский (Болгария) атындағы София университетінің құрметті докторы; Мәскеу Мемлекеттік педагогикалық Университетінің еңбегі сіңген профессоры, әр түрлі мемлекеттердің бірнеше университеттерінің құрметті профессоры. Шалва Александрович Амонашвили – ынтымақтастық педагогикасын насихаттаушы жаңашыл педагогтардың бірі. Ш.А.Амонашвилидің «Күлкім менің сен қайдасың?» еңбегі бар. Басқа бөлігі өте қызықты, өйткені мұнда «күлкі» туралы айтылады. Ол күлкінің неше түрін сипаттап береді. Автор күлкіге өте үлкен сезімталдықпен қарайды. Ол күлкі туралы былай дейді: «Күлкі үлкен ғажайып күшке ие», «Күлкі ерекше бір дастан», «Күлкі – рухтың қанаты».

Осы шығарманың толық бір азат жолына тоқталып кеткім келеді. Өйткені мен бұл ой-пікірмен толық келісемін.«Өмірдегі барлық сәттер бақыт пен күлкіден тұрады.Әлем шексіздік пен мәңгілікпен күледі,аспан жарқыраған жұлдыздарымен,түсті кемпірқосағымен күледі,күн нұр шашқан жарығымен, сәулелерімен күледі,жер ұлы өмірмен күледі, өмір өрлеумен, мақұлдаумен күледі,жазық дала құлпырған гүлдермен,хош иіспен күледі, адам сеніммен, жасампаздықпен күледі, сәби осы шақпен, болашақпен күледі, кім күледі сол өмір сүреді, күлмесе, кеуіп қалады. Өмірді ұстап тұрған мектеп те күлу керек.

Мектептің күлкісі - ұстаз. Ұстаздың күлкісі-жүрегі»,-деп көрсетті Ш.А.Амонашвили. Жүpeктeн шыққaн күлкi өмipдi өзгеpтiп, оны көpiктi eтe түсeдi. Күлкiнi өміp нәpлeндipмeйдi, өмipдi күлкi нәpлендipеді.

 Ү.«Құпиялы қасиет» ойыны. (Барлық балалар шеңбер жасап отырады да, Бір оқушы көзін жұмады. Жүргізуші отырғандардың ішінен бір оқушыны таңдайды. Басқа оқушылар сол оқушыға мінездеме береді, ал көзін жұмған оқушы кім екенін табады.

ҮІ « Мейірімділік  нұры» жаттығуы.

Қазір  мен тақтаға  мейірімділік  шапағын ілемін. Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы  стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.

Топтық тапсырма:

Әр топқа күлкі туралы тапсырма беріледі, мақсаты, келесі топты шынайы күлкіге қандыру керек.

Қорытындылау.

« Жүректен жүрекке» жаттығуы.

Алдарыңда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Әр жүректің артында адамның бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар.

Қызыл-адамгершілік.

Сары- адалдық.

Қызғылт- мейірімділік.

Көгілдір- сүйіспеншілік.

Жасыл- әдептілік.

Көк- ізеттілік.

Ақ-қайырымдылық.

Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін.

Жақсылықпен- кәрі-жастың күйін біл,

Сөз, ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.

Есендікте ізгілік ет, тарылма,

Қазына үлес ,жарылқа Һәм жаңылма- деген  Ж. Баласағұнидің             сөзімен сабағымды  қорытындылаймын. Бүгінгі сабаққа бәріңе көп рахмет, жақсы қатыстыңдарың үшін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«№3 жалпы орта білім  беретін мектеп-кешені» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:  «Күлкім менің қайдасың?»

4 «А» сыныбы

 

 

 

 

 

Сынып жетекшісі:  Нугуспанова Ш.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылы


 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Күлкім менің қайдасың?»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Күлкім менің қайдасың?»

Мейірімділік деген не? ә)Неге мейірімді болу керек? б)Қалай мейірімді болуға болады?

Мейірімділік деген не? ә)Неге мейірімді болу керек? б)Қалай мейірімді болуға болады?

Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек

Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек

КММ

КММ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.02.2020