Мақсаты: Шаш құрлымы мен функциясы жөніндегі білімдерін талдап қорыту және жүйеге келтіру, одан әрі таным деңгейін арттыру. Шашты дұрыс жууға үйрету, шаш күтіміне арналған құрал - жабдықтарды қолдануды меңгерту. Мұқиятылыққа тазалық әдетіне, шыдамдылыққа, шаш күтімін ұстауға, эстетика ережелері мен өзін - өзі ұстау этикасын, адамгершілік ережелерін меңгеруге бағыт беріп тәрбиелеу."Шаш күтімі"
шаш кутими.docx
Сабақтың тақырыбы: Шаш күтімі
Сабақтың мақсаты:
1.Шаш құрылымы мен функциясы жөніндегі білімдерін талдап қорыту және жүйеге
келтіру, одан әрі таным деңгейін арттыру;
2.Шашты дұрыс жууға үйрету, шаш күтіміне арналған құралжабдықтарды қолдануды
меңгерту.
3. Мұқияттылыққа, тазалық әдетіне, шыдамдылыққа, шашын күтіп ұстауға, эстетика
ережелері мен өзінөзі ұстау этикасын, адамгершілік ережелерін меңгеруге бағыт беріп
тәрбиелеу.
Шаш күтімі туралы не білеміз ?
Шаш күтімі мен бас терісінің денсаулығы үшін сенің оларды жуу тәсілдері мен
тұрақтылығы басты рөл атқарады. Оның маңыздылығы, біріншіден тазалық, екіншіден
сырттан қараған адамға кірлеген шаш оның иесінің салақтығы жайлы көп мәлімет береді.
Әрине, шашты кірлеген кезде жуу керек екендігін бес жасар баланың өзі біледі. Бірақ бас
терісінің денсаулығы мен шашыңыздан ерте айырылып қалмау үшін қалай жуған дұрыс
екендігін біліп алған артық болмас еді.
Зақымдалмаған, жұқармаған дені сау шаштар үшін — қазіргі уақытта жай ғана жуудың өзі
жеткілікті күтім болып саналады. Жаздың күні 47 күнде бір (тершеңдігіңізге
байланысты), қыстың күні 23 күнде жусаңыз жетеді.
Ал егер шашыңыз майлы болса, онда жаздың күнара, қыстың күні күнде жумасаңыз,
шаштың түрі бұзылады. Әсіресе, күнде шашыңызға гель, мусс, лак жағатын болсаңыз, күнде
жууға тура келеді. Себебі, химиялық қоспаларды шашта ұзақ сақтау, шаштың түрін де,
жағдайын да бұзады. Күнделікті жуу үшін сабын емес, жұмсақ арнайы шампунь қолдану
керек. Қыста жиірек жуатын себебіңіз, бас киімнен шаштарыңыз дұрыс тыныс алып,
желденбейді, сондықтан теріден артық май бөлінеді.
Құрғақ шашқа шампунь жаққан дұрыс емес, алдымен жақсылап су сіңдіріп, мұқият
ылғалдау керек, содан кейін барып алақанға біршама шампунь құйып, бас терісіне уқалай
жағады. Кемінде екі рет шашты шампуньмен көпіршіткен дұрыс, себебі бірінші жуған
кезіңізде, кір, шаң мен тері майыныңтек бір бөлігі ғана шайылады, ал шампуннің емдік
қасиеті тек екінші рет жуғанда іске қосылады. Шашты шайғанда таза сумен шайып,
шашта шампунь қалдықтары, көпіршіктері қалмауын қамтамасыз етіңіз.
Қазіргі кезде шаш күтуге арналған қосымша құралдар көп. Арнайы бальзамдар бар,
шашты азықтандыратын маскалар бар. Бұдан сіз душқа барарда шашыңызды баптау үшін
сағаттап айнаның алдында басыңызды көпіршік, гель, маска жақсын деген қорытынды
шықпайды.
Бар болғаны, басыңыздан мәселе туса, шаш түссе, немесе жұқарса, тері дәрігеріне немесе
білікті шаштараздың ақылына сүйенген дұрыс. Дәрігер сіздің бас теріңіздің жағдайын
түзесе, шаштаразжіңішкерген, майлы шаштарды баптайтын заманалды құралдардан
хабардар жүретін бірден бір адам болып табылады.
Бүгін біз сіздерге шаш туралы қызықты мәліметтер ұсынбақпыз.
Кішкентай нәрестенің шашы анасының құрсағындаақ өсе береді екен. Шамамен
алғанда, жүктіліктің төртінші айында баланың басына шаш өсе бастайды екен.
Көбіне аққұбалардың шашы басқалармен салыстырғанда қалыңырақ болады –
шамамен алғанда 140 мыңдай. Ал қара шашты адамдардың шаш саны – 100 мыңға жуық
болса, жирен шашты жандардың басында 90 мыңдай шаш болады еспетеледі.
Шаштың орташа қалыңдығын есептегенде, 250350 данасы бір квадрат сантиметрге
шақ келеді екен.
Неғұрлым бас үлкен болған сайын, соғұрлым шаштың саны да көп болуы керек.
Өмір бойы шашына қайшы тигізбей өсірген адамның әр шашының ұзындығын
қосқанда орта есеппен 725 километрді құрайды екен.
Күніне әр шаш шамамен 0,35 миллиметр өседі. Жылына 12 сантиметрге ұзарса,
өмірінің соңына дейін ол 7,6 метрді құрайды екен.
Шаш көбіне көктем мен жаз мезгілдерінде тез өседі.
Ер адамдар бір күнде 40 шашынан айрылса, әйелдердің күніне 70 шашы түседі екен.
Әлемде шаштың түсуіне қарсы 300000 дәрі құрамдар ойлап табылған. Бұл
көрсеткіш басқа ауруларға қарсы дәрілерді де басып озады.
Шаштың беріктілігін альюминиймен салыстыруға болады. Бір шаштың өзі 100ден
200 грамға дейінгі салмақтағы затты ұстап тұруға шамасы келеді.
Әйел адамның бұрымы екі жүз шаштан тұрады және ол 20 тонна салмақтағы затты
көтеріп тұра алады.
Славяндық дәстүр бойынша кішкентай балалардың шашын үш жасына, тіпті бес
жасына дейін қырықпайды екен. Салт бойынша баланың шашы өмір жолының кеңдігін
білдіреді. Алғашқы шаш қию рәсімі салтанатты түрде той етіп тойланып, атап өтіледі.
Ғұрып «Шаш кесілгендер» деп аталады. Ал князь балалар шашы кесілген күні бірден атқа
отыратын болған.
Бұрынғы заманда жирен шашты адамдарға жақсы көзқарас танытпаған. Оларды көре
қалса, көздеріне мыстан мен жезтырнақ елестеген. Сондықтан жирен шаштылар
қолдарынан келгенше шаштарының түсін басқа түстермен өзгертіп отырған.
"Шаш күтімі" (3 сынып)
"Шаш күтімі" (3 сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.