Шаңғы дайындығы
Оценка 4.6

Шаңғы дайындығы

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
физическая культура
5 кл
29.04.2017
Шаңғы дайындығы
5 сыныпта өткен шаңғы дайындығы сабағының жоспары. сабақта әртүрлі интербелсені әдістер қолданылды. үйретілген шаңғы тебу әдістерін бекіту, үйретілген әдістерлі қолдану арқылы эстафета жарысын өткізу. оқушылардың қызығушылықтарын арттыру арқылы салауатты өмір салтын сақтауға баулу. 5- сыныпта денешынықтыру сабағында қолдануға ыңғайлы сабақ жоспары.
шангы дайындыгы.docx
Сабақ жоспары Сыныбы: 5 Күні: 24.02.2017ж Тақырыбы: «Шаңғы дайындығы».  Мақсаты:  Б: Оқушылардың шаңғымен сырғанау, бір мезгілді екі адымды жүрісті,  таяқпен аяқ адымын алмастыруын, шырша әдісін пайдалануын тексеру,  білімдерін бекіту, эстафета жарысын өткізу.  Д: Оқушылардың шаңғымен сырғанау, әдістерді ұтымды, дұрыс қолдану  дағдыларын және коньки әдісін қолдануларын дамыту.   Т: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа, салауатты өмір  салтын сақтауға баулу.  Сабақтың типі: бекіту сабағы Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру кезеңі:  Сапқа тұру  Оң қолында шаңғы, сол қолында таяқ  сапқа тұрады.  Баяндама жасайды.  Сәлемдесу.  Спорт секторы оқушылардың сабаққа  дайындығы мен сабаққа қатысуы туралы  баяндама жасайды.  Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.  Сабақтың мақсатын айту,  психологиялық ахуал туғызу.  Сабақтың мақсатын тыңдайды, көңіл –  күйлері артады.  Техникалық қауіпсіздік ережесі.  (мұғалім оқушылардың сабаққа  дайындығын тексереді)  Оқушылар сабаққа байланысты қауіпсіздік ережесін айтады.  Жүгіру жаттығулары  Алаңды 1 рет айналады.  Жаттығу жасау  Негізгі бөлім:  Шаңғы тебу  Спорт секторы оқушыларға жаттығу  жасатады.  1) Бір мезгілді екі адымды жүріс 2) Таяқпен аяқ адымын алмастыру әдістерін көрсетіп алаңды 2 рет  айналады.  Коньки жүрісі (мұғалім өзі көрсетеді) Оқушылар өздері айтады. Алаңда шаңғыны коньки әдісімен  тебу  Тауға шыққанда шырша әдісін  көрсету.  Алаңда коньки әдісімен шаңғы тебеді. Оқушылар шырша әдісін көрсетеді.  Бекіту.  Сабақты қорытындылау,  оқушылардың біліміне қорытынды  жасау.  ҮЗІЛІС  Топқа бөлу  Ойын ережесін түсіндіру Эстафета жарысы Кері байланыс  Бағалау.  Үйге тапсырма  Қоштасу.  Оқушылар ойын ережесін мұқият  тыңдайды.  Топпен жарысады.  1) Бүгінгі сабақ ұнады ма? 2) Шаңғы сабағында  неден  қиналдың? 3) Сабақта не қызықты болды?   Сабақ бойынша бағаланады. Сабақтың талдауы: сабақ 5­сыныпта өтті.  1. Сыныпқа мінездеме:  Сыныпта 15 оқушы, қатысқаны:     анықтамамен  отырғаны:            оқушы.  2. Осы сыныптағы білім сапасы: Үлгерім: 100%, сапа     %. 3. Сыныптың тәрбиелік деңгейі жақсы, ұйымшыл, айтылған нәрселерді тез  қабылдайды.  4. Шаңғы дайындығы тарауына     сағат бөлінген. 3 тоқсанда қосарланған  сабақ түрінде өтті. Бүгін сіздерге бекіту сабағын көрсеттім. Сонымен қатар, 2  сабақ өткізгеннің тиімділігін көрсеткім келді.  5. Сабақтың тақырыбы: Шаңғы дайындығы.  6. Сабақтың түрі: дәстүрлі, қорытындылау, бекіту сабағы. 7. Сабақ 12 дидактикалық сәттен тұрды.  8.  Сабақтың мақсаты: Б: Оқушылардың шаңғымен сырғанау, бір мезгілді екі адымды жүрісті,  таяқпен аяқ адымын алмастыруын, шырша әдісін пайдалануын тексеру,  білімдерін бекіту, эстафета жарысын өткізу.  Д: Оқушылардың шаңғымен сырғанау, әдістерді ұтымды, дұрыс қолдану  дағдыларын және коньки әдісін қолдануларын дамыту.   Т: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа, салауатты өмір  салтын сақтауға баулу.  Сабақтан кейін оқушылардың барлығы: шаңғымен сырғанауды, бір  мезгілді екі адымды жүрісті, таяқпен аяқ адымын алмастыруды біледі.  Оқушылардың басым бөлігі: шырша әдісін пайдалануды біледі.  Оқушылардың кейбірі: коньки жүрісімен сырғанауды біледі.  Оқушыларды сапқа тұрғызып, баяндама қабылдағаннан кейін техникалық  қауіпсіздік ережесін сұраудан бастадым. Әрқайсылары ережені естеріне  түсірді, бар білімдері  жаңғырды. Осы кезде баяндау, түсіндіру дағдылары  дамыды.  Денені қыздыру жаттығулары орындалды. Жаттығу жасау алаңында спорт  секторы көрсетуімен бой жазу жаттығулары орындатылды. Ортада тұрған  оқушының қимылын дұрыс қайталау, дұрыс орындау дағдылары қалыптасты. Үйренген әдістердің ең қарапайымы бір мезгілді екі адымды жүріс пен  таяқпен аяқ адымын алмастыру әдістерін дамытып, бекіту үшін алаңды 1 рет  айналып шықты. Осы кезде оқушылар :   __________________  Оқушылардың меңгерген әдістерінің ішіндегі күрделі әдістің бірі ­ коньки  жүрісі әдісін еске түсіріп, бекіту мақсатында алаңда тапсырмалар  орындатылды.  Сабақтың соңында оқушылардың білім деңгейіне қорытынды жасалынып,  бекітілді.  Үзілістен кейін оқушылар  1,2 саналу арқылы топқа бөлініп, топ басшылары  тағайындалды. Оқушыларға эстафетаның шарты түсіндіріліп жарыс басталды.  Ойын барысында оқушылар барлық білетін әдістерін қолданды, техникаларын  жетілдірді. Жеңіске деген құштарлықтары артты.  Сабақтың соңында бүгінгі сабақ ұнады ма?, шаңғы сабағында  неден  қиналдың?, сабақта не қызықты болды?  Деген сұрақтар қою арқылы кері  байланыс жасалынды.  Сабақ мақсатына жетті. Таңдалған әдіс­тәсілдер оқушылардың жас  ерекшеліктеріне сай болды. Оқушылардың шаңғы спортына деген  қызығушылықтары жоғары.

Шаңғы дайындығы

Шаңғы дайындығы

Шаңғы дайындығы

Шаңғы дайындығы

Шаңғы дайындығы

Шаңғы дайындығы

Шаңғы дайындығы

Шаңғы дайындығы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.04.2017