Школьная медиация. Цель и задачи
Оценка 4.8

Школьная медиация. Цель и задачи

Оценка 4.8
Документация
docx
правоведение
9 кл—11 кл +1
25.01.2022
Школьная медиация. Цель и задачи
Материал напечатан на казахском языке, содержит цель и задачи школьной медиации.
Мектеп медиациясы МАҚСАТЫ МІНДЕТІ ҚҰРАМЫ.docx

                                                                               МЕКТЕП   МЕДИАЦИЯСЫ

 

Медиация  - білім беру процесіне қатысушылар (оқушылар, оқушылар мен ата-аналар)   арасындағы  дауларды,жанжалды жағдайларды шешуге бағытталған инновациялық әдіс.

Әдіс басты мақсаттты шешуге-тіпті өте күрделі жанжалдардың өзі конструктивтік түрде реттелетін қауіпсіз кеңістік құруға (агрессия мен рухани және материалдық шығынсыз ғана емес , сонымен бірге тұлғалық және әлеуметтік өсу келешегімен) бағытталған.

Мақсаты – медиативтік технологиялар арқылы тәрбие-білім беру ортасында қауіпсіз орта құруға қажетті базалық білімді қалыптастыру.

Мектептегі медиация қызметі (татуластыру қызметі)-бұл оқу-тәрбие қызметі барысында  туындайтын жанжалды жағдайлардың алдын алу мен шешуге ықпал етуге бағытталған түрлі деңгейдегі оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың бірлестігі.

                                         Мектептегі медиация қызметінің мақсаты мен міндеттері

Қызметтің жұмысы дербес, тәрбие және білім беру процестерінен алшақ қызмет ретінде қарастырылмайды. Керісінше, қызмет оларға белсенді ықпал етуді, қауіпсіз және ізгілікті мектеп ортасын құруға, жанжалдардың алдын алуға, жасөспірімдерге қажетті көмек көрсетуге арналған.

Осы мақсатқа жету үшін мектептік медиация қызметтеріне мынадай нақты міндеттерді шешу жүктеледі:

-оқушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және қиын жағдайға тап болған балаларға көмектесу жүйесін құру;

-қоғамға жат қылықты жасөспірімдерге алдын ала көмек көрсету; «қиын» балалармен жұмыс жүйесін ұйымдастыру; жанжалдарды сотқа дейін шешудің жаңа нысандарын енгізу;

білім беру процесіне қатысушылардың медиацияны қолдану мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

психологиялық және заңды көмек көрсету нәтижелілігін, сондай-ақ педагогтардың медиативтік біліктілігін арттыру;

 тәрбие рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету; әділетті сотты дамыту.

Қызмет балалармен жұмыс істеумен шектелмеуі тиіс. Жанжалды шешуге конструктивтік медиативтік тәсілді әйгілендіру мақсатында ересектерге әсер ету аса маңызды міндетке жатады. Күнделікті қызметті медиация қызметінің қызметкерлері:

- ағартушылық жұмыстар жүргізуге;

- қарама-қайшылықтарды шешуге;

- жанжалдардың алдын алуға және олардың таралуының алдын алуға тиіс.

Мектептік медиация қызметі жанжалды не дауды шешуге көмектесуі үшін тараптар қызметке жүгінуге және өз тілегін жеткізуге тиіс. Қалпына келтіру іс-шаралары аяқталған соң (тараптармен кеңес берулер, келіссөздер, жанжалды шешудің өзара тиімді нұсқасын қарастыру) тараптар ауызша немесе жазбаша шарт жасасады. Медиация бағдарламалары жанжалға қатысушы тараптардың бәрі ерікті түрде қатысқан жағдайда ғана өткізіледі.

 

 

                                                               Мектептегі медиация құрамы

 

Медиатор – бұл жанжалды,дауды шешуге және оған қатысушыларды татуластыруға көмектесетін тәуелсіз адам, бейтарап тұлға.Бұл жанжалдарды шешуге арналған маман.

Қызметке қалағандардың бәрі мүшелік ете алады: оқудан өткен және жанжалға қатысушыларды жақтамайтын педагогтар, психологтар, әлеуметтік педагогтар, ата-аналар мен оқушылар. Басты шарты – қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу дағдыларын меңгеру. Медиация қызметінің қызметкерлері жанжалды шешу үшін көмекке мұқтаж әр оқушыға көмек көрсетеді. Бұл ретте дауда шешім қабылдау құқығы кураторға тапсырылады, ал даулы жағдайға қатысушылар оның нәтижесіне ықпал ете алмайды.

Медиация процесінің айрықша белгілері: медиатор таңдалады; тараптардың мүддесі ескеріледі; шешім құпия қабылданады.

Медиация қызметінің кураторлары балалармен тұрақты араласу барысында әділдік пен бейтараптылық қағидаттарына сүйенеді. Олар жанжалға мүше болмауы үшін ешқашан әлдебіреуін жақтамайды.

 Мектептегі медиация қызметіне мүше оқушылар ешқандай жағдайда-

мектеп жұмыскерлері;

 педагогтар мен ата-аналар;

әкімшілік пен мұғалімдер арасында орын алған жанжалдарды шешуге қатыспауы тиіс. Қызметтің жұмысы жоспармен реттеледі, мұнда іс-шаралар, оларды орындау мерзімдері мен оны орындауға жауапты тұлғалар көрсетіледі. Жоспарға сәйкес медиаторлар командасының алдағы жұмысы құрылады;

 медиация қызметінің қызметкерлері әртүрлі тұлғалардан:

әлеуметтік қызметкерлерден, мұғалімдерден, оқушылардан, олардың ата-аналарынан, мектеп әкімшілігі өкілдерінен жанжалды жағдай туралы ақпарат алады;

әрбір нақты жағдай бойынша медиация әдістемесін қолдану, сондай-ақ қызмет жұмыскерлерінің рәсімді өткізу мерзімдері мен кезеңдерін белгілеу бойынша жеке шешім қабылданады;

егер жанжалдасушы тараптар оған қатысуға келісімін білдірсе, осы жағдайда келістірушілік рәсімін бастау керек;

 егер жанжалға қатысушылардың іс-әрекеті тәртіптік теріс қылық ретінде танылса, ата-ананың немесе өзге заңды өкілдерінің келісімін алу керек;

10 жасқа толмаған балалармен және жүйке жүйесі ауруына шалдыққа тұлғалармен медиация рәсімін өткізуге болмайды.


 

МЕКТЕП МЕДИАЦИЯСЫ Медиация - білім беру процесіне қатысушылар (оқушылар, оқушылар мен ата-аналар) арасындағы дауларды,жанжалды жағдайларды шешуге бағытталған инновациялық әдіс

МЕКТЕП МЕДИАЦИЯСЫ Медиация - білім беру процесіне қатысушылар (оқушылар, оқушылар мен ата-аналар) арасындағы дауларды,жанжалды жағдайларды шешуге бағытталған инновациялық әдіс

Мектептегі медиация құрамы

Мектептегі медиация құрамы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.01.2022