Шәмші әндері және Менің Қазақстаным (тарихи –ән кеші)
Оценка 4.9

Шәмші әндері және Менің Қазақстаным (тарихи –ән кеші)

Оценка 4.9
Культурные мероприятия
docx
история
9 кл—11 кл
18.02.2020
Шәмші әндері және Менің Қазақстаным (тарихи –ән кеші)
Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірі, өнерімен және шығармашылық жолымен таныстыру. Сазгердің әндерін көпшілік назарына ұсыну, сазды әуенге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сұлулыққа, әсемдікке елжандылыққа тәрбиелеу
Шәмші.docx

Шәмші әндері және Менің Қазақстаным

(тарихи –ән кеші)

Мақсаты: Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірі, өнерімен және шығармашылық жолымен таныстыру. Сазгердің әндерін көпшілік назарына ұсыну, сазды әуенге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сұлулыққа, әсемдікке елжандылыққа тәрбиелеу

1 жүргізуші: - Менің Қазақстаным!  Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөз. Оны айтқанда өзіңді арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыныда Сарыарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят суымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің.

2 жүргізуші: - Менің Қазақстаным! Бұл  - қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі, жан тебіренісі. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, санаңда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің. Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз, айбынды азаматтық рух сезіледі.

1 жүргізуші: - Әр адамның өмірі секілді әр әннің тарихы бар. «Менің қазақстаным» Ақмоланы «Целиноград» атап сол жақтағы 5 облысты бір өлке етіп, оны Ресейге бермекші болып жүрген кезде жазылды. Қазақ жері бөлшектенгелі жатқанды оның асқақтығын жырлайтын әнұран қажет болды. «Менің қазақстаным» әні 1956 жылы Алматыда осылай туды. Өлеңі Жұмекең Нәжімединовтікі, музыкасы Шәмші Қалдаяқовтыкі,әнді радиоға Жамал Омарова жаздырды.

Ж.Омарованың  орындауындағы «Менің Қазақстаным» әні кассетадан жіберіледі.

2 жүргізуші: - Қазақ вальсінің королі – Шәмші Қалдаяқовтың  «Менің Қазақстаным» әнінің дүниеге келгеніне 59 жыл және мемлекеттік әнұран болып тағайындалғанына 9 жыл толды. Сондықтан бүгінгі ән кешіміз «Шәмші әндері және Менің Қазақстаным» деп аталып отыр.

Алдымен әні әнұранға айналған композитордың өмірімен таныс болайық.

Баяндамашы. Шәмшінің өмірбаяны

1 жүргізуші: - Олай болса, Шәмші аға шығармашылығының тұсау кесері болған «Қайықта» әнін қабыл алыңыздар.

Ән «Қайықта»

2 жүргізуші: - Ішкі дүниесі таза адамнан таза ән туады. Оның құпиясы да құдіреті де осында! – дейтін Шәмші туралы сазгер Нұрғиса Тлендиев. Сондықтан да Шәмшінің әндері халықтың жүрегінен шыққан ән сияқты.

1 жүргізуші: - Кең жүрегі мен табиғат берген дархан дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратын.

1. М.Шаханов «Қалдаяқов өзені»

2. Ән «Өмір-өзен»

2 жүргізуші: - Шәмші Қалдаяқов әндерінің өміршеңдігі туған халқының ұлттық қасиетін терең көрсетіп, өз Отанын, туған халқын шексіз сүйе білуінде.

Ш.Қалдаяқовтың қазіргі таңда әйгілі, барлық адам сүйіп тыңдайтын көптеген әндері бар. Солардың шығу тарихына және әндеріне тоқталып өтеміз. Өның бірі «Тамды аруы»

1 жүргізуші: - «Тамды аруы» шынында махабат жайлы болғанымен, ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән, яғни жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиға себеп болған. Өзбекстан Республикасы Бұқар облысының Тамды деген жерінің бір қызына ғашық болған жігіт қалаулысына үйленеді. Туысқандары қалың мал сұрайды. Орта қоң шаруа он жеті мың сомды белгілі мерзімде тауып бере алмайды. Ондай ақшаны қайдан тапсын. Ақыры әйелі мен қызын алып кетеді. Жылап еңіреп жігіт қалады.

Ән «Тамды аруы»

2 жүргізуші: - Қаншалықты ержетіп есейіп кетсек де біз бәрібір ананың алдында сәбиміз. Оның тілек-ниеті де біз ғана. Сен мейлі ғұлама данышпан бол, мейлі баскесер бұзақы бол – ана үшін алдымен өзегін жарып шыққан бауыр еті – баласының амандығы керек.

Шәмші ағаның композиторлық атағы шартарапты шарлап кеткенде, оның ғазиз анасы айықпастай кеселге ұшырайды.

О, ана! Ана! Бұл өмірдегі өзінің ең жақын, ең асыл адамынан мәңгілік айырылған Шәмші, сол ауыр қазадан кейін біраз уақыттан соң «Ана туралы жыр» деген көпке әйгілі әнін дүниеге әкелді. Бұл ән аналар туралы әнұран еді..

Ән «Ана туралы жыр»

1 жүргізуші: - Ол кезде Жетісай Өзбекстанға қарап кеткенді. Сондағы ағайындары қалқалап шақырған соң Шәмші ақын Төлеген Айбергеновты ертіп сол жаққа барып қайтқан болатын.

Шәмші Жетісайдан ойлы, біртүрлі салғырт оралды. Бұрын ән оған көкірек сарайыдың бір түкпірінен талып естілетін ызық болып жетіп, оны зейін құлағымен егіле тыңдаған сайын ол әуез біртіндеп күшейіп, әсем әнге айналатын. Дүниеге әсем ән осылайша келетін.

Жетісайдағы ағайындарының ортасынан келіп, сағынышты көңілден туған ән «Әнім сен едің» әні болатын.

Ән «Әнім сен едің»

2 жүргізуші: - « Ән ішіңнен шыққан балаңмен тең, олардың өз тарихы, тағдыры бар. 1959 жылы консерватриядан шығып қалып, ауылға қайтуды ар санап, жерлес жастардың үйінде жүргенмін. Бір күні Алматыдағы Тастақ базарында бір топ сығандар гитараға қосылып ән айтып жатыр екен. Біраз тұрған соң жанымда тұрған сыған жігітінің қолындағы гитарасын алып, жаңа шығарған бір әнімді ойнап бердім. Олар мені Сайран көлінің жағасындағы мекеніне қонаққа шақырды. Олардың арасында екі ай болдым. Күзде олар жылы жаққа қоныс аударатын болды, мені өздерімен бірге ала кеткісі келіп қолқалады. Мен Алматыда қалуды жөн көрдім. Бірақ көпке дейін көңілді сығандар ортасын аңсап жүрдім. Сол достарыма деген сағыныштың арқасында «Сыған серенадасы» әні өмірге келген еді» - дейді Шәмші Қалдаяқов көзі тірісінде

Ән «Сыған серенадасы»

1 жүргізуші: - Жамбыл қаласының түбінде дүнгендер колхозында Шәмші үй салуды бастайды. Бірақ, не дұрысырақ жалақысы, не қаламақысы жоқ. Шәмшінің жиған – тергені ескі «Жигулиіне» гараж және болашақ үйінің қалқасына жетіп, құрылыс тоқтап қалады. Өзі шаршаған уақытында осы гаражының бір бұрышына келіп демалып кететін болатын. «Дүнген қызы» әні осы кезде туған.

Ән «Дүнген қызы»

2 жүргізуші:

-                     Бойында туып, бойында өстім Арыстың,

Суына түсіп, толқыныменен жарыстым.

Кешпесем де, Шәмші боп шалқып ән болып,

Өлеңге деген бойымда менің бар ұшқын.

Шәмшіге ән, жыр жазғыздың маған да,

Кім білсін әлі қанша жыр жатыр сағанда,

Өзгеге жұмбақ, тек сен аяң Арысым,

Қаншама тағдар қосылған жағаңда.

1 жүргізуші: - Бір күні Шәмшіге бір қара торы, дембелше жігіт жолығып өзін Қалқожа Жолдықожаев деп таныстырып Шәмшіге әндерінде Арыс, ерке өзеннің арулары жоқ екендігін айтып реніш білдіреді.

Шәмшінің «Арыс жағасында» әнінің жазылуына осы Қалқожа деген жігіт себепші болыпты.

Ән «Арыс жағасында»

2 жүргізуші:

-         Сол күндер ғой жүректің аңғсағаны

Соған шөлдеп айызым тамсанады.

Өкініш пе білмеймін, қуаныш па

Өз өзімнен жүрегім ән салады.

Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма?

Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма?

Махаббатқа , арнап бір ән шығарсын

Шәміл-ау!

Шәмші қайда?

Шәмші қайда?

Шәмшіге айт, Тағы да бір таңдандырсын

Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер

Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын.

 

Ән «Қайдасың»

1 жүргізуші: - Шәмші қазақ өнеріне үлкен жаңалық және ұлттық бояуы қанық өлмейтін туындылар олжалаған аса дарынды сазгер екендігін дәлелдеген өнерпаз. Шәмшінің әндерін өткен ғасырдың 60-жылдарынан бері бүкіл қазақ шырқап, вальстерімен қаншама жас ұрпақ тербеліп – билеп келеді.

Шәмші Батыс өңіріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген еді.

Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақ халық әртісі» деген атақ 1991 жылы 29 желтоқсан күні берілді. Бұл атақты ол бар –жоғы 60 күн ғана алып жүрген. Шәмшә 1992 жылы 29 ақпанда мәңгілік көз жұмды.

Әбіш Кекілбаев «Бақи кетсең, бақыл бол, Шәмші»

2 жүргізуші:

-         Мен сені сағынғанда,

Қарамай жауындарға, дауылдарға,

қарсы ағып жүземін ағындарға,

Кеудемде қимылдаған жаным барда,

Мен сені сағынғанда,

Бір минут та қақым жоқ дамылдарға.

Сағыныштың сағымын жамылғанда,

Қарамай қара нөсер қағынғанға,

Саған ұшам,

Қалмайды сабыр жанда,

Мен сені сағынғанда, сағынғанда.

Ән «Ән аға».

1 жүргізуші: - 2006 жылдың 6 қаңтарында ел Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен отырысында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы” Қазақстан Республикасының  Конституциялық  заңының жобасы қаралды. Онда Үкіметтің ұсынысы бойынша Мемлекеттік әнұранның әуені мен мәтіні жаңарту көзделді.

Екі жарым сағатқа созылған екі оқылым талқылауы түскі 13 сағат 35 минөтте аяқталды. Елбасы Заңға келесі күні қол қойды. Жаңа Гимн баспасөзде жарияланған күнінен – 10 қаңтарда күшіне енді.

2 жүргізуші: Жаңа Гимн Н.Ә.Назарбаевтың, кезекті жеңісінен кейін, Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісу құрметіне арналған салтанатты ұлықтау кезінде – 11 қаңтарда, Астанадағы Ақордада алғаш рет орындалды. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Гимнің тұсаукесеріне әлемнің 70 елінен келген мәртебелі қонақтар куә болды.

Жаңа Гимн елге бұрыннан таныс “Менің Қазақстаным” әнінің негізінде дүниеге келді. «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденов шығармасының мәтініне енгізілген өзгерістер талайлы туындының ресми гимн болып бекуіне жол ашты.

 1 жүргізуші: - Әнұранда тыңдағанда құйқаң шымырлап, бойыңды рух кернеуі шарт. Ол айтылғанда егілуің керек, еңселуің керек, шаттанған жөн, шамырқанған ләзім. Жеңіс тұғырында түлеген қыранның, етігімен су кешкен ұланның аузына түсе кетуі керек. Толқыған топтың, шаттанған көптің көкейіне орала кеткіш ардақты болуы шарт. Осы талабымызға лайық қандай ән бар десек, сөз жоқ, ол – Шәмшінің «Менің Қазақстанымы».

2 жүргізуші: Кешімізді халық жайлы, оның арманы, болашағы туралы сипаттама беретін жаңа «Менің Қазақстаным» гимнді орындауымен аяқтағалы отырмыз.

Гимн «Менің Қазақстаным». Орындайтын хор.

1 -2 жүргізуші: Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

Жаңаөзен  қызмет  көрсету  және  жаңа  технологиялар  колледжі

 

 

 

 

 

 

https://i.ytimg.com/vi/m5jrxKQSsFw/mqdefault.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шәмші әндері және Менің Қазақстаным
(тарихи –ән кеші)

 

 

 

 

Дайындаған: Жайбергенова Б.А.,
         кітапхана  меңгерушісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014/2015  оқу жылы


 

Шәмші әндері және Менің Қазақстаным (тарихи –ән кеші)

Шәмші әндері және Менің Қазақстаным (тарихи –ән кеші)

Оның құпиясы да құдіреті де осында! – дейтін

Оның құпиясы да құдіреті де осында! – дейтін

Дүниеге әсем ән осылайша келетін

Дүниеге әсем ән осылайша келетін

Сол күндер ғой жүректің аңғсағаны

Сол күндер ғой жүректің аңғсағаны

Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен отырысында “Қазақстан

Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен отырысында “Қазақстан

Шәмші әндері және Менің Қазақстаным (тарихи –ән кеші)

Шәмші әндері және Менің Қазақстаным (тарихи –ән кеші)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.02.2020