Шығарма
Оценка 4.8

Шығарма

Оценка 4.8
Лекции
docx
воспитательная работа
Взрослым
14.10.2018
Шығарма
Оңашада ой теңізінде жүзетін әдет – пенде шіркінге жаратқанның үйіп-төгіп бере салған асыл қазынасының бірі. Ондайда қиял қанаты қияға қалықтап, арманның арнасынан асып төгіліп, дүниетану тірлік бұғауынан құтылғандай керемет күй кешесің. Сондай бір сәтте туған өлкеме аз да болса септігімді тигізер жолды іздеймін. Азаматтық, перзенттік парызым халқымның алдында қайтсем өтеледі деген мазасыздық бір бүйірден келіп кимелейді. Сан тарауға соқпақ тартқан қилы-қилы қалың ой.
шығарма құт дарыған мекен.docx
Құт дарыған мекен (Туған өлкем Қарсақбай қалашығының тарихынан сыр шерту)      Оңашада ой теңізінде жүзетін әдет – пенде шіркінге жаратқанның үйіп­ төгіп   бере   салған   асыл   қазынасының   бірі.   Ондайда   қиял   қанаты   қияға қалықтап,   арманның   арнасынан   асып   төгіліп,   дүниетану   тірлік   бұғауынан құтылғандай керемет күй кешесің. Сондай бір сәтте туған өлкеме аз да болса септігімді тигізер жолды іздеймін. Азаматтық, перзенттік парызым халқымның алдында қайтсем өтеледі деген мазасыздық бір бүйірден келіп кимелейді. Сан тарауға соқпақ тартқан қилы­қилы қалың ой. Бірде қызықты да қуанышты өткен күндерді еске түсіріп, еріксіз езу тарттырса, бір мезет орны толмас өкініш   пен   қайғының   құрығына   тұтылып   жүрек   байғұс   бұлқына   тулап басылады. Әлден уақытта жанды жегідей жеген беймаза күй бірсәтте тарап, ендігі   кезекте   балдәурен   балалық   шақтың,   балауса   сезімнің   өрмегіне шырмалап, айнала дөңгеленіп береді дейсің.      Адамға сәби күндердің қызық думанын еске түсіруден асқан ләззат бар ма?! Шыр   етіп   жарық   дүние   есігін   ашқаннан   ауасын   жұтып,   суын   ішкен   туған ауылдан артық Иранбақты қайдан табасың?! Күнәдән пәк, періште күндер, құлындай құлдыраңдай шауып, күліп­ойнап өскен жерлер, сәрі, естен шығар ма?   Кіндік   өаны   тамған   топырақтың   әркімге­ақ   ыстық   болатыны   ауызбен айтып   жеткізгісіз   ғой.   Ер   жетіп,   ат   жалын   тартып   мінгелі   бірнеше   шет мемлекеттерді аралап, көрікті жерлерін тамашалап жүрсем де, Қазақ еліне, Арқа өңіріне, оның көркем табиғатына тең келер мекенді көре алғам жоқ. Дана   қазақтың   дара   тұлғалы,   ақиық   ақын­жазушыларының   қиялын   қияға самғатқан   киелі,   ұлт   ұясы   Ұлытаудың   баурайында   орналасқан   Қара   қазан Қарсақбай   топырағында   туып­өскеніме   мерейленіп   жүретінімді   жасырып қайтейін.   Қалай   жасырайын   оны,   қалайша   ұмытацын?!   Мәулен   шыңдары заңғар көкпен бой таластырған қасқа сұлу өлке бір көрген жанның жадынан шығар ма, сәрі. Атам заманнан ақ қар, көк мұз жамылған мұзартты таулар, сыңсыған   ну   ормандар   бұл   өңір   табиғатын   түрлендіріп   жатқан   кереметтің бастау бұлағындай дерсің.         Орталық  Қазақстан  облысының  Ұлытау  ауданына  қарайтын  Қарсақбай ертеден қалың елге жайлы қоныс болған құтты мекен. Жезқазған қаласынан 70­80   шақырым   жер.   «Қайран   біздің   батыр   бабалар­ай,   деймін,   кей­кейде арғы­бергі көне тарихқа ой жүгірте отырып, осынша ұлан­байтақ қазыналы жерді   толарсақтан   қан   кешіп   жүріп   қорғадыңдар­ау   кезінде.   Ұрпағынның ертеңі үшін «күңдіз отырмадыңдар, түнде ұйықтамадыңдар». Нәтижесінде ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен ұшы­қиырсыз өлкені біздерге мәңгілікке мирас еттіңіздер». Бұл күнде Қазақ елінің қай өңірінен де көне тарихымыздың тасқа басылған даусыз деректері молынан табылуда. Тіпті сайын даланың кез­ келген тасын сипап өтсең, қадым замандағы  бабаларымыздың  даналығынан сыр   шерте   жөнелетін   секілді.   Сонау   Түркі   қағандығының   ту   баста   көк байрақты көтерген мекені­Қазақ жері болса, сол ата байрақты өзіне айнытпай мирас   еткен   Қазақ   еліне   бұл   күнде   бүкіл   әлем   қызыға   қарайтындай. Тарихымыздың терең тамырларына үңілсек, бұл жер ежелгі ата­бабаларымыз қалыптастырған көне мәдениетінің айқын айғағы.        Міне бүгін туған өлкеге қарай бет алдым. Алыстан ұзын сонар екі мұржа көрінгенде жүрегім атша тулай жөнелді. Құдай­ау араға неше жыл салып туып өскен, кіндік қаным тамған өлкеге ат басын бұрдым. Осынша уақыт қайда жүрдім?   Неге   келіп   топырағында   аунап   қунап,   балалық   шағымды   есіме түсірмедім? Қаланың тынымсыз тіршілігінің де пендені өз уысынан жібермей ұстайтыны да бар ғой. Сондай сәттерде Қара қазан Қарсақбаймды да ұмытып кеткен болармын. Жә! Өткен күнге өкпе жоқ.            Бүгін бұл өлкеде ұлан асыр той! Найман елі мен Қыпшақ елі бірігіп Қарсақбайдың 85 жылдығын тойлап жатыр. Осыдан 85 жыл бұрын бұл өлкеде алғаш   мыс   алынған   еді.   Көзі   көрген   үлкен   аға   әпкелерімізден,   ауылдың ақсақалдарынан естуімше, ең алғаш мысты алған сонау ағылшындар екен.             Зауыт құрылысы 1913 жылы басталған, бірақ Қазан төңкерісі, бірінші Дүниежүзілік   соғыс   пен   азамат   соғысы   оның   жабылуына,   кейін   тіпті бұзылуына   кеп   соқтырды.   Алайда,   елге   мыс   қажет   еді.   Мұны   түсінген ə к сіпорын директоры Рудольф Дрейман мен ұлы ғалым, атақты геолог Қаныш Имантайұлы С тбаев зауыттың қайта қалпына келтірілуіне көп күш жұмсады. Зауыттың   инфрақұрылымдардан   алшақ   болуы,   мамандар   мен құрылысшылардың тапшылығына қарамастан, Дрейманның басшылық етуімен зауыт   қалпына   келтіріліп,   құрылысы   соңына   жеткізілді.   С тбаевтың арқасында  жалпы   Жезқазған   өлкесінің  мүмкіндіктерін   бағалауға  мүмкіндік туды   –   жиырмасыншы   жылдардың   өзінде­ақ   ғалым   бұл   аймақты   лемдегі кенге   бай   мекендердің   бірі   деп   атап   көрсетті.   1928   жылы   зауыт   ашылып, алғаш   мыс   өндірілген   зауыт   ретінде   ж не   отандық   мыс   балқытушылардың кейінгі жетістіктерінің арқасында тарихта қалды. Соғыс жылдары Қарсақбай мыс балқыту зауыты елдегі басқа да к сіпорындар секілді  скери өнімдер шығаруға бағдарланды. Соғыстан кейін, 70­ші жылдардың орта шеніне дейін зауытта қара мыс өндіру ұдайы артып отырған екен.       Жалпы бұл өлкенің қаншама жылғы тарихы бар. Оны бірі білсе, бірі біле білмейді. Мен де соны зерттеп жүрген жайым бар. Өз еліме, туған жеріме бір ə ə ə ə ə ə ə игі іс жасайыншы деп бүгінде осы өлкеге келген жайым бар. Киелі мекенге кіре бергенде осы зауытқа қаншама жыл еңбегі сіңген ардақты есім, марқұм Қадыр Мәткеновтің зиратына қол жая кетуді жөн көрдік. Ұзақ жыл зауыттың тізгінін   ұстаған,   қарашаңырақты   тағдыр   тәлкегіне   қалдырмай,   соңғы   демі таусылғанша   толассыз   тер   төгіп,   ерен   еңбек   сіңірген   Мәткеновті   айтамын Ех,   шіркін   асыл   азамат   еді!   Осы   өлкеге   қаншама   жыл   бойы   еңбегі   сіңді. Қарсақбай өлкесін көркейтті. Артына мол мұра қалдырды. Қадыр аға өмірден өтті   дегенде   көзіне   жас   алмаған   жан   жоқ   шығар.   Асқар   тауымыз   құлап, есеңгіреп қалғандай күй кешкен едік. Әлі де болса игі істер жасайтын еді. Бірақ ажал шіркін ерте ме кеш пе әрбір пендені өз құрығына алып кететіні ай!          Зиратқа келіп қол жайып, жанымдағы игі жақсылармен осында өткен балалық шағымызды есімізге алып төңірекке көз салдық. Ештеңе өзгермеген.             Қасқа жолмен «Қаратөбені» қапталдай көтерілгенде, қарсы алдыңнан Қарсақбайдың   ақшаңқан   үйлері   көрінеді.   Оң   жағыңдағы   зауыт   ғимараты ойпаңда   орналасқанымен,   көлегейлеген   қыр­қыраттардан   мойнын   созып қозыкөш жерден көзге шалынатын қос мұржасы көңіл түкпіріндегі сағынышты қоздатып,   өткенді   еріксіз   еске   түсіреді.   Қарсақбайдың   тарих   қойнауында қалған,   айбыны   асқақтаған   қуатты   кезеңі   күні   кешегідей   көз   алдымда:        Өзіміз талай асыр сап ойнаған, құдығынан су ішкен Қара төбемізді көріп күрсініп   алдық.   Бір   екі   үйде   ғана   тіршілік   бар.   Қалған   үйлер   бұзылып, кейбіреуінің орны да қалмапты.           Совхоз өлкесі. Өзіміз білім нәрімен сусындаған №2 мектебіміздің орны ғана қалыпты. Совхоз сол баяғы қалпы. Мұнда да бұзылған үйлерден басқа ештеңе   көре   алмадық.   Бұрындары   осы   Совхоздың   үлкен   төбесінен   әке шешеміз   жұмыстан   қайтқан   уақытта   қарап   тұрып,   үйге   жанталаса   кіріп шайларын дайындап күтіп отыратынбыз. Барлық бала шуылдаса қара қырдан күннің аязына да қарамастан шанамызды сүйрете сырғанақ теуіп мәз­мәйрам болушы едік. Сол кезде аналарымыз бізді үйге кіргізе алмай әлек болатын.      Орталық көшеде қазан­қазан ет асылуда. Есіктері айқара ашылып бірнеше киіз үйлер тұр. Мәдениет үйінде әжелер ансамблі сазды әуендерін орындауда. Аға жеңгелеріміз шаруашылық басында, келген қонақтарды күтіп жүгіріп жүр. Ауыл ақсақалдары жадырап бір­бірімен көрісіп жас балаша қуануда. Әрине, ол кісілер осындай мерейтойларда, жиындарда ғана бір­бірін көретіні анық. Жастар күрес, қол күрестен жарыстар ұйымдастырған екен.            Бізге   Қыпшақ   елінің   дартарханынан   дәм   бұйырды.  Киіз   үйдің   ішінде тамаша қылып әсемдеп қойған екен. Ортаға барлық шұрайлы еттер салынған табақ тартылды. Алыс жолдан келген біздің күткеніміз де осы еді. Балдай қымыз!   Майлы,   сүбелі   ет!   Ай   бәрекелді!   Той   болғасын   осындай   той   болу керек.  Барын  аямай  осы тойға  дайындалған   қарапайым халық  қой. Өлкені көркейте   түсер   осындай   жастар   барына   бір   риза   болып   қалдық.   Кенет бұрышта отқан ақсақалға көзім түсті. Түр әлпеті таныс. Зер салып қарасам өзіміздің Ақан атамыз екен. Орнымнан атып тұрып.          ­Ассалаумағалейкум ата! Қуаттысызба?­деп жанына таяндым. Атамыз шаршап қалған екен. Кәрілік шіркін өз дегенін алады ғой. Кезінде еңгезердей азамат   еді.   Осы   өлкеге   талай   еңбегі   сіңген   кісінің   бірі   осы   Ақан   ақсақал. Соғыс уақытында тылда еңбек етіп, қорғаушысыз қалған қаншама отбасыға жәрдемдесті. Мені бірден тани қоймады. Жанына жақында едім.      ­ Құдай­ау мынау өзіміздің Мұқан қой. Амансынба шырағым? Туған елге бір ат ізінді салмай қайда жүрсің қалқам? – деп ақсақал көзіне жас алды.      ­ Менің халім осы. Баяғыдай күшім жоқ. Әл­қуат кеткен деп жанындағы таяғына   ұмтылды.   Ия   өмір   деген   уақытша   екен   ғой.   Бүгін   бармыз,   ертең жоқпыз.                 Қазір қос мұржадан көтерілген түйенің шудасындай көкшулан түтін көрінбесе де, өлкенің тыныс­тіршілігі тоқтамағанына міне бүгін көз жеткізіп отырмыз. Апырмай, Туған жер­ай! Теңдесер кім, Бұл жерге сен болмасан, келмес едім. Кіндігімді байлаған қазығым­ай, Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім. Жат көзімен қарайды адамдарың, Жақын тартар құрбы да таба алмадым. Жас отаудың есігін ашып қалып, Айлам құрып, қайыра жаба алмадым... Кел демеді, немесе кет демеді, Несін маған, білмеймін, өкпеледі?! Сені сүйген жүректі, туған өлкем, Сен өсірген біреулер жек көреді. Туған елім, Көрмесем сағынамын, Кетсем ізім өзіңнен табылады. Жасыра алмай, ініңнің отауынан, Ыстық маған атаның шаңырағы – деп Мұқағали ағамыз бекерге айтпаған екен.      «№10  ЖББМ» КММ  қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі  Турсунова Молдир Масхутханкызы

Шығарма

Шығарма

Шығарма

Шығарма

Шығарма

Шығарма

Шығарма

Шығарма

Шығарма

Шығарма
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.10.2018