Шынайы кошбасшы
Оценка 4.6

Шынайы кошбасшы

Оценка 4.6
Семинары
doc
естествознание
6 кл
30.01.2017
Шынайы кошбасшы
Міне, бүгінде Қазақстан озық ел, озат мемлекет атанып, әлем картасына өзінің мәңгілік белгісін салды. Тәуелсіздік таңбасын! Жұмыр жердің иен бөлігін иемденіп, жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша тоғыздыққа табан тіреген Қазақ¬стан «көшпелі» деген көшіп жүрген ұғымды тапжылтпай басып, түйіндеп тиянақтап, Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деген мәртебелі атақты бұдан аттай жиырма жыл бұрын күллі адам¬заттың санасына құйды. Сегіз қиыр шартарап енді Қазақстанға қарай өкшесін жиі көтеретін болды.Осы ұлы сөзге ХХ ғасырдың соңғы онжыл¬дығында елтаңба қадап, жалау желбіреттік. Же¬ңіс туы алаш жұртының абзал перзенті, халқы таң¬да¬ған қаһарман, елі таңдаған ер тұлға Нұр¬сұлтан Назарбаевтың қолында желбіреді!
Шынайы кошбасшы.doc
Шынайы көшбасшы            Міне, бүгінде Қазақстан озық ел, озат мемлекет атанып, әлем картасына өзінің   мәңгілік   белгісін   салды.   Тәуелсіздік   таңбасын!   Жұмыр   жердің   иен бөлігін иемденіп, жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша тоғыздыққа табан тіреген Қазақстан «көшпелі» деген көшіп жүрген ұғымды тапжылтпай басып, түйіндеп тиянақтап, Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деген мәртебелі атақты бұдан аттай жиырма жыл бұрын күллі адамзаттың санасына құйды. Сегіз қиыр шартарап енді Қазақстанға қарай өкшесін жиі көтеретін болды.    Осы ұлы сөзге ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында елтаңба қадап, жалау желбіреттік.   Жеңіс   туы   алаш   жұртының   абзал   перзенті,   халқы   таңдаған қаһарман, елі таңдаған ер тұлға Нұрсұлтан Назарбаевтың қолында желбіреді! Сол   күні   желтоқсан   жазға,   жанымыз   сазға,   әніміз   назға   айналды.   Әз Алматының қысқы аспанын көмкерген көгілдір тұманның өзі кейін көгілдір ту болып,   көкке   самғады.   Қазақ   КСР   Жоғарғы   Кеңесінің   оттай   дуылдаған отырысында Егемендік туралы мәселе тәуелсіздікке ұмтылған еліміздің, ел баптаған ерлеріміздің арқасында ұлы жеңіспен аяқталды! Бұдан жиырма төрт жыл   бұрын,   үш   ғасырлық   үмітшіл   толғақтан   кейін   заман   қазақ   жұртына Азаттық  атты асыл тарту жасады. Алыстан  аңсап күткен  аяулы сыйлықты алғаш рет алдынан шығып, ақжолтай ырыммен қарсы алып, төбемізге көтеріп, төрімізге   шығарып,   ай   маңдайы   айға   ұласып,   кең   маңдайы   күнге   ұласып, жанарлары   боталап,   төбесі   көкке   жетіп,   алақанында   от   жанған   Нұрсұлтан Әбішұлының сол бейнесі көңіл фотоаппаратында өшпестей болып бейнеленіп қалды.    Сонда   Қазақстан   Республикасының   Тұңғыш   Президенті   Нұрсұлтан Назарбаевтың   көкейінде   тұрған   алғашқы   сөз:   «Отандастарымнан   бөлек уайымым да жоқ, олардан бөлек қайғым да жоқ. Нені болса да елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін», деген сөз екеніне ешкім де   шүбә   келтірген   жоқ.   Бұл   әрі   қарапайым,   әрі   жан   тебірентерлік   сөзді Елбасымыз   күнде   айтып   келеді.   Ісімен,   шешімімен,   бастамасымен, қамқорлығымен, қызметімен. Айта да береді. Өйткені, бұл сөз оның адамдық, азаматтық,   қайраткерлік   кредосы.   Елбасылық,   Көшбасшылық   тұжырымы. Перзенттік парызы, Азаматтық қарызы.     Елбасы   Нұрсұлтан   Назарбаевтың   осынау   жиырма   төрт   жылдық   кезеңде атқарған   жасампаз   істерінің   жылнамасын   түзгенде,   көбіне   экономикалық, қоғамдық­саяси, ішкі­сыртқы саясаттағы сындарлы табыстары туралы тілге тиек етіледі. Біз ол атқарған тарихи іс­шаралардың жалпы ауқымының ішінде аталған мәселелерден  маңызы әсте  кем  емес мәдени­рухани  саладағы  ерен еңбектерін қысқаша екшеп айтуды мақсат тұттық. Сөз ыңғайында нақтылай кетейік, Президент қай салада да сұңғыла, салиқалы, терең, талғампаз, білікті, пайымды, шешімді әрі кесімді. Бұл – кемел көшбасшыларға ғана тән қасиет. Осы замандық көшбасшылық қасиет туралы ұзақ жылдар зерделі зерттеулер жасаған белгілі тарихшы­ғалым Джеймс Мак Грегор көшбасшылықты тұтас бір   индустрияға   айналдырып   қарайды.   Бұл,   сайып   келгенде,   бір   адамның бойында   жинақталып,   тұтас   бір   тұлғалық   категорияны   құрайтын философиялық пайым болса керек. Ол «шынайы көшбасшы жұртты аузына қарата   білуі   керек.   Шынайы   көшбасшыны   жақтастары   да   таңдауы   керек» деген тұжырым ұсынады.     Бұл   сөз,   әрине,   бүгінгі   заман   көшбасшысының   толық   тұлғасын   таныта алмаса   керек.   Бүгінгі   көшбасшыны   қарсыластарының   өзі   де   таңдауы,   яғни мойындауы керек. Міне, шынайы көшбасшы осы болса керек. Бұл тұрғыдан келгенде,   көшбасшыға   тән   сан   алуан   қасиеттерді   бір   бойына   жинақтаған Елбасының бойындағы ең басты қасиеті – халқын сүюі, елін қастерлеуі, Ота­ нын құрметтеуі, қысқасы, ең ізгі де жақсы қасиеттерді бойына толық сіңіруі. Және   соны   жарқыратып   көрсете   алуы.   Ол   жақсылықтың   басында   тұрады, игіліктің   қасында   тұрады.   Бейбітшіліктің   бағасын   біледі,   демократияның демагогияға қосылмас шамасын біледі. Шынайы да адал бәсекелестікке бара алатын, берген сертінде тұра алатын, ең негізгісі, туған халқының жан жүре­ гіндегі ұлы сезімдерді құрметтей алатын жан. Нұрсұлтан Назарбаевты осы қасиеттерді бір бойына жинаған тұлға деп танитынымыз сондықтан. Бұл тіпті бір адамның ғана емес, әлемдегі алуан­алуан мемлекеттердің көшбасшылары­ ның көңілінен шыққан көшелі баға, ортақ пікір.    Осынау көшбасшылық қасиетін Елбасымыз мемлекет руханиятының еңсесін тіктеп,   ертеңін   болжалдаған   шағында   қапысыз   көрсетті.   Тарихымызды түгендеп,   өткенімізді   саралап,   жаңа   белеске   көтерілер   алдында   жылдарға жасақтап,   жүйелеп   қойған   жылдар   жылнамасын   одан   әрі   таратып,   оны ұрпақтар   сабақтастығымен   жалғастырды.   Ұлттың   рухани   әлемін жұтаңдандырып алмай, оның жан дүниесіндегі сәбилік сенгіштік пен саналы салтанатты терең сезініп, бүгінгі күннің болмысын барынша байыпты ұғып, байсалды бағалауға жетелеген Мемлекет басшысының әманда қоғамда, соның ішінде   ынтымағы   мен   береке­бірлігі   тұтастанған   қоғамда   табысқа   жетуі заңдылық. Бұл ел тізгінін ұстаған тұлғаның шынайы саяси сұңғылалығы мен іскер харизмасына байланысты.    Қазақтың   асқар   ақыны   Ғафу   Қайырбеков   Елбасы   Нұрсұлтан   Назарбаев туралы кезінде: Сынға түскен екіұдай тұста мына, Қарамайды ол бақытқа, бас қамына. Лайық ол, байқасаң, қазақ түгіл, Әлемді де әдемі басқаруға! – деп жазғаны бар еді. Осы бір шумақтың өзінен ақынның ажарлы теңеуі ғана емес, көрегендігі де көзге түседі. «Әлемді де әдемі басқаруға» дегенде ақын алғы күндердегі Елбасының алар биіктері мен шығар асқарларын сезініп, сеніп жазған.   Ақынның   бұл   жарқын   теңеуі   АҚШ­тың   бүгінгі   президенті   Барак Обаманың:   «Сіздің   еліңіз   егеменді,   тұрақты   және   өркендеген   мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді», деген шынайы пікірімен үндессе, Қытай көшбасшысы Ху Цзиньтао: «Тәуелсіздік жылдары Сіздің   басшылығыңызбен   еңбексүйгіш   те   ақылман   Қазақстан   халқы   өзінің қажырлы да жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс жолын таба білді» деген бұл ойды одан әрі ұштай түседі. Ресей президенті: «Мен Сізге алғыс білдіремін», деп ыстық ілипатын көрсетсе, Түркия президенті Абдулла Гүл: «Нұрсұлтан Назарбаев   күллі   түркі   дүниесінің   Көшбасшысы»   деп   ағынан   жарылады. Мұндай   марапат   түйіндердің   өзінен   тұтас   бір   энциклопедия   жасақтауға болады.     Ал ең басты баға – Мемлекет басшысына өз халқының берген бағасы. Ол бағаның   қандай   екенін   білгіңіз   келсе,   Елбасы   өңірлерді   аралаған   кездегі халықтың оған деген ықылас­ниетін көріңіз. Қалың жұртты қақ жарып келе жатқанда халықтың көз жанарында тұнған алғыс пен шынайы сенімді көріңіз. Аса ірі халықаралық форумдар мен саммиттерде Елбасы көптің алдына жарқ етіп   шыға   келгенде   алыстың   да,   жақынның   да,   үлкеннің   де,   кішінің   де орындарынан   дүр   етіп   көтеріліп,   ду   етіп   қол   соққанын   көріңіз.   Ұлттық мәселелерді   талқылауға,   талдауға,   шешім   қабылдауға   келгенде   Мемлекет басшысының   жанарындағы   жарқыл   мен   қабағындағы   жалтылды   көріңіз. Осының   бәрін   көріп,   көңілге   пікір   түйіңіз.   Ол   пікір   жұртымыздың   ортақ пікірімен   орайлас,   қолайлас,   қанаттас,   қарымдас   келетінін   сезініңіз.   Сонда адамның көңілінде өз еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезім жаныңды шуаққа, іс­қимылыңды қуатқа бөлейді.    «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан» деген жүрекжарды   жақсы   сөздің   авторы,   жаңа   тұрпатты   мемлекет   орнатып,   жер жүзіне оны толық мойындатып, әлемдік деңгейдегі көшбасшылық биіктікке көтерілген Тұлға –  біздің Елбасымыз – Нұрсұлтан Назарбаев. Әлемде Қазақ елі біреу, оның Көшбасшысы біреу. №15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп­лицейі «Құндылықтар практикасы»  кезіндегі  «Шынайы көшбасшы Н.Ә.Назарбаевқа» жазған  Эссе                                         Шымкент 2015

Шынайы кошбасшы

Шынайы кошбасшы

Шынайы кошбасшы

Шынайы кошбасшы

Шынайы кошбасшы

Шынайы кошбасшы

Шынайы кошбасшы

Шынайы кошбасшы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.01.2017