Сөйлеу қабілеттерін дамытуға арналған дидақтакалық ойындар жоспары

  • docx
  • 20.01.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала сөйлеуді дамытуға арналған дид.ойындар жылдық жоспары..docx

Сөйлеуді дамыту іс –әрекетіне арналған білім беру жобасы

Апта күндері

Сөйлеуді дамыту бөлімі

Дидактикалық

ойын

Мақсаты

Құрал - жабдығы

Қыркүйек – «Балабақша»

1 апта – Менің сүйікті балабақшам -  «Мен балабақшаға барамын!»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

 «Кел ойнайық»»

Қатты дауысты пайдалана білуді шынықтыру.

 

 Ойыншықтар: аю, қоян, түлкі және басқа аңдар.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

 «Айтып берші ?»

Тілдің грамматикалық құрылымын дұрыс қалыптастыруға үйрету, заттарды атап беруге жаттықтыру.

Ойыншықтар, заттық суреттер.

Сәрсенбі

Сөздік қор

 «Мынау не?»

Заттарды атап беруге үйрету,сөздік қорын көбейтуге жаттықтыру.

Заттар,ойыншықтар.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

 «Менің бала

бақшам қандай ?»

Балабақша туралы 1-2 сөз қосып әңгімелеуге үйрету.

Иллюстрациялар,суреттер.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Көпіршік

 

Балалардың сөйлеу тынысын және дыбыстық аппаратын дамыту.

 

«Көпіршік, көпіршік үлкен бол үрлен,

Осылай қал, жарылма түрлен».

Сосын үлкен көпіршік үрленеді (балалар «ү-ү-ү-п» деген дыбысты ұзақ шығарады). Ойын қайталанады.

 

 

Қыркүйек – «Балабақша»

2 апта – Менің достарым  - «Біз тату доспыз»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Сыңғыр - сыңғыр»

 

Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту.

 

 Қоңырау.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Кім жоқ?»

Тығылып қалған баланың атын атап беруге үйрету, сөйлемді толық құрастыруға және сұраққа жауап беруге үйрету.

Суреттер.

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Менің досым қандай ?»

Өз досына сипаттама беруге үйрету, сын есімді сөздерді пайдалануға үйрету.

Суреттер

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

«Саққұлақ»

 

Есту қабілетін дамыту, белсенді сөздікті толықтыру, фразалық сөйлеуін дамыту

 

қалқа (тасалап тұратын нәрсе), қоңырау, сылдырмақ, дабыл және т. б.

 

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Кімнің құсы алысқа ұшады?»

 

Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығаруды қалыптастыру.

Жұқа қағаздан ойып жасалған және айқын боялған құстың пішіндері.

 

Қыркүйек – «Балабақша»

3 апта -   Сүйікті  ойындар мен ойыншықтар – «Ойыншықтар»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Бип, бип, пыш»

 

Еліктеу бойынша дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.

Поездің суреті.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

 «Ойыншықтар қайда ?»

Ойыншықтарды атап және оларды қайда екенін айтып беруге үйрету.

Ойыншықтар

Сәрсенбі

Сөздік қор

 «Ғажайып қалта!»

Ойыншықтарды танып ,атап беруге үйрету.

қалта, ойыншықтар.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

Менің ойыншығым қандай?

Өз ойыншығына сипаттама беруге үйрету, қарапайым алгоритм кестесін пайдалануға үйрету.

Ойыншық, кесте.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Мәшине

«Б» дыбысын дұрыс және анық айтуды қалыптастыру, жеке дыбысқа еліктеп қатты және жай айтуды , кеңістікте бағдарлана білуді дамыту.

Картоннан жасалған (бала санына байланысты) тұтқа, үлкен және кіші мәшинелер.

 

 

 

 

 

Қыркүйек – «Балабақша»

4 апта –  Бізді қоршаған әлем - « Заттық әлем»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Аулада»

 

Тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілеттілігін дамыту

Ойыншық қораз, тауық, қаз, торғай.

 

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

 «Не жоқ?»

Қандай ойыншық жоқ екенін айтып беруге үйрету,зейіндерін дамыту.

Ойыншықтар.

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Мынау қандай зат ?»

Тәрбиеші көрсеткен заттарды атап беруге үйрету,сөздік қорларын көбейтуге жаттықтыру.

Суреттер

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

 «Бір сөзбен ата»

Заттардың тобын бір сөзбен атап беруге үйрету,,байланысты сөйлеуге жаттықтыру.

Әр түрлі заттардың суреттері

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазан – «Менің отбасым»

1 апта –  Менің отбасым,үлкендердің еңбегі - « Ата – аналар еңбегі»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Қатты-ақырын-сыбырлап»

Балаларға қатты,сыбырлап, ақырын сөйлеуге үйрету.

суреттер, ойыншықтар.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Дүкен»

Балаларды рөлдерге бөліп ,сол рөл бойынша әрекет жасауға ,өз ойын сөзбен жеткізуге үйрету.

сюжетті ойын бұйымдары.

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Сөзді айтуға көмектес»

Сөздерді толық әрі дұрыс айтуға үйрету.

суреттер, ойыншықтар.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

«Сипаттап бер»

Мамандықтар туралы байланысты әңгімелеп беруге үйрету.

доп

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Аттар тұяқтарымен тарсылдатады»

Балалардың артикуляциялық аппаратын дамыту. Дыбыстық жаттығу жасау арқылы «р» дыбысын анық айтуға жаттықтыру.

Аттар суреті және ойыншығы.

 

Қазан – «Менің отбасым»

2 апта –  Менің көшем - «Менің көшем»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Дұрыс айт»

 Балалардың  артикуляциялық аппаратын дамыта отырып,дыбыстар мен сөздерді  дұрыс айта білуге үйрету.

Заттық суреттер.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

.«Кімде не бар?»

Заттардын атын дұрыс атай білуді үйрету.

 

қолдарында заттары бар жануарлардың суреттер

Сәрсенбі

Сөздік қор

 «Текшелер»

Сурет бойынша  көлік түрлерін атап береді,сөздік қорларын байытады.

Текшелер –көліктер түрлері.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

 «Бағдаршамның көздері бізге не дейді ?

Бағдаршамның түстері туралы қарапайым әңгіме құрастырып, байланысты сөйлеуге үйрету.

сюжетті суреттер, алгоритм кестесі.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Қандай көлік артық»

Сөйлеу мәдениетін жетілдіре отырып,байланыстырып сөйлеуге  тәрбиелеу.

Көліктер суреті.

 

 

Қазан – «Менің отбасым»

3 апта – Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік  - «Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Мәшине»

 

«Б» дыбысын дұрыс және анық айтуды қалыптастыру, жеке дыбысқа еліктеп қатты және жай айтуды , кеңістікте бағдарлана білуді дамыту.

 

Картоннан жасалған (бала санына байланысты) тұтқа, үлкен және кіші мәшинелер

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Сиқырлы қалта»

Диалогтік сөйлеуде сөздерді дұрыс, анық айтуға, сұраулы сөйлемдерді дауыс интонациясын сақтап, дұрыс айтуға жаттықтыру. Сөйлем қарқынын өзгерте білуге үйрету(мысалы: ақырын сөйлеу)

суреттер,доп

,шар,қуыршақ

Сәрсенбі

Сөздік қор

 «Көлік қандай?»

Тірек сызба арқылы  көлікті сипаттап беруге үйрету.

сызба, әр түрлі көліктердің суретті.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

« Не өзгерді?»

Сөйлеу барысында ойларын дұрыс айтуға үйрету; сурет пен сөз арасында байланыс орнату машығын игеруге дағдыландыру.

сюжетті суреттер.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Қуыршақты киіндіреміз»

Сөйлеу мүшелерін дұрыс қолдана білуге үйрету.Балаларды жыл мезгіліне  сай киінуге  тәрбиелеу.

Қуыршақтар, жылы киімдер.

 

 

 

Қазан – «Менің отбасым»

4 апта – Жомарт күз - «Күз келді»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Жапырақтар»

Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету.

Жұқа қағаздан ойып жасалған сары және қызыл жапырақтар.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

« Не өзгерді?»

 

Сөйлеу барысында ойларын дұрыс айтуға үйрету; сурет пен сөз арасында байланыс орнату машығын игеруге дағдыландыру.

 

Күз суреттері, сары, күрең жапырақтар,жаңбырлы күн суреттері.

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Қандай жемісті  алдың?»

 

 Тірек суретке сүйеніп қандай жемісті қолына алғанын айтып беруге үйрету.

 

жемістер муляждары.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

«Қандай жемісті  алдың?»

Тірек суретке сүйеніп қандай жемісті қолына алғанын айтып беруге үйрету.

жемістер муляждары.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Жел соғып тұр»

 

Кез – келген жағдайларда қатты немесе ақырын дауысты қолдана білуді дамыту.

2 сурет, біреуінде жапырақтарды, гүлдерді тербеткен самал жел бейнеленген, ал екіншісінде ағаштарды тербеткен өткір жел бейнеленген.

 

 

 

 

                                                          Қазан – «Менің отбасым»

                             5 апта –Үй жануарлары  - «Үй жануарлары»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Не қалай дауыстайды ?»

Үй жануарларының төлдерінің атауларын және олардың дауыстарын нақтылап, төлдер туралы ұғымдарын кеңейтеді

Үй жануарларының суреттері

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

« Не қалай жуынады?»

 

Жануарлардың қалай жуынатынын айтады,қимылмен көрсетеді.

Жануарлардың жуынып жатқаны бейнеленген суреттер.

Сәрсенбі

Сөздік қор

« Бір сөзбен ата»

Суреттегі жануарларды  жалпы атауын береді.

Әр түрлі жануарлар суреті

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

«Нені жақсы көреді ?»

 

Үй жануарлары немен  қоректенетінін айтып беруге үйрету

жануарлар мен  қоректерінің суреттері.

 

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Құлыншақ»

«И» дыбысын анық айтуға үйрету.

Ойыншық ат.

 

 

Қараша – «Мықты болып өсеміз!»

1 апта –Бәрі де мен туралы  - « Бәрін өзім жасаймын»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Тез-ақырын»

Балаларға тақпақтарды,жаңылтпаш

тарды тез және ақырын айтуға үйрету.

 

сюжетті суреттер.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Біреу және көп»

Бір және көп заттарды ажырата білуге үйрету.

бір және көп заттар бейнеленген суреттер

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Керісінше айт»

Антоним сөздерді дұрыс айтуға үйрету.

доп

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

 «Диастың бөлмесі»

Үй  - ішіне  қажетті жиһаздардың  жеке бөліктерін сөзбен  дұрыс атап айтуға үйрету.

Бөлме суреттері.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Аттар тұяқтарымен тарсылдатады»

Балалардың артикуляциялық аппаратын дамыту. Дыбыстық жаттығу жасау арқылы «р» дыбысын анық айтуға жаттықтыру.

Аттар суреті және ойыншығы.

 

 

Қараша – «Мықты болып өсеміз!»

2 апта –Дұрыс тамақтану.Дәрүмендер - « Біздің ас мәзірі»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Сағат тықылдайды»

Дыбыстарды айтуды, дыбыстау аппаратын дамыту. «К», «т» дыбыстарының айтылуын бекіту. Біркелкі сөз қарқынын, сөздерді жылдам және баяу, қатты және жай айтуды шынықтыру

Үлкен және кіші сағаттар.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Не қайда жатыр?»

Заттардың атын дұрыс айтқызу, және қайда екенін айтып беруге  үйрету,зейінділігін арттыру.

Тәрбиеші балаларға кез келген затты айтады. Ойынға қатысқан балалар сол заттың қайда жатқанын анықтап,сипаттайды.

Сәрсенбі

Сөздік қор

Азық – түлік дүкенінде!

Сөздік қорларын молайту,азықтарды атауға үйрету.

Азық түлік түрлерінің суреттері.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

«Дүкен»

Балаларды рөлдерге бөліп , байланысты сөйлеуге ,сол рөл бойынша әрекет жасауға үйрету

Бір баланы сатушы етіп,қалған балалар сатып алушы болып ойнайды.

(Мысалы, Сатушы «Келіңіз,сізге не керек?» деген сөздерімен және сатып алушылар «Рахмет» сияқты мейірімді сөздерді қолдана білуге үйрету).

 

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Шөре –шөре»

Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.

Ешкі, жылқы,  сиыр, түйенің суреттері.

 

 

 

Қараша – «Мықты болып өсеміз!»

3 апта – Өзіне және достарыңа көмектес - « Біз шынығамыз!»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Шарды үрле»

Балаларды сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.

шарлар

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Қуыршақты киіндір»

Әр түрлі киімдерді бір сөзбен қалай аталатынын сұрау, киім бөліктерін дұрыс айтып,ажыратуға үйрету

киімдер суреттері, және қуыршақтар суреттері.

Сәрсенбі

Сөздік қор

 «Керісінше айт»

 Антоним сөздерді айтуға үйрету.

суреттер

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

« Не артық?»

Суреттегі артық суретті  тауып, оның неге артық екенін айтып беруге үйрету.

 

Дид.ойын «Не артық?!

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Шар жарылды»

Дыбыстық жаттығу жасау арқылы «ш» дыбысын анық айтуға жаттықтыру.

 

 

 

Қараша – «Мықты болып өсеміз!»

4 апта –Біз күштіміз,мықтымыз  - « Біз күштіміз,мықтымыз»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Сабын көбіктері»

Балаларды дұрыс тыныс алуға үйрету.

сабын көпіршіктері.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Айгүлге серуенге бару үшін не жетіспейді?»

Жыл мезгілдеріне сай киімдерді ажырата білуге , және дұрыс атап сын есімдерді дұрыс,анық атап беруге үйрету.

жыл мезгілдеріне сай киімдердің суреті

Сәрсенбі

Сөздік қор

« Дүкенде»

Сөздік қорларын молайту,киімдерді атауға үйрету.

киім суреттері.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

«Көркем фильм»

Сурет бойынша өлеңді қайталап айтып,әңгімелеп алуды үйрету.

Өлең бойынша салынған суреттер.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Жаңылтпаштар»

Балаларды жаңылтпаштарды дұрыс әрі жылдам айтуға үйрету.

Жаңылтпаштың сюжетті суреті, тірек сызбасы.

 

 

Желтоқсан -«Менің Қазақстаным!»

1 апта – Тарихқа саяхат  - «  Менің мемлекетім !»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Міне, осылай дыбыстарды атайды»

Дыбыстарды дұрыс әрі нақты айтуға үйрету

Тәрбиеші балаларға кез келген дыбыстарды айтады. Ойынға қатысқан балалар сол дыбыстарды анық әрі дұрыс айтуы керек.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Сендердің тілектерің – біздің тілегіміз»

Грамматикалық сөздің құрылысын қалыптастыру

Тәрбиеші өзінің тілегін айтады,балалардан өз тілектерін айтуларын сұрайды.

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Ұзын – қысқа»

 Антоним сөздерді айтуға үйрету.

Ұзын ,қысқа көйлектер бейнелері

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

 «Қатесін тап»

Шатасқан суреттерді  қатарлап қойып ,өлеңді қайталап айтады.

Өлең бойынша суреттер.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Жаңғырық»

Жаңғырықты ауызбен айтуға үйрету.

Тәрбиеші екі затты соғып жаңғырықты балаларға естіртеді, соны ауыздарымен жасап қайталайды.

 

 

Желтоқсан -«Менің Қазақстаным!»

2 апта – Менің туған өлкем! - «Менің туған өлкем!»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Таза айту»

Сөздерді таза айтуға үйрету.

Тәрбиеші балаларға қиын, тілі келмейтін сөздерді айтады,балалар соны қайталайды.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Кімде не бар?»

Заттардын атын дұрыс атай білуді үйрету.

Қолдарында заттары бар балалардың суреттер

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Басқа сөзбен айт»

Туған жер - сөзіне  синонимдік қатар құруды үйрету.Патриоттық тәрбие  бере отырып, баланың тілін дамыту.

суреттер

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

«Мен айтамын сен тап»

Байланыстыра  сөйлеуге  үйрету отырып, танымдық қабілеттерін дамыту.

сюжетті суреттер

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Тауық пен балапандар

Дауысқа еліктеу қабілетін, кеңістікті бағдарлауды дамыту.

Қораз бен балапандардың бастарының суреттері салынған баскиімдер (балалардың саны бойынша

 

 

Желтоқсан - «Менің Қазақстаным!»

3 апта – « Астана  - Отанымыздың жүрегі !»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Саққұлақ

Есту қабілетін дамыту, белсенді сөздікті толықтыру, фразалық сөйлеуін дамыту

қалқа (тасалап тұратын нәрсе), қоңырау, сылдырмақ, дабыл және т. б.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Сиқырлы қалта»

Диалогтік сөйлеуде сөздерді дұрыс, анық айтуға, сұраулы сөйлемдерді дауыс интонациясын сақтап, дұрыс айтуға жаттықтыру. Сөйлем қарқынын өзгерте білуге үйрету(мысалы: ақырын сөйлеу)

суреттер,доп

,шар,қуыршақ

Сәрсенбі

Сөздік қор

 «Сенде не бар ?»

 Баланы қолындағы ойыншыққа сипаттама беруге үйрету (сын есімдерден)

Ойыншықтар

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

 «Буратинога көрсетіп ,түсіндір!

Суретке қарап, қарапайым сөйлемдерді құрастыруға үйрету

сюжетті суреттер

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Аулада

Тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілеттілігін дамыту.

Ойыншықтар

 

 

Желтоқсан – «Менің Қазақстаным!»

4 апта – Тәуелсіз Қазақстан  ( ҚР,Тұңғыш президенті рәміздер )                                                                                           «Менің Қазақстаным»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Аттар тұяқтарымен тарсылдатады»

Балалардың артикуляциялық аппаратын дамыту. Дыбыстық жаттығу жасау арқылы «р» дыбысын анық айтуға жаттықтыру.

Аттар суреті және ойыншығы.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Сиқырлы қалта»

Диалогтік сөйлеуде сөздерді дұрыс, анық айтуға, сұраулы сөйлемдерді дауыс интонациясын сақтап, дұрыс айтуға жаттықтыру

суреттер,доп,шар

,қуыршақ

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Ненің үйі?»

Әр түрлі аңдардың және жануарлардың үйлерін суретке қарап атап беруге үйрету.

Дид.ойын «Не қайда мекендейді?»

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

« Емхана»

Ойында өз рөліне сай сөйлемдерді пайдалануға үйрету.

сюжетті ойын «Емхана»

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Қатты-ақырын-сыбырлап»

 Балаларға қатты,сыбырлап, ақырын сөйлеуге үйрету.

 

 

 

Қантар  -  «Табиғат әлемі»

1 апта –  «Жаңа жыл!»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Қуыршақты киіндіреміз»

Сөйлеу мүшелерін дұрыс қолдана білуге үйрету.Балаларды жыл мезгіліне  сай киінуге  тәрбиелеу.

Қуыршақтар, жылы киімдер.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Түрлі түсті баулар»

Баулардың түстеріне қарап, түстерін атап беруге үйрету.

Қуыршақтың бәтеңкелерінің суреттері, баулар.

Сәрсенбі

Сөздік қор

 «Шыршаға сипаттама береміз»

Тірек сызба арқылы шырша ағашына сипаттама беруге үйрету, сөздік қорларын молайту.

шырша суреті, сызба.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

 «Бізге қонаққа кім келді ?»

Сұрақтарға толық, дұрыс жауап беруге, байланысты сөйлеуге жаттықтыру.

сюжетті суреттер

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Ақшақар

Сөйлеу тынысын дамыту, бірқалыпты және ұзақ дем шығара білуді (ауаны ауызға толтырмай) қалыптастыру.

Мақтаның бірнеше бос түйіршіктері.

 

 

Қантар  -  «Табиғат әлемі»

2 апта –  Айналадағы өсімдіктер  – «Жемістер мен көкөністер»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Көңілді әйткеншек»

Тынысты дұрыс шығаруға , дұрыс тынысты алуға  үйрету. Ерін бұлшық еттерін жаттықтыруға.

әйткеншек

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Қандай жемісті  алдың?»

Тірек суретке сүйеніп қандай жемісті қолына алғанын айтып беруге үйрету.

жемістер муляждары.

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Сипаттамасы бойынша таны»

Жемістерді сипаттама бойынша тауып беруге үйрету.

жемістер муляжи

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

« Бақта бақшада не өседі ?»

 Сұрақтарға дұрыс жауап беруге, байланысты сөйлеуге үйрету.

дид.ойын «« Бақта бақшада не

 өседі ?»

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Бал арасын ұшырамыз»

Ауызбен ұзақ үздіксіз дем шығаруға үйрету.

Бал арасының суреті.

 

 

Қантар  -  «Табиғат әлемі»

3 апта –  Жануарлар әлемі -  «Жабайы аңдар»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Не қалай дауыстайды ?»

Аңдардың  дауыстарын келтіруге  үйрету, қатты –ақырын айтқызу.

Аңдардың суреттері

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

 «Бұл не ?»

Алгоритм бойынша үй жануар туралы  әңгіме құрастыруға үйрету.

Алгоритм, үй жануарларының муляжи.

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Ол қандай ?»

Үй жануарына сипаттама беруге үйрету .

үй жануарлардың суреттері, муляждары.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

 «Әңгіме құрастыр»

 Құрастырылған суреттер бойынша өз ойынан сипаттама әңгімелер құрастыруға үйрету.

қиылған суреттер бөліктері

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

 «Қандай жануардың дауысы?»

Дауысын естіп , қандай жануар екенін тауып беруге үйрету.

суреттер,ТСО.

 

 

Қантар  -  «Табиғат әлемі»

4 апта - Құстар біздің досымыз – «Үй құстары»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

« Қайсы қалай дауыстайды?»

Дауыстарын  қатты және  ақырын  айтуға үйрету.

Құстардың суреттері

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Құстарды  қайтарамыз»

Құстардың атауларын  біліп,атап беруге үйрету.

Құстардың суреттері.

Сәрсенбі

Сөздік қор

 «Айтшы маған ...»

Жануарлардың мінез-құлқын білдіретін етістіктерді таңдап айтуға үйрету.

 

Балалар жануарды атайды немесе көрсетеді, және олар осы жануарға тән әрекеттерді атайды. Мысалы: тиін - секіреді, ;мысық – мияулайды.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

 «Айша не істеді ?»

Қуыршақтың қимыл қозғалысын, және әрекетін айтып береді рет –ретімен.

Қуыршақ, суреттер.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Аулада

Тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілеттілігін дамыту.

Ойыншық қораз, тауық, қаз, торғай.

 

 

Қантар  -  «Табиғат әлемі»

5 апта –  Сиқырлы  қыс – « Қош келдің ақ қарлы қыс!»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Қар бүршікті үрлеу»

Дұрыс тыныс шығаруға үйрету.

қолғап және қар бүршіктердің суреттері

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

« Сөйлемді жалғастыр»

Әрекеттің аяқталуын білдіретін етістіктерді таңдап айтуға үйрету

 

Тәрбиеші сөйлемді бастайды, ал бала жалғастырады:

Жұлдыз оянып, ... (бетін жуады ).

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Қуыршақты киіндір»

Әр түрлі киімдерді бір сөзбен қалай аталатынын сұрау, киім бөліктерін дұрыс айтып,ажыратуға үйрету

2 қуыршақтар, киімдер суретті.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

« Қысқы ойындар»

Сюжетті суреттер бойынша қысқы ойындар туралы сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Қысқы ойындар сюжетті суреттер

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Ақшақар

Сөйлеу тынысын дамыту, бірқалыпты және ұзақ дем шығара білуді (ауаны ауызға толтырмай) қалыптастыру.

Баланың алақанына «ақшақарды» салады және қалай үрлеу керек екенін көрсетеді. Сосын бала үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.

Ақша қар, Ақша қар

Аппақ болып қонасың.

Тоса қалсам қолымды,

Алақаныма қонасың.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпан  -  « Бізді қоршаған әлем!»

1 апта –   Ғажайыптар әлемі (өлі табиғат құбылыстары) – «Табиғат – біздің үйіміз. Таза ауа.»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Жапырақтар

Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету.

Бала жапырақтар ұшатындай, оларға үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Бұл қай кезде болады?»

Тәулік  бөліктерін дұрыс айтып беруге үйрету,балалармен тәулік бөліктерін бекіту (таңертең,күндіз,кеш,түн)

Тәулік бөліктері суреті.

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Түрлі түсті сандық»

Сөздерді дұрыс сәйкестендіруге назар аударуды үйретеміз.

Мысалы :алма қызыл, доп домалақ.

заттық суреттер.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

«Үйшікей»

Ертегі бойынша рөлдерін дұрыс уақытында айтып беруге үйрету.

Конус театры.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Немен ойнап отырмын, тапшы?

Тұрақты есту қабілетін дамыту, дыбысталуы бойынша аспаптарды айыра білу.

Дабыл, сылдырмақ, сырнай және т. б.

 

Ақпан  -  « Бізді қоршаған әлем!»

2 апта –  Көліктер -  «Қонаққа немен барамыз?»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Бип, бип, пыш

Еліктеу бойынша дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту

Паравоздың суреті.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Қай жерде не бар?»

Кеңістік бейнеленген суреттерді қайда не тұрғанын атайды,

кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

 

Топтағы ойыншықтар.

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Бір сөзбен айт»

Заттарды танып бір сөзбен айтуға үйрету.

Ыдыстардың,

ойыншықтардың,

жануарлардың суреттері.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

 «Қандай көлік?»

Алгоритм бойынша көлікке сипаттама беруге жаттықтыру.

ойыншықтар, алгоритм сызбасы.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Кеме

Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығара білуді қалыптастыру. Ерін бұлшық еттерін белсендіру.

Су құйылған шара және қағаз кемелер.

 

Ақпан  -  « Бізді қоршаған әлем!»

3 апта –  Электроника әлемі – «Үйдегі тұрмыстық бұйымдар»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Көпіршік

Балалардың сөйлеу тынысын және дыбыстық аппаратын дамыту.

Ойынды бірнеше адам ойнайды. Олар тығыз шеңбер жасап тұрады және бір-біріне «түтікше» етіп жұдырықтарын қойып, ойдан көпіршік үрлейді.

«Көпіршік, көпіршік үлкен бол үрлен,

Осылай қал, жарылма түрлен».

Сосын үлкен көпіршік үрленеді (балалар «ү-ү-ү-п» деген дыбысты ұзақ шығарады). Ойын қайталанады.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Нені қайда салады?»

Ыдыс аяқ түрлерін ажырата білуге үйрету.

ыдыс аяқтың суреті

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Не үшін керек?»

Заттардың қасиеттерін мен сапасын,көлемін, түсін ,пішінін анықтап,олар не үшін керектігін білдіретін сөздермен сөздік қорларын толықтыру.

А-3 Тоңазытқыш,

шаңсорғыш,теледидар, электроплита, үтік.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

«Анасын тауып бер»

Жануарлардың төлдерін тауып атап беруге үйрету.

дид.ойын «Төлін тап»

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Қонжықтар бал жейді»

Балалардың артикуляциялық аппаратын дамыту.

Қонжықтардың суреті.

 

Ақпан  -  « Бізді қоршаған әлем!»

4 апта –  Барлық мамандық  қажет -  «Балабақшада кімдер жұмыс істейді?»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Жаңылтпаштар»

Балаларды жаңылтпаштарды дұрыс әрі жылдам айтуға үйрету.

Тәрбиеші балаларға жаңылтпаштарды айтады. Балалар оны дұрыс әрі жылдам қайталап айтуы керек.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Кім не істейді?» (етістіктер)

Балаларға есімдерді дұрыс атауды үйрету, мамандықтардың атауларын бекіту.

әр - түрлі мамандықтардың суреттері

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Сипаттап бер»

Балаларға  допты лақтырып ,мамандықты  атайды,балалар олар не істейді екенін айтуға үйрету.

Дәрігер  -   (емдейді), аспаз -  ( тамақ пісіреді),шаштараз  -  (шаш алады),

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

«Қандай көлік артық»

Сөйлеу мәдениетін жетілдіре отырып,байланыстырып сөйлеуге  тәрбиелеу.

Көліктер суреті.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Не дыбыстайды?»

Балалардың ненің қалай дыбыстайтынын білуі,айтуы керек.

Топта не дыбыстайтынын айтып беру. Сипаттау арқылы балалар не дыбыстайтынын табуы тиіс.

 

 

 

 

Наурыз  -  « Салт –дәстүрлер мен фольклер»

1 апта –  «Қазақтың салттары мен дәстүрлері»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Ән – жыр

   Дыбысты дұрыс айтуды бекіту. Тілдік естуді және тілдік белсенділігін, еліктеу бойынша дыбыс тіркесін және дыбыстарды айта білуін дамыту.

Бұзау, лақ, қозы, бота.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

 «Ғажайып қоржын»

Балаларды заттарды тиісті қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.

қоржын, ойыншықтар

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Қуыршаққа шай берейік»

Ыдыс – аяқ түрлерін  , дұрыс атауларын; олардың не үшін қажеттілігін білуге тәрбиелеу.

 Ойыншық үстел, орындықтар  ойыншық ыдыстар.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

 «Әжеге көмектес»

Сызбаға қарап, әжеге керекті ыдысты алып беруге және айтып беруге үйрету.

 Сызба.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Жаңғырық»

Жаңғырықты ауызбен айтуға үйрету.

Тәрбиеші екі затты соғып жаңғырықты балаларға естіртеді, соны ауыздарымен жасап қайталайды.

 

 

 

Наурыз  -  « Салт –дәстүрлер мен фольклер»

2 апта –  Ертегілер елінде.Театр әлемі –« Ертегілер кейіпкерлері»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

« Сайқы

мазаққа көмектес»

Балалардың ненің қалай дыбыстайтынын білуі,айтуы керек.

Ойыншықтар.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

 «Сөз қос»

Сөзге сөз қосып,сөйлем құрастырту арқылы баланың зейінін,шапшаң ойлауын дамыту.

 Заттық суреттер

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Кімде не бар?»

Заттардын атын дұрыс атай білуді үйрету.

қолдарында заттары бар жануарлардың суреттер

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

« Бауырсақ»

ертегіні сахналау

Балаларды рөлдерге бөліп ,сол рөл бойынша әрекет жасауға үйрету.

ойыншық театры

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Сабын көбіктері»

Балаларды дұрыс тыныс алуға үйрету.

сабын көпіршіктері.

 

 

Наурыз  -  « Салт –дәстүрлер мен фольклер»

3апта –  . Халық шығармашылығы  – «Ұлттық ойындар»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

 «Саңырау телефон»

Балаларды сыбырлап сөйлегенді мұқият тыңдауға жаттықтыру.

 

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

 «Сиқырлы суреттер»

Сурет бөліктерін құрастырып  заттың атауын және сипаттамасын атап береді.

әр түрлі сурет бөлінділері.

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Дастарқан мәзірі»

Балаларды тағамдардың жалпы және жеке атауы ажыратып атай білуге үйрету. Дастарқан мәзірін жасауда қажет заттарды айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.

дастарқан, оған қажетті заттар, тағам түрлері.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

«Кім көңілді,ашулы, көнілсіз?»

Балаларды  суреттегі  бет – әлпет бойынша ым мен мимикаға байланысты  көңіл күйді  ажырата білуге үйрету. Көңіл күйді  білдіретін сөздерді дұрыс айтқызу.

Әр түрлі мимикадағы  балалардың суреттері.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Не істеу керек, табамыз»

Есту зейінін жұмылдыра

білуін дамыту. Сылдырмақтың дыбысымен өзінің қозғалысының арақатынасын белгілеу, қозғалыс сәйкестігін дамыту.

Сылдырмақ, екі жалауша.

 

 

Наурыз  -  « Салт –дәстүрлер мен фольклер»

4 апта –  Нұр төккен –гүл көктем -  «Көктем мезгілі»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Ұш, көбелек!»

Ұзақ, үздіксіз дем шығара білуді қалыптастыру.

2-3 қағаздан жасалған, айқын боялған көбелектер

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Бұл қай кезде болады?»

Суреттерге қарап дұрыс сұрақтарға жауап беруге үйрету,

жыл мезгілдері және табиғат құбылыстары туралы түсініктерін арттыру

жыл мезгілдерінің суреттері

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Қарама – қарсы сөздер»

Антоним  сөздерді  салыстыру жолымен  балалардың  ой – өрісін кеңейту, сөздік қорын қарама - қарсы  сөздермен молайту,зейінділігін арттыру

карточкалар.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

« Не өзгерді?»

Сөйлеу барысында ойларын дұрыс айтуға үйрету; сурет пен сөз арасында байланыс орнату машығын игеруге дағдыландыру.

көктем  суреттері ,бәйшешектер, қызғалдақтар.жаңбырлы күннің суреті.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Кім алғыр?»

Құлақтың естігіштігін, сөздік нұсқаулықты оны айтатын дауыс күшіне қарамастан дұрыс қабылдай білуді дамыту.

 Ойыншықтар: қуыршақ, аю, мәшине.

 

 

 

Сәуір -  «  Бірге еңбек етеміз!»

1 апта –  Ғарышты зерттейміз   -    «Алақай күн шықты!»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Сыңғыр – сыңғыр»

Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту

Қоңырау.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

 «Не артық?»

Балаларды суретке қарап  заттардың жеке және жалпы аттарын айтқызуға, суреттерді топтастыруға үйрету.

Дид ойын «Не артық?»

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Бұл киімдерді қай мезгілінде киеді?»

Әр жыл мезгілінде қандай киімдер  киетінін  баяндату арқылы сөздік қорларын молайтып ,ауызекі сөйлеуге баулу.

суреттегі киімдерді қай мезгілде  киетіндігін айтқызу.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

Телефон

Естіген сөзді екінші балаға жеткізуге дағдыландыру,диалогты сөйлеуге жаттықтыру.

ойыншық телефон

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Жел соғып тұр»

Кез – келген жағдайларда қатты немесе ақырын дауысты қолдана білуді дамыту.

2 сурет, біреуінде жапырақтарды, гүлдерді тербеткен самал жел бейнеленген, ал екіншісінде ағаштарды тербеткен өткір жел бейнеленген.

 

 

Сәуір -  «  Бірге еңбек етеміз!»

2 апта –  Ас атасы – нан -  «Ас дәмді болсын!»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Тәтті тосап».

Тіл бұлшық еттерін жаттықтыруға үйрету.

Біз анамыз дайындаған тәтті тосапты жақсы көреміз. Тосап тіл үйіреді. Тосап ерінімізге жұғып қалыпты. Тілді ерінге қойып, ерінге жұққан тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатады. Бұл жаттығу 2-3 рет орындалады.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Ол қандай?»

Зат есімдерге  сын есімдерін  қосып айтуға үйрету.

Доп лақтырып : нан – жұмсақ, ақ, қара.

Сәрсенбі

Сөздік қор

 «Мамандықтарын атап бер?»

Балалардың астық өсіруші және одан нан жасаушы мамандықтар туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байыту.

тракторшы, комбайыншы,

диерменші,

наубайшының суреттері

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

 «Не бірінші ,не содан кейін?»

Себепті байланыстарын байқап ,түсініп айтып бергу үйрету, байланысты сөйлеуге үйрету.

сюжетті суреттер

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Ыстық шай»

Балаларға тілдік тыныс  алу барысында дем алудың қысқа, дем шығарудың ұзағырақ боларын үйрету

Үлестірмелі материал.

 

 

 

Сәуір -  «  Бірге еңбек етеміз!»

3 апта –  Жәндіктер ,қос мекенділер  -  «Жәндіктер»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Ұш, көбелек!

Ұзақ, үздіксіз дем шығара білуді қалыптастыру

 2-3 қағаздан жасалған, айқын боялған көбелектер.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

« Балық аулау»

Сұрақтарға жауап бергізе отырып,балалардың  сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Қағаздан жасалған балықтар суреттері.

Сәрсенбі

Сөздік қор

 «Ыдыстарды толықтыр»

Ыдыстардың аттарын атап, оларды  толықтыруға қажетті құралдарды тапқызып айтқызу.Жалпы және жеке  атауларын меңгерту.

Ыдыстардың суреттері.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

«Мен айтамын сен тап»

Байланыстыра  сөйлеуге  үйрету отырып, танымдық қабілеттерін дамыту.

Жәндіктердің  суреттері.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Қанқызы аспанға ұшады»

Ауызбен ұзақ үздіксіз дем шығаруға үйрету.

қанқызының суреті

 

 

 

 

Сәуір -  «  Бірге еңбек етеміз!»

4 апта –   «Достарымызға көмек беруді  үйренеміз»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Кім алғыр?

Құлақтың естігіштігін, сөздік нұсқаулықты оны айтатын дауыс күшіне қарамастан дұрыс қабылдай білуді дамыту.

Ойыншықтар: қуыршақ, аю, мәшине.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Жаңа қуыршақ»

Баланы топ бөлмесіндегі заттарды дұрыс атап, тілдерін , зейіндерін дамыту.

Балаларға бұрын таныс емес қуыршақ

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Қуыршаққа ыдысты таңдап бер»

Балалардың ыдыс-аяқтар жайлы білімдерін пысықтау, оларды қажетіне қарай қолдана білуге үйрету, тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту, зеректікке, тапқырлыққа тәрбиелеу

Үш қуыршақ (аспазшы,тәрбиешінің көмекшісі, қуыршақ – қыз), ыдыс-аяқтар бейнеленген көлімдері 5×5см карточкалар.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

« Не қалай қозғалады?»

Балаларды жануарлардың қозғалыс түрлерін айыруға. Қарапайым сөйлем құрастыруға үйрету

текше , суреттер.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Сыңғыр - сыңғыр

Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту.

Қоңырау.

 

 

Сәуір -  «  Бірге еңбек етеміз!»

5 апта –  Еліміздегі бірлік пен татулық  –  « Достығымыз жарасқан!»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

«Дұрыс айт»

Балалардың  артикуляциялық аппаратын дамыта отырып,дыбыстар мен сөздерді  дұрыс айта білуге үйрету.

Заттық суреттер.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Гүл»

Балаларға гүл  күлтелерінің түстерін атату,сөз,сөйлем құрастыру  арқылы баланың сөйлеу қабілеттерін дамыту.

 Гүл суреттері

Сәрсенбі

Сөздік қор

« Кім жылдам?»

Отбасы мүшелерін ажыратып,оларды дұрыс атай білуге машықтандыру,сөздік қорларын байыту.

Отбасы мүшелерін суреттері.

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

 «Қайсысы қайда тіршілік етеді ?»

Суреттен көрген заттарының аттарын атап, олар қайда өмір  сүретінін айтқызу, байланысты сөйлеуге жаттықтыру.

Теледидар,әр түрлі жануарлар, құстар суреті.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Немен ойнап отырмын, тапшы?

Тұрақты есту қабілетін дамыту, дыбысталуы бойынша аспаптарды айыра білу.

Дабыл, сылдырмақ, сырнай және т. б.

 

 

 

Мамыр  -  «Әрқашан күн сөнбесін!»

1апта –  Отан қорғаушылар күні –   (Әскер РК, ҰОС ардагерлері)

 «Біз мықты ,ептіміз!»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Саққұлақ

Есту қабілетін дамыту, белсенді сөздікті толықтыру, фразалық сөйлеуін дамыту

қалқа (тасалап тұратын нәрсе), қоңырау, сылдырмақ, дабыл және т. б.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

 «Сөйлемді жалғастыр»

Балаларды берілген тапсырманы мұқият тыңдап орындауға,сөйлемді жалғастыра білуге,сөйлемнің неше сөзден құралғаның айтуға үйретіп,тапқырлыққа баулу.

 сюжетті карточкалар.

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Басқа сөзбен айт»

Сарбаз сөзіне  синонимдік қатар құруды үйрету.Патриоттық тәрбие  бере отырып, баланың тілін дамыту

Мысалы : Батыр, ержүрек ...

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

 «Буратино нені шатастырды?»

Буратино берген сипаттамада қатесін тауып дұрыс сипаттама беруге үйрету.

заттық суреттер.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Қатты - ақырын

    Дауыс күшін алмастыра білуге үйрету: біресе қатты, біресе жай.

Үлкен және кіші иттер немесе басқа ойыншықтар

 

 

Мамыр  -  «Әрқашан күн сөнбесін!»

2апта –  Екібастұз –кеншілер мекені – «Менің қалам»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Кел, ойнайық!

Қатты дауысты пайдалана білуді шынықтыру

Ойыншықтар: аю, қоян, түлкі және басқа аңдар.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

«Ұзақ сөйлеммен айт»

сурет бойынша сөйлем құрастырту,қысқа сөйлемнен ұзақ сөйлемге дейін құрастырту.

сюжетті суреттер

Сәрсенбі

Сөздік қор

«Сипаттамасы  бойынша таны»

сипаттау арқылы нені айтып тұрғанын балаларға таба білуге үйрету

ойыншықтар

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

«Жалпы атауын ата»

Балаларға заттардың жеке - жеке  таныта келе ,ең соңында  заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешу  арқылы  тапқырлыққа ,шапшаңдылыққа баулу

жемістер,ойыншықтар

,үй жиһаздары

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Қуыршақты оятпа

Ақырын дауысты қолдана білуді дамыту.

Жабылатын көздері бар қуыршақ, төсек орын жабдықтарымен кереует,майда ойыншықтар (текше, доп, мәшине және т. б.) ойыншықтарға арналған қорабы

 

 

 

Мамыр  -  «Әрқашан күн сөнбесін!»

3апта –  Менің қолымнан бәрі келеді – «Менің қолымнан бәрі келеді»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Көпіршік

Балалардың сөйлеу тынысын және дыбыстық аппаратын дамыту.

Ойын барысы: Ойынды бірнеше адам ойнайды. Олар тығыз шеңбер жасап тұрады және бір-біріне «түтікше» етіп жұдырықтарын қойып, ойдан көпіршік үрлейді.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

 «Жалпы атауын ата»

Әр түрлі суреттерді топтастырып жалпы атауларын атап беруге үйрету.

  суреттер.

Сәрсенбі

Сөздік қор

 «Еркелетіп ата»

Төлдерді еркелетіп атауға үйрету, тілдерін дамыту, сөздік қорларын  толықтыру.

төлдердің суреттері

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

«Мен айтамын сен тап»

Байланыстыра  сөйлеуге  үйрету отырып, танымдық қабілеттерін дамыту

Жәндіктердің  суреттері

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Кімнің құсы алысқа ұшады?

Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығаруды қалыптастыру.

Жұқа қағаздан ойып жасалған және айқын боялған құстың пішіндері.

 

 

 

Мамыр  -  «Әрқашан күн сөнбесін!»

4апта –  Қош келді  жаз – «Қош келді  жаз!»

Дүйсенбі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Кеме

Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығара білуді қалыптастыру. Ерін бұлшық еттерін белсендіру.

Су құйылған шара және қағаз кемелер.

Сейсенбі

Тілдің грамматикалық құрылымы

 «Біз не істей аламыз»

Етістіктерді сөйлемдерде қолдануға үйрету.

Мысалы : Орманда не істейміз? – жидек, саңырауқұлақ жинаймыз,қыдырамыз.

Дүкенде не істейміз ? – заттар сатып аламыз, қараймыз.

Сәрсенбі

Сөздік қор

 «Сөзді өзгерт»

Ойыншықтарды көпше түрде атап беруге үйрету.

заттық суреттер

Бейсенбі

Байланыстырып сөйлеу

« Не өзгерді?»

Сөйлеу барысында ойларын дұрыс айтуға үйрету; сурет пен сөз арасында байланыс орнату машығын игеруге дағдыландыру

Жаз  суреттері , қызғалдақтар.жаңбырлы күннің суреті.

Жұма

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Сағат тықылдайды

Дыбыстарды айтуды, дыбыстау аппаратын дамыту. «К», «т» дыбыстарының айтылуын бекіту. Біркелкі сөз қарқынын, сөздерді жылдам және баяу, қатты және жай айтуды шынықтыру.

Үлкен және кіші сағаттар.