Зорлық-зомбылықтың түрлері
Психологиялық зорлық-зомбылық
Оқушының немесе ересек адамның басқа бір адамды тілдеп,кемсітіп, қорлап, келемеждеп, кемітіп, қатты сөз айтуы. Оқушы немесе ересек адам басқа бір адамды үрейін алу немесе зәресін ұшыру үшін дене зиянын тигізетіндігін айтып,қорқытады.
Қоқан-лоқы
Оқушының немесе оқушылар тобының басқа бір оқушыдан, егер оқушы оның қалағанын бергісі келмесе көбінесе дене зорлық-зомбылығын көрсететіндігін айтып, қорқыту арқылы ақша немесе басқа жеке заттарын талап етуі.
Қатарластардың ізіне түсуі
Мектеп жасындағы балалар арасында балалардың жасы, бойы немесе әлеуметтік мәртебесі негізінде күш-қуат теңгеремінің нақты бұзылуына немесе бұзылған болып көрінуіне әкелетін жағымсыз, агрессивті мінез-құлық. Мінез-құлық қайталанады немесе уақыт өте келе қайталану әлеуетіне ие болады. Ізге түсу, қоқан-лоқы, қауесет тарату, әрекетпен немесе сөзбен тиісу, біреуді қасақана топтан шығару секілді әрекеттерден тұрады.
Сөзбен қорлаушылық
Мазақтау, балағаттау, мысқылдау,зиян келтіремін деп қорқыту.
Әлеуметтік қорлаушылық
Біреудің беделіне немесе қарым-қатынасына нұқсан келтіру үшін қасақана қауесет немесе өсек тарату, біреуді әдейі көзге ілмеу, кейбір оқушыларды біреумен дос болмауға айдап салу, біреуді жұрт алдында абыржытып, ұялту.
Дене қорлығы
Адамның денесіне немесе заттарына зиян келтіру үшін зат қолдану
Заманауи коммуникация құралдарын қолдану арқылы қорлаушылық
Оқушының басқа оқушының жанын ауырту немесе оны абыржыту үшін еміну, қорқыту немес абыржыту арқылы , мысалы, жағымсыз, тұрпайы,аяусыз,SMS хабарламалар көрсетуі немесе жіберуі және интернетте жеке ақпарат, фотосуреттер немесе бейнежазбалар орналастыруы
Кемсітушілік
Оқушының жынысына, ұлтына, этникалық немесе әлеуметтік –экономикалық жағдайына , діни нанымына немес мүгедектігіне байланысты кемсітіп қарау не келтіретін зияны.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.