«Smile»
Әлеуметтік жоба
Жобаның авторы: Мубинов Жангир Жасжигерович
Аудитория: балалар мен ата-аналар
Жоба құндылығы: 300 000 тг
Проблема сипаты:
Онкоаурумен ауыратын балалардың және өмір қиындығына түскен балалардың ауруханалардағы бөлмелерінде ойыншықтар мен басқа да қызықты заттар болмауы, қоғамнан алшақтануы, оларға қолдаулардың аз болуы, өмірге деген мотивацияларының аз болуы, коммуникацияның аз болуы, уақыттарын қалай өткізу керектерін білмейтіндігі. Міне осы негізгі проблемалар!
Ұсынылған шешім:
Ұсынатын әлеуметтік жобам «Аниматорский клуб с живым уголком» осы жобамда, аниматорлық жұмыстар жасаумен қатар, онкоаурумен ауыратын балалармен, мүмкіндігі шектеулі, басқада өмір қиындығына түскен балаларға:
1. Тегін аниматорлық шоулар
2. Шағын концерттер
3. Сыйлықтар
4. Коммуникация жасау арқылы барьерды бұзу
5. «Живой уголок» арқылы оларға контактный зоопарк жасау, осы арқылы олар өмірге деген құштарлықтары одан сайын артады
Осы жобаны іске асырмастан бұрын:
1. Сауалнама жүргіземін көшеде немесе интернетте
2. Жаңа идеялар ұсынатын интернеттен форум өткізу
3. Медмекемеден рұқсат алу
4. Ата-аналармен жұмыс
5. Балалармен жұмыс
6. Команда жинау
7. Волонтерларлық ұйымдармен жұмыс
Осылардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты.
Күтілетін нәтижелер:
Ата-аналармен тығыз байланыс болуы,балалардың өмірге деген құштарлықтарының артуы, коммуникациянын болуы, қоғаммен бірге болуы, әрқашан күлімдеу жүруі, эмоциялық, психоголиялық жағдайларының жақсаруы. Өйткені жақсы көңіл-күй жақсы емші.
Әлеуметтік әсер:
Осы аниматорлық клубтың жұмысы қарқанды жүріп жатса, әр өткізген шаралардың ақшалардың 30% жинап, басқа әлеуметтік көмектер көрсетіледі.
Өмір қиындығына түскен балаларға көмек пен қолдау, оларға жақсы көңіл-күй сыйлау арқылы өз ауруларын жеңуге көмектесу.
Бұл жобадан 2 жақта пайда көреді, біріншіден аниматорлық клубтың рекламасы, имиджын көтеру ол арқылы басқа әлеуметтік көмек жасау, екінші пайданы көретін балалар мен ата-аналар оларға көмек пен қолдау болып табылады.
Экономикалық әсер:
Бұл жоба іске асырылғаннан кейін, тапсырыстар түскенге байланысты жұмыс жасайды, бірақ тегін концерттер мен шоулар жиі өткізіліп тұрады. Жобаның 30%ы әлеуметтік көмекке кетсе, тағы 30%ы «Живой уголок» жұмысына кетеді.
Бұл жоба тек ақша табу көзі емес, балалар мен ата-аналарға күлкі мен жақсы көңіл-күй сыйлау.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.