Қысқа мерзімді сабақ жоспары
6-бөлім: Спорттық командалық ойындар арқылы бірлесе әрекет етуі (волейбол) |
Мектеп: Ж. Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ |
||||||||||||||||||||
Күні: 03-04.02.22ж |
Мұғалім: Култумбаев Есен |
||||||||||||||||||||
Сынып: 7 «б,в,г,ғ» Сабақ: 57 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Спорттық ойындар. Допты ойынға қосылғаннан кейінгі іс-қимыл |
||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.2.2.2. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді талқылау және көрсете білу |
||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылардың барлығы орындай алады: Дене жаттығулары кезіндегі мүмкін қауіп-қатерлерден хабардар. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Дене жаттығулары кезіндегі әртүрлі жаттығулар реттілігінде түрлі комбинацияларды орындауды түсіне алады Оқушылардың кейбірі орындай алады: Жаттығуларды жүзеге асыру кезіндегі жаттығулар реттілігін орындай алады, көшбасшылық дағдыларын біледі.
|
||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
|
||||||||||||||||||||
Сабақ жоспары |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин
|
Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Ø Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Ø Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Ø Бағалау критерийлерін анықтау. Ø Қауіпсіздік ережелерін ескерту. «Шаттық щеңбері» Оқушылар бір-біріне, және бүгінгі күнге тілек айту. Саптық жаттығулар: -«оңға», «солға», «айнал». Жүру жаттығулары: - қол алда, аяқтың ұшымен жүру, - қол белде, өкшемен жүру, - қол желкеде, жартылай отырып жүру, - қол белде, толық отырып жүру. Жүгіру жаттығулары: - қол алда, аяқты алға сермей жүгіру, - қол артта, аяқты артқа қайшылап жүгіру, - қолды шынтақтан сермеп, оң йықпен алға жүгіру, - артпен сол йықтан алға қарап жүгіру, Жалпы дамыту жаттығулары: Тыныс жолдарын қалпына келтіру,
|
Оқушылар қатарда түзу тұрып, сапта тұру ережелеріне мән береді. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдайды.
Денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын толықтай орындайды. |
ҚБ: қошемет сөздер:
|
Әрбір жаттығу үшін бос кеңістік,
Презентация:
|
|||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин
|
Белсенді оқыту әдісі: «Миға шабуыл» 1. Бой қыздыру жаттығулары не үшін қажет, деп ойлайсыңдар? 2. Дене жаттығулары кезінде сақталатын қандай қауіпсіздік ережелерімен таныссыңдар? 3. Жалпы дене жаттығуларының адам ағзасына қандай әсері бар? Ойын техникасы туралы білімдерін жетілдіру,
Волейбол ойыны техникасын жетілдіру жаттығуларын орындату: 1.Оқушылар бір қатарда тұрады, алдыңғы оқушы допты қабырғадағы нысанаға жоғарыдан беру арқылы бағыттайды, және орнында бұрылып шоршыған допты төменнен қабылдап, қайтадан нысанаға бағыттайды. Өзі сол саптың артына барып тұрады. Екінші оқушы сол допты түсірмей қағып алып, қабырғадағы нысанаға қайтадан жоғарыдан бағыттайды. Жаттығу осылай қатардағы оқушылар толық орындағанша жалғасады.
2.Допты жоғары лақтырып, 1,5-2 м дейін, екі қолмен жоғарыдан қабылдау. 3.Ілініп қойылған допты, бір орында тұрып, жүріп, жүгіріп келіп жоғары екі қолмен бағытта Дене жаттығуларының орындалу нәтижесіне қарай, оқушылар бір-бірлерін бағалайды.
|
Оқушылар түзетуші комментарийлер бере отырып, жаттығуды орындаудың әрбір реттілігінде бір-бірін бақылайды.
Орын ауыстыру, жүріс, жүгіру және секіру жаттығуларын жасау кезінде, орындалу реттілігін сақтайды.
|
Дескриптор: - жалпы дене жаттығулары кезіндегі сақталатын қауіпсіздік ережелерін біледі; - жаттығуларды орындау реттілігін сақтайды;
ҚБ: бір-бірін бағалау «Шапалақ» әдісімен бағалау
Бүгінгі сабақта өтілген команда құрамында орындалатын әрекеттері туралы түсінгендерін бағалау. |
Әрбір жаттығу үшін бос кеңістік, ысқырық, секундомер
Дереккөздер: https://malimetter.kz/volejbol/
Волейбол ойыны: https://youtube.com/watch?v=0jYa7SZcmgs&feature=share
https://youtube.com/watch?v=X98cTI6XGao&feature=share |
|||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин
|
Сабақты қорытындылау Кері байланыс, «Білем» бағанына осы сабақ алдында білетіндерін жазу. «Білдім»- бүгінгі сабақта не білгендерін, үйренгендерін жазу. «Білгім келеді»- келесі сабақта қандай нәрсе үйренгісі келетіндерін жазу.
Рефлексия: - нені білемін, нені үйрендім - не түсініксіз болды - немен міндетті түрде жұмыс жасау керек Үйге тапсырма.
|
Оқушы қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді. |
ҚБ: «Бас бармақ» арқылы бағалау
|
Үлкен бос кеңістік, секундомер.
|
|||||||||||||||||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.