Қысқа мерзімді сабақ жоспары
6-бөлім: Кросс, гимнастика дайындығы |
Мектеп: Ж. Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ |
||||||||||||||||||||
Күні: 17-25.01.22ж |
Мұғалім: Култумбаев Есен |
||||||||||||||||||||
Сынып: 7 «б,в,г,ғ» Сабақ: 51 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Спорттық ойындар. Орын ауыстыру |
||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.1.3.3. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті жетілдіру және жинақтау. |
||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылардың барлығы орындай алады: Арнайы спорттық техника жаттығуларын орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Арнайы спорттық жүктемелерді орындау кезіндегі әртүрлі жаттығулар реттілігінде түрлі комбинацияларды орындауды түсіне алады Оқушылардың кейбірі орындай алады: Жаттығуларды жүзеге асыру кезіндегі жаттығулар реттілігін жетілдіре алады, көшбасшылық дағдыларын көрсете біледі.
|
||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
|
||||||||||||||||||||
Сабақ жоспары |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин
|
Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Ø Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Ø Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Ø Бағалау критерийлерін анықтау. Ø Қауіпсіздік ережелерін ескерту. «Шаттық щеңбері» Оқушылар бір-біріне, және бүгінгі күнге тілек айту. Саптық жаттығулар: -«оңға», «солға», «айнал». Жүру жаттығулары: - қол алда, аяқтың ұшымен жүру, - қол белде, өкшемен жүру, - қол желкеде, жартылай отырып жүру, - қол белде, толық отырып жүру. Жүгіру жаттығулары: - қол алда, аяқты алға сермей жүгіру, - қол артта, аяқты артқа қайшылап жүгіру, - қолды шынтақтан сермеп, оң йықпен алға жүгіру, - артпен сол йықтан алға қарап жүгіру, Жалпы дамыту жаттығулары: Тыныс жолдарын қалпына келтіру,
|
Оқушылар қатарда түзу тұрып, сапта тұру ережелеріне мән береді. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдайды.
Денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын толықтай орындайды. |
ҚБ: қошемет сөздер:
|
Әрбір жаттығу үшін бос кеңістік,
Презентация:
|
|||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин
|
Белсенді оқыту әдісі: «Сұрақ ілмегі» әдісі
Оқушыларды топқа бөлу. 1 – топ Волейбол ойынының негізгі тұру қалпы, тұрысы, орын ауыстыру туралы түсінбеген жерлерін сұрақ белгісі бар бағанға белгілейді. 2 – топ сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылар өздерінің түсінбеген жерлерін осылай ашық айтуға дағдыланады, сұрақ қою, диалог арқылы сабақ мақсатын меңгере алады. Өз ойларын талқыға сала алады, тұжырымдай біледі.
Оқушыларға ойыншының әр аймақта тұру қалпы, негізгі тұрысы, орын ауыстыру туралы түсінік беру. - тіркемелі адымдар жасау, - жүгірістер жасау, - секірмелі қадамдар.
Волейбол ойынының техникасын меңгеруге арналған жаттығуларын орындату: 1.Бір орында жүгіруден алға жүгіруге ауысу әрекеттерін жасау. 2.тізені көтеріп жүгіру, кілт тоқтап үдемелі жүгіріске өту. 3.оң жақ және сол жаққа тіркемелі қадаммен жүгіру. 4.орын ауыстырудан кейін кез келген бағытқа секіру.
Дене жаттығуларының орындалу нәтижесіне қарай, оқушылар бір-бірлерін бағалайды. |
Оқушылар түзетуші комментарийлер бере отырып, жаттығуды орындаудың әрбір реттілігінде бір-бірін бақылайды.
әр оқушы өзінің тұру аймағын, орын ауыстыру бағытын анықтайды
|
Дескриптор: - жалпы дене жаттығулары кезіндегі сақталатын қауіпсіздік ережелерін біледі; - жаттығуларды орындау реттілігін сақтайды;
ҚБ: бір-бірін бағалау «Шапалақ» әдісімен бағалау
Бүгінгі сабақта өтілген ойын алаңындағы тұру қалпын, негізгі тұрысы, орын ауыстыру, ойын жағдайына байланысты қадамдар жасау қимылдары бойынша түсінгендерін бағалайды. |
Әрбір жаттығу үшін бос кеңістік, ысқырық, секундомер
Дереккөздер
Ойын ережесі: https://youtube.com/watch?v=eXpoi9FlgJI&feature=share
https://youtube.com/watch?v=0jYa7SZcmgs&feature=share |
|||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин
|
Сабақты қорытындылау Кері байланыс, «Білем» бағанына осы сабақ алдында білетіндерін жазу. «Білдім»- бүгінгі сабақта не білгендерін, үйренгендерін жазу. «Білгім келеді»- келесі сабақта қандай нәрсе үйренгісі келетіндерін жазу.
Рефлексия: - нені білемін, нені үйрендім - не түсініксіз болды - немен міндетті түрде жұмыс жасау керек Үйге тапсырма.
|
Оқушы қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді. |
ҚБ: «Бас бармақ» арқылы бағалау
|
Үлкен бос кеңістік, секундомер.
|
|||||||||||||||||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.