Статья "Балалар ауруы пәні сабағында ойын технологиясын қолдана отырып болашақ маманның шығармашылық қызметін қалыптастыру""
Оценка 5

Статья "Балалар ауруы пәні сабағында ойын технологиясын қолдана отырып болашақ маманның шығармашылық қызметін қалыптастыру""

Оценка 5
doc
05.02.2020
Статья "Балалар ауруы пәні сабағында ойын технологиясын қолдана отырып болашақ маманның шығармашылық қызметін қалыптастыру""
С.Аскаровна статья.doc

Тақырыбы: «Балалар ауруы пәні сабағында ойын технологиясын қолдана отырып болашақ маманның шығармашылық қызметін қалыптастыру»

Арқалық медицина колледжі.

Қосанова С.А.

 

Деңгейлеп  саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие жұмысына енгізе отырып, білікті маман даярлау

 

       Соңғы оң жылдықта балалардың интеллектуалды және эмоционалды жетілуінде кедергілер байқалады. Кәсіптік білім беруде ой-өрісі, білім деңгейі нашар жетілген оқушылармен жұмыс жасағанда белгілі қиындықтарға кездеседі. Білім берудің қазіргі заман талабы – оның ашықтық кейпі, яғни оқушының жан-жақты іс-әрекетін кеңейтіп, оның өмірлік кәсіби шеберлігін арттыру және қалыптастыру қазіргі сапа стандартының кәсіптік білім беру саласы бойынша берген нұсқаулары көп, оқушылардың тіл байлығының қалыптастыруына басты көңіл аудара отырып, олардың біліктілеріне төмендегідей талаптар қойылады:

- ситуациялық шиеленістерді өз бетімен шеше білу;

- ерекшеліктерді ажырату;

- қарым-қатынас жасап, талдай білу;

- термин сөздерді түсініп, жаңа сөздер мен таңыса білу;

Деңгейлеп (модульдеп) оқыту арқылы оқушы біріншіден, сабақ басталған соң не істеу керектілігін, яғни сабақ барысында нені біліп шығатындығын біледі. Екіншіден, топ болып жұмыс істеу кезінде өз пікірінің дұрыстығын, қатесін көріп, топ болып шешім қабылдайды. Үшіншіден, жеке басының мүмкіндігі мен қабілетін сезінеді. Төртіншіден, оқушы мақсатқа жетуге талпынады. Саралап оқытудың басты шарты – аудиторияны топқа бөліп оқыту. Бірінші топқа мынадай оқушылар топтастырылады: қабілеті бар, сабаққа деген белсенділігі күшті, оқытушы көмегін қажет етпейтін топ. Бұл топқа жүргізілетін жұмыстың оқушы бойына ғылыми бағытта ойлау қабілетін қалыптастыру. Оқытушының белгілі мөлшерде көмек көрсетуін қажет ететін оқушылар. Мұнда алға қойылатын мақсат – білім, білік дағдыларының тұрақты болуына өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал етіп, олардың бірінші топқа өтуіне көмектесу. Үшінші топқа үлгірімі төмен оқушылар жатқызылады. Бұлар тұрақты назарда ұстауы, білім, білік дағдыларын қалыптастыруда оқытушының үлкен күш–жігер жұмсауын жүйелі жұмыс жүргізуін, яғни оқытушы көмегін көп қажет ететін оқушылар. Көмек қажет ететін оқушылар тобының құрамы тұрақты болуы тиіс. Тек сондай топтардың бар екендігін сабақты жоспарлағанда, үйге тапсырма берген кезде ескерілуі қажет. Үшінші топтағы оқушылармен саралап жұмыс жүргізу үшін ұдайы сызба – нұсқауларды, тезистерді пайдаланады. Күнделікті сабақта деңгейлік тапсырмаларды құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау мұғалімнің міндеті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім дағдыларын қалыптастыруда жұмыс жүргізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Саралап оқыту бойынша сабаққа қүрылған тапсырмалық міндеті деңгейі өтілген жаңа сабақты бекітуге және өткен сабақты пысықтауға арнап құрылады, бұл деңгейдегі аудитория толық орындайды, демек үлгермеуші жоқ деген қорытынды жасауға болады. Келесі деңгейдегі тапсырмалар алдынғыдан күрделі және түрлендірілген болады.

         Саралап оқыту технологиясының тиімді жолдары:

-         әр оқушыны өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;

-         оқушының және қабілетін айқындау;

-         іштей бір-бірінен қолдауға тырысу;

-         тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілетін арттыру;

-         әр баланың білімін өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағалау;

-         бір сабақта өткен сабақтарды қайталап, білімін жүйелендіріп  пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Білім беру жүйесін реформалау кезеңіндегі колледж оқытушыларының негізгі міндеті жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой толғаны бар, адамгершілігі жоғары қабілетті мамандар даярлауда кәсіби шеберлігін заман талабына сай жетілдіріп, жаңа технологияны күнделікті сабаққа шығармашылықпен енгізу. Осы әдіс арқылы өтілген сабақтарыма тоқталсам: мысалы, «Туберкулездің алдын алу. Диспансерлік бақылау.» сабақта ойын әдісін қолдана отырып өтеді.

     Сабаққа дайындалу барысында оқушылар білу керек:

1.             Туберкулезді емдеу мен алдын алуда ДОТС стратегиясының маңызын.

2.             Туберкулезді ерте анықтау әдістерін.

3.             Туберкулездің алдын алу әдістерін.

4.             ДОТС – стратегиясы бойынша санатқа бөлу, диспансерлік топтарға бөлу.

5.             «Қазақстан Республикасы халқына туберкулезге қарсы көмегі жөніндегі» 03.08.2007 N466 бұйрықты меңгеру.

Оқушылар жасай білу керек:

1.       Қақырықты БК-ға жинау.

2.       Манту пробасын жасау, бағалау.

3.       Тері ішіне егу.

4.       БЦЖ вакцинасын жасау.

5.       Егу күн парағын жасау, мед. құжаттарды ф 063, 064 толтыру.

6.       ТБ-01, ТБ-05 формаларын толтыру.

 

Оқу ойының элементтерін көрсету: ойын арқылы қызықтырып, оқушының білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін ашу.

1-кезең. ФАП-тағы фельдшерге жөтеліп ауыратын 1 науқас келді. Оның шағымын анализін бейнелеу. Қақырығын бактериоскопияға жинау.

2-кезең. Науқас туб.диспансерде интенсивті ем қабылдағаннан кейін ФАП-қа қолдаушы емге жіберілген. Қолдаушы емді фелдшер жүргізілуін бейнелеу.

3-кезең. Перзентханада жаңа туған балаға БЦЖ вакцинасын жүргізуді бейнелеу.

4-кезең. Мектептегі бірінші сынып оқушыларына БЦЖ ревакцинасын жүргізуге балаларды іріктеу, манту пробасын тері ішіне егуді бейнелеу.

              Ойын арқылы оқушылар арасындағы достық, қарым-қатынас нығая түседі және ұйымшылдық артады. Ойлау қабілеті дамыйды, оқушы өзін болашақ медицина қызметкер ретінде бейімделеді.

Қазақстан Республика президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы:

«2005 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілген талдаулар, потенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижесін беруге тиіс.» дегенді басшылыққа ала отырып білімді де білікті маман даярлау басты міндетіміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Резюме

        В статье автор делится своим опытом по организации самостоятельной работы учащихся при разноуровневом методе обучения. Указывает на факторы, которые нужно учитывать при применении такой технологии обучения.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері.

    Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

2. Қазақстан кәсіпкері N10 2007ж.

3. Қазақстан кәсіпкері N11 2009ж.


Тақырыбы: «Балалар ауруы пәні сабағында ойын технологиясын қолдана отырып болашақ маманның шығармашылық қызметін қалыптастыру»

Тақырыбы: «Балалар ауруы пәні сабағында ойын технологиясын қолдана отырып болашақ маманның шығармашылық қызметін қалыптастыру»

Күнделікті сабақта деңгейлік тапсырмаларды құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау мұғалімнің міндеті

Күнделікті сабақта деңгейлік тапсырмаларды құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау мұғалімнің міндеті

Оқу ойының элементтерін көрсету: ойын арқылы қызықтырып, оқушының білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін ашу

Оқу ойының элементтерін көрсету: ойын арқылы қызықтырып, оқушының білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін ашу

3. Қазақстан кәсіпкері N 11 2009ж.

3. Қазақстан кәсіпкері N 11 2009ж.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.02.2020