Статья "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА БОЛҒАН ӨЗГЕРІСТЕР ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДА"
Оценка 4.9

Статья "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА БОЛҒАН ӨЗГЕРІСТЕР ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДА"

Оценка 4.9
Лекции
docx
история
11 кл
24.03.2017
Статья "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА БОЛҒАН ӨЗГЕРІСТЕР ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДА"
Ұлы Отан соғысы басталар алдында еңбекке жарамды тұрғындар арасында сауатсыздықты жою аяқталды. Қарапайым халық бұқарасын жаппай сауаттандыру Қазақстандағы мәдени өзгерістердің маңызды қорытындыларының бірі болды. 1926 жылы мамырда республиканың Халық комиссарлары Кеңесі «Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Мектеп құрылысында бір жылдық және екі жылдық мектептердің үлес салмағын кеміту мен үш жылдық және төрт жылдық мектептердің үлес салмағын көбейту бағыты ұсталды. Мектепте қазақ және басқа да Шығыс ұлттарының қыздарын тартуға көңіл бөліп, олар үшін Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Ордада арнаулы мектептер ашылды.
Лекция 2.docx

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА БОЛҒАН ӨЗГЕРІСТЕР

 

Ғылым мен мәдениет. Халыққа білім беру ісі. Қазақ мектептерінің жағдайы. Көрнекті ағартушылар, олардың халыққа білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастырудағы рөлі. Соғыс жағдайындағы Қазақстан мәдениеті.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының  майданға көмегі. Қ.Сәтбаев және т.б. көрнекті ғалымдар қызметі. Қазақ-кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуы. Кеңестік идеологияның мәдениет саласына тигізген әсері. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті.

Кеңес билік құрған алғашқы онжылдықта  Қазақстандағы бұқараның мәдени деңгейін арттырудағы міндеттер:

- ана тілінде мектеп, баспасөз ісін ашу;

- клуб, театрды дамыту;

- халық шаруашылығының барлық салалары үшін білікті мамандар даярлау және т.б.

   «Білікті маман» ұғымы алған кәсіби теориялық білімін өмірде қолдана алуы. Осы кезде өлкеде қазақ зиялылары өте аз болды. Алдымыздағы тақырыпта қарастырылғандай сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болып жазаға ұшырағандар.

  Біржағы өлкеде мәдени құрылысты өрістетудің материалдық-техникалық базасы болмады.

Елімізде 1924 жылы «Сауатсыздықты жою» қоғамы ұйымдастырылды. 1931 жылғы желтоқсанда республиканың 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей міндетті сауат ашу енгізілді.

Ұлы Отан соғысы басталар алдында еңбекке жарамды тұрғындар арасында сауатсыздықты жою аяқталды. Қарапайым халық бұқарасын жаппай сауаттандыру Қазақстандағы мәдени өзгерістердің маңызды қорытындыларының бірі болды. 1926 жылы мамырда республиканың Халық комиссарлары Кеңесі «Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің  жарғысын» қабылдады.  Мектеп құрылысында бір жылдық және екі жылдық мектептердің үлес салмағын  кеміту мен үш жылдық және төрт жылдық мектептердің үлес салмағын көбейту бағыты ұсталды.

Мектепте қазақ және басқа да Шығыс ұлттарының қыздарын тартуға көңіл бөліп, олар үшін Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Ордада арнаулы мектептер ашылды.

1930-1931 жылдары отырықшы аудандарда, 1931 жылдың көктемінен бастап көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді. Қазақстан үкіметі халыққа білім беру ісіне қаржы бөлуді едәуір ұлғайтты.

  Интернаттаржатақханалар желісін көбейту, оқушыларға стипендия беру, оларды оқулықтармен, оқу құралдарымен, киіммен, көлікпен тегін жабдықтау түрінде материалдық көмек көрсету көзделді.

  Білім беру ісіне қамқорлық жасауды Қазақстан комсомолы мойнына алды. Мәдени құрылыс үрдісін жеделдетуге, ұлттық зиялы қауымның көптеген қайраткерлері елеулі ықпал жасады. Олар ана тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға кірісті.

Мектеп жүйесі республика тұрғындарының көпұлтты құрамына сәйкестендірілді. Қазақстандағы мектеп құрылысының елеулі қиындықтары да болды. 1931-1932 жылдардағы аштық салдарынан балалар саны күрт азайып, жетім балалар көбейді. 1932 жылдың күзінде балалар үйлеріне 68 мың бала орналастырылды.Ұжымшарлар мен кеңшарлардың қаржысына салынған интернаттар желісі ұлғайды. Республикада мұғалімдер саны артты. 1920-1930 жылдар Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі болды. Өлкенің тарихы, этнологиясы, экономикасы зерттеле бастады. Жаратылыс ғылымының ірі орталықтары пайда болды. Қазақстанда зерттеу қоғамы құрылып, оның секцияларының жұмысына  С.Асфендияров, А.В.Затаевич, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жолдыбаев, А.П.Чулошников,  және басқа көрнекті ғалымдар белсене қатысты.

1932 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы филиалын құру жағдайы жасалды. Бастапқыда оның құрамында зоология және ботаника  секторы мен Алматыдағы ботаника бағы болған еді. 1935 жылы Геология және тарих секторы құрылды. Ғылым академиясының базасы құрамында қазақ тілі мен әдебиеті, халық шаруашылығы секторлары бар, Қазақ ұлттық өнер ғылыми зерттеу институты қосылды. Кейінірек база КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалына айналды. Қазақ Ғылымының дамуына Қ.И.Сәтбаев үлес қосты. 1946жылы 1 маусымда Қазақ Ғылым Академиясы ашылды. Қ.И.Сәтбаев бастаған Қазақстан ғылымдары қара, түсті және сирек кездесетін металдарды, жанатын пайдалы қазбаларды су және су энергетикалық қорын майдан қажетіне жұмылдыру бағытында жұмыс жүгізді. Қ.И.Сәтбаевқа Жезқазған мыс - кен орындарына сіңірген еңбегі үшін 1942 жылы Мемлекеттік сыйлық берілді.

1935жылы профессор С.Асфендияров жазған «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихының» бірінші бөлімі жарық көрді.

1920-1930 жылдардағы қазақ тілі мен әдебиеттану мәселелері жөнінде С.Сейфуллин, С.Мұқанов, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов жинақталған еңбек жазды. Соғыс қарсаңында Қазақстанның 57 ғылыми мекемесінде (жоғарғы оқу орындарын қоса алғанда) 1700-ден астам ғалым еңбек етті.

Сол жылдардағы мәдени мұра ішінде қазақ әдебиеті ерекше орын алды.Ол көпұлтты кеңес әдебиетінің  туын ұстаған С.Сейфуллин Абай дәстүрін жалғастырып, поэзияға екпінді рух берді. «Шолпан» атты алғашқы жыр жинағы 1913 жылы жарық көрген М.Жұмабаев қазақ поэзиясын тақырып, пішін және мазмұн жағынан байыта түсті. Сол жылдары қазақ кеңестік әдебиетіне С.Сейфуллиннің «Көкшетау», И.Байзақовтың «Құралай сұлу», С.Мұқановтың «Сұлушаш», «Құралай сұлу», Б.Майлиның «Азамат Азаматыч», І.Жансүгіровтың «Құлагер», Ж.Аймауытовтың «Қартқожа», С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ.Мұстафиннің «Өмір мен өлім» сияқты шығармалары қосылды. Өмірден қыршын кеткен ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы халықтың, рухани өміріндегі жарқын құбылыс болды. Қазан төңкерісінен кейін қазақ кеңестік әдебиетінде елеулі прозалық шығармалар да дүниеге келді. «Тар жол, тайғақ кешу» (1927ж.) атты тарихи тартысқа толы романында С.Сейфуллин қазақ халқының 1916 жылғы азаттық қозғалысына, Ақпан революциясы мен Қазақ төңкерісіне Азамат соғысына қатысуын шынайы белгіледі.

Драматургия жанрында да зор табыстарға қол жетті. М.Әуезовтың «Айман-Шолпан», «Түнгі сарын», Б.Майлиннің  «Жалбыр», Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», Ж.Аймауытовтың «Мансапқорлар», «Ел қорғаны» сияқты бірегей туындылары дүниеге келді.

1920 жылыдың соңы мен 1930 жылдары қазақ әдебиетшілерінің қатарына дарынды жастар Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаев, Ж.Сыздықов, Ж.Саин, Ә.Сарсенбаев, Қ.Аманжолов, Т.Жароков, А.Жұмағалиев, Д.Әбілев, Қ.Бекхожин келіп қосылды.

Аса көрнекті қазақ ақындары Нұрпейіс Байғанин, Шашубай Қошқарбайұлы, Иса Байзақов, Жамбыл Жабаев төңкеріс, кеңестік отан, бостандық, адамгершілік, махаббат туралы  жан тебірентерлік өлеңдер мен дастандар жазды.

1925 жылы КСРО халықтары шығармашылығының Парижде өткен дүниежүзілік қолданбалы өнер көрмесінің және 1927 жылы Германияның Майындағы Франкфурт қаласында өткен дүниежүзілік музыка көрмесінің концерттеріне қатысқан қазақтың үздік әншісі Әміре Қашаубаев өзінің таңғажайып дарынымен Еуропаның талғампаз көрермендерін тәнті етті. 1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды. Оның бастауында Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков, Қ.Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев, И.Байзақов т.б. тұрды.

Сахнада қойылған алғашқы шығарма М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасы болатын. 1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма театры атағын берді. 1930 жылы Семейде, Ақтөбеде, Шымкентте, Петропавлда, Қарағандыда театрлар ашылды. 1933 жылы Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры, 1937 жылы Қызылордада корей театры ұйымдастырылды. Қазақстан кино өнері де 1930 жылдардан бастау алды.1934 жылы хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды. 1938 жылы «Ленфильм» Қазақтың бірінші дыбысты фильмі. «Амангелді» кинокартинасын жасап шығарды.

1934 жылы қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды. 1934 жылы сазгер А.Қ.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды. 1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды. Қазақстанның өнері 1936 жылы мамыр айында Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы он күндігінде өзінің өскендігін байқатты. Онкүндікте “Қыз Жібек”, “Жалбыр” опералары көрсетілді. Әйгілі әнші К.Байсейітоваға КСРО Халық әртісі атағы берілді.Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерімен жазып алып, “Қырғыз (қазақ)  халқының мың әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” деген жинақтар жариялады. Сазгерге 1932 жылы Қазақстанның Халық әртісі атағы берілді. П.Г.Хлудовтың шеберханасы қазақтың, кәсіби кескіндеме өнерінің орталығына айналды. Қазақстанның өнер қызметкерлернен құрылған екі концерт бригадасы Калининград, Солтүстік-батыс, Сталинград, Оңтүстік-батыс Беларусь майдандарының, ерекше Қиыр Шығыс әскери округының және Тынық мұхит флотының шығыс әскери бөлімдеріне концерт қойып, жауынгерлік рухын көтерді.


 

АЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА

АЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА

Мектеп жүйесі республика тұрғындарының көпұлтты құрамына сәйкестендірілді

Мектеп жүйесі республика тұрғындарының көпұлтты құрамына сәйкестендірілді

Ақпан революциясы мен Қазақ төңкерісіне

Ақпан революциясы мен Қазақ төңкерісіне
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.03.2017