Ұстаз –ұлы тұлға! сынып сағаты 5 сынып
Оценка 4.9

Ұстаз –ұлы тұлға! сынып сағаты 5 сынып

Оценка 4.9
Мероприятия
docx
классное руководство
5 кл
19.01.2017
Ұстаз –ұлы тұлға! сынып сағаты 5 сынып
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға, Сіздермен тола берсін ортамызда. Бүгінгі ел басқарған азаматтар, Білім алған сіздердің арқаңызда Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді... Ұстаз – ана, ол шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілік мехнаттарын, қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Ұстаз – жолдас. Ол әрқашан да шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз – дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді... Ұстаз – ана, ол шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілік мехнаттарын, қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Ұстаз – жолдас. Ол әрқашан да шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз – дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.
ұстаздар сценарии.docx
Ұстаз –ұлы тұлға! 1­жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен  сусындатып, өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар. Мерекелеріңіз құтты болсын! 2­ жүргізуші: Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға, Сіздермен тола берсін ортамызда. Бүгінгі ел басқарған азаматтар, Білім алған сіздердің арқаңызда. Оқушылардың көрінісі. 1­жүргізуші Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын, Дендеріңнің саулығы мықты болсын. Білімменен суарған шәкірттерін, Төл мерекең ұстаздар құтты болсын! 2­ жүргізуші: Ұстаздарым биік тұлға байсалды, Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. Қуанышты жарқын тілек білдіріп Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды. Ұстаз өлеңімен ортаға Майдырова Ақбота 1­жүргізуші: Тлектес апай – мектепте орны бөлек, Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек. Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай, Әр қашан аман болып жүрсін дер ек. 2­жүргізуші: Күнім деген күлімдеген Қамқор болған ұстазым Жаны жайсаң, жайдары жан, Ұғындырған сөз сазын. Ұмытпаймыз, ардақтаймыз, Ұлболсын апай сізді біз. Латина биімен ортада  Қожанепесова Ардақ 1­жүргізуші: Ғылым иесі – ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, егін салып мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де – бәрі­бәрі  ұстаздан тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді... Ұстаз – ана, ол  шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілік мехнаттарын, қиындықтары мен  қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Ұстаз – жолдас. Ол әрқашан да шәкірттерімен бірге  көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз – дос, ол шәкіртіне  тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды. 2­жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың Тәрбиеші апайларымызға арнау: 1­жүргізуші: Ұстаз! Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық  дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет­қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден  он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да атқара алмайды. 2­жүргізуші: Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Ұстазым екінші анам аялаған, Біздерден бар білімін аямаған. Оқысын, білім алып үйренсін деп, Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.­ дей келе тәрбиешілерімізді төл мерекелерімен құттықтаймыз. 5в сынып қыздары алдарыңызда флешмоб биімен қабыл алыңыздар. 1­жүргізуші: Ұлы өмірге жетелеп, Ашқан білім есігін Құрметтейік мәпелеп Ұстаздардың есімін. 2­жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиетіне бас иейік мәңгілік! ­ деп кешімізді қорытындылау мақсатында сөз кезегін сынып жетекшіміз Тілектес апайға беріледі. Аяулы ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа оқу жылы Сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін. Кешімізді тамашалағандарыңызға көп­көп рахмет!

Ұстаз –ұлы тұлға! сынып сағаты 5 сынып

Ұстаз –ұлы тұлға! сынып сағаты 5 сынып

Ұстаз –ұлы тұлға! сынып сағаты 5 сынып

Ұстаз –ұлы тұлға! сынып сағаты 5 сынып

Ұстаз –ұлы тұлға! сынып сағаты 5 сынып

Ұстаз –ұлы тұлға! сынып сағаты 5 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.01.2017