"Ұстаздықты таңдаған себебім" эссе
Оценка 5

"Ұстаздықты таңдаған себебім" эссе

Оценка 5
Документация
docx
классное руководство
Взрослым
21.04.2017
"Ұстаздықты таңдаған себебім" эссе
Бұл эссе өзімнің неге ұстаздық жолын таңдағаным жайлы. Ең бірінші мектеп табалдырығын аттағанда сені қарсы алған алғаш ұстазың және барлық ұстаздың ішінде өзіңе ұнайтын сүйікті ұстазыңның əсері мол екенін айтқым келеді. Сонымен қатар əрине ұстаз болу үшін балаларға деген махаббатың шексіз болуы тиіс."Ұстаздықты таңдаған себебім" тақырыбындағы эссе
Қорлан эссе Ұстаздықты таңдаған себебім.docx
ҰСТАЗДЫҚТЫ ТАҢДАҒАН СЕБЕБІМ Кузембай Корлан Сергазыкызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақсу НОМ      Барлық ғалым да, шахтер де, президент те, инженер де осы ұстаздың тәлімімен алға   қарай   қадам   басып,   талай   биіктерді   бағындырған.   Ең   алғаш   қолға   қалам ұстатқызып,   әліппені   жаттатқызатын   кім?   Әрине,   ұстаз.   Ал   сол   мектеп қабырғасында жүрген кезінде шалалығыңды жасырып, балалалығыңды асыратын кім? Ол да ұстаз.      Мен 1983 жылы ең алғаш мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа имене басып келгенде, қолымнан ұстап партаға отырғызып, басымнан сипаған ең алғашқы ұстазым ­ Морозова Александра Владимировна еді. Менің ол кісіге деген алғысым шексіз. Себебі, оқушы білімінің бастапқы іргетасы қалай қаланса, кейінгі болашақ өміріндегі жолдары жарқын болады.            Бізді білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбиесін бойымызға сіңіру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан, мейірімін бізден аямаған алтыншы сыныптан бергі сынып   жетекшім   болған   ­   Маржан   Сакеновнаны   ерекше   бір   ыстық   ықыласпен атағым   келеді.   Өйткені,   ол   кісінің   біз   үшін   сіңірген   еңбегі   орасан   зор.   Біздің қуанған және мұңайған кезімізде жанымыздан табылып, анамыздай бізді аялаған, сыныптағы бар баланың тілін тауып, жаманын жасырып, жақсысын асыратын, өзінің табиғатына лайық сабырлы мінезімен баурап алатын қасиеті біз үшін үлгі­өнеге еді.         Жарық   дүниеге   әкелген,   өмір   нәрін   сепкен   анамызға   қалай   қарыз   болсам, қателігімізді түзеп, осынау жарқын өмірге жол сілтеген ұстаздарымызға да сондай қарыздармын. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға»,­ дейді Абай атамыз. Шынында   да   бүкіл   жан­тәнін   бала   тәрбиесіне   арнап,   барлық   баланы   бес саусағындай көретін асыл жандарға жетер жан бар ма?           Сондықтан да, осынау асыл жандардың еңбегіне қызығып ұстаз болуды бала кезімнен   армандадым.   Шәкірттерге   әрқашан   қамқоршы   болып,   білім   шыңына жетелеп, таң шапағымен оларды мектепте күтіп, күліп қарсы алатын ұстаздардың бірі болғым келді. Сіздердің берген білім­тәрбиелеріңіз менің басталғалы тұрған үлкен өмір жолымда көп әсерін және пайдасын тигізері анық! Сіздерге мың алғыс! Қиын да қызықты еңбектеріңізге тек қана сәттілік, биік белестер және ақылды, білімді шәкірттер тәрбиелей берулеріңізге тілектеспін!     Осы тұста Абайдың:                                   Ақырын жүріп, анық бас,                                   Еңбегің кетпес далаға.                                   Ұстаздық еткен жалықпас,                                 үйретуден балаға,­  деген  өлең  жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт  өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

"Ұстаздықты таңдаған себебім" эссе

"Ұстаздықты таңдаған себебім" эссе

"Ұстаздықты таңдаған себебім" эссе

"Ұстаздықты таңдаған себебім" эссе
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.04.2017